Студенттер мен оқытушылар жайлы толық МӘлімет алудағы тиімді бағдарлама



жүктеу 79.54 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі79.54 Kb.
СТУДЕНТТЕР МЕН ОҚЫТУШЫЛАР ЖАЙЛЫ ТОЛЫҚ МӘЛІМЕТ АЛУДАҒЫ ТИІМДІ БАҒДАРЛАМА
Баяндамашы:

Дәулет Батыржан Бахытжанұлы

Емдеу ісі 3 курс, Е-301топ студенті
Жетекшілері:

Бекеева Жадыра Меиркуловна

Турсынбаев Жасулан Спабекович

Информатика пәнінің оқытушылары

«Түркістан медицина колледжі» МКҚК
Тақырыптың өзектілігі:


  • Түркістан медицина колледжі студенттері жайлы толық (тегі, аты-жөні, туған жылы, жынысы, ұлты, тобы, бөлімі, оқуға қабылдау, оқудан шыққан, курстан курсқа көшу, т.б. бұйрықтары, мекен-жайы, телефоны, мамандығы жеке куәлік нөмірі, ИИН нөмірі, тұрғылықты жері, жатақханада жататыны жайлы ақпарат, топтардың бекітілген кабинеті жайында, отбасылық жағдайы, бюджет немесе ақылы негізіндегі топта оқитындығы және колледж тарапынан берілген жеңілдіктер туралы, оқитынын растайтын және әскери анықтама шығару) мәліметті алудағы тиімді бағдарлама жасау.

  • Түркістан медицина колледжі оқытушылары жайлы толық (тегі, аты-жөні, туған жылы, жынысы, ұлты, мекен-жайы, телефоны, жеке куәлік нөмірі, ИИН нөмірі, тұрғылықты жері, тұрмыстық жағдайы, бітірген оқу орны, бітірген жылы, мамандығы, қызметі, бөлімі, жұмыс орнынан беретін анықтама) мәліметті алудағы тиімді бағдарлама жасау.

Зерттеу нысаны:

  • MS Access мәліметтер қоры бағдарламасының тиімділігі.

Зерттеудің мақсаттары:

  • MS Access мәліметтер қоры бағдарламасының тиімді жақтарын анықтау;

  • Оқытушылар арасында сауалнама жүргізу;

  • Түркістан медицина колледжі бөлімдері, студенттері және оқытушылары жайлы ақпаратты бағдарламаға енгізу;

  • Үйірме мүшелерінің пәнге деген қызығушылығын арттыру;

  • Студенттердің ғылымға деген ізденістік қабілетін дамыту.

Зерттеудің белгіленген міндеттері:

  • Жүргізілген сауалнамаға сараптама жүргізіп, қорытынды жасау;

  • Жасалынған жұмыстың нәтижесіне қорытынды жасау.

Күтілетін нәтиже

  • Түркістан медицина колледжі студенттері мен оқытушылары жайлы толық мәлімет алудағы тиімді бағдарлама құру;

  • Түркістан медицина колледжінің ақпараттық жүйесіне жылдың соңына дейін аталған бағдарламаны енгізу.

Қазіргі уақыттың зымырап өтіп жатқан сәтінде бізге әр сағат, әр минут қымбат. Біз өз жұмысымызды тез арада орындап, сол орындаған жұмысымызды барлық салаға тиімді екенін дәлелдейміз. Менің ғылыми жұмысым Түркістан медицина колледжі студенттері мен оқытушылары жайлы толық мәлімет алудағы тиімді бағдарлама жасау болып табылады. Яғни, іс-қағаз жұмыстарын: студенттерді тіркеу, қызметкерлерді тіркеу олардың мекен-жайы туралы ақпарат, колледж қызметкерлері және студенттерге қажетті анықтамаларды автоматты түрде басып шығару, студенттер мен қызметкерлер жайлы мәліметтерді іздеу жүзеге асырылады. Егерде біздің колледжде оқу бөлімінің анықтама беру жұмысын барынша жеңілдетсек, мұндай бағдарламаны тіпті желі арқылы қолдануға болады. Барлық мәліметтер қоры бір компьютерде сақталып, қалған ақпараттық құралдар желі арқылы байланысып, бір-біріндегі мәліметтермен жылдам және оңай ақпарат алыса алады. Бұл бағдарламаның жалпы құрылымы Access мәліметтер қорында жасалынған, яғни әрбір өріс қалай аталады, өрістің қасиеттері Microsoft Access мәліметтер қорын өңдеуші бағдарламалық пакетінде жасалынған.

Түркістан медицина колледжі студенттері мен оқытушылары жайлы толық мәлімет алудағы тиімді бағдарламаны жасау әрбір студент пен оқытушы үшін «тіркеу қағазы» жүргізіледі. Онда оның тегі, есімі, туылған күні, мекен жайы, телефоны, тобы, жеке куәлік нөмірі мен ИИН нөмірі, оқытушы қай оқу орнын бітіргені, қай жылы бітіргені және мамандығы көрсетіледі.
Кестелер және сұраныстар

Access-те 21 кесте және 6 сұраныс құрылған. Access-тегі кестелер: kizmetker, student, tblgorod, tblgrajdanstvo, gruppa, gruppakrovi, tblnacinalnost, tbloblost, tblpol, tblsemeinoePolojenie, tblspecialnost, tbltipdokumenta, tblucenaiastepen, fakultet, tblformaabucenia, tblformapastuplenia, tblyazikоbucenia, tblbuiriktarturleri, kafedralar, oku jili, studentBuirikari. Access-ке мәліметті енгізсек, ол автоматты түрде базаға келіп түседі. Яғни біз барлық сұраныстарымызды, есептерімізді өңдеулерімізді Access-де жүргіземіз. Ал бұл өзгерістер, жаңалаулар Access базасындағы мәліметтерді өзгерусіз қалдырмайды. Access бағдарламасында кесте, сұраныс, форма, есептер арқылы бір-бірімен байланысып жүзеге асырылады.




Бағдарламаның Access-де орындалуы

Мекемелер мен кәсіпорындарда бағдарламада берілген мәліметтер қоры мекемелер мен кәсіпорындардың ақпараттық жұмысына негізделген. Сондықтан да, осындай мәліметтер қоры бағдарламаларын құратын және өңдейтін құралдарды жасау тиімді болады. Бағдарламаға қойылатын басты талаптар – қарапайымдылық, тиімділік, сенімділік, жылдамдылық.

Мәліметтерді өңдейтін көптеген бағдарламалардың арасында Access алдынғы қатарда екені белгілі.

Бағдарлама жүктелген сәтте «Түркістан медицина колледжі студенттері мен оқытушылары жайлы ақпарат» деген жүгіртпе жолы бар негізгі форма шығады.




Негізгі формадан келесі түймелерді көреміз: Студент, Топтар, Бұйрықтар, Қызметкер, Анықтама шығару, Шығу. Бұлар келесі фораларға сілтеме болатын 6 түйме.

Соның ішінде Студент түймесін басқанда төмендегі терезе пайда болады. Мұнда 2 түйме Жаңа студент қосу және Жабу түймелері орналасқан. Жаңа студент қосу түймесінде қабылданған студент туралы толық мәліметті енгіземіз, ал Жабу түймесін басып Студент формасынан шығамыз.


Біз мұнда студенттер жайлы мәліметтерді енгіземіз. Мысалы, студент пен оқытушыны енгізетін болсақ. Оның аты-жөні: Абдираманова Альбина болсын, жасы 17-де, оның мекен жайы Момышұлы 23-5, жынысы, телефон, жеке куәлік нөмірі, ИИН нөмірі т.б. керекті мәліметтер енгізіліп, ол мәліметтер қорында сақталады, қажет болған жағдайда мәліметтерді өзгерте аламыз.



Топтарды толтыру формасында алдымен біз бөлімді таңдаймыз, бөлімді таңдағанда сол бөлімге тиесілі топтар шығады, егер де сол бөлімге жаңа топ қосылатын болса, оны да кесте арқылы енгізе аламыз. Сонымен қатар топ басшылары мен топ кураторларын енгізіп, өзгерте аламыз.



Мұнда тағы үш түйме бар. Олар: жаңа топ қосу, староста, жабу. Жаңа топ қосу түймесінде берілген формаға жаңа студентті енгіземіз. Староста түймесін басатын болсақ, курстар бойынша старосталар тізімін көрсетеді. Жабу түймесі басу арқылы біз Топтар түймесінен шығамыз.


Келесі Бұйрықтар түймесінде оқу орнының барлық бұйрықтары жайлы мәліметтерді көрсетіледі. Бұйрықтар терезесінде оқу жылын, тобын таңдап, сол топқа сәйкес таңдауымыз бойынша студенттердің курстан курсқа көшкендігі, оқудан шығарылғандығы, академиялық демалысқа және т.б жайында бұйрық нөмірі және сол топқа тиесілі студенттер тізімі шығады.

Ал Қызметкер түймесін басқанда, қызметкерлер жайлы мәліметтер формасына енеміз. Мұнда Іздеу батырмасы және 3 түйме орналасқан – қызметкер жайлы мәлімет, анықтама, жалпы қызметкерлер тізімі. Іздеу батырмасын басып қызметкерді таңдау арқылы қажетті ақпаратты аламыз. Анықтама түймесін басып таңдалған қызметкерге мамандар бөлімінен алынатын анықтаманы шығарып береміз. Ал, қызметкерлер тізімі түймесін басқанда аталған оқу орнының барлық қызметкерлері жайлы толық мәліметті шығара аламыз.





Бұл жерде анықтаманың екі түрі көрсетілген. Анықтама шығару түймесі осы оқу орнында оқитын білімгер жайында анықтама шығарып береді, ал әскери анықтама түймесі военкоматқа арнайы формадағы анықтаманы шығарып береді.



Бағдарламаға енгізілген қажетті мәліметтерді басып шығару Microsoft Word бағдарламасында орындалады.


Ал бағдарламадан Шығу түймесін басқан сәтте, сіз бағдарламадан шығып кетесіз.



Зерттеу әдістері

Біз Түркістан медицина колледжінің оқытушыларының арасында 5 сұрақ бойынша сауалнама жүргіздік. Сауалнамада оқытушылардың Түркістан медицина колледжі студенттері мен оқытушылары жайлы толық мәлімет алудағы тиімді бағдарлама жасау туралы және осы жүйені колледжге енгізсек қалай болады? - деген көз қарасын анықтау мақсатында сауалнама жүргізген болатынбыз. Сауалнама сұрақтары мен сауалнама нәтижесін назарларыңызға ұсынамыз.




  1. Ms Access мәліметтер қоры жайында білесіз бе? Ия Жоқ

  2. Ms Access бағдарламасын қолдануды тиімді деп ойлайсыз ба? Ия Жоқ

  3. Колледж студенттері және қызметкерлері жайлы ақпаратты электронды айналымға салу тиімді ме? Ия Жоқ

  4. Колледж студенттері және қызметкерлері жайлы ақпаратты электронды айналымға салу тиімсіз бе? Ия Жоқ

  5. Сіз қызметкерсіз, сізге компьютермен жұмыс істеген тиімді ме, әлде іс-қағазбен бе? Компьютер Іс-қағаз


Осы сауалнаманың нәтижесіне тоқталып өтсем:

  1. Ms Access мәліметтер қоры жайында білесіз бе? деген сұраққа Ия - 62 (62%), Жоқ - 38 (38%) деп жауап берді.

  2. Ms Access бағдарламасын қолдануды тиімді деп ойлайсыз ба?– Ия – 84 (84%),

жоқ – 16 (16%) деп жауап берді.

  1. Колледж студенттері және қызметкерлері жайлы ақпаратты электронды айналымға салу тиімді ме? – деген сұраққа ия - 92 (92%), жоқ – 8 (8%) деп жауап берді?

  2. Колледж студенттері және қызметкерлері жайлы ақпаратты электронды айналымға салу тиімсіз бе?– деген сұраққа ия – 18 (18%), жоқ - 82 (82%) деп жауап берді.

  3. Сіз қызметкерсіз, сізге компьютермен жұмыс істеген тиімді ме, әлде іс-қағазбен бе? деген сұраққа компьютер – 96 (96%), іс-қағаз – 4 (4%) деп жауап берді.



Қорытынды

Қорыта айтқанда, оқу орындарындағы студенттер мен оқытушылар жайлы толық мәлімет алудағы тиімді бағдарлама жасау мамандардың жұмыстарын жеңілдетеді және уақыттарын үнемдейді деген ойдамын. Қазіргі таңда бұл бағдарламаны енгізуді тиімді деп есептеймін. Болашақта тек Түркістан медицина колледжінде ғана емес, барлық оқу орындары осындай жүйемен қамтылса, бір-бірімен байланыстыру өте тиімді болар еді, сонымен қатар бағдарламадағы барлық мәліметтер оқу орындарының жылдық статистикалық есебі (2НК) және НОБД толтыру барысында тиімді болады.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Байжұманов М.Қ. Информатика. Алматы. 2004. (138-160 беттер)

  2. Рэй Кнопка. Создание оригинальных компонент в среде Access 1996. (103-111 бет)

  3. Фленов М.Е. Access 2005 секреты программирования. (95-103 беттер)

  4. П.Дарахвелидзе. Е.Марков. Программирование в Access. 2003. (83-89 беттер)

  5. А.Я.Архангельский. Программирование Access. 2003. (45-52 беттер)

  6. «Система программирования» В. Фаронов 2003. (77-82 беттер)

  7. «Базы данных» О.Л. Голицына, Н.В.Максимов, И.П.Попов 2003. (123-125 беттер)

  8. «База данных в Access 7» В.Понамарев 2003. (186-197 беттер)


WEB сайттар:

  1. www.Google.kz

  2. www.Yandex.kz

  3. www.Mail.ru

  4. www.Ustaz.kz

  5. www.Softzone.ru

  6. www. Savefrom.ru


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет