Старший преподаватель, м ю. н кафедры «Юриспруденция и международное право» университета «Туран» Байсейтов Бахит Болатович

Loading...


Дата07.09.2017
өлшемі92.66 Kb.


Старший преподаватель, м.ю.н. кафедры «Юриспруденция и международное право» университета «Туран»

Байсейтов Бахит Болатович
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әскери биліктің қалыптасуы, дамуы мен ерекшеліктері.
Адамзат тарихында оның өмір сүруі мен дамуына пәрменді ықпал жасайтын құбылыстардың бірі билік. Сонымен бірге билік өте күрделі, құпиясы мен қаптарысы аса көп феномен. Биліктің басты ерекшелігі оның жалпылық сипаты. Биліксіз саясат та, мемлекет те болмайды. Сондықтан билік әлемдік құбылыс. Планетадағы жүзден аса мемлекеттерді басқарып отырған жеке билік иелері бар. Биліктің тағы бір ерекшелігі – бір мемлекеттегі билік екінші мемлекетте сондай түрде қайталанбайды.

Билік – объективті шындық. Оның қызметі басқару мен бағынуға негізделен. Билік мемлекет пен саяси жүйені қозғалысқа келтіретін матор суреттес. Билік ғылыми неізделген қоғам дамуына жауап беретін саясаты іске асыруға ұмтылса, сол елде даму, алдыға қарай өрлеу болады [1; 3-4б.б].

Билік, билікті айту дәстүрінің тамыры өте тереңде жатыр. Билік көшпелі қазақ қоғамы аясында, оның құқықтық дүниетанымы шеңберінде толысып, өзіндік ерекшеліктерге ие болды. Жер бетінде самсаған этностардың мемлекеттігі мен әлеуметтік саяси жүйелері сан рет алмасып жатқанда, қазақ құқығы өз бастауынан бірде-бір айырылған жоқ. Оның себебін біз құқық жүйесінің адамершілік құндылықтарға негізделген далалық демократиялық институттарының қалыптасқанынан іздейміз [2. 11б.б].

Жалпы билік термині әртүрлі нысанда көрініс табады. Ол әсер ету бағытына, объектісіне, көрінісіне қарай – мемлекеттік, саяси, экономикалық, әлеуметтік, әсери билік, сондай –ақ құдайдың немесе ата-ананың билігі болуы мүмкін. Әрине бұлар бір-бірінен ерекшеленгенімен, белгілі бір мүдде мақсатқа жетуде бір тоқпақтың астына шоғырландырылып, өзіндік мәртебеге ие болады. Әлем мемлекеттері өзінің билігін құруда аталған элементтердің дерліктей барлығын немесе қажеттісін қоғам танымалығын сақтап, қалыпты өмір сүру үрдісін орнықтыруда құрал ретінде пайдаланған. Бұдан шығатын қорытынды, биліктің толыққанды қолданылатын түрі – мемлекеттік билік болып табылатындығында. Әрине саяси билік мемлекеттік биліктен кең ауқымда қолданғандығымен, қоғамдық қатынастарды реттеп, басқаруда маңызды орынды мемлекеттік билік алатына даусыз[3. 110б].

Билік терминінің мазмұнына терең үңілсек, оның күрделі құбылыс екендігін байқаймыз. Билік жөнінде ғалымдар арасында әртүрлі тұжырымдар бар. Солардың негізілеріне тоқтап кетейік:


  1. Тепсологиялық анықтама бойынша, билікті белілі бір мақсатқа белгіленген нәтиже, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. Мысалы, ағылшын философы Г. Гоббс (1588-1615) билік болашақта игілікке жетудің құралы және өмірдің өзі өле-өлгенше билік үшін үздіксіз ұмтылыс деп жазған.

  2. Бихевиористік анықтама бойынша, билік деп басқа адамдардың жүріс-тұрысы, өзін-өзі ұстауын өзерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрі.

  3. Инструменталистік анықтама бойынша, билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу) пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп білдіреді. Мәселен, американың белгілі саясаттанушысы Р. Доль былай деді: билік бір адамға екінші адамды өз еркімен жасамайтын іс-әрекетті жасауға мәжбүр ету мүмкіндігін береді.

  4. Конфликтілік анықтама бойынша, билікті дау-жанжал жағдайында иелікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеліністі шешудің құралы деп түсіндіреді.

  5. Құрылымдық анықтама бойынша, билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғынады.

  6. П. Моррис, А. Гидденс пікірі бойынша, жоғарыда көрсетілген көзқараспен келіспейді. Билікті біреуге тигізетін жай ғана ақысы емес, оларды өзертуге бағытталған іс-әрекет дейді.

  7. Америка саясаттанушылары А. Коллан «Билік және қоғам» деген кітабында билікті шешім қабылдауға қатысуы мүмкіндігі ретінде сипаттайды.

  8. Біраз ғалымдар билікті кең мағынасында басқаларға тигізілетін жалпы ықпал ретінде қарастырады [4. 198б].

Жоғарыда келтірілген ғалымдардың пікірлеріне тоқтатала отырып, біз биліктің ұғымына байланысты көзқарастардың алуан түрлі екендігіне көз жеткіземіз. Сонымен қатар, аталған түсінікке байланысты оқымыстылардың арасында ортақ көзқарастардың жоқ екендігін байқаймыз.

Демек, заң саласындағы өзекті мәселелердің бірі әлі табиғаты толық танылмаған, мемлекеттік билік тарапынан сараптауды, қалыптасу алғышарттарын сипаттауды қажет ететін дәстүрлі қазақ қоғамындағы әскери билік институты зерттеуге аса мұқтаж болып табылады.

Мемлекеттің аумағы кез-келен мемлекеттің материалдық базасы. Ол мемлекеттің өмір сүруі мен әрекет етуінің табиғи, тіпті қоғамдық шарты [5. 96 б]. Сол себептен елдің аумақтық біртұтастығын, шекарасын қорғау және ішкі құрылыс тәртібінің мызғымастығын қамтамасыз ету, қазіргі тұрғыда мемлекет функцияларының біріне, ол дәстүрлі қазақ қоғамында мемлекеттік (хандық) биліктің құрылымдық, дәнекерлік сипаттағы басымдық көрсететін әскери билігіне жүктелген. Жалпы дәстүрлі ортада әсер етуші сыртқы және ішкі факторларға байланысты әскери биліктің өзге функциялардан әрқашанда үстем болуы, өзінің заманына лайықты қоғамдық құбылыстардың заңдылығына, дәстүрлі үрдісіне айналған.

Профессор З.Ж. Кенжеалиевтің пікірінше «Әрине көшпелілер қоғамында мемлекеттік билікке қазіргі заман түсініктерін және ұғымдарын тұтастай қолдау мүмкін емес, олар мінсіз методологиялық қағидалар талабын орындай алмайды. Бұл мәселеде аса сақ болған, аяқты аңдап басқан жарасады. Өйткені, жалпы қоғамдық өмір сияқты мемлекеттік билік салаларында бұл кезде сол қоғамда жымдасқан түрде, ажырамаған тұтас қалыпта болатын» [6; 167 б.].

Дегенмен де, көшпелі қазақ қоғамында мемлекеттік билік салалары арасында әскери биліктің жоғарылығы мен пәрменділігі қоғамдық санадағы құрметтік көзқарастан бастап дәлелді екендігі анық.

Дәстүрлі қоғамның өзі – саяси, әлеуметтік және мәдени дамуы дәстүрлі құндылықтарға, салт-санаға, ата-баба мұраларына неізделетіндігімен ерекшеленетін әлеуметтік орта [7; 166 б.] деп танылған құндылықтардың біріне көшпелілікке тән қоғамдық факторлардың әсер етуінен туындайтын әскери билікті, тіпті соған байланысты халық психологиясында, жартылай тұрмыстық сипатқа ие болған әскери саладағы жетістіктерді де (әскери іс, өнер, ұйымдастыру т.б.) жатқызуға болады.

Жалпы көшпелі қоғамда әскери биліктің, оны жүзеге асырушы әскери дәстүрдің (өнер, іс, ұйымдастыру әдіс-тәсілдері т.б.) қалыптасу себепкері – елдің ішкі және сыртқы соғысының табиғатына байланысты кейінгі зерттеушілер әртүрлі көзқарасты ұстанады.

Айталық, соғыс табиғатының туындауына экономикалық жағдай, аңшылық, тіпті структуралист-антрополог ғалым Леви-Стросс: «Соғыс адам табиғатынан туындамаған, керісінше мәдениеттің бір саласы себебі адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастың бір әдісі» [8; 145б.] – деп баға береді. Кез келген қайнар көз себепкер болатын соғыс, қақтығыс әлеуметтің түйсігінде инстинктті түрде үрей тудырып, қауіпсіздікті сақтау үшін қоғам мүшелері жаппай әскери билікке бас июді мойындаған. Соғысқа қатысты әскерилікті тула бойына сіңірген құбылыстардың дерлігі адам өмірінің табиғи құрамдас бөлігіне айналғаны хақ. Сондықтан да көшпелі қоғамды тұрақты әскер құрудың ешқандай қажеті болмады, көшіп-қонып жүрген халық тұрмысының өзі жартылай әскери сипатта болды [9; 56б.].

Көшпелілердің өмірінде әскери дәстүрдің мағынасы зор; әскери міндет далалықтардың ең маңызды да, жалпы міндеттерінің біріне айналды. Дала тұрғындары іс жүзінде қарулы адамдардан құралды [10; 321б.].

Әрине, бұл жерде патриархтық белгілердің басымдығын көрсететін көшпелі қоғамда ерлердің басты міндеті – отбасын, ауыл-аймағын қорғау мен мал-мүлікті сақтау және соғысқа қатысу, [11; 19б.] болды.

Бұған дәлел, XVII ғасырда Тәуке ханның тұсында жинақталған «Жеті жарғы» әдет-ғұрып құқық ережелерінде орын алуы: «Бірде-бір қырғыз (қазақ – Б.Б.) қарусыз халық жиналысына келмесін. Қарусыз адам дауысқа ие болмайды және кішілер орын бермейді» [12; 177б.].

Халықтың бірден-бір қайнар көзі болып табылатын сан-салалы, өзара үйлесімді биліктер (хандық, сот, халық және т.б.) табиғатының мақсаты қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету болса, әскери биліктің қосымша мақсаты – сыртқы қауіпсіздік қамту. Демек, әскери билікті мемлекеттік биліктің бір құрамдас, дәнекер бөлігі ретінде толық іс жүзіне асыратын бірден-бір тетігі, құралы деп қарастыру керек.

Әскери биліктің пәрменділігі қоғамның әр түрлі салаларына, соның ішінде ерекше сипаттағы экономикалық, әлеуметтік негізіне де әсер еткен. Малға жайылымдық, аңшылық пен шалғындық алқап, қысқы қоныс, баспана салу мен диханшылық үшін экономикалық роль аткарған негізгі қоғамдық өндіріс құралдарының бірі – жерді және өзге де ірілі-ұсақты меншік нысандарын қорғаштау, әскери олжаларды халық мүддесіне, игілігіне бейімдеу сияқты мемлекеттік биліктің экономикалық функциясында әскери билік институтының салмақты үлесі болды. Өз кезегінде ел экономикасы, шаруашылығының жоғары деңгейлігі әскери жүйенің тұрақтылығын, өміршеңдігін қамтамасыз етті. Тіпті, жеке тұлғаның күшті билігін көшпелі ұжым тек экономикалық жағынан ғана емес, сонымен бірге оның әскери көсемділігі арқылы да мойындаған [13;133б.]. Яғни, қоғамдық институттардың, ұйымдардың бір-бірімен тығыз байланыстылығы көрініп-ақ тұр.

Жеті жарғы ережелерінде қару алып жүруге қабілеті бар кез-келген көшпенді-қазақ рудың (қоғамның) толық құқылы мүшесі танылып, жиындарда лайықты дауысқа ие болған. Ең бастысы қарулы тұлға (индивид) халық жиналыстарында әскердің құрамдас бөлігі саналды[14; 84-85б.б.].

Әскери биліктің халық санасына, саяси болмысына, әлеуметтік тұрмысына әсер етуі соншалықты, әскери саладағы тәжірибелер жетістіктерге, құндылықтарға (рухани, материалдық) иек артып жаңа қоғамдық құбылыс, мәдениет саласының ерекше нысаны – дәстүрлі әскери мәдениеттің қалыптасуына себепкер болып «Мәдениет ұғымына мейлінше кең көзқарас, оны жалпы адамзат дамуының ішкі мән-мазмұны, жетістігі және мақсаты деп қарастыруға саяды». «Яғни, бұл тұрғыдан алғанда адам және мәдениет екеуі егіз ұғым, бірінен бірі бастау алып және біріне-бірі сіңіп жатқан құбылыстар. Тіптен, адам және оның іс-әрекеті мәдениет ұғымының негізгі компоненті болып есептеледі» [15; 18б.].

Әскери билік пен құқық саласының бір-бірімен ара-қатынасы жөнінде де сөз қозғауға болады. Көшпелі қазақ қоғамындағы әдет-ғұрып құқық нормаларының нысандары – «жолдар», «жарғылар», «ережелер», яғни, заңдар әскери билік, жүйе аясына жауапкершіліктік көзқарасты қалыптастыру үшін қоғам мүшелерінің жүріс-тұрыс, мінез-кұлықтарын реттеуші міндеттер мен құқықтарын белгілеген. Айталық, «Қасым ханның қаска жолы» (1511-1523) мен «Есім ханның ескі жолы» (1598-1645) құқықтық құжаттарында қамтылған бес саланың бірі әскери заңға (аламан міндеті, қосын жасау, қарақазан, ердің құны, тұлпар ат), ал мән-мазмұны жағынан бай, құрылымы тарапынан сан-салалы, көлемі жағынан мол, жоғарыда айтулы Тәуке хан тұсында қабылданған «Жеті Жарғы» жеті саласының бірі әскери бағытқа арналған [15; 81б.]. Өз кезегінде әскери билік қызметі әр салаға қатысты қоғамдағы дәстүрлі құқыктық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында әлсіздеу болса да қосымша ішкі үйлесімділікті сақтау (полициялық) функциясын атқаратын хандық және халық жасақтарының өз үлесі бар.

Баз біреулер қоғамда әскери жүйенің қарқындылығын, әскери биліктің үстем болуын тағылықпен, қоғам санасы мен мәдениет төмендігі және мемлекеттік белгілер шала-жансарлығымен теңестіреді. Тіпті, белгілі ғалым И. Кластр теориясында дәстүрлі қоғам әскери сипатқа ие болғандықтан мемлекеттік белгілері болмайды, мемлекеттілікке жат, тұрпайы көрініс, себебі соғыс пен мемлекет бір-біріне қарама-қайшы өлшемдер деп карастырған [8; 146-147 б.б.]. Бұл қисынның қисықтығын антрополог-заңгер ғалым Н.Рулан: «Қазіргі зерттеулерге зер салсақ соғыс – барлық тарихи қоғамға да, мемлекеттілікке де тән, ортақ кұбылыс» деп сипаттама беру арқылы көрсеткен. Оның пікірі бойынша, көп жағдайларда мемлекетті, қоғамдық тәртіпті сыртқы қауіпті факторлардан қорғау үшін соғысу қажеттілік, заңдылық [8; 148-149 б.б.].

Әрине, бұл көзқарастардың оңды, қисыны дұрыс екені, сол үшін әскери биліктің қоғам өміріне ең алдымен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажеттілігі өзінен-өзі ақталатын дүние.



Сайып келгенде дәстүрлі қазақ қоғамындағы әскери билік дегеніміз – бұл қоғамның ішкі тәртібі мен сыртқы қауіпсіздігін сақтауды қамтып, оның түрлі институттарының дамуына ықпал етуші, геосаяси факторларға байланысты тарихи қалыптасқан дәстүрлік, жариялылық сипаты бар және мемлекеттік биліктің қатерсіз жүзеге асуына мүдделі айрықша саяси, әлеуметтік ұйым болып табылады.
Әдебиеттер:

  1. С.М. Борбасов «Билік табиғаты» Хабаршы «Тарих және саяси әлеуметтік ғылымдар» сериясы. – Алматы: 2003. - №1(3) 3-4б.

  2. Ә.Н. Садиев «Билік шешім және билер, оның ерекшеліктері мен құқық нормаларын түзудегі ролі». Д.А. Қонаев атындағы университет Хабаршысы. 2007 - №4- 11б.

  3. Қ. Дауталиев «Абайдың билік туралы көзқарасы» ҚР Конституциялық құқықтың құрылыс жағдайы өзекті мәселелері және болашағы» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары Алматы, 2005ж. 110б.

  4. А. Бельғожаева «Билік түсінігі және билік бөлінуі теориясының сипаттамасы» Қазақстан жоғары мектебі – 2005.-№4- 198б.

  5. Общая теория государства и права. Академический курс в 2 томах. Т1. Отв.ред М.Н. Марченко Москва 1998.

  6. Қазақ әдет-ғұрып құқығының материалдары. /Құраст. З.Ж. Кенжалиев, С.О. Дәулетова, Ш.А. Андабеков ж.б. Алматы: Жеті Жарғы, 1996. 167б.

  7. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы . 1 том. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 1998. 166 б.

  8. Н. Рулан. Юридическая антропология. Отв. ред. В.С. Нерсесянц. Москва, 1999. 145 б.

  9. Ғ. Маймақов. Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық тарихы. Алматы: «Ғылым», 2000. 56 б.

  10. С.Г. Кляшторный, Т.И. Султанов. Казахстан летопись трех тысячелетий. Алма-Ата: «Рауан», 1992. 321 б.

  11. Ш. Картаева. Ұлттық қару-жарақ түрлері (XV-XVIII ғасырлар). // Қазақ тарихы. 1998, №2. 19 б.

  12. А.И. Левшин. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степей. Спб., 1832. 3 бөлім, 177 б. С.Г. Кляшторный, Т.И. Султанов. Казахстан летопись трех тысячелетий. Алма-Ата: «Рауан», 1992. 321 б.

  13. С.З. Зиманов Политический строй Казахстана конца XVIIIв.первой половины ХVX веков. Алма - Ата 1960.

  14. А.К. Кушкумбаев. Военное дело казахов в XVІІ-XVIII веках. Алматы: «Дайк-Пресс», 2001. 84-85 бб.

  15. З. Кенжалиев. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет (теориялық мәселелері, тарихи тағылымы). Алматы, «Жеті Жарғы», 1997. 18 б.


Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...