Сөз-символдардың лингвомәдениеттанымдық мәні

Loading...


Дата31.03.2017
өлшемі94.48 Kb.
Сөз-символдардың лингвомәдениеттанымдық мәні
Қайырбекова Ұ.Ж.

ОҚМПИ, Шымкент қаласы


Адамды жан-жануардан ажыратып тұратын көп қажеттіліктердің бірі –символдық қажеттілік. Адам өмір сүріп отырған орта тарихқа, рәсімдерге бай. Символдар адам санасының жемісі болып табылады. Адам суретті, образды символдың негізінде дүниенің символын жасайды.

Көне грек тілінде символ «жеке куәлік» деген мағынаны білдірген. Оның символы ретінде шыны ыдыстың сынығы қолданылған. Үйге келген қонақты шығарып саларда көне гректер достық мақсатта сынған ыдыстың бір бөлігін қонаққа беріп, екінші бөлігін өзіне қалдырып отырған. Бірнеше уақыттан кейін қайтып келген конақты сол шынының сынығы арқылы танып отырған.

Символдарға деген қызығушылық тек лингвистикада ғана емес, философия, семиотика, психология, әдебиеттану, мифопоэтика, фольклористика, мәдениеттану т.б. ғылымдарында да жоғары.

Символдар жайлы А.Потебня былай дейді: «Халықтың қөзқарасына сәйкес тіл ғана символдарды бір жүйеге келтіре алады» [1].

Қызығушылықтың арқасында символдар жайлы төмендегіше ұғым туды:

1. Символ – таңбамен тепе-тең.

2. Өмірді өнер арқылы бейнелей алатын әмбебап категория.

3. Мәдени обьект.

4. Символ танымдық тәсілдердің шынайы мағынасы.

Лингвистер, тарихшылар, археологтар, өнертанушылар, психология, дінтанушылар, фольклористердің бірігіп жұмыс жүргізуі нәтижесінде көптеген сөздіктер жарық көрді.

«Символ» терминіне әдебиеттанушылар мен лингвистер әр түрлі түсінік береді. Ю.С.Степанов символды ғылыми ұғым деп түсіндіре келе, мұны поэтикалық ұғым деп көрсетеді. Мұндай символдарға мыналарды жатқызады: Н.ШГогольде – жол, А.Чеховта - бақша, М.Лермонтовта – шөлейт, А.Аушкинде – боран, М.Цветаевада үй мен қанат.

Мұндай символдардың мифологиялық, архетиптік табиғаты бар. Мысалы, кемпірқосақ - орыс халқы үшін үміттің, арманның символы, осыдан келіп радужные мечты, радужное настроение, радужные надежды деген тілдік қолданыстар пайда болған. Бұл символдар «Библиядан» бастау алады. Алла топан судың тоқтатылғандығы жөніндегі белгі ретінде жер бетіне кемпірқосақты жібереді. Осыдан бастап кемпірқосақ символға айналған [2].

С.С.Аверинцев «Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте» символ сөзіне мынадай анықтама берген: «Өнерде символ – көркем образдар мен таңбаларды салыстыру нәтижесінде пайда болған эстетикалық категория» [3].

Символдағы тура мағына дерексіз мағынамен теңеседі. Тура және дерексіз мағына бір-біріне ауысып отырады. Мәселен, күн алтынның символы немесе алтын күннің символы.

Символ сөзі бірінен – біріне ауысып ұласып отыратын дөңгелек спираль секілді. Бұл спираль жасырын (имплицитті) мағынадан бастап семантикалық ауыспалы мағынадағы сөздердің аралығын толығымен қамтиды. Зұлымдық - жылан, ара, қалақай арқылы берілсе (шағады), от-қаһардың, ашудың символы. Күн - сұлулықтың, махаббаттың символы. Көгершін - бейбітшіліктің символы.

В.Н. Телияның пікірінше, бұлардың барлығы - квазисимволдар. Квазисимволдар мәдени ұғым негізінде пайда болады. Мәселен, орыстарда «крест» символ болса, оның атауы «крест» сөзі - квазисимвол [4].

Символды миф тұрғысынан қарауды К.Леви-Строс ұсынды. Мәселен, оның айтуынша балықтар – төменгі зонаның, ірі жануарлар – ортаңғы зонаның, құстар – жоғарғы зонаның символы.

Көптеген ғалымдар символды образ тұрғысынан қарастырады. Н.Фрай поэзиядағы символдық критерийлердің 2 түрін атап көрсетеді: 1. дерексіз символдық айқындалуы. 2. образдың жеткіліксіздігі. 3. образ миф, аңыз, фольклор арқылы жасырынуы [5].

Символ –концепт іспеттес. Оның пайда болуы экстралингвистикалық факторлармен байланысты. Символды гештальттан ажырата білу қажет. Олар бір-бірінен қызметі арқылы ажыратылады.

Символ – мәдениет естелігі. Ал гештальт әр түрлі ұғымды білдіреді. Мәселен, 1 гештальт әр тілде әр түрлі ойды білдіреді. Орыс тілінде жеті санының қатысымен жасалған фразеологизмдер шектен шыққандықты, шектен тыс дегенді білдіреді: семь потов сошло (очень устал), семь пятниц на неделе (яасто менять свое решение), быть на седьмом небе (быть очень счастиливым).

Символдың архетиптік табиғаты адамға санасыз деңгейде жеткізіледі.

Архетип - К.Г.Юнг пікірінше, адам ойында алғашқы пайда болған образдар. Архетипке еріксіздік, санасыздық, автономдық қасиеттер тән. Архетиптік символдарға екі түрлі қасиет тән: 1. Санасыздық образы. 2. Саналы түрде қабылданған архетип [6].

Символдардың ұлттық – мәдени сипаты бар деуге болады. Мәселен, қытайлықтар үшін құрбақа мен қоян мәңгі өлместің символы (ажалсыз), ал қарға қошеметтің символы. Ал славян мәдениетінде қоян қорқақтықтың, қарға жайсыз хабар тасушы, жамандықтың жаршысы ретінде көрсетіледі.

Мәдениет символдарының пайда болу себебін А.Потебня төмендегіше көрсетеді: «Бұл көне ұмытылған сөздердің мағынасын қайта жаңғырту мақсатында пайда болған. Сөз бен символдың арасындағы қарым-қатынастың үш түрі бар: салыстыру, қарама-қарсылық, себеп-салдарлық».

Символда адресат болмайды. Оны бүкіл тіл тұтынушылары пайдалана алады. Мәселен, «Дворянское гнездо» (И.С.Тургенев), ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер [1, ].

Көркем шығармада сөз-символдар өте көп қолданылады. Олардың әрбірінің өзіне тән ерекшеліктері, белгілері болады. Солардың бірі деп Шәкәрім шығармаларындағы сөз-символдарды айтуға болады [7].

Шәкәрімде жиі қолданылған символдардың бірі күн мен жер. Мәселен,
... Жылылық, жарық нұрын беріп,

Сездірген атам – Күн шебер,

Балына қосып уын беріп,

Өсірген анам – қара Жер (198-бет).


Күннен неге түсіп тұр мұнша жарық,

Сегіз минут, шерікте жерге барып.

Әншейін құр жарқырап тұрып алмай,

Жылылық нұрмен бірге жүр қозғалып (199-бет).

Мұнда ақын Күнді Ер-Аспанға, Жерді Жер-Анаға теңейді. Шәкәрімнің осы өлең жолдары Абайдың өлеңдерімен сарындас болып келеді. Абайдың өлеңдерінде Жер-Ана және Ер-Аспан (Көк Тәңірі) жайлы мынадай шумақтарды кездестіруге болады. Салыстырыңыз:
Безендірген жер жүзін тәңірім шебер,

Мейірбандық дүниеге нұрын төгер.

Анамыздай жер иіп емізгенде,

Бейне әкеңдей үстіне аспан төнер (Абай).

Көшпенді жұрттардың жан-жүрегіне бағзыдағы сақ, ғұн замандарынан бері қарай кірігіп кеткен қасиетті киелі ұғымдардың бастауында тұратыны – Жер ана.

Ата-бабамыз жерді өздерінен бөле-жара қарамайды, керісінше оны өздерінің тарихи, тәни, рухани өмірінің бір бөлігі, жалғасы дап таниды. Көшпелі халықтың ұғымында жер жансыз табиғи құбылыс емес, ол – жанды бейне, қасиетті бейне – «Жер-Ана».

Мифологиялық тұрғыдан қарастыратын болсақ:

1. Жер- көк тәңірінің жұбы – Құдай Ана (алғашқы жұп).

2. Мәңгілік өмір иесі.

3. Жануарлар, құстар, балықтар мекен ететін кеңістік.

4. Егіншілік мекені.

5. Жер –Құдай – Ана.

6. Жер – космос орталығы. Мысалы, үнділерде жерді киттің үстіндегі үш піл көтеріп тұр деген түсінік қалыптасқан.

Осы түсініктерді салыстыра қарайтын болсақ, «жер» барлық тіл мен халыққа тән әмбебап ұғымдардың бірі екендігіне көз жеткіземіз. Жер әр тілде өзіндік мағынаға ие болып, түрлі символдық қызмет атқарады.

Шәкәрім шығармаларынан сондай-ақ, махаббаттың, ғашықтықтың символына айналған образдарды да жиі кездестіруімізге болады. Солардың бірі – Ләйлі-Мәжнүн, Еңлік-Кебек.

«Қыз Жібек» жырындағы Төлегеннің мезгілсіз жауыздық құрбаны болған «Қособа» «жауыздық» пен «қасіреттің» символы ретінде танылған болса, Шәкәрім шығармасындағы Еңлік-Кебек моласы да дәл осы символдық қызметті қайталайды. Мысалы, ... Кебекпен мені азғана араздастыр,

Өлген соң бірге қосып таспен бастыр.

Мына бала – Тобықты баласы ғой,

Мұны өлтірмей, Кеңгірбай биге тапсыр.

... Үш тілегін алсын дер жұрт кеңесті,

Бердік деп екеуінің қолын шешті.

Құшақтасып, сүйісіп, қош айтысып,

«Ал енді өлтіре бер мейлің, десті (308-бет).

Ләйлі-Мәжнүн де махаббатың жарығын ту етіп көтерген, ұлы махаббатың идеалы іспетті символға айналған. Шәкәрімнің төмендегі өлең жолдарынан осыны байқау қиынға түспейді:

Тоқталмай соны айтты да кетіп қалды,

Ләйлінің бейітіне жетіп барды.

Түлкі алған қыран бүркіт сықылданып,

Құшақтап қу моланы жатып алды.


Жіберді сол қабірді тәңірім жарып,

Ләйліні құшақтады Мәжнүн барып.

Қайтадан қалыбына түсті сандық,

Қосылды осылайша екі ғарып... (396-бет).

Мәжнүнді өзіне ынтықтырған Ләйлінің ажарын көріп, онда ешқандай сұлулықтың жоқ екендігін айтқан араб патшасына берген жауабы арқылы Шәкәрім Ләйлі мен Мәжнүннің ғашықтықтың, ынтызарлықтың символына айналған бейнесін нақтылай түседі:

... Ләйліде онша қызығарлық сұлулық жоқ қой? Шын сұлу болса, оған жанның бәрі құмар болмас па еді? – дегенде, Мәжнүн айтыпты: «Әр ақылды адам әлемнің қиын сырын түгел аша алмайды. Әрбір көз шын махаббат нұрын көре алмайды. Ләйліге асық болған көз де, жүрек те сіздікі емес, менікі, Ләйлінің анық нұрын көрем десеңіз, менің көзіммен қарап, менің жүрегіммен ойласаңыз, менің Ләйліге деген махаббатымның қандай дәрежеде екенін білер едіңіз» (488-бет).

Шәкәрім өлеңдерінде «Ай» мен «Күн» жалғыздықтың символы ретінде жұмсалады:

Таң атты бозарып,

Жоғалды жұлдыз, Ай,

Шыдасын о не ғып,

Есі ауып жығылмай.

Тойға келген таң желі сыбырласып,

Сызылтып ән салып,

Шырқады бозторғай.


Жүзіңді көргелі

Күн шықты қайтадан,

Бір көріп өлгелі

Ұмтылды бері таман.

Бұлт перде бүркеніп сығалап жүр,

Көз жасы-жаңбыр ғой,

Асық боп жығылған (45-бет).


Ай – қазақ үшін аспан шырақтарының ішіндегі ерекшесі. Ол – құдіретті қара түннің әміршісі, жердегі адамға жарығын түсіріп, жол көрсетуші рөліндегі шамшырақ іспеттес. Қазақ даласына келген исламның жарты ай мен жұлдыз пішінді культтік белгісінің де жатсынылмай қабылданып, тіпті өлген кісінің басына қойылатын құлпытастың төбесінен орын алуы да ата –бабаларымыздың айға деген ерекше құрметіне, оған табыну дәстүрінің болуына негізделген сияқты. Халқымызда болған (қазіргі кезде де ішінара сақталуы мүмкін) жаңа туған айға үш рет иіліп тағзым ету дәстүрі туралы кезінде Ш.Уалиханов та жазған болатын. Бұл нанымның тіліміздегі көрінісі – ай туғанда айтылатын «Жаңа ай жарылқа, ескі ай есірке» деген оралым екендігі белгілі.

Шәкәрім поэтикалық жүйесіне қатысты назарымызды аудартқаны – айдың арулығы, яғни кіршіксіз тазалығы ұғымы. Дегенмен, тілімізде бұл ойдың да шексіздігіне күмәнмен қарауға себеп болатын «Айдың бетінде де дақ бар» деген қолданыстың кездесетінін айта кеткеніміз жөн. Шәкәрім өлеңдерінде Айдың орнына Күн алынған. Салыстырыңыз:



Күннің нұрлы бетінде,

Алты-жеті дағы бар.

Уайым сол ниетінде,

Көреді-ау деп тағы жар (255-бет).

Бұл жер бетінде қандай керемет, ғажап болса да бойында бір міні жоқ адамның (идеалдың) болмайтыны туралы философиялық ойдың бір көрінісі.

Символға тән қасиеттердің тағы бірі-уәжділік. Символ мен таңба уәжділік нәтижесінде бір-бірінен ажыратылады. Уәжділік метафора, метонимия, синекдоха арқылы айқындалады. Метафора нәтижесінде деректі және дерексіз аспектілі символдар пайда болады: құдай ана – жер - ана.

Поэзияда метафора мен теңеу бір негізден жасалады. Метафорада заттың, құбылыстың өзі ұқсатпа балама ретінде алынса, теңеуде сол зат, заттың, құбылыстың әрекеті ұқсатпа теңеме болады. Демек, бірінде екі зат теңдікте алынса, бірінде екі заттың әрекеті, қимылы теңдікке алынады. Мысалы, ол-арыстан, ол-арыстандай айбатты.

Метафораға алынатын зат я құбылыс әдебиетке кездейсоқ таңдала салмайды. Олар – ұзақ дәуірлік дәстүрдің, ұғым түсініктің, салт-ғұрыптың жемісі. Осы тұрғыдан қарағанда, Шәкәрім поэзиясында қолданылған метафоралар да бірнеше салалы арналардан келіп тоғысқан. Шәкәрім өлеңдерінде кейіпкер құсқа, ағашқа, табиғат құбылыстарына, тағы аңға баланады.

Құс атауларының ең актив жұмсалғаны – сұңқар, торғай, бөдене, қарға, тұрымтай.

Торғай, бөдене Шәкірім шығармаларында «ақылдылықтың» символы ретінде, ал қасқыр, түлкі «ақымақтықтың», «зұлымдықтың» символы ретінде танылған. Оған төмендегі өлең жолдары дәлел бола алады:

Торғайдың алдағанын сонда біліп,

Тұзақшы өкінеді қайғы қылып.

Құдай берген асылдан айрылдым деп,

Жылайды өз сақалын өзі жұлып.


Сонда торғай айтады: - Ей, надан, мас,

Тым ұғымсыз екенсің, ақымақ нас.

Үш мысқылдық денем жоқ, кішкентаймын,

Қай жеріме сияды ол гәуһар тас?.. (123-бет).


Түлкіні алып жүрді сайды өрлетіп,

Бөдене бір бел асты бұрын кетіп.

Түлкі жортып кезеңге таянғанда,

Жалаң қаққан бір тазы келді жетіп...


Мықты қасқыр, айлакес түлкі қайда,

Алдампаз, рахымсыздық кімге пайда?

Аяғында түлкі де, қасқыр да өліп,

Бөдене аман қалыпты сол бір сайда (128-бет).

Ақын-жыраулар тілінде әрбір құстың түр-түсі, сын сипатынан бөлек, олардың мінезін, тіршілік ету жолдарын т.б. қырларының бәрінен хабары күшті, тіпті құсбегілердіей білімді екендігі көрінеді.

Символ өз тамырын тереңнен – жазу пайда болмаған кезеңнен алады. Символ дегеніміз – ықшам әрі ішкі өте күшті мағыналық қуаты бар, ауқымды мазмұнға ие ұғым. Әрине символдың түзілуіне кез келген халықтың өмір сүретін аймақтық табиғаты, географиялық жергілікті ерекшеліктері, өмір сүру салты, жалпы дүниетанымы әсер етері сөзсіз.

Символдар жөнінде сөз қозғағанда олардың авторлық қолданыста болатындығын да, яғни белгілі бір шығармашылық процестегі образдық ойлаудың нәтижесі ретінде символдың туындайтынын да айтып өткен жөн. Әйтсе де олардың белгілі бір мәдениетке тән басты символдар жүйесіне негізделетін немесе содан туындайтын бір инвариантты түрде ғана болатын және белгілі бір сюжетте әрі қарай дамитын сипаты бар.

Әдебиеттер



  1. А.Потебня. Символ и миф в народной культуре. –М., 2000.

  2. Ю.С.Степанов. Словарь русской культуры. Опыт исследования. –М., Языки русской культуры. 1997, - с 824.

  3. С.С.Аверинцев. Лингвистикалық энциклопедиялық сөздік. -М., 1987, -378б.

  4. В.Н. Телия. О методологических основаниях лингвокультурологии // ХІ Меж. Конф. «Логика, методология, философия науки». –М., 1995.

  5. Маслова Ю.С. Введение в лингвокультурологию. –М.,

  6. К.Г.Юнг.Архетип и символ. –М., 1991, - с 213.

  7. Құдайбердиев Ш. Шығармалары: Өлеңдер, дастандар, қара сөздер. –А., Жазушы, 1988, -560 б.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...