Сөз мәдениеті және шешендік өнер І нұсқа «Сөз мәденетінің жоғарғы формасы – шешендік»

Loading...


жүктеу 91.29 Kb.
Дата13.06.2017
өлшемі91.29 Kb.
Сөз мәдениеті және шешендік өнер
І нұсқа
1.«Сөз мәденетінің жоғарғы формасы – шешендік» авторы кім?

А) А.Құнанбаев

В) М.Балақаев

С) М.Әуезов

Д) А.Қыраубаева

Е) С.Негимов



2.Шешендік өнер дегеніміз не?

А)Іс-әрекеттің атауы, ол тілдік қарым-қатынастың жоғарғы сипаты бар, әлеуметтік қызмет атқаратын түрі.

В) Зерттелу нысаны, теориялық негіздері мен тарихы бар ғылым саласы.

С) Түйінді сөз бен терең мағына беруді көздеген, суырып салып айту дарынан қажет ететін шаршы топқа арналған сөз.

Д) Әдеби тілдің нормасы.

Е) Сөйлеу стилі



3. Шешендік сөзге неше талап қойылады?

А) 3


В) 4

С) 5


Д) 6

Е) 2


4. «Алтын, күміс жиған – бай емес, сөз білген адам – бай» авторы кім?

А) М.Әуезов

В) А.Байтұрсынов

С) Ж.Баласағұн

Д) М.Қашқари

Е) А.Байтұрсынов



5. «Әдебиет танытқыш» еңбегінде «Шешен сөз» ұғымын термин ретінде тұңғыш қолданған кім?

А) М. Әуезов

В) А.Байтұрсынов

С)М.Балақаев

Д)Ш.Уәлиханов

Е) Әл-Фараби



6. Монолог дегеніміз не?

А) Пікірлесу барысындағы шешендік сөздер.

В) Бірнеше шешендердің бірінің сөзін бірі іліп әкетіп, маржан ойды тізбектеуі.

С) Зат пен құбылысты шамадан тыс әсірелеп суреттеу.

Д) Жеке адам толғанысы.

Е) Екі адамнң өзара пікірлесуі


7. Шешендік сөздің авторы кім:

«Шешендіктен не пайда, Батырлықтан не пайда,

Артында сөз қалмаса? Халқына қайран қылмаса?»

А) Майлықожа

В) Төле би

С) Қазыбек би

Д) Әйтеке би

Е) Жамбыл



8. Қытайды шешендік ой-пікірдің дамуына ерекше ықпал ет кен кім?

А)Аритотель

В) Конфуций

С) Сократ

Д) Платон

Е) Цицерон



9. Меморио дегеніміз не?

А) Сөйлеу барысы

В) Тақырыпты табу

С) Есте сақтау

Д)Сөзбен көркемдеу

Е)Айтылатын ой мазмұнын жүйелеп ойластыру



10. Конфуций өз ілімінің түп қазығы етіп нені алды?

А) Қарапайымдылық

В) Адамсүйгіштік

С) Еңбек

Д) Өжеттік

Е) Мейірімділік



11. Платонның пайымдауынша мінсіз мемлекет жасаудың жолы не?

А) Әділеттілік

В) Біртұтастық

С) Байлық

Д) Терең білім

Е) Ойшылдық



12. Тіл мен әдебиеттегі ұғымдардың ғылыми атауларын алғаш қалыптастырған қай ел?

А) Ресей

В) Қытай

С)Греция

Д) Франция

Е) Италия



13. Шешендіктану (риторика) дегеніміз не?

А)Іс-әрекеттің атауы, ол тілдік қарым-қатынастың жоғарғы сипаты бар, әлеуметтік қызмет атқаратын түрі.

В) Зерттелу нысаны, теориялық негіздері мен тарихы бар ғылым саласы.

С) Түйінді сөз бен терең мағына беруді көздеген, суырып салып айту дарынан қажет ететін шаршы топқа арналған сөз.

Д) Әдеби тілдің нормасы.

Е)Тіл мәдениеті



14. Диспозиция дегеніміз не?

А) Сөйлеу барысы

В) Тақырыпты табу

С) Есте сақтау

Д)Сөзбен көркемдеу

Е)Айтылатын ой мазмұнын жүйелеп ойластыру



15. «Риторика» атты еңбектің авторы кім?

А) Платон

В)Цицерон

С)Сократ

Д)Аристотель

Е)Конфуций



16. Шешендік сөзге қандай талаптар қойылады?

А) Ойдың нақтылығы

В) Ойдың жүйелілігі

С)Тыңдаушыны баурап, жүрегіне жететіндей әуезділігі мен көркемдігі болуы.

Д) Дайын үлгіден ауытқымау

Е) Мүдірмей сөйлеу



17. Пікірлесу барысындағы шешендік сөз деген не?

А) Монолог

В)Диалог

С) Эпилог

Д) Полилог

Е)Пролог


18. Афиныдағы Платон Академиясының шәкірттері кімдер?

А)Аристотель, Ксенократ

В) Цицерон, Аристотель

С) Квитилиан, Сократ

Д) Горгий

Е)Плутарх



19. Қоғамның ғылыми сипаттарын танытатын, қоғам мүшелеріне ғылыми бағдар беретін сөздер шешендік сөздің қай түріне жатады?

А) Әлеуметтік-саяси шешендік сөз

В)Академиялық шешендік сөз

С)Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөз

Д)Соттағы шешендік сөз

Е)Діни шешендік сөз



20. Қазақтың ұлттық шешендіктану ғылымының түп-тамыры, алтын бастауында кім тұр?

А) Ж.Баласағұн

В)Әл-Фараби

С)М.Қашқари

Д)А.Байтұрсынов

Е) С.Сейфуллин



21. Қазіргі қоғамның тынысы мен үнін танытатын сөздер шешендік сөздің қай түріне жатады?

А) Әлеуметтік-саяси шешендік сөз

В)Академиялық шешендік сөз

С)Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөз

Д)Соттағы шешендік сөз

Е)Діни шешендік сөз



22. А.Байтұрсынов көркем сынын қалай деп қарастырған?

А) Ым-ишара

В) Жалаң сын

С) Стиль


Д) Тысқы сын, ішкі сын

Е) Кіріспе сын



23. «Канон» сөзінің грек тілінен аудармасын белгілеңіз.

А) Талас, талқылау

В) Түсіндіру, ұғындыру

С) Ереже, қағида

Д) Ой, пікір

Е) Үлгі, тәсіл



24. «Нағыз шешендіктің жолына тәуекел етсеңіз, онда әділетті, білгір, білімді адам болуға міндеттісіз» сөзінің авторы кім?

А) Аритотель

В) Конфуций

С) Квинтилиан

Д) Платон

Е) Цицерон



25. XIV-XVI ғасырлар аралығында өмір сүрген қазақ шешендерін анықтаңыз.

А) Абай, Ыбырай

В)Майқы би, аяз би

С)Асан қайғы, Жиренше шешен

Д)Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би

Е)Б.Адамбаев, С.Негимов



Сөз мәдениеті және шешендік өнер
ІІ нұсқа

1.Шешендік сөздің сазына не жатады?

А) Ой екпіні, дауыс ырғағы, үн әуезділігі

В)Логика, эмоция

С)Стиль, мақам

Д)Сөз мағынасы

Е)Сөз тазалығы



2. «Ақын болып туады, шешен болып шығады» сөзінің авторы кім?

А) Ж.Жабаев

В) Аристотель

С) Цицирон

Д) Платон

Е) Әл-Фараби



3. Шешендік сөздерді мазмұны мен тақырыбына қарай бес түрге бөлген кім?

А) Ш.Уәлиханов

В)М.Әуезов

С)М.Балақаев

Д)С.Сейфуллин

Е)А.Байтұрсынов



4. Күнделікті тұрмыста болып жататын мерейлі не қайғылы оқиғаға қатысты сәттерде айтылатын сөздер шешендік сөздің қай түріне жатады?

А) Әлеуметтік-саяси шешендік сөз

В)Академиялық шешендік сөз

С)Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөз

Д)Соттағы шешендік сөз

Е)Діни шешендік сөз



5. Орыс ұлттық шешендіктану ғылымынң негізін қалаған кім?

А) Рижкский И.С.

В) А.И. Галич

С) М.В.Ломоносов

Д) В.Г.Белинкий

Е) С. Негимов



6. Жаратылыс заңдарын, ғаламның ғажаптарын, адамгершілік, өмір құндылықтарын жеткізуге бағытталған уағыз сөздер шешендік сөздің қай түріне жатады?

А) Әлеуметтік-саяси шешендік сөз

В)Академиялық шешендік сөз

С)Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөз

Д)Соттағы шешендік сөз

Е)Діни шешендік сөз


7. Қазақтың шешендік өнерінің дамуын неше кезеңге бөлеміз?

А) 3


В) 4

С) 5


Д) 2

Е) 6


8. Азиядағы шешендік шеберлікті меңгеру ретінде қандай кітап танылады?

А) «Кабуснама»

В) «Диуани лұғат ат-түрік»

С) «Шахнама»

Д) «Диуани хикмет»

Е) «Ақылдың мәні туралы трактат»



9. Шешендік мәдениеттің негізгі шарттарының бірі не?

А) Тіл тазалығы

В)Тұрақтылық

С)Ой-өрісі

Д)Білім мәдениеті

Е)Рухани дүниесі



10.Шешендік сөздерді құрылысына қарай қалай топтастырамыз?

А) Теңеу сөз, айшықты сөз

В) Кіріспе сөз, қорытынды сөз

С) Көпшілік алдындағы сөз

Д) Арнау сөз, талдау сөз

Е) Термелі сөз, пернелі сөз



11. Әлеуметтік-тұрмыстық мазмұнды шешендік сөздерге не жататынын анықтаңыз.

А) Мерейтойдағы сөйленетін сөз

В)Діни уағыз, құран сөздері

С)Саяси шолу, репортаж

Д)Ғылыми шолу, ғылыми мақала

Е)Айыпталушының сөзі, қоғаушының сөзі



12. Шешендік сөз дегеніміз не?

А)Іс-әрекеттің атауы, ол тілдік қарым-қатынастың жоғарғы сипаты бар, әлеуметтік қызмет атқаратын түрі.

В) Зерттелу нысаны, теориялық негіздері мен тарихы бар ғылым саласы.

С) Түйінді сөз бен терең мағына беруді көздеген, суырып салып айту дарынан қажет ететін шаршы топқа арналған сөз.

Д) Әдеби тілдің нормасы.

Е) Сөйлеу стилі



13. XI-XІІI ғасырлар аралығында өмір сүрген қазақ шешендерін анықтаңыз.

А) Абай, Ыбырай

В)Майқы би, Аяз би

С)Асан қайғы, Жиренше шешен

Д)Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би

Е)Б.Адамбаев, С.Негимов



14. «Қазақ әдебиеті» атты еңбекте «Билер шешендігі» тарауында шешендік өнерге талдау жасаған кім?

А) Ш.Уәлиханов

В) М.Әуезов

С) М.Балақаев

Д) С.Сейфуллин

Е) А.Байтұрсынов



15. Әділдік пен азаматтық құқық сақталу мақсатына бағытталған сөздер шешендік сөздердің қай түріне жатады?

А) Әлеуметтік-саяси шешендік сөз

В)Академиялық шешендік сөз

С)Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөз

Д)Соттағы шешендік сөз

Е)Діни шешендік сөз



16. Инвенсия дегеніміз не?

А) Сөйлеу барысы

В) Тақырыпты табу

С) Есте сақтау

Д)Сөзбен көркемдеу

Е)Айтылатын ой мазмұнын жүйелеп ойластыру



17. Азиядағы шешендік шеберлікті меңгеру ретінде қандай кітап танылады?

А) «Кабуснама»

В) «Диуани лұғат ат-түрік»

С) «Шахнама»

Д) «Диуани хикмет»

Е) «Ақылдың мәні туралы трактат»



18. Ежелгі грек жерінде шешендіктану негізін қалаған кімдер?

А) Жазушылар

В) Ақындар

С) Әскери қызметкерлер

Д) Билік өкілдері

Е) Софистер



19. Акцио гипокризис дегеніміз не?

А) Тақырыпты табу

В) Сөйлеу барысы

С) Есте сақтау

Д)Сөзбен көркемдеу

Е)Айтылатын ой мазмұнын жүйелеп ойластыру



20. «Қазақ әдебиеті тарихы» еңбегінде «Билер айтысы» деген арнаулы тақырыппен шешендік сөздердің кейбір түрлеріне мысал келтірген кім?

А) Ш.Уәлиханов

В) М.Әуезов

С) М.Балақаев

Д) С.Сейфуллин

Е) А.Байтұрсынов



21. «Жақсы шешен болғың келсе, алдымен жақсы адам бол» сөзінің авторы кім?

А) Аритотель

В) Конфуций

С) Квинтилиан

Д) Платон

Е) Цицерон



22. Шешендік сөздің әсерлігін арттыратын тілдік сапаны белгілеңіз.

А) Айшықты сөздерді мол қолдану

В)Қарабайыр сөздерді қолдану
С)Дауыс мәнерін сақтамау
Д)Тез сөйлеу
Е)Сөз мағынасын жетік білмеу

23. Қазақтың төл шешендік өнері туралы тұңғыш ой-пікір білдірген ғалым кім?

А) А.Байтұрсынов

В) М.Әуезов

С) М.Балақаев

Д) С.Сейфуллин

Е) Ш.Уәлиханов



24. «Шешендікке қысқаша басшылық» еңбегінің авторы кім?

А) Конфуций

В) А.Ф.Кони

С) М.В.Ломоносов

Д) Әл-Фараби

Е) А.Байтұрсынов



25. Пікірталас түрлерін белгіле.

А) Метафора, метонимия

В) Кідіріс, мақам, екпін

С) Инвенсия, диспозиция



Д) Ойталқы, ойкөкпар, айтыс

Е) Уағыз, қошемет, саясат сөздер
: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Сабақ 6-шы сыныптар Сабақтың тақырыбы Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлігі және оларды өңдеудің тәсілдері Сілтеме
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері
attachment -> Жаңа сабақты түсіндіру 28. 11. 12 Сабақтың тақырыбы: Жанатын пайдалы қазбалар. Мағынасын аш
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді көбейту Сабақтың мақсаты
attachment -> 5 сыныпқа арналған тақырыптар бойынша тесттер
attachment -> Практикумы Тақырыбы: «Тұрақты сөз тіркестерінің түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...