«Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты



жүктеу 0.75 Mb.
бет1/3
Дата18.02.2017
өлшемі0.75 Mb.
  1   2   3
Источник: ИС Параграф WWW http://online.zakon.kz
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 23 қарашадағы

1486 қаулысымен



бекітілген

 

 



«Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру»

мемлекеттік қызмет көрсету стандарты


1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық басқармалары (бұдан әрі - уәкілетті орган), халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық), халыққа ұтқыр қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ұтқыр орталық) «электронды үкіметтің» www.e.gov.kz  веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы не жеке тұлға тікелей уәкілетті органға жүгінген кезде көрсетеді.

Уәкілетті органдардың мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада, орталықтардың мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының және «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат:



1) уәкілетті органның интернет-ресурсында: www.prokuror.kz;

2) порталда: www.e.gov.kz;

3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - Орталық РМК) www.con.gov.kz.  интернет-ресурсында;

4) тізбесі осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда берілген ресми ақпарат көздерінде, уәкілетті органның және орталықтардың ғимараттарында орналасқан стенділерінде, үлгілері бар ақпараттық тақталарда орналастырған.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты да «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің телефоны бойынша алуға болады (1414).

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелері:



1) уәкілетті органда:

жеке тұлғаға қатысты қағаз жүзіндегі соттылықтың болуын немесе болмауын растайтын анықтаманы беру не қағаз жүзінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру;

2) орталықта, ұтқыр орталықта және порталда:

жеке тұлғаға қатысты электрондық құжат түрінде соттылықтың болуын немесе болмауын растайтын анықтаманы беру не электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға көрсетіледі (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы).

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) уәкілетті орган:

мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды берген сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде көрсетіледі;

өтініш беруші жүгінген күні оған орында көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша өтініш берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсетілгенше күтудің рұқсат етілген уақыты - 30 минуттан аспайды;

өтініш беруші жүгінген күні оған сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген уақыты - 10 минут;

2) орталықтар, ұтқыр орталықтар арқылы:

мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін жүгінген сәттен бастап 3 жұмыс күні;

өтініш беруші жүгінген күні оған сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілгенше күтудің рұқсат етілген уақыты - 20 минуттан аспайды;

өтініш беруші жүгінген күні оған сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген уақыты - 20 минуттан аспайды;

3) портал арқылы қызмет көрсету мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейінгі аралықта күн сайын көрсетеді. Қабылдау кезек күту тәртібінде, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

Орталықтарда мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, еңбек заңнамасына сәйкес сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз, дүйсенбіден сенбіге дейінгі аралықта күн сайын көрсетіледі.

Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

Ұтқыр орталықтар құжаттарды орталық бекіткен кестеге сәйкес, бірақ бір елді мекенде кемінде алты сағат бойы қабылдайды.

Порталдың жұмыс кестесі - тәулік бойы.

10. Уәкілетті органның үй-жайында күту залы болады, ол ақпараттық стенділермен жарақталады және ғимараттың бірінші қабатында орналасады, сондай-ақ, мүмкіндіктері шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.



Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша орналасқан орталықтың ғимаратында көрсетіледі, онда мүмкіндіктері шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.

Залда анықтама бюросы, күту креслолары, бланкілерді толтыру үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасады.

Орталықтардың ғимараттарында анықтама бюросы, күту креслолары, бланкілерді толтыру үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасады, сондай-ақ, мүмкіндіктері шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.

 

 



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы:



1) уәкілетті органға:

соттылықтың болуы немесе болмауы жөніндегі анықтама беру туралы өтінішті;

жеке куәліктің көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын бере отырып);

он алты жасқа толмаған адамдар үшін баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын бере отырып);

мемлекеттік қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде нотариус растаған сенімхатты;

2) орталыққа, ұтқыр орталыққа:

жеке куәлікті;

он алты жасқа толмаған адамдар үшін олардың тууы 2008 жылға дейін тіркелген жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын бере отырып);

мемлекеттік қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде нотариус растаған сенімхатты;

порталға:

мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық сұрауды ұсынады.

12. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі, сондай-ақ қажетті құжаттардың тізімі мен оларды толтыру үлгілері туралы ақпарат www.prokuror.kz  интернет-ресурсында орналасқан.



Орталықтарда өтініштердің бекітілген нысандағы бланкілері күту залындағы арнайы тағанда, сондай-ақ Орталық РМК интернет-ресурсында орналастырылады: www.con.gov.kz.

13. Қажетті құжаттар толтырылған соң уәкілетті органның кеңсесіне (1-қосымшаға сәйкес) не орталыққа, ұтқыр орталыққа (2-қосымшаға сәйкес) тапсырылады.



Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда жүзеге асырылады.

Порталда электрондық сұрауды жіберу мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинеті» арқылы жүзеге асырылады. Сұрау таңдалған қызмет түріне сәйкес адресат мемлекеттік органға автоматты түрде жолданады.

14. Құжаттар уәкілетті орган арқылы қабылданған кезде мемлекеттік қызметті алушыға құжаттарды қабылдау күні, уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері көрсетіле отырып, талон беріледі.



Құжаттарды орталық, ұтқыр орталық арқылы қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат:

өтінішті қабылдау нөмірі мен күні;

сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі;

қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

құжаттар берілетін күні (уақыты) және орны;

өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты;

құжаттарды ресімдеу үшін өтінішті қабылдаған орталық, ұтқыр орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, беріледі.

Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрауды қабылдау туралы хабарлама-есеп, мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып жіберіледі.

15. Уәкілетті орган құжатты мемлекеттік қызметті алушы не оның өкілі сенімхат бойынша жүгінген кезде береді.



Орталықта, ұтқыр орталықта мемлекеттік қызметті алушыға құжаттарды орталықтың, ұтқыр орталықтың қызметкері мемлекеттік қызметті алушы өзі немесе оның өкілі сенімхат бойынша жүгінген кезде қолхат негізінде береді.

Егер мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген мерзімде қызмет нәтижесін алу үшін жүгінбесе, орталық, ұтқыр орталық олардың бір ай көлемінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оны уәкілетті органға береді.

Портал арқылы жүгінген кезде қызмет көрсетудің нәтижесі алушының «жеке кабинетіне» жолданады.

16. Уәкілетті орган, орталық, ұтқыр орталық мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күнінің ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және дұрыстығын тексеруге міндетті.



Құжаттарды толық ұсынбау, бұрмалау деректері анықталған жағдайда уәкілетті орган, орталық және ұтқыр орталық белгіленген мерзімде өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы жазбаша уәжделген жауабын береді.

 

 



3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Уәкілетті органның, орталықтың, ұтқыр орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықты сақтау және сыпайылық, толыққанды және дұрыс ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

 

 

4. Жұмыс нәтижелері



 

18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Уәкілетті органның жұмысына баға берілетін «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Бас прокурорының тиісті бұйрығымен бекітіледі.

 

 

5. Шағымдану тәртібі



 

20. Уәкілетті органның жоғары тұрған басшысы қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпарат беруді және шағымдарды дайындауда көмек көрсетуді осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жүзеге асырады.

Орталық, ұтқыр орталық қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану және шағымды дайындауға көмек көрсету тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» ақпараттық-анықтамалық call-орталығы қызметінің телефоны (1414) не стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.

21. Мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) басшылығының атына шағымданады.



Комитеттің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Мәскеу көшесі, 34-үй.

Интернет-ресурсы: www.prokuror.kz, бірінші басшының (қабылдау бөлмесінің) телефоны: (87172) 31-81-88.

Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейінгі аралықта.

Орталық көрсеткен мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым мына мекенжай бойынша Орталық РМК директорының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43-үй, телефоны 8 (7172) 94-99-93, интернет-ресурсы: www.con.gov.kz.

22. Дөрекі қызмет көрсетуге шағымдану:



уәкілетті органда осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес мекенжай бойынша орналасқан кеңсе арқылы жазбаша түрде, поштамен немесе қолма-қол сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейінгі аралықта беріледі;

орталықта осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес мекенжай бойынша орналасқан кеңсе арқылы жазбаша түрде, поштамен немесе қолма-қол сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, жұмыс күндері сағат 8.00-ден 20.00-ге дейінгі аралықта беріледі.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Уәкілетті органға және орталыққа шағымдану үшін мемлекеттік қызметті алушы ерікті нысанда өз қолымен жазған қағаз тасымалдағыштағы өтініш береді.

25. Қабылданған шағым уәкілетті органның, орталықтардың ақпаратты есепке алу журналдарында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген мерзімде қаралады.



Шағымды қараудың нәтижелері туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

26. Уәкілетті органның және орталықтардың басшыларының байланыс деректері 1, 2-қосымшаларда, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті орган мен орталықтардың ғимаратында орналасқан стенділерде көрсетілген.

 

«Соттылықтың болуы не болмауы



туралы анықтама беру»

 мемлекеттік қызмет көрсету стандартына



1-қосымша

 

 



Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыстар, Астана
және Алматы қалалары бойынша аумақтық басқармаларының
ТІЗБЕСІ

 


Р/с №

Бөлімшенің атауы

Толық заңды мекенжайы

Байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы

1

2

3

4

1.

Комитеттің Астана қаласы бойынша басқармасы

010000, Астана қаласы, Абай көшесі, 22-үй

8 (7172) 32-49-18

8 (7172) 32-62-82

astana1@pravstat.kz

2.

Комитеттің Ақмола облысы бойынша басқармасы

475000, Көкшетау қаласы, Вернадский көшесі, 5«Б» үй

8 (7162) 76-19-62

8 (7162) 76-18-42

akmola1@pravstat.kz

3.

Комитеттің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы

030006, Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 34-үй

8 (7132) 21-78-91

8 (7132) 21-21-85

aktobe1@pravstat.kz

4.

Комитеттің Алматы қаласы бойынша басқармасы

050045, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 145-үй

8 (727) 272-60-07

8 (727) 272-86-40

almagor1@pravstat.kz

5.

Комитеттің Алматы облысы бойынша басқармасы

040000, Талдықорған қаласы, Абылайхан көшесі, 160/164-үй

8 (7282) 24-07-36

8 (7282) 24-28-21

almaty1@pravstat.kz

6.

Комитеттің Атырау облысы бойынша басқармасы

060002, Атырау қаласы, Құлманов көшесі, 48-үй

8 (7122) 27-20-39

8 (7122) 27-20-40

atyrau1@pravstat.kz

7.

Комитеттің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы

492018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 36/1-үй

8 (7232) 47-99-43

8 (7232) 47-96-20

vko1@pravstat.kz

8.

Комитеттің Жамбыл облысы бойынша басқармасы

080000, Тараз қаласы, Дүрімбетов көшесі, 34-үй

8 (7262) 45-67-50

8 (7262) 45-77-32

zhambyl@pravstat.kz

9.

Комитеттің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы

090000, Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 177-үй

8 (7112) 98-62-59

8 (7112) 98-62-57

zko1@pravstat.kz

10.

Комитеттің Қарағанды облысы бойынша басқармасы

470038, Қарағанды қаласы, Жамбыл көшесі, 97-үй

8 (7212) 56-40-08

8 (7212) 56-82-26

karaganda1@pravstat.kz

11.

Комитеттің Қостанай облысы бойынша басқармасы

110003, Қостанай қаласы, Темірбаев көшесі, 13-үй

8 (7142) 53-63-99

8 (7142) 53-52-82

kostanay1@pravstat.kz

12.

Комитеттің Қызылорда облысы бойынша басқармасы

120019, Қызылорда қаласы, К. Байсейітова көшесі, 104«А» үй

8 (7242) 26-45-09

8 (7242) 27-71-01

kyzylorda1@pravstat.kz

13.

Комитеттің Маңғыстау облысы бойынша басқармасы

466200, Ақтау қаласы, 9 шағын аудан, 23«А» үй

8 (7292) 42-79-75

8 (7292) 42-72-70

mangystau1@pravstat.kz

14.

Комитеттің Павлодар облысы бойынша басқармасы

637025, Павлодар қаласы, Мир көшесі, 22-үй

8 (7182) 53-31-44

8 (7182) 53-65-66

pavlodar1@pravstat.kz

15.

Комитеттің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы

642007, Петропавл қаласы, Ульянов к-сі, 59-үй

8 (7152) 52-95-54

8 (7152) 52-95-03

sko1@pravstat.kz

16.

Комитеттің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы

486050, Шымкент қаласы, Тыныбаев көшесі, 40-үй

8 (7252) 53-74-41

8 (7252) 53-45-01

uko1@pravstat.kz

 

«Соттылықтың болуы не болмауы



туралы анықтама беру»

мемлекеттік қызмет көрсету стандартына

2-қосымша

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет