Соттылығы туралы анықтама



жүктеу 14.51 Kb.
Дата03.02.2017
өлшемі14.51 Kb.
Соттылығы туралы анықтама
Халыққа қызмет көрсету орталығында сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы анықтама беру қызмет түрі көрсетіліп келеді.

Бұл анықтаманы Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары ала алады. Осы электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуші мемлекеттік орган: Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы болып келеді. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық акт - «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы №217-ІІІ заңы (2010.15.07 берілген өзгерістер мен толықтырулармен) болып табылады.

Бұл қызмет түрін алу үшін мынадай құжаттар ұсыну қажет;

1.Белгіленген нысандағы өтініш

2. Жеке күәлік

«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы анықтама беру бойынша қызмет көрсету үшін сақтауы тиіс саналатын алдын ала шарттары:

1) Қызмет тек Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына көрсетіледі;
2) Арыз беруші «электрондық үкімет» веб-порталына тіркелген болуы тиіс және электрондық-цифрлы қолтаңбасы болуы қажет;

«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы анықтама беру бойынша қызмет көрсету үдерісінің сипаты мынадай:



  1. Өтініш беруші «электрондық үкімет» веб-порталында авторлану үдерісінен өтеді;

  2. Өтініш беруші «Соттылығы бар не жоқтығы туралы анықтама беру» қызметін таңдап, электрондық өтініштегі қажетті жолдарды толтырады;

  3. Өтініш беруші электрондық сандық қолтаңбамен қолын қойып, сауалды АЕ ААЖ жолдайды;

  4. сауал 3 жұмыс күні ішінде өңделеді, қызмет тегін көрсетіледі.


Қызметті үйлеріңізде отырып интернет желісі арқылы немесе біздің орталыққа келіп ала аласыздар. Егер өтінішті Халыққа қызмет көрсету орталығына келіп алатын болсаңыз жеке куәлігіңіздің түпнұсқасымен келуіңіз қажет.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет