Сырттай оқу нысанының студенттеріне арналған ақпарат

Loading...


жүктеу 41.75 Kb.
Дата06.03.2017
өлшемі41.75 Kb.
Сырттай оқу нысанының студенттеріне арналған

ақпарат
Кәсіптік іс-тәжірибе жоғары білім алу бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады. Ол оқу, педагогикалық, өндірістік және дипломалды болып бөлінеді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы
2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысының 77 б.)

ҚарМУ-дың сырттай оқу бөлімінің студенттері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің  үлгілік қағидаларының 64 тармағына сәйкес мамандығы бойынша қызмет еткен жағдайда кәсіптік іс-тәжірибеден босатылады. Берілген жағдайда олар жоо-ға жұмыс орнынан анықтама мен кәсіби әрекетін сипаттайтын мінездеме ұсынуы керек (қосымша 1 – анықтама мен мінездемеге қойылатын талаптар). Құжаттар кафедрадағы іс-тәжірибе жетекшісіне іс-тәжірибе басталуына бір ай қалғанда тапсырылады. Дипломалды іс-тәжірибеден сырттай оқу бөліміндегі студенттер босатылмайды.


ҚарМУ-дың сырттай оқу бөлімінің студенттері мамандығы бойынша қызмет етпесе, кәсіптік іс-тәжірибеге ҚарМУ-мен келісім-шартқа отырған тәжірибе базаларына жалпы негізде жіберіледі.

Кәсіптік (педагогикалық) тәжірибеге жіберу жеке-дара түрде жүргізілуі мүмкін:

- тұрғылықты мекен-жайы бойынша;

- болашақ жұмыс орны бойынша.

Үшжақты жеке-дара келісім-шарт 3 данада толтырылып. 2016-2017 оқу жылында өндірістік тәжірибеге бағыт тәжірибе басталғанға дейін БІР АЙДАН КЕШІКТІРМЕЙ қол қойылғанда, жеке шарт БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА ҒАНА, жеке-дара тәртіппен жүзеге асады, қалғандары талқылауға қабылданбайды.
Тәжірибеге жіберілетін сырттай оқу нысанының студенттерінің міндеті:


  • нұсқаушы және қорытынды конференцияларға қатысу;

  • тәжірибе бағдарламасында және жеке жұмыс жоспарында қарастырылған тапсырмаларды толық көлемде орындау;

  • тәжірибе күнделігін жүргізу;

  • кәсіпорындағы, ұйымдағы, мекемедегі ішкі жұмыс тәртібін сақтау;

  • еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникаларын және өндірістік санитарияны қатаң сақтау;

  • орындайтын жұмысына штаттағы маман сияқты толық жауапкершілікпен қарау;

  • тәжірибе бағдарламасында көрсетілген есептік құжаттарды тапсыру.

Кәсіптік тәжірибе қорытындылары бойынша студент сәйкес кафедраға есептік құжаттарды (есеп, күнделік, пікір, мінездеме және тәжірибе бағдарламасында көрсетілген басқа да есептік құжаттар) ұсынуы керек. Жетекші құжаттарды тексеріп болған соң, қорғауға жіберіледі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің  үлгілік қағидаларының 83 т.). Есептер кафедра меңгерушісінің жарлығымен құрылған комиссияның алдында қорғалады.

Тәжірибені өтпеген, тәжірибенің бағдарламасын толық орындамаған, теріс пікір алған және қорғау кезінде қанағаттанарлық баға алмаған студенттер тәжірибеге келесі академиялық мерзімде немесе жазғы семестр кезінде ақылы негізде қайта жіберіледі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің  үлгілік қағидаларының 84 т.)

Кәсіптік тәжірибелерді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі сұрақтар бойынша ҚарМУ-дың оқу-әдістемелік басқармасының тәжірибе жетекшісі Животова Евгения Валерьевнаға хабарласуға болады: Университет көшесі, 28, ҚарМУ бас ғимараты, 113 аудитория, тел. 77-03-85.
Жұмыс орнынан берілетін анықтамаға қойылатын талаптар

Жұмыс орнынан берілетін анықтамада келесі мәліметтер болуы керек:



  • қызметкердің тегі, аты, жөні, лауазымы, аталған мекемеде қай уақыттан бастап қызмет ететіні, лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні;

  • ұйымның уәкілетті тұлғасының аты-жөні мен қолы, ұйымның мөрі;

  • ұйымның (кәсіпорынның) бұрыштық мөрі және анықтаманы тіркеу нөмірі мен беру күні.


Мінездемеге қойылатын талаптар

Жұмыс орнынан берілетін мінездемеге келесі мәліметтер болуы керек:

●құжаттың атауы;

●қызметкердің анкеталық берілгендері:



  • тегі, аты, әкесінің аты (толық),

  • туған жылы,

●еңбек қызметі туралы мәліметтер:

  • аталған ұйымда қай уақыттан бастап қызмет етеді,

  • лауазымы,

  • атқаратын қызметі,

●атқаратын қызметіне баға (қызметтегі жетістіктері: марапаттар, мадақтаулар және жазалаулар);

●іскерлік және жеке қасиеттеріне баға (қызметтестерімен ара – қатынасы, стресстық жағдайлардағы мінез-құлқы, жұмыс үрдісін ұйымдастыру қабілеттері, берілген тапсырмаларды сапалы және дер кезінде орындауы, стандартты емес жағдайларда шешімдер қабылдау қабілеттері, өз-өзіне жауапкершілік алу және т.б.);

●қосымша білімдері, біліктілікті арттыру курстары туралы ақпарат;

●бес балдық жүйе бойынша еңбек қызметіне баға;

●мінездемені беруге уәкілетті тұлғаның қолы, тегі, ұйымның дөңгелек мөрі;

●құжатты берген күні.







: files -> CKiT
files -> Тақырыбы: «Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы»
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда Қр жоғарғы Соты Пленумының 1998. 05. 15
files -> «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
CKiT -> Қазақстан Республикасы
CKiT -> Қазақстан Республикасы
CKiT -> Сырттай оқу нысанының студенттеріне арналған ақпарат


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...