Ұсынылатын әдебиет тізімі



жүктеу 66.53 Kb.
Дата07.09.2017
өлшемі66.53 Kb.
Ұсынылатын әдебиет тізімі

Негізгі

1 Пентаев Т.П, Атымтаев Б.Б. Инженерлік геодезия. Оқулық. Алматы: «ЭВЕРО» баспаханасы, 2005 – 184 б.


Кіріспе

Пән ретінде инженерлік геодезияның мазмұны мен міндеттері, оқу кезінде өндірістен бөліспей оқу реті. Оқу жоспары бойынша басқа пәндерімен инженерлік геодезияның байланысы.

Қазіргі заманға сай инженер-құрылысшыға арналған геодезиялық дайындықтың маңызы.

Инженерлік геодезияның дамуының қысқаша мәліметі.

Құрылыстағы геодезиялық қызметінің қазіргі ұйымдастырылған формалары.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 3-6 б.]

1.1 Жердің пішіні бойынша мәліметтер. Геодезияда қолданылатын координаттар жүйесі. Сызықтың бағытын бағдарлау.

Жердің өлшемдері мен пішіні туралы негізгі ұғымдар мен мәліметтер. Деңгейлік бет. Ф.А.Красовский референц-элипсойыды. Геодезияда проекциялар әдісі. Жер бетіндегі нүктелердің абсолютті және салыстырмалы биіктіктері.

Географиялық координаттар жүйесі. Тікбұрышты координат жүйесі. Полярлы координаттар. Жазық тікбұрышты зональды координаттар жүйесі. Азимуттар мен дирекциондық бұрыштар және арасындағы байланыс. Меридиандардың жақындауы. Румбалар және азимуттар мен дирекциондық бұрыштардан оларға өту. Магниттік азимуттар. Магниттік бұрылу. Азимуттар, дирекциондық бұрыштар және магниттік азимуттар арасындағы бұрыштар.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 9-15 б.]


Өздік жұмысқа арналған сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Жердің пішіндері мен өлшемдері қандай?

  2. Деңгейлік бет дегеніміз не?

  3. Геодезиядағы проекция әдісінің мағынасы.

  4. Белгі және Жер бетіндегі нүктенің биік айырымы дегеніміз

не?

5 Жер бетіндегі нүктенің географиялық бойлығы мен ендігі

дегеніміз не? Тікбұрышты координаттар жүйесінде нүктенің орналасуын қалай анықтайды?


  1. Сызықты бағдарлау дегеніміз не?

  2. Дирекциондық бұрыш дегеніміз не? Берілген сызықтың тура

және кері дирекциондық бұрыштары арасындағы байланыс қандай? Егер тура дирекцтондық бұрыш 830 тең болса, кері дирекциондық бұрышты табу керек.

  1. Меридиандар жақындауы дегеніміз не? Магниттік бұрылу

дегеніміз не?

  1. Егер φ = 600 және бойлықтар айырымы болса,

меридиандар жақындауын табу.

  1. Дирекциондық бұрыштардан румбаларға көшу үшін

пайдаланылатын формулаларды көрсетіңіз. Егер дирекциондық бұрыш 2730 тең болса, сызықтың румбасын есептеңіз.
1.2 Топографиялық пландар мен карталар.

Пландар мен карталар туралы түсінік.

Масштабтар: сандық, сызықтық және көлденең. Масштаб дәлдігі. Топографиялық карталар мен пландардың атау жүйесі (номенклатура) және бағанаға бөлінуі (разграфка). Жер бетінің рельефі және оның топографиялық карталар мен пландарда көрінісі. Рельефтің негізгі пішіндері (формалары). Рельеф қимасының биіктігі, еңіс және салу. Салым (заложение) графиктері. Жергілікті жердегі пішіндер мен заттардың көріністері үшін шартты белгілері. Құрылысты жобалау кезіндегі пландар мен карталар арқылы шығарылатын есептер: нүктелердің координаталарын, сызықтардың ұзындықтарын, бағдарланған бұрыштарды, учаскелер ауданың, нүктелер биіктігін және пиди құлдилығын анықтау; жергілікті сызықтардың профилін берілген еңіс сызығын құрастыру.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 16-18 б.]



Өздік жұмысқа арналған сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Топографиялық план және карта дегеніміз не? Екеуінің

ұқсастықтары мен айырмашылығы.

  1. Картаның (планның) масштабы дегеніміз не? Масштабтың

дәлдігі дегеніміз не? 1:10 000 және 1:1 000 масштабтардың дәлдіктерін анықтаңыздар.

  1. Салым (заложение) және қиманың биіктігі дегеніміз не?

Горизонтальдар арасында жатқан нүктенің белгісін қалай анықтайды?

  1. Еңіс дегеніміз не және қандай формуламен анықталады? Егер

план масштабы 1:2000, ал рельефтің қима биіктігі 1м болса, студент шифрының ақырғы 2 санына биіктігіне тең берілген еңіс бойынша салым (заложение) биіктігін табу.

  1. Карта бойынша жергілікті жердің сызықтарының профилін

қалай құрастыру керек?

  1. Егер НА = 121,75 м, НВ = 92,04м және d = 36,71 м анық болса,

АВ сызығының еңісін табу керек.

  1. Егер астыңғы горизонтальдың белгісі 114,0, үстінде жатқан

горизонталь белгісі 115,0 м, салу (заложение) 2 см, нүкте мен астыңғы горизонталь арасындағы арақашықтық 0,8 см болса, горизонтальдар арасындағы жатқан нүктенің белгісін табу қажет.

  1. Егер АВ сызығының еңісі i = 0,025, план масштабы 1:2000,

рельеф қимасының биіктігі 1м болса, салымды (заложение) анықтау қажет.

9 Планда сызықтың ұзындығы өлшенген, ал жер бетінде оның ұзындығы -ге тең, онда сандық масштаб қандай болады?

10 1:500 масштабтағы планда сызықтың ұзындығы өлшенген болса, онда жергілікті жердегі осы сызықтың ұзындығын анықтаңыз.

1.3 Бұрыштық өлшеулер

Горизонтальды бұрыш пен көлбеу бұрышының өлшеудегі принциптері. Бұрыштарды өлшеуге арналған құрал-жабдықтар. Теодолиттердің құрылысы, юстировкасы және тексерісі. Горизонтальды және вертикальды бұрыштарды өлшеу әдістері. Бұрыш өлшеудегі дәлдігіне әсер ететін өлшеулер қателіктері және олардың әсерін азайту әдістері. Горизонтальды және вертикальды бұрыштарды өлшеудегі далалық жұмыстарды ұйымдастыруы.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 31-38 б.]


Өздік жұмысқа арналған сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Горизонтальды бұрышты өлшеудің мәні.

  2. Теодолит өсьтерінің жағдайына қажет талаптарды атаңыз.

  3. Көру дүрбісінің көздеу өсі дегеніміз не?

  4. Шкалалы және штрихталған микроскоп арқылы есептеулер

қалай жүргізіледі?

  1. Теодолитті жұмыс жағдайына қалай орналастыру қажет?

  2. Вертикальді (тігінен) шеңбердің нөльді орны дегеніміз не

және ол не үшін керек?

  1. Теодолитпен көлбеу бұрышын өлшеу кезінде істелетін жұмыс

реті қандай?

  1. Горизонтальды бұрыштарды өлшеу әдістері. Қолдану

саласын және мәнің көрсетіңіз.

  1. Жіптер торының параллаксын қалай табуға және жоюға

болады?

  1. Нөльдік орынды және көлбеу бұрышты есептеу керек,

егер КП = 3470 және КЛ = 140.
1.4 Сызықты өлшеулер

Өлшегіш құралдар және оларды компарирлеу. Жер өлшегіш лентамен және болаттан өлшегіш рулеткамен арақашықтықты өлшеу. Оптикалық арақашықтық өлшеулер. Жіптік арақашықтық өлшеулер, оның теориясы, қолданылуы, дәлдігі. Жарық арақашықтық өлшеулері, радио арақашықтық өлшеулері, лазерлі арақашықтық өлшеулері туралы түсінік. Өлшеулер дәлдігіне әсер ететін қателіктер көзі және олардың әсерін азайтудың әдістері. Қол жетпейтін арақашықтықтарды өлшеу.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 55-58 б.]

Өздік жұмысқа арналған сұрақтар мен тапсырмалар


  1. Сызықтарды жер өлшегіш лентамен және болатты өлшегіш

рулеткамен өлшеудің реті.

  1. Жер өлшегіш лента және рулетка арқылы өлшенген сызықтың

ұзындығына қандай түзетулер еңгізіледі?

  1. Сызықтың ұзындығын жер өлшегіш лента және рулетка арқылы

өлшеген кезде түзетулерді анықтау және өлшегіш құралдың компарирлеуі дегеніміз не?

  1. Сызықтың ұзындығын жер өлшегіш лентамен, рулеткамен

өлшеген кездегі сызықты көкжиекке әкелудегі түзетуді қалай анықтайды?

  1. Жіптік арақашықтық өлшеуішпен қашықтықты өлшеудің

принципі қандай? Формуласын жазыңыз.

  1. Ұзындығы 100 м және көлбеу бұрыш , жер бетіндегі сызықтың

горизонталь ұзындығын табыңыз.

  1. Сызықтың ұзындығы 80 м өлшегендегі абсолютті қателігін

табу, егер салыстырмалы қателік 1/2000-ға тең.

  1. Сызықтарды ілу дегеніміз не, қалай оны жүргізеді? Створ

дегеніміз не?

  1. Қол жетпейтін арақашықтықтарды қалай анықтайды?

  2. Сызықтың ұзындығы 100 м өлшегендегі абсолютті қателігін

табу, егер салыстырмалы қателік 1/1000-ға тең.
1.5 Нивелирлеу

Нивелирлеу түрлері: геометриялық, тригонометриялық, гидростатикалық және т.б. Нивелирлеуге арналған құралдар. Лазерлі нивелирлер.

Геометриялық нивелирлеудің әдістері. Нивелирлі белгілер. Нивелирдің негізгі типтері. Нивелирлердің құрылысы және тексеруі. Геометриялық нивелирлеу кезінде қателіктер көзі. Геометриялық нивелирлеу жұмыстарының реті және құрамы, байланыстыратын және аралық нүктелерді нивелирлеу; өлшеулерді бақылау. Нивелирлердің класстары. Техникалық нивелирлеу.

Тригонометриялық нивелирлеу, негізгі формулалар мен әдістері.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 63-68 б.]

Өздік жұмысқа арналған сұрақтар мен тапсырмалар


  1. Нивелирдің цилиндрлік деңгейі бар негізгі шартын атаңыз.

  2. «Ортадан» геометриялық нивелирлеу кезінде белгі мен биік

айырымын қалай табады?

  1. Реттеулі нивелирлеу кезінде аралықты нүктелердің белгілерін

қалай анықтайды?

  1. Құралдың горизонты дегеніміз не? Құралдың биіктігі дегеніміз

не?

5 А нүктесінің биіктігі , артқы санақ және алдыңғы санақ . В нүктесінің биіктігі неге тең?

6 Егер нүктенің биіктігі тең болса және осы нүктеде рейканың қара жағы бойынша санақ тең болса, онда аспап горизонты неге тең?

7 Геометриялық нивелирлеуде станциядағы аспап горизонтын АГ - есептеу, егер нүктенің биіктігі м болса, осы нүктеде рейканың қара жағы бойынша санақ 1200 мм:

8 Егер және берілген болса, онда және нүктелерінің биікайырымы неге тең ?

9 МЕСТ бойынша нивелирлер неше түрге бөлінеді?



10 Нивелирдің негізгі шарты қандай тексерумен байланысты?

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет