«SilkWay мектеп-лицей» мекемесі Қабылдау ережелері жалпы ережелер



жүктеу 36.93 Kb.
Дата19.03.2017
өлшемі36.93 Kb.
«SilkWay мектеп-лицей» мекемесі

Қабылдау ережелері
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Мектеп-лицейге 1-7 сынып оқушылары қабылданады. Әр сыныптағы оқушы саны 15-тен аспайды. 

Әрбір оқу жылында қабылданатын оқушы саны Мектеп-лицей директорының бұйрығымен белгіленеді.

Мектеп-лицей басшылығы оқушының ата-анасына (заңды өкілдеріне) Мектеп-лицейдің оқу бағдарламасына қатысты білуге құқылы құжаттарды, сондай-ақ, осы Ережені таныстырады.

 

ОҚУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Мектеп-лицейдің 1 – сыныбына келесі оқу жылының бірінші қыркүйегіне дейін 6 (7) жасқа толған бала қабылданады. 

Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбын бітірген оқушылар «SilkWay мектеп-лицейінің»   7 – сыныбына қабылданады. 

Мектеп-лицейге қабылдау барысында оқушының денсаулығы, тәртібі ескеріледі. Келген білім беру ұйымдарында тәртіп ережелерін қатаң бұзғандығы туралы фактілер тіркелген оқушылар Мектеп-лицейге қабылданбайды. 



МЕКТЕП-ЛИЦЕЙГЕ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ 

Оқушыларды 1 - сыныпқа қабылдау ішкі тәртіпке сәйкес жүргізіледі. 

7-сыныпқа қабылдау осы Мектеп-лицейде бұрыннан оқып жатқан оқушыларға, сондай-ақ, жаңадан оқуға үміткерлер үшін де пәндер бойынша тест сұрақтарынан тұратын қабылдау емтиханының нәтижесінде жүргізіледі.

Мектеп-лицейге қабылдау емтиханын өткізу уақыты әр оқу жылының сәуір айының бірінші аптасында анықталады. 

Толық ақпаратты қабылдау бөлімінен алуға болады.

2-6– сынып оқушыларына конкурс өткізу тәртібі

Мектеп-лицейге оқуға түсуді қалаған оқушы тест сұрақтарына жауап береді.

2-6 сыныптарға арналған тест сұрақтары: қазақ тілі, математика, дүниетану және ағылшын тілі пәндері бойынша сұрақтардан құрастырылады. 

7-11 сынып оқушыларына конкурс өткізу тәртібі

Мектеп-лицейдің 7-11 - сыныптарына оқуға түсуді қалаған оқушы Мектеп-лицей тарапынан ұсынылатын тест  сұрақтарына жауап береді.

7-11 сыныптарға арналған тест сұрақтары: қазақ тілі, математика және ағылшын тілі пәндері бойынша алынады. Сұрақтардың жалпы саны – 100 

7-сыныпқа қабылдау тестісі оқушының таңдауы бойынша қазақ тілінде немесе орыс тілдерінде өткізіледі.

8-11 сыныптарға қабылдау тестісі қазақ тілі пәнінен – қазақ тілінде, математика және ағылшын тілі пәнінен - ағылшын тілінде өткізіледі. 

 

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ

Төменде көрсетілген құжаттар Мектеп-лицейдің тиісті бөлімдеріне, соның ішінде кеңсеге, медициналық бөлімге, бухгалтерияға «Оқушылардың құжаттарын қабылдау тізімдемесіне» қол қойдыру арқылы тапсырылады.

Оқушылардың құжаттарын қабылдау тізімдемесін, ата-ана толтыратын сауалнаманы, оқулықтар тізімдемесін, өтініш үлгілерін кеңседен алуға болады.

1-сынып оқушылары үшін құжат қабылдау тәртібі

              Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін Мектеп-лицейдің кеңсесіне келесі құжаттарды тапсыру қажет:

Баланың ата-анасынан (заңды өкілдерінен) өтініш

Мектеп-лицей тарапынан ұсынылған сауалнаманы толтыру;

Баланың туу туралы куәлігінің/төлқұжатының түпнұсқасы (ЖИН номері көрсетілген)

Баланың  атына ХҚКО-нан берілген тұратын жерінен анықтама

Ата-анасының жеке куәлігінің көшірмесі

3x4 көлеміндегі фото — 4 дана

Білім беру қызметін ұсыну туралы мектеп-лицей мен ата-ана арасындағы шарт

Оқу төлемақысын төлегендігі туралы квитанция 

Шығармашылық, спорт сайыстарында жетістіктерін растайтын мақтау қағаздары, диплом, сертификаттарының көшірмесі (егер болса)

Денсаулық кітапшасы форма №026/у (ҚР азаматтары үшін), Денсаулық анықтамасы форма №086/у (шетел азаматтары үшін)

Егу  картасы форма № 063/У

 

МЕКТЕП-ЛИЦЕЙГЕ ОҚУШЫНЫ ҚАБЫЛДАУДЫ  РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ

Қабылдау комиссияның шешімімен Мектеп-лицейге қабылдануға құқылы оқушылардың тізімі жарияланады.

Тізімде жарияланған оқушылардың ата-анасы (заңды өкілдері) Мектеп-лицеймен «Білім беру қызметін ұсыну туралы шарт» жасасады. 

Осы Ережеге сәйкес құжаттарын толық тапсырған және «Білім беру қызметін ұсыну туралы шартының» талаптарын толық орындаған  ата-аналардың балалары лицей директорының бұйрығы негізінде оқуға қабылданады.

 

ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ РЕЗЕРВТІК ТІЗІМІ

Қажетті балл санын  жинаған, бірақ  бос орын болмауына байланысты Мектеп-лицейге  қабылданбаған  үміткерлер, оқу жылының басталу қарсаңында  бос орын болған жағдайда оқуға  тарту мақсатында қабылдау бойынша Қабылдау комиссиясы бекітетін  резервтік тізімге енгізіледі. 

Конкурсты өткізуде немесе резервтік тізімнен кандидат анықтауда оқушының ұпай сандары бірдей болған жағдайда дәрежесі бойынша қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық пән олимпиадалары, спорт жарыстары мен шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары болған үміткер басымдылыққа ие болады. 



Резервтік тізімде үміткер қалмаған жағдайда, оқу жылы барысында Мектеп-лицейге  оқуға түсуге тілек білдірген үміткер оқушылардың өтініштері қаралады.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет