«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиынының сценариі 2019-2020 оқу жылы 2019– 2020 оқу жылына арналған қашықтықтан ұйымдастырылған «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиынының сценариі

Loading...


Дата23.05.2020
өлшемі100.53 Kb.
«Балғын негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2019– 2020 оқу жылына арналған қашықтықтан ұйымдастырылған



«Сыңғырла, соңғы қоңырау!»

атты салтанатты жиынының сценариі

2019-2020 оқу жылы
2019– 2020 оқу жылына арналған қашықтықтан ұйымдастырылған «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиынының сценариі

І жүргізуші Төлеген: Армысыздар ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар, оқушылар және мектеп бітіруші түлектер!
Бүгінгі «Сыңғырла, соңғы қоңырауатты қашықтықтан ұйымдастырылып отырған соңғы қоңырау салтанатты жиынына қош келдіңіздер.

Бүгінгі күн әрбір жас түлектердің жүрек түкпірінде мәңгі сақталып қалатын мектеп өміріндегі соңғы салтанаты. Сонымен қатар, биылғы жыл - Қазақстан жылнамасында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдық, Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Ұлы даланың Ұлы тұлғасы, ұлтымыздың мақтанышы Абай Құнанбаевтың 175жылдығы. Бүгінгі мектеп бітіруші жас түлектеріміздің алдағы өмір жолдары сәтті болып, ашық аспан, Отанымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! – деп салтанатты жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.



ІІ жүргізуші Ақбота:Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны,
Мектептен басталады бәрі - бәрі.
Бүгінгі мектеппен қоштасу салтанатында,
Шырқалсын Қазақстан әнұраны!
Әнұран қойылады.
Ақбота: Шығыстың таулы аймағында,
Берекелі Балғындай ауылында,
Мектеп бар ауылымыздың жүрегіндей,
Арналған алғыр, зерек баласына
Армысыздар ардақты ата - аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, қадірлі жас түлектер!
9 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу мерекесі – соңғы қоңырау мерекесіне қош келдіңіздер!

I – жүргізуші Төлеген: Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан - сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып, салатын – соңғы қоңырау салтанаты!
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл - қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық.
Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 7 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
Наргиз:

Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып – толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі.

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын ата-ана,
Тойларыңыз құтты болсын ағайын!
ІІ жүргізуші Ақбота:

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға,

Шын пейілімізбен құрметімізді көрсетіп,

Түлектерді шақырайық ортаға!

Қарсы алыңыздар, «Балғын негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, 9-сынып түлектерінің жетекшісі, математика пәнінің мұғалімі Қасаинова Айнаш Қабидолдақызы, 9- сынып түлектері Айдарбеков Ерсін, Әнуарбек Дастан, Мақұлбекова Сабина, Мұратбекұлы Диас, Мұратбекқызы Диана, Сайлаубеков Айзат және Солтанбекова Махаббат.

І жүргізуші Төлеген:

Мектебімнің қиынына күйгені,
Табыстарға мәз-мәйрам боп жүргені.
Сіздер үшін күйінгені, күлгені,
Сөздер айтар жастарымды бастайтындай ілгері. – дей келе алғашқы құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Скакова Кульсағат Қапанқызына беріледі.
Оқу жылының аяқталуы туралы бұйрықты оқу үшін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Оженова Гүлнара Қамарханқызына беріледі.

Ақбота:

Өрендер кетті, сендерден енді балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.
9 жыл оқып, білімің түсті қорлана
Аттестат алғалы тұрсың осынау ордада.
Аттестат деген – азаматтық куәсі,
Аттестат деген - өмірге берген жолдама.
Шығыңдар білім шыңына,
Батамыз осы сендерге
Болыңдар үздік тағыда,
Оқуда да еңбекте.

Ән шашу Қайырбаева Ақботаның орындауында
Төлеген:

Әлі есімде әліппені ашқаным,
Есіміңді есте мәңгі сақтадым.
Жүрегімде нұрын құйған жылылық,
Көрген емес ешқашанда суынып.
Мектеп бітіруші түлектердің алғашқы ұстаздары: Ережепова Шолпан Адылханқызына құттықтау сөз кезегі беріледі.

Ақбота:

Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге.
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз – деп, келесі құттықтау сөз кезегі 9- сынып жетекшісі Қасаинова Айнаш Қабидолдақызына беріледі.
Төлеген:

Ата-ана тәрбиелеп балапанын,
Әлдилеп, аялаған алақаның,
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлауменен алдағы бала қамын – дей отырып сөз кезегі жас түлектердің ата-аналары атынан Садыкова Қамария Зайнолдақызына  беріледі.

«Ұстазым» әні» Ғабитден Аруна

Ақбота:

Мектепке келгелі достармен, Өтіпті талай жаз, талай қыс.
Сондағы сыныптас достармен, Қалайша, қалайша тараймыз.
Қаз-қатар тізулі партамыз, Тақтада ілулі картамыз.
Тоғыз жыл білімге үйреткен, Ұстазға мың алғыс айтамыз –

дей келе, балалық бал дәурен шақты артқа салып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған шәкірттеріміз атынан сөз кезегі  Айдарбеков Ерсінге беріледі.

9-сынып оқушыларының құттықтаулары айтылады.

Төлеген:   Қиындықтар мойытпасын сендерді,

Батылдық пен асыңдар сан белдерді.

Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,

Жақсы іспен қуантыңдар енді елді.

Жүректері лүпіл қаққан қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек, ендігі құттықтау сөз кезегін 1 сынып бүлдіршіндермізге береміз.

Сабина:
Әнге ән, жырға жыр жалғап Барамыз ұшып ұядан!
Айтамын саған аманат, Iзбасар 7 – сыныбым!
Мейірімнен шуақ төгілген, Ұстаздар саған аманат!
Шығатын күміс үнімен Әндерім саған аманат!
Аулада тұрған талдар мен Сыныптағы гүлдер аманат!
Жалғайтын арман таңдарға Сағыныш саған аманат!
Жастанып кейде ұйықтаған, Кітабым саған аманат!

Махаббат:
Көрінбейтін шимай - шатпақтан Дәптерім саған аманат!
Бір жеңіп бірде жеңілген Жарыстар саған аманат!!
Сыр алған тұнық сезімінен Өлеңдер саған аманат!
Қос өрім қылып тағатын Ақ бантик саған аманат!
Үзілісте соғатын Қоңырау саған аманат!
Үлгілі тәртіп, үздік оқу - ізбасарым саған аманат!
Желбірейтін биікте - Алтын ұя туы аманат!
Кір келтірмей атына, биікке самғау - бізге аманат!
«Қош бол алтын ұям» - деп айтамыз сізге сау - саламат!

Ақбота:
Біз 7- сынып оқушылары: Сіздерден қастерлі аманатты қабылдай отырып, бізге артқан сенімдеріңізді ақтауға, білім мен тәрбиенің барлық салаларынан алда болуға, мемлекетімізді гүлдендіруге, дамытуға негіз болатын ғылыми жетістіктерін кеңінен игерген саналы азамат болып шығуға, мектебіміздің мәртебелі есімін биіктетіп, жоғары деңгейге көтеруге өз үлесімізді қосамыз деп сеніммен ант береміз!



Төлеген:

Біткенін жылдың паш етіп,

Сыңғырла қоңырау сыңғырла

Сыңғырла сұлу үніңмен

Кеудеге үміт шамын жақ

(Қоңырау үні қосылады)

«Сыңғырла қоңырау» әні түлектердің орындауында

Әдина:

Қоңырауы мектептің тозбайтұғын,

40 минуттан еш озбайтұғын.

Тебірентіп мектептің тіршілігін,

Сыңғырлаған үнімен қозғайтұғын.

Қоңыраудың сыйладық жаңа үнін,

Одан асқан сыйлайды ғажабын кім.

Мектебінен киелі білім алып

Ақ үмітін ақтаңдар қазағымның.

Бәрі сын араласаң өмір ауылың,

Бәрі шын, қоштасарда қоңырау мұң.

Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің

Дауысын сағынғанда қоңыраудың.
Ақбота:
Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім
Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің
Мектеп, мектеп,ана болып та көріндің.
Төлеген:

Қыран болып ұшыңыз, Оқуларға түсіңіз.
Еңбекте көп қуаныш Елде талай туар іс.
Кемелденген маман боп, Келіңіздер аман боп.
Мерейлі боп күніңіз Мектепке кеп тұрыңыз.
Сағынамыз күн сайын, Кездесейік жыл сайын.
Сіздерге жалын жүрекпен Айтамыз достық тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын Сапарларыңыз оң болсын!

Ақбота:

Қымбатты түлектер! Жыл сайын бір белден асып, 9 көктем, 9 күзді өткізген мектеп сендерге қимастықпен қарайды. Ұстаз қауымы мен соңдарыңнан ерген ізбасар іні-бауырларың, сіңлі-қарындастарың сендерге тек сәттілік, ақ жол тілейді, армандарыңның биік шыңына жете беріңдер.

   Қоштасады ұшқан ұяң – мектебім,

Маңдайынан сүйіп өтер көктемің.

«Сәт сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз,

Тілейміз біз армандарға жеткенін!



Төлеген:  Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Осымен 2019-2020 оқу жылын аяқтауға арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.

Келесі оқу жылының алғашқы қоңырау мерекесінде кездескенше сау-сәлеметте болыңыздар! Әлемді жайлаған індеттен аман- сау болайық!




Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік материалдар
дістемелік сыныстар
ауданы кіміні
конкурс туралы
Мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
жалпы білім
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
білім беруді
мелетке толма
разрядты спортшы
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...