Сыбайлас жемқорлық ҰҒымын анықтаудың кейбір мәселелері: ҚҰҚЫҚТЫҚ-теориялық талдау сартаев Спатай, Қалшабаева М. Ж.. А



жүктеу 89.61 Kb.
Дата19.03.2017
өлшемі89.61 Kb.
УДК

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҰҒЫМЫН АНЫҚТАУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ: ҚҰҚЫҚТЫҚ-ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Сартаев Спатай, Қалшабаева М.Ж.

.А.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қаласы

s.sartai@mail.ru
ҚАЛШАБАЕВА М.Ж.

Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы қаласы

s.sartai@mail.ru
Түйін сөздер: сыбайлас жемқорлық, сыбайлас жемқорлықпен күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар, сыбайлас жемқорлықтың себептері.

Аннотация: Мақалада сыбайлас жемқорлыққа құқықтық тұрғыда анықтамалар келтіріліп және оның пайда болу себептеріне теориялық талдау жасалынған. Қарастырылған мәселе бойынша авторлардың өзіндік тұжырымдары мен ұсыныстары келтіріледі.

УДК
Надо на русский язык

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҰҒЫМЫН АНЫҚТАУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ: ҚҰҚЫҚТЫҚ-ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
САРТАЕВ С.А.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қаласы

s.sartai@mail.ru
ҚАЛШАБАЕВА М.Ж.

Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы қаласы

s.sartai@mail.ru
Түйін сөздер: сыбайлас жемқорлық, сыбайлас жемқорлықпен күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар, сыбайлас жемқорлықтың себептері.

Аннотация: Мақалада сыбайлас жемқорлыққа құқықтық тұрғыда анықтамалар келтіріліп және оның пайда болу себептеріне теориялық талдау жасалынған. Қарастырылған мәселе бойынша авторлардың өзіндік тұжырымдары мен ұсыныстары келтіріледі.
Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады. Transparency International халықаралық ұйымының сыбайлас жемқорлықты қабылдау Индексінің рейтингісі бойынша Қазақстан Республикасы 2015 жылы – 123, 2013 жылы – 140, 2010 жылы 105, ал 2009 жылы 120, 2008 ж 145, 2004 ж 122 орындарда болған. ал 2014 жылы бұл көрсеткішін жаңартып, 100-26 рейтингісі бойынша 126 орынға көтерілген. 2014-2015 жылдарға арналған Бәсекеге қабілеттіліктің Жаһандық Индексінің мәліметіне сәйкес Қазақстанда бизнес жүргізудегі бірінші кезектегі мәселе сыбайлас жемқорлық болып табылады (16,7 балл), бейресми төлемдер мен парақорлықтың жайылғандығы жағынан да ахуал нашарлады (2014 жылы – 144 елдің ішінде 80-орында, 2013 жылы – 65-орында) [1]. Бұл мәліметтерге сүйенсек сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша біздің еліміз Гватемала, Лаос, Замбия, Никарагуа және Парагвай сияқты мемлекеттермен қатар тұр.

Transparency International халықаралық ұйымының сыбайлас жемқорлықты қабылдау Индексі Халықаралық ұйымдар берген сараптамалық қайнар көздерден алынған ақпараттар мен статистикалық мәліметтер негізінде есептейтін индикатор ретінде сипатталады. Көптеген елдер мен территорияларды қамтып, соңғы екі жылдық мәліметтерге негізделеді. Индекс елдер мен территорияларды мемлекеттік секторлардың сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдау негізінде о – ден (ең жоғары деңгейі) 100 – дейінгі (ең төменгі деңгей) шкала бойынша бөледі. Қорытынды рейтингте балл саны мен ел деңгейімен қатар, қайнар көздер саны, әр ел үшін индикаторлардың жоғары/төмен мәндерінің арасындағы айырмашылықтар, стандартты ауытқу мөлшері, әр ел бойынша сенімді интервал келтіріледі. Мұның өзі Индекстің нәтижелерінің дәлдігі жөнінде белгілі-бір қорытында жасауға мүмкіндік береді.

Ғылыми ортада «сыбайлас жемқорлық» ұғымына көптеген анықтама беріліп, әр ғалым өзінше талдау жасап жатады.

Енді осы әлеуметтік кемшіліктің мемлекеттің дамуын қамтамасыз ету үшін тигізетін теріс әсері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасында ресми деңгейде мойындалады. Қазақстан Рсепубликасының 2012 жылы 6 қаңтардағы №527-IV «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» [2] Заңында ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретіндердің қатарына «мемлекеттік органдардың криминалдық құрылымдармен бірігуі, ұлттық мүдделердің қорғалу деңгеін төмендетуге алып келетін сыбайлас жемқорлық» жатқызылған. Қазақстан Республикасының 2011-2015 жж жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша Салалық Бағдарламасында « сыбайлас жемқорлық мемлекет пен қоғам тұрақтылығына қауіп төндіретін және халықаралық аренада Қазақстан Республикасының бейнесін (имиджін) негативті түрде көрсете отырып, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі келтіретін Қазақстан қауіпсіздігіне төніп тұрған жүйелі қауіп» [3] делінген.

Жалпы «сыбайлас жемқорлық» ұғымына қандай-да бір жалпылама анықтама жоқ. Тіпті көптеген мемлекеттерде жемқорлыққа нақты анықтама сәйкес нормативтік актілерде де берілмейді. Бұл проблемаға отандық және шетелдік мамандардың берер ғылыми теориялары мен көзқарастары елеулі түрде алшақ. Қазақстандық құқықтанушылар сыбайлас жемқорлықты заң жүзінде бекітілген талаптарға қайшы, қоғамға қауіпті құқық бұзушылық түрінде анықтайды. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» [4] Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа мынадай түсінік беріледі: мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілетіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.

Ал енді Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлық бойынша тәртіпаралық тобы «сыбайлас жемқорлық мемлекеттік немесе жеке сектордан белгілі-бір міндеттер орындау тапсырылған, мемлекеттік лауазымды тұлға, жеке қызметкер, тәуелсіз агент мәртебесі бойынша жүктелген міндеттерінің бұзылуына алып келетін, мақсаты өзі үшін кез-келген заңсыз пайда алу болып табылатын парақорлық мінез-құлық» деген анықтама береді.

БҰҰ Хатшылығының Ережесі бойынша сыбайлас жемқорлық ұғымы өзіне:

1) мемлекеттік меншікті лауазымды тұлғалардың ұрлауы, тонауы немесе иемденуі;

2) ресми мәртебені ресми емес жағдайларға пайдалану нәтижесінде жеке пайда алу үшін қызметтік жағдайын асыра пайдалану;

3) қоғамдық борыш пен жеке пайда арасындағы мүдделер келіспеушілігі сияқты түсініктерді қамтиды.

БҰҰ сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес туралы Анықтамалық құжатта: «Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік билікті жеке мақсаттарда, жеке пайда алу үшін асыра пайдаланушылық» деген қысқа да толық анықтама берілген.

Өз кезегінде батыс құқықтанушылары сыбайлас жемқорлық шеңберін саяси элитаның девиантты мінез-құлқының, яғни моральды және этикалық нормалардың бұзылуы деп қарастырады.

Америкалық саясаттанушы Джозеф С. Най сыбайлас жемқорлықты «жеке материалдық немесе мәртебелік мақсаттар әсерінен ресми міндеттерден ауытқу немесе немесе жеке әсерге қатысты тыйым салынған белгілі-бір ережелерді бұзатын мінез-құлық» [5, 12 б.] деп пайымдайды.

Ресейлік құқықтанушы С.В. Максимов бұл терминді «мемлекеттік, муниципалды немесе басқа да жария қызметкерлердің өз мәртебесін заңсыз қандай-да артықшылықтарды (мүлік, оған деген құқықтар, қызмет көрсету немесе жеңілдіктер, соның ішінде мүліктік емес игіліктер) немесе соңғысына осындай артықшылықтар көрсету үшін асыра пайдалану» [6, 8 б.] деп түсінеді.

Сыбайлас жемқорлық тарихын басқару аппаратының тарихы деп қарастыру қажет секілді. Осынау әлеуметтік кемшілік, ауруға әлемнің саяси картасындағы басқару, құқықтық, мемлекеттік режимінің, орналасу нысанына қарамастан, барлық мемлекеттер мен өркениеттер шалдыққан.

Ал енді дәл осы әлеуметтік мәселенің қоғамда пайда болу, белең алуының себептерін қарастырсақ. Кейбір зерттеушілер сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептерін жеке тұлғаның мінез-құлқының психологиялық мотивтерімен, мысалы: эгоизм, ашкөздік, нәпсіні тыя алмаумен, төмен этикалық стандарттардың жайылу талаптарында шектейді. Алайда біздің көзқарасымыз бойынша бұл аурудың жазылмау себебі анағұрлым күрделі және жан-жақты, олар моральды-этикалық, институционалды сипатта көрініс табады.

Сыбайлас жемқорлықтың басты себептері елдегі саяси тұрақсыздық, билік құрылымдарының тиімсіз әрекеттері, жетілдірілмеген заңнама, экономикалық күйзеліс, халықтың құқықтық санасының төмендігі, азаматтық қоғам институттарының әрекетсіздігі, қоғамда орнығып қалған демократиялық дәстүрлердің жоқтығы, заңнаманы қолдануда кезектілігі жоқ сот жүйесінің әлсіздігі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы амал-шараларды нормативті қамтамасыз ету – осы бір құқыққа қайшы құбылыспен тиімді күресуге қажетті талаптардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша бірқатар халықаралық құжаттар әрекет етеді. Мысалы: 29.06.1996 ж. Лионда 8 мемлекеттің Саяси топтарымен мақұлданған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылық бойынша аға сарапшылардың 32 Тобының ұсынысы; мемлекеттік лауазымды тұлғалардың жүріс-тұрысының халықаралық кодексі (БҰҰ Бас Ассамблеясының 1996 12.12. 51/59 резолюциясы); Халықаралық операцияларда БҰҰ сыбайлас жемқорлық пен пара алу қылмыстарымен күрес бойынша Декларациясы; БҰҰ Бас Ассамблеясының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» резолюциясы (28.01.1997ж); 1997ж 21.11 экономикалық қауымдастық және даму ұйымының халықаралық коммерциялық мәмілелерде шет елдік мемлекеттік лауазымды тұлғаларды сатып алумен күрес бойынша Конвенция; Еуропа Кеңесімен қабылданған сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық-құқықтық және азаматтық құқықтық жауапкершілік жөніндегі Конвенция (1999ж); БҰҰ Бас Ассамблеясының 2000 ж. 28.01 сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар» атты 54/128 резолюциясы; БҰҰ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы Конвенциясы; БҰҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ковенциясы (31.10.2003ж).

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің ауырлығына қарамастан, осынау әлеуметтік негативті құбылыспен күресу аса маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Әр мемлекетте сыбайлас жемқорлық денгейі әр түрлі, сондықтан да онымен күрес бағыттары да дұрыс таңдалған күрес саясатына қатысты болмақ. Соңғы уақытарда сыбайлас жемқорлық мәселесі мен онымен күресу жолдары теоретиктердің ғана емес, сондай-ақ тәжірибедегі мамандардың назарын көптеп аударуда. Сыбайлас жемқорлықпен күрес түрлі шаралар мен құраларды қамтитын кешенді іс қимылдарды қажет етеді.

Қазақстан Рсепубликасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың кең нормативтік базасы қызмет етеді. Осы саладағы ұлттық құқықтық жүйенің реформалануы мен жетілдірілу үдерісінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы Қазақстан Халқына «Нұрлы Жол – нұрлы болашаққа бастар жол» атты Жолдауын айта кету керек. Осы Жолдаудағы бағыттарды жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін 2014 жылдың 11 қарашасында «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер 2015-2025 Бағдарламасы» [7] қабылданды. Бағдарламаның мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне атымен төзбеушілік ахуалын қалыптастыра отырып, бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту болып табылады.  

Сыбайлас жемқорлықпен күрес, мемлекеттің осы негативті құбылыспен күресі, оның құқықтық механизмдерін жетілдіру бойынша қабылдап жатқан бағдарламаларымен жүзеге асырылып жатқан мақсат, бағыттары толық іс жүзінде асырылса ғана тиімді болмақ.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 Рейтинг стран мира по уровню восприятия коррупции // http://gtmarket.ru/ratings/corruption-perceptions-index/info

2 «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-ІV Заңы (2016.06.04. Берілген өзгерістер мен толықтырулармен)// http://online.zakon.kz/Document/?Do

3 Қазақстан Республикасындағы сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама//http://adilet.zan.k

4 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы (2016.06.04. Берілген өзгерістер мен толықтырулармен)// http://online.zakon.kz/Document/?D


5 Nye J. Corruption and political development: a cost-benefit analysis // American Political Science. 1967. № 12 (61). P.417. Цит. по: Мишин Г.К. Коррупция: понятие, сущность, меры ограничения. М., 1991. – 256 с.

6 С.В. Максимов Коррупция. Закон. Ответственность. 2-е изд., перераб., и дополн. – М.,: ЗАО Юринфор, 2008. - 255 с.

7 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы// http://nurotan.kz/kz/2015-2025-zhyldarga-arnalgan-sybaylas-zhemk
References

1 Rejting stran mira po urovnju vosprijatija korrupcii // http://gtmarket.ru/ratings/corruption-perceptions-index/info

2 «Қazaқstan Respublikasynyң ұlttyқ қauipsizdigi turaly» Қazaқstan Respublikasynyң 2012 zhylғy 6 қaңtardaғy № 527-ІV Zaңy (2016.06.04. Berіlgen өzgerіster men tolyқtyrularmen)// http://online.zakon.kz/Document/?Do

3 Қazaқstan Respublikasyndaғy syjbajlas zhemқorlyққa қarsy іs-қimyl zhөnіndegі 2011 - 2015 zhyldarғa arnalғan salalyқ baғdarlama//http://adilet.zan.k

4 «Sybajlas zhemқorlyққa қarsy іs-қimyl turaly» Қazaқstan Respublikasynyң 2015 zhylғy 18 қarashadaғy № 410-V Zaңy (2016.06.04. Berіlgen өzgerіster men tolyқtyrularmen)// http://online.zakon.kz/Document/?D

5 Nye J. Corruption and political development: a cost-benefit analysis // American Political Science. 1967. № 12 (61). P.417. Cit. po: Mishin G.K. Korrupcija: ponjatie, sushhnost', mery ogranichenija. M., 1991. – 256 s.

6 S.V. Maksimov Korrupcija. Zakon. Otvetstvennost'. 2-e izd., pererab., i dopoln. – M.,: ZAO Jurinfor, 2008. - 255 s.

7 2015-2025 zhyldarғa arnalғan sybajlas zhemқorlyққa қarsy іs-қimyl baғdarlamasy// http://nurotan.kz/kz/2015-2025-zhyldarga-arnalgan-sybaylas-zhemk


Сведения об авторах

САРТАЕВ С.А.

заң ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті, Алматы қаласы, Қазақстан, s.sartai@mail.ru



ҚАЛШАБАЕВА М.Ж.

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құқық кафедрасының аға оқытушысы, Алматы қаласы, Қазақстан, s.sartai@mail.ru

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет