Шөлденудің негізгі табиғи факторлары Орындаған:Өмірбек Оралгул

Loading...


Дата13.04.2020
өлшемі36.55 Kb.

Шөлденудің негізгі табиғи факторлары

Орындаған:Өмірбек Оралгул

І.КІРІСПЕ

ІІ.Шөлдену ғаламдық проблема мәселелері

1.Шөлдену процесінің негізгі себептері

2.Қазақстандағы шөлді аймақтар

3. Шөлдену процесімен күресу жолдары

ІІІ.Қорытынды

ІV.Қолданылған әдебиеттер тізімі

Шөлдену процесінің негізгі себептері

Қазақстан территориясындағы шөлдену процесінің негізгі басты себептері табиғи да және антропогендік факторлар болып табылады. Негізгі табиғи факторлар: Республикамыздың физикалық-географиялық орны, контингент ішінде ішкерілей жатуы, Құрғақшылық климаты, су ресурстарының бірқалыпты таралмауы, кең көлемде құмды жерлердің (30 млн. гектар) және тұзды жерлердің (127 млн. гектар) орын алды. Жердің тозуына (деградация) сондай-ақ құрғақшылық та үлкен әсерін тигізеді. Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Табиғаттың өзгертуді қаламайтыны белгілі. Ондағы өзгерістер баяу, байқаусыз өтеді, өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі қалпына келтіру процестері ұзаққа созылады. Дүние жүзінде адам үшін қолайсыз экологиялық жағдай қалыптасқаны, экологиялық дағдарыс болып жатқандығы баршамызға мәлім. Мұндай жағдай бірден, бір жылда, тіпті он жылдың ішінде емес, бірте-бірте қалыптасады. Адам баласы әр уақытта табиғатқа белгілі бір деңгейде әсер етіп келеді

Шөлденумен және құрғақшылықпен күрес Шөлдену – бұл ауа райының өзгеруі мен адам қызметінің нәтижесінде топырақтың деградациялану процесі. Бұл процеске көбіне құрғақ жерлер ұшырайды. Шөлдену мал жайылымдарының деградациясы мен азық-түлік өнімдерінің кемуіне әкеліп соқтырады. Құрғақшылық пен шөлдену кедейлік пен аштықтың да себебі болып табылады.

Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану Теңіз суының ластануының шамамен 70%-ын құрлықтағы үлкен және кіші қалалар, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен туризм құрайды. Мұхиттар шектен тыс балықтар мен былқылдақденелілерді (жылына 90 млн. тоннаға дейін) аулаудан, жағалаулар мен маржан рифтерінің жағдайының нашарлауынан зардап шегеді.

Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану Бүгін тұщы су мәселесі маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. 2000 жылға қарай төмендегі міндеттер шешілуі тиіс:

- қалалардың әрбір тұрғынын бір адамға шаққанда ең кемінде күніне 40литр ауыз сумен қамтамасыз ету;

- өнеркәсіптік, тұрмыстық шайынды суларды залалсыздандыру ережелерін анықтап, жүзеге асыру;

- барлық ауылдық аудандардың тұрғындарын экологиялық қауіпсіз сумен қамтамасыз ету.

Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру Химиялық заттар бүкіл дүние жүзінде қолданылады. 10000-нан астам химиялық заттар бар. Олардың 1500-інің үлесіне дүниежүзілік өндірістің 95% келеді. Қазіргі уақытқа дейін әлі улы және қауіпті өнімдермен сауда жасау туралы жалпы келісім жоқ.

Қазақстандағы шөлденудің негізгі типтері:

- өсімдік жамылғысының деградациясы

су және жел топырақ эрозиясы

топырақтың сорлануы және дегумификация

топырақтың химиялық ластануы

жер асты және жер үсті суларының ластануы

жердің су режимінің және техногендік өзгеріске ұшырауы.

Соңғы он жылда шабындық жердің деграциялық жағдайға ұшырауы 10% -ға төмендеген. Қызылқұм, Мойынқұм, Сарыесік – Атырау және т.б. массивтердің деградацияға ұшырауы катастрофиялық жағдай туғызады.

Оңтүстік Алтай және Рудный ормандарында соңғы 40 жылда, орман ағаштарын өндіру 7% -ға, Зайлы Алатауы және Жоңғар Алатауында алма ағаштарының территориясы 24 %-ға қысқарған. Әсіресе өзен жағалауындағы орман алқаптары өте қатты деградацияға ұшырауда, топырақтағы ылғалдың азаюы, өзен сулары деңгейінің түсуі, азаюы тікелей әсер етуде. Қазақстанның далалық экожүйесіне тың жерді көп көлемде игеру де өзінің кері әсерін тигізді. Қазақстан Республикасының басқару агенттігінің 1 қараша 2004 жылғы мәліметтері бойынша, 188,9 млн. гектар шабындық жердің 26,6 млн. гектары деградацияға ұшырап, шөлдену процесі өте айқын байқалады.

Орманды дала және дала зонасының шабындық жерлері 34,8 млн. гектар болатын болса, оның 5,6 млн. гектары қатты деградацияға ұшыраған. Шабындық жерлердегі деградация процесі ұлғаю үстінде. Қазақстандағы шөлденудің жел эрозиясы шөл және шөлейт зоналарының ландшафтары қатты өзгеріске ұшырауда. Жер ресурстарын тиімді пайдалану, оны болашақ ұрпақтар үшін сақтау қажеттілігі әрбір қоғамның міндеті екенін Қазақстан халқына Жолдауында, жер реформаларына қатысты бас қосуларда баса айтылды. Шын мәнінде Қазақстанда ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердің сапасы нашар. Қазақстанның барлық жерінің 222,3 млн. гектары ауыл шаруашылығына лайық жерлер болса, оның 35,6 млн. гектары егістікке, 186 млн. гектары табиғи жайылымдарды құрайды. Қазақстанның аумағы – климаты қатаң континентальді, ауыл-шаруашылығы егістеріне қолайсыз аймаққа да жатады. Көп жерлер су және жел эрозиясына ұшыраған.

Кез-келген организмнің төзімділік шегі болады. Егер төзімділік шегінен шығып кетсе организм тіршілігін жояды. Мәселен қатты қуаңшылық жылдары өсімдіктердің құрып кетуі, ал су қоймаларының су қорының азаюы, пестицидтермен ластануы тіршілік көзінің жойылуына әкеп соқтырады. Құрлықта тіршілік ететін организмдер үшін су негізгі экологиялық фактор болып саналады. Құрлық жануарлары мен өсімдіктер ұдайы су тамшыларын сезінеді. Ылғал жыл мезгілінің маусымдары мен тәулік бойы да өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер организмдердің де маусымдық немесе тәуліктік тіршілік ырғағын туғызады. Шөл-шөлейті жерлерде кездесетін қызғалдақ, жауқазын, ботакөз. Осоктар өзінің вегатациялық дамуын не бәрі 15-30 күннің ішінде аяқтайды. Ұзақ уақытқа созылған құрғақшылық өсімдіктердің кейбіреуінің тіршілігін жойып отырады. Осының әсерінен өсімдіктер мен жануарлар дүниесі белгілі бір табиғат кешенінің жойылуына немесе шөлейттену процесіне әкеп соғады. Мұндай жерлер қазірдің өзінде 87,6 млн. га (а/ш арналған жердің 38%) болса, оның 22,1 млн. га егістік жерлер алып жатыр. Сол сияқты 38,7 млн. га жерлер құнарсыз жерлерге, 8,4 млн. га құрғап кетуге, 2,1 млн. га жерлер батпаққа айналып отыр. Аталған жерлердің өзгерістері айнала қоршаған ортаға тікелей немесе теріс ықпалын тигізеді.

Қазіргі кезде ауыл-шаруашылығы айналасындағы жерлердің 185,6 мың. га бүлінсе, оның 76,7 мың гектары істен шығып отыр. Бұл көрсеткіштер мен жерлердің айналымнан шығуы 1991 жылдан бері жылдам өсуде. Қазақстан жерінің сапасының төмендеуі тарихи жағдайларға байланысты болады. Мәселен 1953 жылдары басталған тың игеру науқаны, техногенді кешенді жұмыстардың жүргізілуі. Тың игеру кезінде 20 млн. га астам шабындық жер жойылып кетті. Агрохимия қызметкерлерінің мәліметі бойынша тың игеру кезіндегі 30 жылға созылған науқан топырақ қарашірігінің 25-30 %-ын жоғалтқан. Сонымен мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан табиғи биоценоз бұзылып, күрделі физикалық-химиялық су режимі, топырақ құрамы мен құрылысы түбегейлі өзгерістерге, антропогендік қысымға ұшырады. Нәтижесінде жердің тарихы – табиғи біртұтастығы бүлініп топырақтың өздігінен тыңайып, қалпына келуі, тұрақтылығы өзгеріп, су және жел эрозиясына қолайлы жағдай туғызды. Ботаника және топырақтану ғылыми-зерттеу институтының геоботаника ғалымдарының зерттеулері бойынша табиғи жайылымдардың сапасы 50-60 % кеміп, 15 млн. га жайылымдық жерді арамшөп басқан және 27 млн. га жайылым эрозияға, ал 14 млн. га жер тақырланған. Республикамыздағы орманды дала және дала зонасының 34,8 млн. гектар жайылым жерлері 5,6 млн. гектарға жайылып дегредацияға ұшыраған. Жайылым жерлердің деградациялық тозу тенденциясы өсіп келеді. Қазақстандағы шабындықтардың көлемі 5,0 млн. гектарды құрайды. Ол жерлердің де соңғы күндері азаюда.

Дала, шөлейтті және шөл зонасы топырағының жел эрозиясына ұшырауы шөлдену процесінің көлемін ұлғайтуда. Аймақтағы экологиялық проблемалардың масштабының ұлғаюына, жергілікті жерлердегі иерригациялық жағдайлар мен судың тапшылығы, суды тиімді пайдаланбау мәселелері тікелей әсер етуде. Су бағыттарының өзгеруінен Амудария, Сырдария және Іле өзендерінің ластануы қауіпті жағдайлар туғызуда. Өзен, көл суларының тартылуы, тұздануы табиғат кешендеріне өз ықпалын тигізіп отыр. Дегумификация процесі барлық жыртылған және жайылым жерлерде байқалады. Егістік жерлердегі топырақ құрамындағы гумустың азаюы, өзендердегі су деңгейінің төмендеуі, сол маңдағы территорияның шөлейттенуіне әкеп соқтырады. Егістік жерлердегі 0,7 млн. га да гумустың азаюы анықталған.

Қазақстанның шөлді аймақтары

Шөлді аймақ жалпы аумағы 124,6 млн. гектар. Өзіне тән өсімдік жамылғысы алуан түрлі. 2500-2800 түрі бар. Олардың ішінде 200-215 түрі – эндемиктер. Шөлді аймақта 5 белдеме ажыратылады.

1.) Солтүстік далалы жердегі құрғақ, қоңыржай, ыстық шөлдер – жалпы аумағы 40 млн. гектар. Немесе еліміздің жер аумағының 14,7 %-ын алады. Өсімдік жамылғысы астық тұқымдасты жартылай бұталы (бөз, еркекшөпті-жусанды) шөлдер мен құмдық бұталы (жүзім-рақ-шағыр жусан-еркекшөпті) шөлдер тарайды.

2.) Орталық (Солтүстік Тұрандық) өте құрғақ, ыстық шөлдер – аумағы 51,2 млн. гектар немесе республика жерінің 18,9 % -ын алып жатыр. Бұл жерлерде жартылай бұталы (жусанды, бұйырғынды, изенді), сексеуілді, бұталы (қоянжын-жүзгінді) өсімдік жамылғысы дамыған.

3.) Оңтүстіктегі өте құрғақ, ыстық шөлдер – аумағы 30,3 млн. гектар немесе Қазақстанның 11,1 %-ын алып жатыр. Бұл жерлерге эфемераидты – жартылай бұталы (сұр жусанды, эфемерлі), ал дөң және тізбектелген аллювгейлі-эолды құмдарда бұталы-сексеуілді эфемеройдты (сексеуіл-қоянжын-жүзімді) өсімдік жамылғылары тән.

4.) Тау етегіндегі өте құрғақ, өте ыстық шөлдер-аумағы 3,2 млн. га немесе Қазақстанның 1,2 %-ын құрайды. Негізінен эфемороидтың ірі шөптесін-жартылай бұталы өсімдіктер өседі.

5.) Тау етегіндегі өте құрғақ шөлдер-аумағы 11,6 млн. га, немесе республиканың 4,3 %-ын алып жатыр. Эфемеройдты псаммфиттік бұталы өсімдік жамылғысы тән. Қазақстанның таулы экожүйелерінің аумағы – 18,6 млн. га, яғни республика жерінің 7 % -ы. Бұл жерде есепке алынып отырған 4-5 биіктік белдеулі биік таулар ғана. Таулы экожүйелердің флорасын 3400-3600 түр құрайды деп шамаланған. Оның ішінде 540-570 түрлі эндемик болып табылады. Тек Қаратаудың флорасында 155-170 эндемик түрлері бар. Олардың ішінде шыршалы (шренктік шырша, сібірлік шырша): май қарағайды: самырсынды (сібірлік самырсын, сібірлік майқарағай): қылқан жапырақты ормандарда: алмалы (сиверс алмасы, қырғыс алмасы), өрікті (кәдімгі өрік),қайыңды-теректі (түкті қайың, көк терек) – жапырақты ағаш ормандары атап өтуге болады.

Аралдың шөлденуге ұшырауы

Таулы экожүйелерде итмұрын мен бөріқарақаттың (зеректің), аршаның, қылшаның, бетегенің, сарыкүйік қауымдастықтары да кең тараған. Қазақстанның табиғи флорасы – пайдалы өсімдіктердің қайнар көзі. Мұнда жем-шөптік өсімдіктердің 700-ден астам түрі, дәрілік өсімдіктердің 400-ге жуық, әсем безендірушілік 700-800, ширнелік 1300-ден астам, Эфир-майлық (450-ге жуық), улы-зиянды (250-ден астам) өсімдіктер түрлері кездеседі.

Шөлдену процесімен күресу жолдары.

2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын әзірлеудің өзектілігі және басымдықтары шығарыла бастады. Әлемдік тәжірибие көрсеткендей экологиялық проблемаларды табысты шешу мен экологиялық апаттардың алдын алудың негізгі кез келген мемелекеттің әлеуметтік экономикалық жүйесін экологияландыру болып табылады. Осы экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы «Қазақстан - 2030» стратегиясының басымдылықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына сәйкес және XXI - ғасырдағы күн тәртібінің негізгі ережені қоршаған орта және даму жөніндегі 1992 жылғы Рио–де–Жанейро декларациясының қағидаттарын, сондай–ақ Йоханесбургте өткен (2002 жыл) тұрақты даму жөніндегі дүние жүзілік самиттің шешімдерін ескере отырып әзірленді. Қоршаған ортаның жай–күйінің нормативтік көрсеткіштеріне қол жеткізе отырып, экологиялық қауіпсіздіктің оңтайлы деңгейін қамтамасыз ету осы тұжырымдаманың ережелерін кезең – кезеңмен іске асыруды көздейді. Бірінші кезең-(2004-2007 жылдар)–қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету және оны тұрақтандыру жөніндегі іс – қимыл жоспарын әзірлеу.

Екінші кезең – (2008 -2010 жылдар) қоршаған орталық сапа көрсеткіштерін тұрақтандыру және табиғат пайдалануға экологиялық талаптарды жетілдіру. Үшінші кезең (2011 -2015 жылдар) қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу. Қуаңшылық пен шөлденуге қарсы күрес туралы халықаралық конвенция Алматы қаласында 1994 жылы өтті. Қазақстанның көп бөлігі қурау аймақта орналасқан және оның аумағының шамамен 66 % - түрлі деңгейде шөлдену процестеріне бейім. Алдын ала есептер бойынша жайылымның тозуынан залал, егістік эрозиясынан, қайталама тұзданудан және басқа себептен алынбаған кіріс шамамен 300 млрд теңгені құрайды.

Қазақстан үшін елеулі ішкі қатерді білдіретін жердің шөлденуі мен тозу проблемасы шаң – тозаң дауылының пайда болуы және ауа массалараының ластанушы заттарды алыс қашықтықта жеткізуі нәтижесінде біртіндеп–шекаралық проблемалар айналуы мүмкін. 2004 жылдың барысында шөлденудің көлемі мен құрғақшылықтың теріс әсерінің алдын алуға және қысқартуға, тозған жерлерді және топырақтың құнарлығын қалпына келтіруге, ресурстың базаны сақтауды немесе қалпына келтіруде, қамтамасыз ететін, халықтың экологиялық қауіпсіздігін нығайтатын тұрақты жер пайдаланудың экономикалық тетіктерін әзірлеу мен енгізуге, сондай – ақ шөлейттену мен күрес процесінде халықтың кең қауымының хабардар болуы мен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған шөлейттену мен күрес жөнінде бағдарлама әзірлеу және бекіту қажет.

Жер шарындағы шөлдену картасы

Бағдарламаның негізгі нәтижелері шөлдену процестерін болдырмау және жердің тозу ауқымын қысқарту, шөлденумен күрестің экономикалық тетіктерін енгізу, ауыл шаруашылық жерлерінің өнімділігін арттыру болмақ. Топырақ ауыл шаруашылығының негізгі тірегі болғандықтан оны ластанудан сақтау агрэкологиялық басты міндет. Қазір Республикамызда топырақты бақылау мониторнгі жұмыс істейді. Оның міндеті топырақтың қазіргі күйіне баға беру, бақылау және болжау жасау.

3) Топырақтың химиялыққұрамы мен құрылымына, ондағы өзгерістерге бақылау жасау.

4)Топырақты мелиорациялау, агротехникаларды дұрыс пайдалану т.б. бақылау жасау. Қазақстанда құрғақшылық пен шөлденуге қарсы күресу бағдарламасын ескере отырып, биологиялық әртүрлікті сақтау мақсатында биоәртүрлік обьектілерінің жай – күйін бағалау және түйіндеу, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жиелілігін ұлғайту, қазіргі табиғат және антропогендік процесетерді ескере отырып, оларды жасанды–бұзылған аумақтарды қалпына келтіру жолымен табиғат популяциялардың сирек түрлерін сақтау, елдің ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын ЮНЕСКО–ның дүниежүзілік табиғат және мұрасы. «Адам және биосфера» бағдарламасы шеңберіндегі биосфералық аумақтар тізіміне енгізу жөніндегі шараларды іске асыру қажет. Республика аумағында небәрі 4,2 %- ын алатын Қазақстанның барлық ормандарының ерекше экологиялық, ғылыми, рекрациялық, эстетикалық және мәдени мәнін сондай–ақ биологиялық әртүрліліктің табиғи резерваттары ретіндегі, олардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесіне көшіру жөніндегі шұғыл шаралар қабылдау қажет. Өзен экожүйелеріне түсетін ауыртпалықты азайту мақсатында және олардың ластану мен қоқыстануының алдын – алу үшін 2005 - 2010 жылдар барысында пайдаланатын барлық су обьектілері үшін су қорғау аймақтары мен жолақтарының жобаларын әзірлеу. Қолда бар су ресурстарының санын ұлғайту мен сапасын жақсарту үшін су жетіспеушілігін тартып отырған өңірлерде өзен ағынын реттеу жөніндегі, оның ішіндегі бассейн аралық қайта бөлу, сондай–ақ жер асты ауыз суларын пайдалануды жеделдету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет. 2003 жылдың басында Қазақстан қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау мен оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель Конвенциясына қосылуы. Қазақстан трансшекаралық өзендерді ұтымды пайдалану және қорғау проблемасын шешуге бірыңғай құқықтық тәсілдерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін.

Трансшекараларық ағын сулар мен халықаралық өзендерді қорғау мен пайдалану жөніндегі Хельсинки Конвенциясына қосылуы жөніндегі Қазақстанның бастамасын өткізу арқылы трансшекаралық су проблемаларын шешу.

Қабылдаған шаралардың нәтижелері ықтимал трансшекаралық, экологиялық қатерлерді анықтауға, азайтуға және жоюға жәрдемдесетін болады. Төтенше жағдайлардың алдын – алу және оларды жою жөніндегі іс – шаралардың орындалуы зардап шекендер саны төмендетуге және құрғақшылық пен шөлдену процессін азайтуға мүмкіндік береді. Климаттық ықтимал жахандық және өмірлік өзгерістерін, табиғи орта үшін оның салдарларын зерттеу қажет. Халықаралық конвенциялар бойынша міндеттемелерге сәйкес үкіметтік емес экологиялық ұйымдардың әлеуметтік қоғамдық бақылауды жандандыру, қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізу арқылы экологиялық проблемаларды шешуге, қоршаған ортаның сапасын жақсарту мәселелері бойынша қоғамдық көзқарасты қатысуға бағыттау қажет.

Қорытынды:

Қоршаған ортының ластануы адам баласының тіршілік ортасын сапасыздандырып, бүкіл қоғамның қалыпты дамуына кері әсерін тигізуде. Бүкіл дүние жүзі қоғамдастықтарымен қатар Қазақстандықтар да қалыпты салт-тұрмыс экологиялық жағдайларға қарай тұрақсыздық, алаңдаушылық күйге түсуде. Сондықтан елдегі экологиялық жағдайлар экономика тәуелсіздігіне де әсерін тигізуде.

Экологиялық жағдайлардың нашарлай түсуі Қазақстан жағдайында бұрын-соңды болмаған жаңа проблемалар тудыруда. Олар – ауа, су, топырақ, ресурстары мен өсімдік пен жануарлар әлеміндегі соңғы жылдардағы өзгерістер.

Антропогендік қысымдар табиғат ресурстарының барлық түріне тікелей және жанама әсер ете отырып кейбір жағдайда қайтымсыз экологиялық апаттар әкелуде. Мәселен, Қазақстан Республикасының біршама жерінің (180 млн. га 60%) шөлге айналуы бүкіл мемлекеттік проблемалар тудырып отыр. Сол сияқты республиканың барлық жерінің 30 млн. га көлемін өнеркәсіп, көліктік қатынас жолдары, елді мекендер, т.б. нысандар алып жатыр.

Солтүстік Қазақстан бойынша құнарлы жерлердің 25-30% жарамсызданса, Батыс Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсібінің өнімдерімен ластану 100 мың га жерді, техногенді ластану 2,5 млн. га жайылымдардың деградацияға ұшырауы 3 млн. га жерді қамтып отыр.

Ал, Каспий теңізінің 268 млн. га жағалауы су астында қалып мұнай өнімдерімен ластану одан әрі етек алуда.

Күрделі экологиялық шиеленістер Орталық Қазақстанды да қамтуда. Онда – техногендік, өндірістік ластану, топырақтың құнарсыздануы, жайылымдардың тозуы, металдармен ластануы, радиактивті және ракета-космос қалдықтарымен (Бетпақдала) ластану жоғары деңгейге жетуде.

Оңтүстік Қазақстандағы экологиялық жағдайлар Арал өңіріне тән Әмудария мен Сырдария бассейнінің 2 млн. га жерін шөлге айналдырады. Сорға, тақырға айналған жерлер мен Арал табанындағы тұздар экожүйелерді қайтымсыз бүлдіруде. Осы өңірдегі қара сексеуіл орындарының 300 млн. га құрып кетуі өкінішті жағдай.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Ақбалова А.Ж., Сайнова Г.Ә. «Экология оқу құралы» - Алматы «Бастау» 2003 ж.

Бейсенова Ә.С., Самақова А.Б., Есполов Т.И., Шілдебаев Ж.Б. «Экология және табиғатты тиімді пайдалану», оқулық – Алматы: 2004 ж.

Биғанов А., Жамалбеков Е., Білдебаева Р. «Қазақстанның топырағы және оның экологиясы». Алматы 1995 ж.

Асқарова Ұ.Б. «Экология және қоршаған ортаны қорғау» оқу құралы. Алматы 2004 ж.

Төлегенұлы Ш. «Қазақстандағы жер асты сулары». Заман Қазақстан. 3 қазан 1991 ж.



Ж. Достайұлы «Жалпы гидрология» 1996 ж. Алматы

Ж. Достайұлы «Табиғат суларын ластанудан және сарқылудан сақтау». Алматы 1993 ж

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
ткізу туралы
республикасы білім
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
бойынша жиынты
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
Мектепке дейінгі
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
жалпы білім
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
білім беруді
разрядты спортшы
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...