«ШЫҒыс қазақстан облысының білім басқармасы» мм



жүктеу 53.1 Kb.
Дата06.02.2017
өлшемі53.1 Kb.


12.12.2016 ЭҚАБЖ МО (7.18.4 нұсқасы) Копия электронного документа. Положительный результат проверки ЭЦП.



«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» ММ

070004, ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, 6 қабат, 605 кабинет,

анықтама телефоны 8 (7232) 702-361,

электрондық пошта арқылы: A.Bekturgeneva@akimvko.gov.kz

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

1) Тұлғаны рухани-адамгершілік дамыту және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы
(Д-О-3 санаты, 1 бірлік) еңбек өтіліне байланысты лауазымдық жалақысы 109 932 теңгеден 148 242 теңгеге дейін.


Функционалдық міндеттері:

Тұлғаны рухани-адамгершілік дамыту және тәрбие жұмысы бөліміне басшылықты жүзеге асыру; Бөлім жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды жүзеге асыру; Тұлғаны рухани-адамгершілік дамыту және тәрбие жұмысы мәселелері бойынша бөлім, сондай-ақ білім беру органдарының жұмысын талдау, бөлім жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарды басшылықтың қарауына ұсыну; Бөлім құзыреттілігіне енетін мәселелер жөніндегі БжҒМ, білім басқармасының бұйрықтарын, облыстың қалалары мен аудандарындағы білім беру бөлімдеріне уақтылы жеткізуді және орындауды қамтамасыз ету; Тұлғаны рухани-адамгершілік дамыту және тәрбие жұмысы мәселелері бойынша білім басқармасының алқасына, білім басқармасы басшысының қатысуымен өтетін мәжілістерге сұрақтар дайындау; Өңірдегі балалардың жазғы демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру және мектеп оқушыларына қосымша білім беру мәселелері бойынша жұмысты жүзеге асыру; «Өзін-өзі тану» курсын енгізу мәселелері бойынша жұмысты үйлестіру; Тұлғаны рухани-адамгершілік дамыту және тәрбие жұмысы мәселелері бойынша жылдық есептерді жинау, өңдеу және тапсыруға бақылауды жүзеге асыру; Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара әрекетті жүзеге асыру; 2016-2019 жылға арналған білім беру мен жастар саясаты саласында ҚР БҒМ және облыс әкімдіктері мен Алматы, Астана ққ арасында нысаналы көрсеткіштер мен түпкі нәтижелерге жету туралы Меморандумның жүзеге асырылуы туралы жарты жылдық есеп; Мектеп оқушылары арасында облыстық конкурстарды, байқауларды, фестивальдерді дайындау және өткізуді қамтамасыз ету; Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, хаттарын, шағымдарын қарау; Өз құзыреті шегінде бағалаудың тиісті бағыттары бойынша Басқарма қызметінің тиімділігін бағалау үшін материалдарды дайындауға бақылауды жүзеге асыру; Басқарма Регламентін, ішкі еңбек тәртібі ережесін, заңнамаға сәйкес әкімшілік рәсімдерді сақтау; Жетекшілік ететін мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді сапалы орындау бойынша басқарма мамандары және бөлімдерінің жұмысында өзара әрекет жасау;

Сапа менеджменті жүйесін сақтайды және өзінің лауазымдық міндеттерін сапа саласында бекітілген Саясат пен Мақсатқа сәйкес орындайды.

Біліктілік талаптары: «Білім», «Қызмет көрсету» (әлеуметтік жұмыс), «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (мемлекеттік және жергілікті басқару) бөлімдерінің мамандықтары бойынша жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат

кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2,

D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық

деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

1) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптарды;

2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасына қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы келесі құжаттарды тапсыру қажет: өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.



Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде ШҚО, Өскемен қ., Казахстан к., 59/1, 605 кабинетке ұсынылуы қажет.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне 5 жұмыс күн ішінде шағымдана алады.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің


2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Анықтама телефоны: 8 (7232) 702361, e-mail: A.Bekturgeneva@akimvko.gov.kz

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет