«Шығыс-Қазақстан облысы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің



жүктеу 38.25 Kb.
Дата19.03.2017
өлшемі38.25 Kb.
«Шығыс-Қазақстан облысы аумағында жылжымайтын мүлік

объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру»

мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің

ТӨЛҚҰЖАТЫ


Көрсетілетін қызмет орны

Халыққа қызмет көрсету орталықтары

Көрсетілетін қызметті алушы

Жеке және заңды тұлғалар

Көрсетілетін қызмет мерзімдері

жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау кезінде – 3 жұмыс күнін;

жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне бару және мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, оны «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру, оны өзгерту немесе жою кезінде – 7 жұмыс күнін.



Қажетті құжаттар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметтi алушы орталыққа өтініш берген кезде мыналарды ұсынады:

жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау (өзгерту) үшін:

- еркін нысандағы өтініш;

- жеке адамның жеке куәлігі көшірмесі (сәйкестендіру үшiн түпнұсқа);

- бизнес-сәйкестендiру нөмiрiнің тіркеу көшірмесі (қайта тіркеу) туралы куәлігінің көшірмесі (заңды тұлғаларға) (сәйкестендіру үшiн түпнұсқа);

- МДҚ ЖМТ ақпараты (қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжатты);

- меншік иесінен сенімхаттың түпнұсқасы (өтінішті өкіл берген жағдайда);



жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру үшін:

- еркін нысандағы өтініш;

- жеке адамның жеке куәлігі көшірмесі (сәйкестендіру үшiн түпнұсқа);

- қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшiн түпнұсқа);

- меншік иесінен сенімхаттың түпнұсқасы (өтінішті өкіл берген жағдайда);

- әкімдік қаулысының немесе әкімдік шешімінің көшірмесі (жобалау, құрылыс) (сәйкестендіру үшiн түпнұсқа);

- жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспортының көшірмесі (сәйкестендіру үшiн түпнұсқа);

- ақпараттық жүйелерден ұсынылған мәліметтерді қоспағанда, реттік нөмірлері мен блоктың нөмірін көрсете отырып (гараждар және саяжайлар үшін), елді мекеннің сәулетшісімен келісілген гараж кооперативі (бау-бақша серіктестігі) жер учаскесінің бас жоспары;

- кооператив (гараждар және саяжайлар үшін) мүшелерінің тізімін қоса бере отырып, мүшелігін растау туралы кооператив төрағасының анықтамасын, жылжымайтын мүлік орталығының мұрағатынан қорытынды (қажет болған жағдайда);

- атқару мерзiмi 6 айдан кем емес М 1:500 масштабындағы топографиялық түсірілім көшірмесі (сәйкестендіру үшiн түпнұсқа);

- атқару мерзiмi 6 айдан кем емес М 1:500 масштабындағы атқарушылық түсірілім көшірмесі (сәйкестендіру үшiн түпнұсқа);

жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын жою үшін:

- еркін нысандағы өтініш;

- жеке адамның жеке куәлігі көшірмесі (сәйкестендіру үшiн түпнұсқа);

- қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшiн түпнұсқа);

- меншік иесінен сенімхаттың түпнұсқасы (өтінішті өкіл берген жағдайда);

- жылжымайтын мүлік объектісін бұзу актісі көшірмесі (қажет болған жағдайда) (сәйкестендіру үшiн түпнұсқа).



Қызмет көрсетудің құны

Тегін

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі

Мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, көрсетілген жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау (өзгерту), беру, жою бойынша анықтама беру.

Шағымдану тәртібі

Егер көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушы белгіленген тәртіпте уәкілетті органның басшылығына немесе орталыққа шағым бере алады.

Шағымдар қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда жазбаша нысанда почта арқылы немесе ұйымның кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

Қолма-қол және почтамен түскен шағымды қабылдауды растау оны уәкiлеттi органның немесе орталықтың кеңсесiнде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн журналда тiркеу болып табылады (мөр, кiрiс нөмiрi және тiркеу күні шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады).

Бірыңғай байланыс орталығының – 1414 телефоны бойынша



Өзге де талаптар

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу ақпараттары басқарманың интернет-ресурсында орналастырылады.

Халықтың әлеуметтік осал жіктеріне жататын көрсетілетін қызметті алушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға олардың өздерінің келу мүмкіндіктері жоқтығын ескере отырып, сенімхат бойынша оның өкіліне немесе өкілетті адамына көрсетіледі.



Көрсетілетін қызметті алушы тұрып жатқан немесе тіркелген жердегі уәкілетті органның немесе орталықтың ғимаратында көрсетіледі, онда мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызмет алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген. Залда күтуге және құжаттарды толтыруға арналған орындар, анықтама бюросы, күтуге арналған орындықтар орналастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет