Шетелдік студенттер (виза және тіркеу) Қазста-да білім алушы шетелдік студенттердің визасы мен тіркелуі



жүктеу 29.56 Kb.
Дата06.02.2017
өлшемі29.56 Kb.
ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕР (виза және тіркеу)

ҚазСТА-да білім алушы шетелдік студенттердің визасы мен тіркелуі
Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасы "Халықтың көші-қоны туралы" 22.07.2011 ж. №477-IV Заңына, "Қазақстан республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайлары туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 Заңның 22.07.2011 ж. өзгертулері мен толықтыруларына сәйкес, әрбір шетелдік азамат және азаматтығы жоқ жеке адам ҚР-ға келген кезде көші-қон картасын алуы және толтыруы қажет. Шетелдік азамат көші-қон картасын өзі анық, түзетусіз, орыс және қазақ тілінде толтырады. Егер шетелдік азамат орыс және қазақ тілін білмейтін болса, ол өзі туралы мәліметтерді жеке басын куәландыратын төлқұжат пен басқа құжаттағы мәліметтермен сәйкес, латын әліпбиінің әріптерімен толтыруға рұқсат етіледі. Көші-қон картасы әрбір азаматқа жасына қарамастан толтырылады.

«ҚР-ға келу мақсаты» тармағында мынаны көрсету керек: оқу.


  1. Шетелдік азамат оқу визасы бойынша ғана Қазақстанға келе алады және ҚазСТА-да оқу өткізеді. Шақыруды ҚазСТА маркетинг және халықаралық бағдарламалар бөлімі алдын-ала рәсімдейді. Халықаралық байланыстар бөліміне қажетті құжаттар беру мерзімі – елге болжалды келуден 30 күн бұрын. Шақыру Алматы қ. СІМ-де рәсімделеді, шақыру рәсімдеу мерзімі – 5-15 күн.

2. ҚазСТА шетелдік студенті КР-ға келгеннен кейін бескүндік мерзімде көші-қон есебіне тіркелуі қажет. Алматы қ. СІМ-де көші-қон есебіне көші-қон есебіне тіркеу үшін қабылдау күндері: сейсенбі және жұма, 10.00-нан 12.00-ге дейін. Бейсенбі күні құжаттарды қабылдаймайтын күн.

3.Егерде ҚР шықпаған жағдайда тіркеуді ұзарту үшін шетел студенті Халықаралық бөлімге тіркеу аяқталған күннен 5 күн бұрын келу керек (тіркеу 28 тамызда аяқталса, студент 23 тамызда келу керек).

4. ҚР шекарасынан өткен сәттен бастап 1 жұмыс күн кезеңінде шетелдік студент маркетинг және халықаралық байланыстар бөліміне жолығуы қажет: Алматы қ., Абай даңғылы 83/105, бөлме -101. тел.: +7 727 292 09 02,e-mail: kazintrel@bk.ru

Мына құжаттарды көрсетуі қажет:
ҚазАСТА жатақханасында тұрған жағдайда:


  1. Ұлттық төлқұжат (түпнұсқада);

  2. Ұлттық төлқұжат көшірмесі;

  3. Шекарадан өткені туралы белгісі бар көші-қон картасы (төлнұсқа + көшірме);;

  4. ЖИТС/ВИЧ-жұқпасына лабораториялық тексерілуі туралы анықтама (сертификат);

  5. Флюорографиядан өткен (өкпені түсріген) туралы анықтама мекеменің мөрімен (Дәрігердің қортыңдысы және сол қортындыда Аты - жөні толық көрсетілуі тиіс)

  6. 1-курс студенттері үшін - 2 дана 3х4 фотосурет;

Жеке тұлғада/жалға алған пәтерде тұрған жағдайда:

  1. Ұлттық төлқұжат (түпнұсқада);

  2. Ұлттық төлқұжат көшірмесі;

  3. Шекарадан өткені туралы белгісі бар көші-қон картасы (төлнұсқа + көшірме);

  4. ЖҚТБ/АҚТҚ-жұқпасына лабораториялық тексерілуі туралы анықтама (сертификат);

  5. 1-курс студенттері үшін - 2 дана 3х4 фотосурет;

  6. Тұрғын ғимарат иесінің келісімімен (шетелдік студентті өз иелігіндегі бөлмеде тұруға және көрсетілген мекенжай бойынша көші-қондық есепке тіркеуге) нотариалды куәландырылған Алматы қ. ІІД КПБ бастығына өтініші;

  7. Тұрғын үй иесінің жеке куәлігінің көшірмесі;

  8. Үй кітапшасының көшірмесі / мекенжай анықтамасы.

4. Тұрған жеріне, байланыс ақпаратына қатысты барлық өзгерістер туралы, статусының өзгеруі (уақытша тұруға рұсқат алу, тұру рұқсаты, ҚР азаматтығын алу) туралы студенттер уақытылы Халықаралық Бөлім қызметкерлеріне хабарлауы керек.



5. Басқа себеппен оқу жылы ішінде ҚР-дан кеткен жағдайда студент ҚазБСҚА халықаралық бөліміне оқу уақытында кету себептері көрсетілген өтінішті және декан рұқсатын ұсынуы қажет

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет