«Шетелдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттарды ресімдеу және олардың паспорттарына қажетті белгілер енгізу»



жүктеу 203.65 Kb.
Дата26.04.2017
өлшемі203.65 Kb.



«Шетелдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттарды ресімдеу және олардың паспорттарына қажетті белгілер енгізу»

көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы

жадынамасы





Қызмет көрсетуші: Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері.

Жұмыс кестесі: сәрсенбі, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Веб-сайт: http://embkazjp.org/



Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдауды және олардың нәтижесін беруді жүзеге асыратын мекеме:

Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері



Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде



Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: осы стандарттың 2-бөлімінің 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес.



Қажетті құжаттар тізбесі:

1) паспортты ресімдеу үшін мынадай:

еркін нысандағы өтініш;

туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған балаға паспорт алған кезде);

Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (паспортты ауыстырған кезде);

мөлшері 3,5х4,5 см төрт түрлі түсті фотосурет;

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

2) паспортқа жазба енгізу үшін мынадай:

еркін нысандағы өтініш;

баланың туу туралы куәлігі;

Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

мөлшері 3,5х4,5 см екі түрлі түсті фотосурет;

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы


Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу не паспортқа жазба енгізу

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі: 1414

                               


«Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі»

көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы

жадынамасы





Қызмет көрсетуші: Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері

Жұмыс кестесі: сәрсенбі, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Веб-сайт: http://embkazjp.org/



Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдауды және олардың нәтижесін беруді жүзеге асыратын мекеме:

Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері



Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде



Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 6 (алты) айдан аспайды.



Қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;

2) еркін нысандағы өмірбаян;

3) мөлшері 3,5х4,5 см үш түрлі түсті фотосурет;

4) балалардың туу туралы куәліктері (түпнұсқасы және көшірмесі); неке қию туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);

5) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасында зайыбы немесе оның асырауындағы адамдары болған жағдайда, ол сол адамдардың қызмет алушыға материалдық және басқа да талаптарының жоқтығы туралы нотариат куәландырған өтініштерін береді.

18 жасқа толмаған, сондай-ақ іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарға қатысты азаматтықты өзгерту мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші куәландырған өтінішті, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін (асырап алушылар, қорғаншылар және қамқоршылар жергілікті атқарушы орган шешімінің көшірмесін ұсынады) не іс-әрекетке қабілетсіз адамның жеке басын куәландыратын құжатты қоса отырып олардың заңды өкілдері береді.

14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалар ата-анасының өтінішіне көрсетілетін қызметті беруші растаған жазбаша келісімін қоса береді.



Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандығы туралы анықтама.



Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі: 1414


«Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу»

көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы

жадынамасы





Қызмет көрсетуші: Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері

Жұмыс кестесі: сәрсенбі, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Веб-сайт: http://embkazjp.org/



Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдауды және олардың нәтижесін беруді жүзеге асыратын мекеме:

Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері



Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде



Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 3 (үш) жұмыс күннен аспайды.



Қажетті құжаттар тізбесі:

1) еркін нысандағы өтініш;

2) мөлшері 3х4, см бір түсті фотосурет;

3) жеке басты куәландыратын тіркеу карточкасы (түпнұсқа және көшірме);

4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша толтырылған есепке алу карточкасы;

5) шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары үшін консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.





Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Қазақстан Республикасының азаматтарын консулдық тіркеуге алу немесе одан шығару



Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі: 1414



«Қазақстан Республикасының шетелдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы

жадынамасы





Қызмет көрсетуші: Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері.

Жұмыс кестесі: сәрсенбі, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Веб-сайт: http://embkazjp.org/



Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдауды және олардың нәтижесін беруді жүзеге асыратын мекеме:

Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері



Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде



Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

баланың тууын тіркеу – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

әкелікті анықтау, бала асырап алуды, атын, әкесінің атын, тегін өзгертуді тіркеу – күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде, қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда, мерзім күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін;

неке қиюды және бұзуды тіркеу – күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде, қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда, мерзім күнтізбелік


30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін;

қайтыс болуды тіркеу – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.






Қажетті құжаттар тізбесі: Осы стандарттың 2-бөлімінің 9-тармағына сәйкес.


Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлік



Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі: 1414

                               


«Қазақстан Республикасының визаларын беру, олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өту» көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы

жадынамасы





Қызмет көрсетуші: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және шетелдегі мекемелері.

Жұмыс кестесі: сәрсенбі, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Веб-сайт: http://embkazjp.org/



Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдауды және олардың нәтижесін беруді жүзеге асыратын мекеме:

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және шетелдегі мекемелері



Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде



Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 5 (бес) жұмыс күннен аспайды.



Қажетті құжаттар тізбесі: осы стандарттың 2-бөлімінің 9-тармағына сәйкес.


Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Қазақстан Республикасының визасы.



Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі: 1414



«Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары

болып табылатын балаларды есепке алу»

көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы

жадынамасы





Қызмет көрсетуші: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі.

Жұмыс кестесі: сәрсенбі, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Веб-сайт: www.mfa.gov.kz



Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдауды және олардың нәтижесін беруді жүзеге асыратын мекеме:

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі.



Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде



Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 5 (бес) жұмыс күннен аспайды, жеделдетілген тәртіпте 1 (бір) не 3 (үш) жұмыс күні ішінде.




Қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша консулдық есепке алу туралы өтініш;

2) iшкi iстер органдарының шетелде тұрақты тұруға шығу үшін рұқсат жазбасы бар шетелдікке асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматы – балаға берілген Қазақстан Республикасы азаматы паспортының түпнұсқасы;

3) баланы асырап алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмесі – екі дана;

4) баланың 3,4 х 4,5 көлеміндегі екі түрлі түсті фотосуретi;

5) баланың туу туралы куәлiгiнiң нотариат куәландырған көшiрмесi – екі дана;

6) баланы асырап алу туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмесi екі дана;

7) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;





Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу.



Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі: 1414



«Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру»

көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы

жадынамасы





Қызмет көрсетуші: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі.

Жұмыс кестесі: сәрсенбі, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Веб-сайт: www.mfa.gov.kz



Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдауды және олардың нәтижесін беруді жүзеге асыратын мекеме:

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі.



Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде



Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 5 (бес) жұмыс күннен аспайды.



Қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш-хат;

2) іссапарға жіберуші органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландырған іссапарға жіберу туралы бұйрықтың көшірмесі;

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

4) мөлшері 3,5х4,5 см екі түрлі түсті фотосурет;

5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспортының көшірмесі.





Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты.



Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі: 1414



«Консулдық заңдастыру»

көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы

жадынамасы





Қызмет көрсетуші: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және шетелдік мекемелері.

Жұмыс кестесі: сәрсенбі, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Веб-сайт: www.mfa.gov.kz; http://embkazjp.org/



Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдауды және олардың нәтижесін беруді жүзеге асыратын мекеме:

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және шетелдік мекемелері.



Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде



Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 3 (үш) жұмыс күннен аспайды.



Қажетті құжаттар тізбесі:

1) жеке тұлғалар үшін:

еркін нысандағы өтініш;

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы мен көшірмесі);

түпнұсқадағы және нотариат куәландырған көшірмедегі консулдық заңдастыруға жататын құжат;

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

2) заңды тұлғалар үшін:

еркін нысандағы өтініш (көрсетілетін қызметті алушының сенімді өкілі береді);

мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының құрылтай құжаттары (түпнұсқасы мен көшірмесі);

түпнұсқадағы және нотариат куәландырған көшірмедегі консулдық заңдастыруға жататын құжат;

егер көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі келе алмаса, көрсетілетін қызметті алушының атынан әрекет ету өкілеттігін растайтын құжат;

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.





Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: тапсырылған құжаттарды консулдық заңдастыру.



Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі: 1414



«Кеме шетелде сатып алынған жағдайда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру»

көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы

жадынамасы





Қызмет көрсетуші: Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері.

Жұмыс кестесі: сәрсенбі, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Веб-сайт: http://embkazjp.org/



Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдауды және олардың нәтижесін беруді жүзеге асыратын мекеме:

Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері.



Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде



Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 5 (бес) жұмыс күннен аспайды.



Қажетті құжаттар тізбесі:

1) жеке тұлғалар үшін:

еркін нысандағы өтініш; көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат; кемеге меншік құқығын растайтын құжат; кеменi бұған дейiн тiркеген мемлекеттің билiк орындары берген кеменің осы мемлекеттің кеме тiзiлiмiнен шығарылғанын және ипотека ауыртпалығы жоқтығын куәландыратын (егер мұндай жағдай өтiнiш берiлгенге дейiн орын алған болса) құжат; өлшем куәлігі; сыныптау куәлігі; жолаушы куәлігі (жолаушы кемелері үшін); егер көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі келе алмаса, көрсетілетін қызметті алушының атынан әрекет ету өкілеттігін растайтын құжат; консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

2) заңды тұлғалар үшін:

еркін нысандағы өтініш (көрсетілетін қызметті алушының өкілі ұсынады); көрсетілетін қызметті алушының құрылтай құжаттары немесе белгіленген тәртіппен куәландырылған олардың көшірмелері; көрсетілетін қызметті алушының атынан әрекет ету өкiлеттігін растайтын құжат; кемеге меншік құқығын растайтын құжат; кеменi бұған дейiн тiркеген мемлекеттің билiк орындары берген кеменің осы мемлекеттің кеме тiзiлiмiнен шығарылғанын және ипотека ауыртпалығы жоқтығын куәландыратын (егер мұндай жағдай өтiнiш берiлгенге дейiн орын алған болса) құжат; өлшем куәлігі; сыныптау куәлігі; жолаушы куәлігі (жолаушы кемелері үшін); консулдық алымның бюджетке төленгендігін растайтын құжаттың түпнұсқасы.



Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: кеме шетелде сатып алынған жағдайда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлік беру.



Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі: 1414



«Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа құжатты жасау немесе куәландыру»

көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы

жадынамасы





Қызмет көрсетуші: Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері

Жұмыс кестесі: сәрсенбі, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Веб-сайт: http://embkazjp.org/



Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдауды және олардың нәтижесін беруді жүзеге асыратын мекеме:

Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері.



Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде



Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 5 (бес) жұмыс күннен аспайды.



Қажетті құжаттар тізбесі:

1) жеке тұлғалар үшін:

еркін нысандағы өтініш; көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы мен көшірмесі); кемеге меншік құқығын растайтын құжат; көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдіруді растайтын құжат; консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

2) заңды тұлғалар үшін:

еркін нысандағы өтініш (көрсетілетін қызметті алушының сенімді өкілі береді); кемеге меншік құқығын растайтын құжат; көрсетілетін қызметті алушының мүддесін білдіретін адамның атына сенімхат (түпнұсқа); консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.



Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа құжатты жасау немесе куәландыру.



Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі: 1414



«Қазақстан Республикасының шетелдегі кемелері апатқа ұшыраған жағдайда, теңiз наразылығы туралы акт жасау»

көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы

жадынамасы





Қызмет көрсетуші: Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері

Жұмыс кестесі: сәрсенбі, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Веб-сайт: http://embkazjp.org/



Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдауды және олардың нәтижесін беруді жүзеге асыратын мекеме:

Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері.



Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде



Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 3 (үш) жұмыс күннен аспайды.



Қажетті құжаттар тізбесі:

1) өтініш (өтініште: капитанның жеке мәліметтері, кеменің аты, капитанның ұлты, капитанның тіркелген порты, кеменің иесі туралы мәліметтер, кеменің жүру бағдары, оқиғаның болған жері, тасымалданатын жүктің өлшемі мен сипаты, жолаушылар саны, теңіз оқиғасының (теңіз авариясының) мәні, теңіз оқиғасының салдары көрсетіледі);

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы және көшірмесі);

3) кеме журналы және одан үзінді көшірме (түпнұсқа);

4) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Егер оқиға:

1) теңiз портында болса, оқиға болған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде;

2) кеме жүзіп келе жатқан кезде болса, кеменiң немесе кеме капитанының оқиға болғаннан кейiн алғашқы теңiз портына келген кезiнен бастап жиырма төрт сағат iшiнде теңiздегi наразылық туралы өтініш берiледi.



Қызмет көрсетушінің лауазымды адамы теңіздегі наразылық туралы мәлімдемені қабылдағаннан кейін, кеме капитанының өтініші, кеме журналындағы мәліметтер, кеме капитанына және қажет болған жағдайда кеменің басқа экипаж мүшелеріне сауал қою негізінде теңіздегі наразылық туралы акт жасайды.



Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Қазақстан Республикасының шетелдегі кемелері апатқа ұшыраған жағдайда, теңiз наразылығы туралы акт.



Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі: 1414



Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет