Шет тілін мультимедиялық ҚҰралдарды қолдана отырып оқыту ағылшын тілі пәнінің оқытушысы

Loading...


Дата06.02.2020
өлшемі128.03 Kb.
ШЕТ ТІЛІН МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ОҚЫТУ


Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы

Кулдибаева А.Ш.

Мультимедия технологиясы дегеніміз – ол «СП КОМ» компакт дискісінің технологиясын қолдануға негізделген аудиовизуалдық хабарларды қабылдаудың, әдістердің, негізделген тарату тәсілдерінің, өңдеудің, сақтаудың және т.б. жиынтығы болып табылады [2]. Компакт диск технологиясын пайдалануға негізделген мультмедиалық операциялық орта өте белсенді интерактивті сұхбаттың мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, компьютер экранында кез-келген аудиовизуальдық хабарларды түрлі формаларда видеофильм, текст, графика, анимация, слайдтар, музыка бере алады.

Мультимедиа технологиясының негізінде орындалатын білім беру жүйесінің көмегі арқылы компьютер экрандарында кез-келген қажетті хабарлармен жете таныса аламыз. Мұндай кезде бұл жүйе пайдаланушы адамның белгілі бір сюжеттің немесе жағдайдың өзіне керекті бөлігін таңдап алып көрінуіне де мүмкіншіліктер тудырады. Мультимедиа технологиясын қолданудың педагогикалық мақсаты хабарларды эмоционалдық тұрғыдан қабылдау мен байланысты болып келетін білім беретін мотивациясын арттыру, хабарларды өндеуге байланысты атқарылатын өзіндік жұмыстардың түрлі формаларын қолдана білу қабілетін қалыптастырумен айқындалады. Білім беру процесінде мультимедиа технологиясының жүзеге асырылуы компьютерлік жүйе мен телефон, теледидар, спутниктік байланыс құралдарын синтездеу деңгейінде телекоммуникация құралдарын пайдаланумен тығыз байланысты болып келеді. Жоғарыда атап өтілген құралдарды қолданатын комплекстер еліміздің кез келген жерін қажетті хабарлар мен жан-жақты қамтамасыз ету үшін хабарларды қабылдау тарату жүйесіне бірігулеріне әбден болады. Мұндай жағдайда компьютерлік жүйе арқылы байланыстар жасау жергілікті және әлемдік деңгейдегі текстік, графикалық хабарларды пайдаланушы адамның сұраныстарын да қанағаттандырады және мәліметтердің орталық ақпараттық банкінен оның өзіне қажетті жауаптарды алуына да мүмкіндік туғызып отырады.

Тілдерді оқытуды ақпараттандыруға байланысты зерттеулерге сүйене отырып, шет тілін қазақ топтарына оқытудағы мультимедиалық ақпараттық қорлар мен электрондық оқу құралдарының негізгі қызметтерін жіктеп көрсеттік:

1) мультимедиалық ақпараттық қорлар- оқу материалын қөрнекі түрде ұсынудың, әртүрлі ақпараттарды алудың және талдаудың құралы бола алады;

2) мультимедиалық қорларды қолдану арқылы танымдық міндеттер мен тілдік оқу жағдаяттары негізінде ойлауды дамытуға; оқу материалын меңгеруге байланысты танымдық қызметті ұйымдастыруға; білімалушылардың сөйлесім әрекетінің оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым түрлері бойынша тілдік және коммуникативтік дағдылары мен біліктерін және лексика-грамматикалық дағдыларын қалыптастырып, жетілдіруді ұтымды ұйымдастыруға болады;

3) мультимедиалық қорлар білімалушылардың өзіндік жұмысын тиімді ұйымдастыру мен басқарудың құралы бола алады. Бұл жұмыста мультимедиалық ақпараттық қорлардың аталған ерекшеліктері мен қызметтері ғылыми негізде дәйектеліп, нақты мысалдар арқылы дәлелденді [4].

Мультимедиалық оқыту өзінің икемділігімен және вариативтілігімен де тиімді: оқытуды әр түрлі формада (өз бетінше, педагогтің басшылығымен) ұйымдастырудың, тіл үйренушінің тілді меңгеру деңгейі мен жеке қызығушылықтарын, ерекшеліктерін ескере оқыту мүмкіндігі зор. Тіл үйренуші үшін ең жақсы жазылған дәстүрлі оқулықтан гөрі мультимедиалық оқу бағдарламалары мен электрондық оқу құралдары арқылы тілді меңгеру әрі қызықты, әрі ыңғайлы. Әрине, мультимедиалық оқу бағдарламаларының, электронды оқу құралдарының сапасы туралы мәселенің маңызы өте зор, сонымен бірге мультимедиалық оқыту жағдайындағы оқытушының рөлін де жоққа шығаруға болмайды. Тілді мультимедиалық оқытуда мультимедиалық оқу бағдарламаларының сапасы, олардың оқу мақсаттарына сәйкестігі, оқу үрдісінде (аудиторияда, аудиториядан тыс), сабақта мультимедиалық бағдарламаны қолданудың кезеңдерін, оқытушының рөлін анықтау мәселелері өте маңызды. Сабақта тіл үйренушілердің коммуникативтік дағдылары мен біліктерін қалыптастыру мен дамытуды компьютерге біржолата сеніп тапсыруға болмайды, сондықтан мультимедиалық оқыту жағдайында оқыту үрдісін басқару мен технологияландырудағы оқытушының жаңаша рөлі мен қызметін анықтаудың маңызы зор. Оқытушының көмегінсіз, кеңесінсіз, оқытушының оқу үрдісін коммуникативтік тұрғыда ұйымдастыра және басқара алу құзырлығынсыз қажетті коммуникативтік дағдылар мен біліктерді қалыптастыру, дамыту мүмкін емес.

Шет тілі бойынша дайындалған мультимедиалық бағдарламалардың мазмұны білім берудің мемлекеттік стандарттарына және типтік оқу бағдарламаларына сәйкес әзірленген. Оқу материалдарын құрылымдау тақырыптық-модульдік негізде құрылған, бұл білімалушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру үшін өте оңтайлы. Әрбір тақырып бойынша «Тыңдалым», «Айтылым», «Оқылым», «Жазылым», «Грамматика», «Сөздік» және «Жетістіктерді тексеру» модульдері бар [5].

Мультимедиалық бағдарламалардың негізгі ерекшелігі сөйлесім әрекетінің тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым түрлерін кешенді түрде, бір-бірімен байланыста меңгертуге бағытталғандығында. Яғни, әрбір модуль сөйлесім әрекетінің түрлерін меңгертуге байланысты берілген интерактивті жаттығулар мен тапсырмаларды қамтитын кіріктірілген кешен болып саналады. Бұл модульдер мынадай жұмыстардың түрлерін қамтиды: тыңдалым – мәтінді бейнеқатардың көмегімен есту арқылы қабылдау, түсіну; оқылым – мәтінді тікелей оқу, мәтін мазмұнының негізінде оқушының жадын, логикалық ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған жаттықтырушы жаттығуларды орындау; жазылым – сөйлемдер құрастыру, суреттер бойынша мазмұндама жазу, диктант жазу; айтылым – мәтін мазмұны бойынша берілген суреттердің атауын дыбыстау, диалогпен жұмыс, өзінің диалогын құрастыру және өз даусын таспаға жазу, т.б.

Мәтіндерді оқуда және сұрақтарға ауызша жауап бергенде, оқушының өз даусын жазуы, оны өзінің тыңдауы, диктордың – тілді тасымалдаушының сөзімен салыстыруы және лайықты қорытынды жасай білуі өте маңызды. Оқытушының да басқа білімалушыларға кедергі жасамай, белгілі бір оқушының компьютеріне қосылуға, оның іс-әрекетін бақылауға, жауабын тыңдауға немесе онымен диалогқа түсуге мүмкіндігі болады. Өз тәжірбиемде «Professor Higgins», «Tell me more», «Hello talk» сияқты мультимедиялық бағдарламаларды жиі қолданамын.

«Грамматика» модулі теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Модульдің теориялық бөлімі визуалдық құралдардың (анимациялық кестелер, суреттер, сызбалар, т.б.) көмегі арқылы ұсынылған грамматикалық ережелерден, практикалық бөлімі білімалушылардың жазу, байланыстырып сөйлеу дағдылары мен біліктерін дамытуға арналған жаттығулар кешенінен тұрады. Сабақтарда «Грамматика» модулі бойынша әр грамматикалық тақырыпқа қызықты тапсырмалар мен жаттығуларды пайдаланамын. Мысалы, бірінші курс білімалушылары «Adjectives and degrees of comparison of adjectives» тақырыбы бойынша «Write comparative and superlative form», «Tick the correct sentence in each pair», «Find out the superlative form of the given adjectives», «Compare and contrast» сияқты жаттығуларды қызығшылықпен орындады.

«Сөздік» модулі оқу материалын аудиовизуалды берудің көмегі арқылы Білім алушыларды жаңа сөздермен таныстыруға, жаңа сөздерді дұрыс айту және оларды түрлі грамматикалық құрылымдарда дұрыс қолдана білу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. «Сөздік» модулімен жұмыс жасау білімалушылардың сөздік қорын байытып, лексикалық дағдыларын дамытады.

Әрбір модульде ойын элементтерін енгізу арқылы әзірленген анимациялық жаттығулар бар. Жаттығулардың мазмұнына ойын элементтерін енгізу, оларды анимациялық түрде беру білімалушылардың мотивациялық қызығушылығын тудырып, белсенділігін арттыратындығына көзім жетті. Білімалушылардың сөздік қорын байытуға арналған «Snowball», «Stop the bus», «Snake» жаттығуларды жиі қолданамын.

«Жетістіктерді тексеру» модулінде білімалушылардың теориялық және практикалық материалдарды меңгеруінің негізінде алынған дағдылары мен біліктерін тексеру жүргізіледі. Білім алушылардың оқу жетістіктері мен нәтижелерін тексеру лексика-грамматикалық тест тапсырмаларының көмегімен және түрлі тақырыптарға шығарма, диктант жұмыстарын жазғызу арқылы жүргізіледі. Оларды оқытушы желілік технологияның көмегімен өз компьютерінде тексере алады.

Мультимедиалық оқыту бағдарламасы - білімалушылардың белгілі бір оқу тақырыптары бойынша берілген материалдарды өз бетінше және оқытушының көмегімен игеруіне негізделген. Оқу мәтінімен танысудан бастап, бағдарлама мазмұнында қамтылған барлық жұмыс түрлері интерактивті режимде орындалады.

Шет тілін мультимедиалық бағдарлама арқылы компьютерді қолданып оқытуда интерактивті режим «оқушы – компьютер», «оқушы – оқушы», «оқушы – оқытушы» диалогы негізінде іске асырылады. Интерактивті әдістердің негізінде оқу үрдісіндегі оқушы мен оқытушының және білімалушылардың өзара бірлескен қызметі іске асырылады. Оқытудың интерактивті әдістерін қолдану арқылы оқу үрдісін білімалушылардың барлығы танымдық қызмет үрдісіне тартылатындай етіп ұйымдастыруға болады, оқытуды бұлайша ұйымдастыруда ескеретін бір нәрсе – оқушының қарастырылып отырған мәселеге қатысты ой-пікірлерінің барлығы (дұрыс, бұрыстығына қарамастан) маңызды деп есептелуі тиіс.

Ғылыми зерттеулерде оқу материалын меңгерудің сапасы мен нәтижесі ақпараттарды алудың тәсілдері мен оқушының белсенділігінің деңгейіне тікелей байланысты екендігі айтылып жүр: оқу үрдісінде оқушы оқыған материалының 10% -ын, естігенінің 20% -ын, көргенінің 30% -ын, ал өзі жасағанының 90% -ын меңгереді екен. Қазіргі заманғы мультимедианың орасан зор мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану нәтижесінде оқыту үрдісінде қажетті ақпараттарды осы айтылған тәсілдердің барлығы арқылы бір мезетте алуға болады.

Бағдарламадағы мәтін мазмұнымен танысудағы оқушы мен компьютердің өзара интерактивті әрекеті аудиолық, визуалдық, сөздік, аралас көрнекілік әдістері арқылы жүзеге асады. Лексикалық, грамматикалық ұғымдарды меңгертуде, грамматикалық дағдылар мен біліктерді қалыптастырып, дамытуда көрнекілік әдісі түрлі графикалық көрнекіліктер – анимациялық кестелер, сызбалар – түрінде қолданылған.

Мультимедиалық бағдарламада қызығушылықты туғызудың негізгі әдістері ретінде көрнекілік әдісі (аудиолық көрнекілік, визуалдық көрнекілік), анимация, интерактивті жаттығулар қолданылған [8].

Мультимедиалық бағдарламамен жұмыс жасау барысындағы (өз бетінше жаңа білімді меңгерудегі, бекітудегі, бақылау-бағалаудағы) оқушы мен компьютердің, оқытушы мен оқушының өзара әрекетін ұйымдастыруға негізделген оқытудың интерактивті әдістері оқушының танымдық қызметін ұйымдастыруда, қызығушылығын туғызуда, сөйлесім әрекетінің тыңдалым,айтылым, оқылым, жазылым түрлерін меңгертуде, сөйлесім мен тілдесім әрекеттері үшін қажетті тілдік және коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруда өте маңызды қызмет атқарады.

Тыңдалымдық біліктер білімалушылардың есту арқылы қабылдаған ақпаратын (хабарды) түсінуін, ойша қорыта білуін, талдап, жіктей алуын, өзінің жауап әрекетін құра білуін қамтамасыз етеді. Сабақтың мультимедиалық бағдарламасыз өткізілетін кезеңінде білімалушылардың тыңдалымдық біліктерін дамытуды ұйымдастыру үшін мынадай әдіс-тәсілдер қолданылды: оқытуды ұйымдастырудың ұжымдық (топтық, жұптық) әдісі, ақпаратты берудің аудиолық әдісі, көрнекілік әдісі, диалог әдісі, полилог, т.б. Бұл кезеңдегі білімалушыларға тыңдауға ұсынылатын мәтін мультимедиалық бағдарламадағы мәтінге байланысты таңдалып алынды және ол диалогтық сипатта болып, аудиотаспадан тыңдатылды. Бұдан соң, тілдік серіктестер топтарына (жұптарына) тыңдалған мәтінді түсініп-қабылдауға байланысты орындалатын жұмыстар түрлендіріліп берілді. Жұмысты білімалушылар топта (жұпта) өзара ақылдаса, ойласа отырып орындады. Жұмысты бұлайша орындау арқылы білімалушылар, біріншіден, бір-бірімен өзара әрекет етіп, коммуникативтік қарым-қатынасқа түседі; екіншіден, бірінің білмегенін бірі толықтыра отырып, бір-бірінен үйренеді; үшіншіден, топтасып, ұжымдасып жұмыс жасауға үйренеді. Топтағы (жұптағы) жұмыс барысында берілген мәтін мазмұнын талдау, саралау, жіктеу негізінде ойлау операциялары орындалып, нәтижесінде мәтін мазмұнын түсініп-қабылдау жүзеге асырылады.

Айтылымдықжәне оқылымдық біліктерді дамыту үшін «жұптағы диалог», «топтағы дилог» әдістері қолданылды. Жұмысты «жұптағы диалог» әдісі арқылы жүргізу үшін топтағы білімалушылар бірнеше жұптарға бөлінді. Әр жұпқа жеке қысқаша мәтін бір парақ қағаз түрінде берілді. Жұптағы білімалушылар мәтінді оқиды да, берілген тапсырма бойынша мәтін мазмұнына байланысты бірнеше үнқатымдардан тұратын диалог мәтінін құрастырып, оны өздері оқиды. «Топтағы диалог» әдісі арқылы да осындай жұмыс түрін ұйымдастыруға болады.

Жазылымдық біліктерді дамыту үшін, мысалы, мультимедиалық бағдарламада берілген мәтіннен алынған үзінділер (сөйлемдер) орфографиялық қателермен бір парақ қағазға жазылып, топтарға таратылып беріледі. білімалушылар топта ақылдаса отырып, берілген сөйлемдердегі қателерді тауып, сөйлемді қайта қатесіз жазады. Тапсырманы топта ақылдасып, орындау барысында олардың тілдесім әрекеті де жүзеге асады.

Білімалушылардың тілдік серіктестер ұжымындағы өзара әрекетін коммуникативтік қарым-қатынас негізінде интерактивті әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып ұйымдастырған жағдайда білімалушылардың тыңдалымдық, айтылымдық, оқылымдық, жазылымдық және лексика-грамматикалық біліктерін тілдесім әрекетімен байланыста нәтижелі дамытуға болатындығына көз жеткіздік.



Сонымен, компьютерлік оқыту технологияларын пайдалана отырып, қазіргі таңда оқыту үрдісінде білім, білік, машықты қалыптастырып, ғылыми негізде білім беру үшін жаңа инновациялық технологияларды меңгерту, оны сабақтарға енгізу педагогтар алдындағы өзекті мәселе екені анық. Осы орайда, егеменді еліміздің білім беру саласындағы стратегиялық мақсатын басшылыққа ала отырып, жан дүниесі таза, рухани байлығы мол, ой-өрісі жоғары деңгейде, шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық дарын тұлғаны тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстанмектептеріндегішетелтілдері/Иностранные языки в школах Казахстана. Наурыз – Сәуір. №2(50)/2010 ж. 3-5 бет.

  2. http://ru.wikipedia.org/

  3. Мұқанбетова Ш.Т. Тұлғалықбағдарлыоқытудышағынтоптаұйымдастыру// «Актуальные вопросы педагогического образования в условиях реализации компетентностного подхода» аттыреспубликалықғылыми-практикалықконференцияныңматериалдаржинағы. Орал, 2007 ж. – 134-136 бб.

  4. Мектептегі шет тілі №3/2006 ж. 41 бет.

  5. Шамшырақова Г. «Ағылшын тілін оқытудың құрылымы», 12-бет, Кәсіптік мектеп, №3, 2007 ж.

  6. Гальскова Н.Д., Гез Н.И. Теория обучения иностранным языкам. Лингводидактика и методика. Издательство: Академия,  2006. С.  335

  7. JohnsonL. InternetOptionsintheClassroom.//www.clta.Net/lessons/class.html.

  8. Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: Учеб.пособие для студ. пед. вузов и системы повыш. квалиф. пед. кадров - М.: Издательский центр "Академия", 2002. - 272 с.


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
ткізу туралы
республикасы білім
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
бойынша жиынты
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
Мектепке дейінгі
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
жалпы білім
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
білім беруді
разрядты спортшы
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...