Шәкәрім Құдайбердіұлы



жүктеу 74.21 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі74.21 Kb.
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.

Жеті жасында әкесінен жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазады: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм Алланың берген ақылы да бүл қазақтан белек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, азғана ғылымның сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол адамдар өмірін жақсартуға тырысқан ғалымдарды мысалға келтіреді. Олардың кейбіреулері адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Ал, біреулер оку-біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзеледі деді. Біреулері бай, кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі — тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін жаратылыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған. Шәкәрімнің өзі бұл идеялардың ешқайсысы адам жаратылысын өзгерте алмайтынына сенімді болды.

Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11-де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.

Шәкәрім бес жасында оқуға беріліп, екі жылдай оқиды. Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: «қажы марқұм мені „жетім“ деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім» деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады.

Оның ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады, «молда сабағынан» басқа орысша үйренеді. Былайғы өмірін ғылым білім қуумен қатар, домбыра тарту, гармоньда ойнау, ән салу, саятшылық құру, сурет салу, т.б. өнерлерге арнайды. Оның өнеге көрген ортасы Құнанбай ауылының зиялы тобы, ұлы Абайдың тағылымы болды. Ол жас Шәкәрімнің азамат және ақын ретінде қалыптасуына ерекше әсер етеді. Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар оқуға машықтанған Шәкәрім ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өседі. Ақындық өнерін де таныта бастайды

Шығармалары

Құдайбердіұлының қаламынан терең ойлы, сыршыл лирик. өлеңдер, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» сияқты оқиғалы дастандар, «Әділ-Мәрия» романы жөне басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. 1911 ж. «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі»1912 ж. Семей қаласындағы «Жәрдем» баспасынан «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Жолсыз жаза яки кез болған іс», «Енлік-Кебек», «Үшанық», «Мұсылмандық шарты», «Ләйлі-Мәжнүн» т. б. шығармалары жарық көрді. 1978 жылы Ленинградта шыққан «Поэты Казахстана» деген жинақта Құдайбердіұлының бірқатар өлеңдері орыс тілінде басылды. Үлкен жинағы 1988 ж. «Жалын» баспасынан жарық көрді.



Еңлік-Кебек (пьесасы) - Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың трагедия жанрында жазған шығармасы[1]. Шығарма 1922 жылы жазылды және 1943 жылы жаңа нұсқасымен жарық көрді. Еңлік Кебек пьесасын жазған кезде М.Әуезов 21 жаста болатын.

Тарихы


Еңлік пен Кебек оқиғасы туралы мәлімет баспасөз бетінде 1892 жылы «Дала уалаяты газетінде» «Қазақтың естерінен кетпей жүрген бір сөз» деген атпен жарияланды.

Кейіннен 1900 жылы тағы да осы газетте «Қазақ турасынан хикая» деген атпен шықты.

Мағауия Абайұлы да «Еңлік-Кебек» дастанын жазған.

"Еңлік – Кебек" оқиғасының сюжетіне Шәкәрім ақын поэма арнаған. "Еңлік-Кебек» поэмасы Абайдың көзі тірісінде, оның ақылымен жазылған. Оқиғаны Абай шәкірттеріне айтып беріп, поэма етіп жазуды ұсынады. Шығарманың негізгі арқауы махаббат трагедиясы болғанмен, Шәкәрім замана кейпін нақтылау, оқиғаның ескі күндерде өткенін, ендігі жерде ел арасында мұндай келеңсіз істер болмауға тиісін дәлелдей түсу үшін хикаяның өмірлік фонына айрықша мән беріп, шағын көлемді тарихи ақпар жасайды. Дастанның кіріспесі ел-жұрттың бұл жерге келу тарихына барлау іспетті. Ақын осы тарихи процесс үстіндегі нақты жағдайларды тәптіштеп баяндайды.

М. Әуезов: «Шыңғыстың бұрынғы иесі матай болады. Сол матайды Кеңгірбай тұсында тобықты ру басылары алғаш ірге тепкен жерінен тайдырмақ болады. Бұның арты шабуылға ұласады. «Еңлік-Кебек» оқиғасы дәл осы алғашқы талас-тартыстың кезін көрсетуші еді», -деп түсініктеме береді.

Қысқаша мазмұны

«Еңлік-Кебек» – екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма. Еңлік пен Кебек туралы хикаялар оқиға болған 18 ғасырдан бастап ел арасына кең тараған. Алғашқы жазба дерек 1892 жылы «Дала уалаяты» газетінің отыз бірінші және отыз тоғызыншы сандарында жарияланған «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» деген мақалада келтіріледі. Бүгінгі күнде жыр түрінде жеткен «Еңлік – Кебек» дастанының екі нұсқасы белгілі. Оның біріншісі – 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан жеке кітап болып жарық көрген, Абай ұсынған тақырып бойынша Шәкәрім жазған «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деген шығарма да, екіншісі – Мағауия Абайұлы жазған «Еңлік – Кебек» дастаны. Шәкәрім нұсқасы 1988 жылы қайта жарық көрді. Бұл поэма 652 жолдан тұрады. Мұхтар Әуезовтің жеке кітапханасында сақталған Мағауия Абайұлы дастанын 1941 жылы Қайым Мұқаметханов баспаға әзірлеген. Бұл қолжазба тек 1960 жылы баспадан шығарылған «Дастандар» деген жинақта алғаш рет жарияланды. Жазушы Әуезов осы дастанның арқауымен осы аттас трагедия жазды. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дастан кейіпкерлері Еңлік пен Кебекке ескерткіш орнатылған. Құрылысқа жергілікті халық шеберлері өңдеген қызыл, күрең және ақшыл сұр түсті гранит, цемент, құм, алебастр, әк, жоса пайдаланылған. Ескерткіш қойылған тау басындағы ескі зираттың үсті тегістеліп, алаң айналасы жалпақ тақтатастармен көмкеріліп, ал оның үстіне әр жерден орнатылған аласа сынтастар арасына жуан шынжыр арқанды бостау кермелеп қоршау жасалған. Төрткіл алаңның ортасынан 4 қабырғалы күмбез-тұғыр соғылып, оның үстіне орнатқан биікт. 6 метрлік мұнара мен күмбез түйісетін дөдегені керегекөз өрнекпен әшекейлеген. Күмбездің 4 жағында шығыстық мәнермен ойып шығарылған 4 арка бар. Олардың маңдайшасында “Еңлік — Кебек” деген егіз есім әсемдеп жазылған. Ескерткіштен батысқа қарай 8 —9 км жерде 1917 жылы 7 маусымда М.Әуезовтің “Еңлік — Кебек пьесасы осы арада алғаш рет киіз үй сахнасында қойылды” деп жазылған тағы бір ескерткіш бар.[1]

Кейіпкерлері



  • Абыз – Cәуегей қария. Құрметті шал. 80 жаста.

  • Таңшолпан – Абыздың әйелі, білімді, ел анасы болғандай ақкөңіл кемпір. 65 жаста.

  • Ақан, Қалампыр – Меймандос кәриялар, момын.

  • Еңлік – Ақанның қызы. Ашық, өжет, адуын, еркек мінезді, 20 жаста.

  • Кебек – Тобықтының атақты батырының бірі. 28 жаста.

  • Кеңгірбай – (Қабекең) Тобықтының қабырғалы, айдынды биі. Ел ішінде өте қадірлі, сөзі қабыл болатын дуалы ауыз. 60 жаста.

  • Көбей – Қабекең мен елдің арасындағы сөзді алып жүретін, пысық, жүйрік би. Қабекеңнің жұмбақтап айтатын сөздерін тез шешетіндіктен Көмей би деп атанған. 45 жаста.

  • Матақ, Кембай – Көбейден соңғы елдің басты адамдары.

  • Есен – Найманның батыры.

  • Жомарт, Еспембет – Найманның елшілері. Айтқан сөзінен қайтпайтын, қатты адамдар, жалғыз жуастауы Жомарт.

  • Қосдәулет – Дадан Тобықтының басты кісісі.

  • Қараменде – Дадан Тобықтының биі, ақ жүрек, ел қамқоры болған әділ, таза би. 75 жаста

  • Жапал – Ақанның малшы баласы.

  • Жәуетей – Кебектің жолдасы.


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет