Шекербекова Ш. Т., Бейсенбек Н. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сынып оқушыларына «АҚпараттық технологиялар» БӨлімін оқыту



жүктеу 90.1 Kb.
Дата29.04.2017
өлшемі90.1 Kb.
ӘОК

Шекербекова Ш.Т., Бейсенбек Н.
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА «АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» БӨЛІМІН ОҚЫТУ
(Алматы қ., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті)
Андатпа: Мақалада жалпы білім беретін мектепте информатиканы оқыту мәселесі қарастырылады. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы жоғары сынып оқушыларына «Ақпараттық технологиялар» бөлімін оқытудың әдістері келтіріледі. «Ақпараттық технологиялар» бөлімін оқытудың мазмұнына тоқталып, осы бөлімді оқыту барысында оқыту әдістерінің ішіндегі жобалау әдісі пайдаланылды. Мақалада осы бөлімді оқытуда жобалау әдісін қолдану мүмкіндіктері көрсетілді.

Түйін сөздер: информатика, ақпараттық технологиялар, жаратылыстану-математикалық бағыт, кәсіби бағыттылық, жобалау әдісі.
Аннотация: В статье рассматривается вопрос о методики преподавания информатики в общеобразовательной средней школе. Приводиться методы обучения раздела «Информационные технологии» школьникам старших классах в естественно-математического направлениях общеобразовательной средней школы. Рассмотрена содержание обучени раздела «Информационные технологии», и в обучения этого раздела используется из методов обучения метод проектирования. Показана возможность использования метода проектирования в обучение в данного раздела.

Ключевые слова: информатика, информационные технологии, естественно-математического направления, профессиональная ориентация, метод проектирования.
Abstract: The article discusses the methodology of teaching computer science in secondary school. Drive training methods section "Information Technology" high school students in the natural sciences and mathematics directions secondary school. We consider the content of the training section "Information Technology", and training in this section is used method of teaching design method. The possibility of using the design method in training in this section.

Keywords: computer science, information technology, natural and mathematical sciences, professional orientation, the design method.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2050» стратегиясында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Бүкіл ел бойынша ғылыми-зерттеушілік және қолданбалы білім берудің өңірлік мамандықтарды ескеретін мамандандырылған оқу орындары жүйесін құру, ... кәсіпкерлікке бағдарланған оқу бағдарламаларын, білім беру курстарын құру» деп көрсетілгендей қазіргі таңда мектепке білім беру мен тәрбиелеудің сапасын арттыру, ғылымның негіздерін нақты меңгеру, әрбір пәнді жоғары ғылыми деңгейде кәсіби бағытта оқыту міндеттері қойылады.

Білім беруді жаңарту жаңа типті мектептер моделін дайындауды, жаңа оқулықтар мен оқыту бағдарламасын, тапсырмалар жүйесін, информатика курсын оқытуда жаңа әдістерді қолдануды қажет етеді. Мектептерді жаңа деңгейге көтеру, информатиканы оқытудың нәтижелерін оқытуды дербестендіру жолымен арттыру, жоғары сынып оқушыларына жаратылыстану-математика бағытында тереңірек оқытуды қажет етеді.

Информатика деңгейі және мазмұны жағынан да саралап оқыту міндеттерін толықтай және тиімді жүзеге асыруға арналған оқу пәндеріне жататындықтан, қазіргі мектептерде жоғары сынып оқушыларына информатиканы математика-жаратылыстану бағытында оқыту әдістемісін жетілдіру қажеттілігі белгілі. Соның ішінде, ақпараттық технологиялар мазмұндық желісі, ақпараттық қоғам дамуына байланысты жиі толықтырылып отыратындықтан, осы мазмұндық желіні оқытуда оқытуды дербестендіру, тұлғаға-бағдарланған тәсілді жүзеге асыруға жағдай туғызу арқылы оқыту әдістемесін жетілдіруді кеңінен қарастыру керек.

Жоғарыда айтылған ойларды қорытындылай келе, жаратылыстану-математикалық бағытында информатиканың «ақпараттық технологиялар» мазмұндық желісінің мазмұны мен құралдарын ерекшелеу қажеттілігі туындайды [1,2].

Жаратылыстану-математикалық бағытты түсіндіру үшін, алдымен кәсіби бағыттылық ұғымына тоқталсақ.

Кәсіби бағыттылық – бұл жастарды сәйкесінше тұлғалық бейімділіктерімен, қызығушылықтарымен, қабілеттерімен және арнайы мамандықтағы және әртүрлі деңгейдегі біліктіліктегі кадрларға біруақыттағы қоғамдық қажеттіліктермен сәйкесінше мамандықты таңдауға дайындау бойынша мақсатқа бағытталған іс-әрекет

Жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағыттылығын қалыптастыруда саралау (дифференциациялау) идеясының оқу үдерісінде ерекше мәні болатыны түсінікті. Осы саралау бойынша әрбір оқушы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың минимальді деңгейін игереді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағыттылығын қалыптастыру қалыптастыру үшін, біріншіден, тиянақты жоғары білім негізімен, екіншіден, аталған технологияны болашақ мамандығына сәйкес бағытта қиналмай қолдана алатындай білім жүйесімен қамтамасыз ету керек.

Жаратылыстану-математикалык бағыт үшін «Информатика» пәнін игеруде информатиканың алгоритмдер мен программалау, ақпараттық технологиялар, акпараттандыру құралдары бөлімдері техникалық және жаратылыстану-ғылыми қызмет саласында қолдану мүмкіндіктерін ашуға бағытталып қарастырылады [3].

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сыныптарда «Информатика» пәні мазмұнының негізі ретінде келесі аспектілер алынады:


  1. іргелі ғылым ретінде информатиканың қазіргі жағдайының мектеп курсына сәйкес бейнеленуі;

  2. «ақпараттық технология» ұғымы арқылы оқыту мазмұнын сабақ- тастыру негізінде информатиканың ғылыми пән ретіндегі мәнін көрсету;

  3. оқу материалын адамгершілік, ізгіліктілік, патриоттық және т.б. тәрбиелік құндылықтармен байыту;

  4. оқушылардың ойлауын қалыптастыру және дамыту, оларға шектен тыс ақпараттар ағымымен қаруландыруға мүмкіндік бермеу;

  5. ақпаратпен тиімді жұмыс істеу әдістеріне үйрету;

  6. информатика курсының пәнішілік және пәнаралық байланыс- тарын белсенді түрде қолдану;

  7. тәжірибеде қалыптастырылған білім мен біліктіліктерді жал пылай қолдану тәсілдеріне үйрету.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сыныптар оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын аталған талаптар негізінде бұл пәннің мазмұны анықталады. Соның ішінде зерттеу тақырыбымызға байланысты «Ақпараттық технологиялар» бөлімінің мазмұны: 3D модельдеу және анимация. Виртуалдылық шынайы әлемді танып-білу тәсілдерінің бірі. 3D кеңістігінің бағдарына кіріспе, орнын ауыстыру және өзгерту; Программа интерфейсі, нысандар; Программадағы бульдік операция; Модификаторлар. Mirror - айналық бейнелеу; Blender-дегі текстура. Blender-дегі материалдар және т.б. тұрады.

Зерттеу тақырыбымызға байланысты жаратылыстану-математикалық бағыттағы информатиканы оқыту барысы қарастырылды. Информатика сабағын әртүрлі әдістерді, технологияларды жаңаша оқыту тәсілдерін қолданып жүргізу келтірілді. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес жаратылыстану-математикалық бағытындағы информатиканың 10-сыныптағы «Ақпараттық технологиялар» бөлімін оқып-меңгеру әдістемесі ұсынылды. «Ақпараттық технологиялар» тарауын оқыту үшін «Информатиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша алған білім, білік дағдыларымызды, орындаған өздік жұмысымыздағы тұжырымдарымызды, ой-пікірлерімізді саралау нәтижесінде оқыту әдістерінің ішіндегі тиімдісі жобалау әдісі екендігі туралы білімімізді пайдаландық.

Оқыту үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарының енгізілуіне байланысты бүгінгі таңда әлемдік және педагогикалық практика дәлелдеп отырғандай бірнеше әдістердің ішіндегі ең тиімді әдіс жобалау әдісі болып табылады. Жобалау әдісі – бұл кешенді оқу әдісі, ол оқу үдерісін дараландыру, оқушыға өздігінен жоспарлауды ұйымдастыру және іс-әрекетін бақылауға, оқу тапсырмаларын шығармашылық бағытта орындауға мүмкіндік береді, білім беру үдерісінің құрылымын оқушының мақсатқа бағытталған іс-әрекеті арқылы жеке қызығушылығы және мақсатымен үйлестіре отырып, басқаша ұйымдастыруды қажет етеді. Оқытудағы мұндай әдістің маңыздылығы әрбір оқушы үшін өзінің қарқыны мен іс-әрекет тәсіліне байланысты жұмыс істеуге мүмкіндік беретіндігінде болып табылады. Бұдан жобалау әдісі оқу үдерісінде оқушының қызығушылығын дамытуға, шығармашылық ізденіс жұмыстарын жасауға ынталандыруға, өздігінен зерттеу жұмыстарын жүргізуге, ақпараттарды түрлендіруге, белсенділігін арттыруға, ұжымдық еңбегін ұйымдастыруға, біліктілігі мен дағдысын дамытуды жоспарлауға және т.б. әрекеттерді қалыптастыруға баулиды деп тұжырымдаймыз. Оның ерекшелігі оқушылардың іс-әрекеті бойынша (практикалық-бағытталған, зерттеушілік, ақпараттық, шығармашылық, рөлдік жобалар) жобалау әрекетінің нәтижесін анықтайтын (әлеуметтік маңызды проблемаларды шешу, эксперимент, мақалалар, кез-келген әрекеттің сценарийі, ойындар және т.б.) әрекеттердің қолдынылуда. Жобалау әдісі бойынша қойылған проблеманы шешу жоспарлаудан басталады. Алға қойылған мақсатқа сәйкес әрбір жоба оқушылардың зерттеушілік жұмысын қажет етеді. Жобалау әрекетінің тағы бір ерекшелігі, жобалау тобының қатысушыларымен өңделетін, түсіндірілетін және көрсетілетін – ақпаратты іздеудеу болып табылады. Бұл кез келген мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіне байланысты орындалады.

Жобалау әдісі арқылы информатика пәнін меңгертудің ережесі бойынша тақырып (жобалық) оқу бағдарламасына сәйкес болуы керек және ол оқушының қызығушылығын тудыруы қажет; оқытушының рөлі өзгереді, ол тек қана ұйымдастырушы әрі кеңесші болуы тиіс; жобалай оқытудың өн бойында іздену әрекеті, зерттеу әрекеті, талдау және жинақтау әрекеті ұйымдастырылады.

Осындай тұжырымдарымызға сәйкес «3D max модификаторлары» тақырыбын жобалау әдісі арқылы оқытудың әдістемелік нұсқауынан үзінді ұсынамыз.

Жоба тақырыбы: «3D max модификаторлары»

Жоба мақсаты:

Білімділік:

- оқушыларға 3D max модификаторлары бойынша ұғым қалыптастыру;

- оқушыларды 3D max модификаторлары жобаларын дайындауға үйрету.

Дамытушылық:

- оқушыларды жұмыстың жеке жоспарларын құруға үйрету;

- оқушыларды өз жұмыстарын жазбаша және ауызша көрсете білуге үйрету;

- шығармашылық ойлауын дамыту;

- өз бетінше жұмыс дағдыларын дамыту;

- ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту (ақпаратты құрылымдау, ақпаратты талдау, ең бастысын ерекшелеу, ақпаратты әртүрлі формаларды көрсету).



Тәрбиелік:

- жауапкершілік сезімін дамыту;

- табысқа жетуге ұмтылысын және өз бетімен жетілуге тілегін дамыту;

- оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту;

- өз Отанының тарихына, тұратын қаласына, отбасына, мектебіне, сыныбына сүйіспеншілігін көрсету.

Құрал-жабдықтар: компьютер, жеке практикалық тапсырмалар, мультимедиялық құралдар, «Информатика» курсы бойынша дәріс конспектілері, дидактикалық материалдар.

«3D max модификаторлары» тақырыбы бойынша жобаға қойылатын талаптар:

- ұсынылған 3D max модификаторлары жобасы гиперсілтемелермен біріктірілген 5 беттен кем болмауы;

- беттерде суреттер, кестелер, тізімдер қамтылуы;

- Blender немесе 3 D max программалық құралдарының көмегімен жасалуы;

- сәйкесінше талаптарға сәйкес безендірілген түсінік хатпен сүйемелденуі тиіс.

Ұсынылатын жоба тақырыптары: Гантель моделі; Доп моделі; Штангі моделі.

Жобалар әдісі практикалық немесе теориялық бір мәселені бастан аяқ қарастырып шығатын жобаның түпкі идеясын жүзеге асырады, нәтижеге қол жеткізу орындалады. Жоба жасағанда оқушы ақпаратты өз бетімен іздеп-тауып, түсініп, өзі жаңа идеялар туғыза алады.

Қазіргі таңдағы адам ақпарат саласында қарқынды өрлеу жағдайында өсуде. Осы орайда мектеп алдында тұрған мақсат - оқушыларды өмір жолында туындайтын сұрақтарға жауаптарды өз бетімен табуға үйрету, өздерінің іс-әрекеттерінің салдарын бағалап, олар үшін жауапкершілікті ала білу, мұның өзі өмір барысында жиналатын білімнің негізі болатын өзін-өзі оқыту мен дамыту дағдыларын алуды, осы білімін шығармашылық күйде қолдана білуге бейімдейді. Мектеп осы жағдайларда өз оқушыларының бойында жинақылық, серпінділік, сындарлылық қасиеттерін дамыта отырып, заман өзгерістеріне әзірлеуі тиіс.

Қорыта айтқанда, информатика пәнін жобалау әдісі негізінде меңгерту, біріншіден, білім сапасының көтерілуіне жол ашса, екіншіден, оқушының жеке тұлғалық қабілеттерін заманауи талаптарға сай дамытуға кепілдік береді; үшіншіден, оқу үдерісінің оқушы үшін мәнін танытып, олардың оқу мотивацияларын дамытады; төртіншіден, оқыту үдерісінің үш мақсатын – білімдік, тәрбиелік, дамытушылық – қатар орындаудың шарты болып саналады; бесіншіден, қоғам талабы мен оқушы мүддесінің толық үйлесімде дамуына тірек болады да, игерілген білім құзыреттілікке ауысады.

Әдебиеттер


1. Лапчик М.П. и др. Методика преподавания информатики. Учебное пособие. М., 2001 г.

2. Қойбағарова Т.Қ., Ельтинова Р.А. Информатиканы оқыту әдістемесі: Оқу құралы. І-ІІ-бөлім. Павлодар: ПМПИ, 2012. – І-бөлім. 195 бет. ІІ -бөлім. 214 бет.



3. Шекербекова Ш.Т., Бейсенбек Н. Мектеп информатика курсында ақпараттық технологиялар бөлімін оқытуға әдістемелік ұсыныстар. Материалы ежегодной IV Республиканской научно-практической конференции молодых ученых на тему «Конкурентноспособный учитель как основополагающее звено мирового информационного образовательного пространства». Алматы.-57—60.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет