Шартты банк салымын ашу – Қазақстан Республикасының бейрезиденті



жүктеу 30.77 Kb.
Дата10.04.2017
өлшемі30.77 Kb.
Шартты банк салымын ашу Қазақстан Республикасының бейрезиденті

(Жер қойнауын пайдаланушының салымы, Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған салым,

Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қоры,

Бейрезиденттің салық бойынша шартты салымы)

жинақ ақша шоты


  1. Банк шотын ашуға өтініш (бланк Банкпен беріледі);

  2. Нотариалды куәландырылған немесе Банктің уәкілетті қызметкерімен куәландырылған Қолтаңбалар және мөр бедерінің үлгілері бар құжат, 2 (екі) дана (клиентте болмаған жағдайда мөрдің бедерін қою талап етілмейді) (бланк Банкпен беріледі);

  3. Банк операцияларын іске асыру кезінде, Қолтаңбалар және мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес, Құжаттарға қол қоюға уәкілетті тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттар

  4. Заңды тұлғаның жарғысымен белгіленген, уәкілетті органның бірінші басшы қызметіне тағайындау туралы шешімі (бірінші басшының мөрімен (бар болған жағдайда) және қолтаңбасымен бекітілген);

  5. Банк операцияларын іске асыру кезінде, Қолтаңбалар және мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес, төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тағайындау (сайлау) туралы құжат (бірінші басшының мөрімен (бар болған жағдайда) және қолтаңбасымен бекітілген);

  6. Клиенттің банк шотын жүргізумен байланысты (банк шотындағы ақшаны басқару) операцияларды іске асыру барысында, Қолтаңбалар және мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес, төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаға (тұлғаларға) бірінші/екінші қол қою құқығын беру туралы сенімхат (апостильденген/заңдастырылған);

  7. Бейрезиденттің салық төлеуші ретінде тіркелуі туралы тіркеу куәлігі;

  8. Сауда тізілімінен үзінді көшірме немесе бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеген орган туралы ақпаратты қамтитын ұқсас сипаттағы басқа құжат, тіркеу нөмірін, тіркелген күнін және орнын көрсете отырып;

  9. Мемлекеттік және орыс тілдерінде орындалған филиал/өкілдік туралы ереже (заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері үшін);

  10. Заңды тұлғаның Филиал немесе өкілдік басшысына берген сенімхаты;

  11. Заңды тұлға филиалының (өкілдгінің), есепке алу тіркеуінен (қайта тіркелуінен) өту фактісін растайтын есепке алу тіркеуі туралы анықтама (заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін);

  12. Жер қойнауын пайдаланушының Шарты/Келісімшарты (жер қойнауын пайдаланушынң шартты салымы үшін);

  13. Кепілдік жарнасы төленетін компания жұмысшысының жеке басын куәландыратын құжат (шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған шартты салым үшін);

  14. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған полигонды жою жобасы (Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорының шартты салымы үшін);

  15. Бейрезиденттің оның резидент болып табылатын еліндегі салықтық тіркеуін қамтитын құжат (бейрезиденттің салық бойынша шартты салымы үшін);

  16. Клиенттің сауалнамасы (бланк Банкпен беріледі).


Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» заңы аясында Клиентті тиісті тексеруге қажетті құжаттар тізімі

  1. Құрылтайшылық құжаттар;

  2. Заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайын куәландыратын құжат (Жалгерлік шарт және т.б.);

  3. Заңды тұлғаның құрылтайшыларының, бенефициарлық меншіктенушінің жеке басын куәландыратын құжаттар (Акционерлік қоғамдардың құжаттарын, сондай-ақ шаруашылық серіктестік қатысушылары тізілімін бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестік құрылтайшыларының құжаттарын қоспағанда);

  4. Клиенттің бенефициарлық меншіктенушісін анықтау мақсатында акция ұстаушылар тізілімі/шаруашылық серіктестік қатысушыларының тізілімі;


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет