Шакенова Медина Еренгаиповна Бастауыш сынып мұғалімі Өскемен қаласы әкімдігінің



Дата15.05.2017
өлшемі21 Kb.
Шакенова Медина Еренгаиповна

Бастауыш сынып

мұғалімі Өскемен қаласы әкімдігінің

«№26 орта мектебі» КММ

Әдістемелік көмек.

Әдебиеттік оқу.

Сабақтың тақырыбы: «Мейірім» Сапарғали Бегалин
Мақсаты: Оқушыларға Сапарғали Бегалин жайында мәлімет бере отырып, оқу дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге үйрету; сөздік қорларын, тіл байлығын дамыту, мейрімділікке тәрбиелеу.

Түрі: біріккен сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену, талдау

Көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақ,үлестірмелі қима қағаздар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін,

назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Абай кім? Ол туралы не білесің? Абайдың Әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма? деген сұрағына Әбіш не деп жауап берді? Оған Абай не деп жауап берді? Саған кімнің жауабы ұнады?
ІІІ. Өткенді пысықтау: 1.үлестірмелі қималар арқылы қорыту. 2. Өзің осы сұраққа қалай жауап берер едің? Абай жолы романы арқылы ұлы Абайды әлемге танытқан кемеңгер жазушы кім? (М. Әуезов)

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Ү. Жаңа сабақ: 1.Кіріспе. Сөзжұмбақты шеш, мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қой. «Шоқан» (шамдай, ортақ,ақыл, мақтанба, ойнаған). Берілген мақал-мәтелдерге ортақ тақырып ойла. Шоқан туралы не білесіңдер? ( Ш. Уәлиханов-ғалым, саяхатшы. 1835-1865. Таза пікірлі, ақ жүрек, ұлтын сүюші адам. Қазақ халқының сөзін сөйлеп, халқының тұрмысын, тарихын зерттеген)

2. Оқулықпен жұмыс. Суреттер топтамасын пайдаланып Сапарғали Бегалин туралы әңгімелеу. ( Сапарғали Бегалин- балалар жазушысы,1895-1983. «Шоқан асулары, Сәтжан және әңгімелер топтамасы т.б. кітаптар жазған. Алматы қаласындағы С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы бар.)» Мәтінді түсініп, іштей, тізбектей оқу. Сөздік жұмыс.( Күзек, жылқының беті, шалғын, ожар.)


ҮІ.Жаңа сабақты пысықтау: Теріп оқу.) Шыңғыстың егіншілерге берген төлемі жөнінде айтылған тұсты тауып оқы. Осы жағдайға өз көзқарасыңды айт. б) Ұлттық әдеп туралы айтылған жолдарын тауып оқып,есіңе сақта. (Қазақта бір қағида бар ғой – аға алдынан шықпайтын). Әр бөлімге ат қой. ( Жылқышылардың озбырлығы. Шоқанның арашаға түсуі. Шыңғыс сұлтанның шешімі. т.б. өз еріктеріңмен)

Дәптермен жұмыс. Жер қорушының берген батасын тауып, дәптеріңе жаз. (Алдияр тақсыр, мәртебеңіз өсе берсін. Төре балаңыздың әмсе жолы болсын, тәңірісі пана болсын.)

ҮІІ. Қорыту: Әңгіме кім туралы? Олар қайда барды ? Не көрді? Өрескел, өктемдік, содырлық сөздеріне мағыналас қатарын тауып көр. Шоқан жайлы сипаттап әңгімеле.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Оқу, мазмұны.

Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет