Ш. И. Джанзакова педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі

Loading...


Дата07.06.2017
өлшемі31 Kb.
БОЛАШАҚ МАМАН ДАЙЫНДАУДАҒЫ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Ш.И.Джанзакова

педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің

педагогика кафедрасының меңгерушісі
«Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жолдауы да тұлғаның рухани – адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға аса мән береді. Жолдауда ұлы бабаларымыз салған сара жолды жалғастырушы халық екенімізді, «Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз. Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтерміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты. Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол тәуелсіз Қазақстан. Біз болашақта көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын!», - деген ғибрат сөзі рухы күшті ұрпақты қалыптастырудың тұғырнамасы іспетті қабылданады. Осыған байланысты рухани дамуды қамтамасыз ететін басты факторлардың бірі білім беру жүйесі Қазақстан халқының тарихи өткені мен бүгінгі өміріндегі бүкіл мәдени байлықты пайдалануды ұйымдастырып, ұлттық тарихи бірлікті нығайтуға өз үлесін қосуда. Қазіргі уақытта баспасөз бетінде ұлттық идея мәселесінің кеңінен талқыланып, соны пікірлердің айтылуы да кездейсоқ емес.

Жоғарғы білім жүйесінде болашақ мұғалімдерді даярлау жұмысында бірқатар өзгерістер мемлекеттік деңгейдегі тұжырымдама, бағдарлама негізінде енгізіліп жатыр. Жоғары кәсіптік білімнің жіктеуші, мемлекет білім стандарттары жасалынды, бекітілді, типтік оқу бағдарламалары даярланып, оқулықтар даярлануға конкурс ұйымдастырылып жүргізілді. Осы жағдайда кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқытатын пәндер мазмұны екшеліп, нақтыланып жаңартылуда. Қазіргі білім көбінесе күнделікті қажеттіліктерден асып, елімізге қажетті дәстүрлі құндылықтарды сақтау мен дамытуға әзір толық күш ала қойған жоқ сияқты. Туған халқын, тарихын аялап, ондағы бар оң құндылықтарды қазіргі өмір иіріміне ендіру біздің міндетіміз. Білім беру үрдісіне жауапкершілікпен қараған өкімет өз халқы, болашақ ұрпағы алдындағы борышын адал орындай алады демекпіз.

Ұлттық идея Қазақстанның өркениеттік дамуының себепшісі екеніне күн сайын көзіміз жетуде.

Қазақстанның болашағы осында тұратын ұлттар мен ұлыстардың көркеюіне тікелей байланысты болмақ.

Осы аталмыш міндеттерді icкe асыруға күш-жігер жұмсайтын кәсіптік педагогикалық білімнің нәтижесі іспетті. Болашақ мұғалімді этнопедагогикалық тұрғыдан даярлау үшін педагогикалық циклдегі бүкіл пәндердің, оның ішінде этнопедагогика пәнінің маңызы аса зор. Этнопедагогиканы Ресейлік көрнекті ғалым Г.Н.Волков “Ұлттық қорғау педагогикасы” деп айтуы орынды-ақ. Оның бұл аныктамасына негіздеме жеткілікті дeyiмiзгe болады. Г.Н.Волковтыц алғаш рет 1971 жылы “Ұлттық қорғаудың этнопедагогикалык бағдарламасы” атгы баяндамасынан осы уақытқа дейін монографиялар, оқу құралдарын жазып даярлаған еді. Оның пікірінше, этнопедагогиканың пәні тәрбиенің (ұлттық, этникалық дәстүрлер) халықтық құралдары. Этнопедагогиканың мәні оның мәндік сипаттамасымен анықталады. Бұл-педагогиканың тipi жаны icпеттec, педагогика дәнінің ұрығы сияқты. Бала туып үлгермей-ақ, этнопедагогикада өмір сүреді “Этнопедагогикада баланың әкесі де, шешесі де, атасы, арғы атасы бар ғой”, - дейді Г.Н.Волков.

Бұл ғалымның бipiнші тезисі. Ал eкінші тезис – тәрбиенің мәңгілігі. Мәңгілік - өткен тарихта, мәңгілік болашақта. Бұл адам мен адамзаттың мәңгілігін белгілеп тұр. Тәрбие этнопедагогика кеңістігіндегі - үлгі мен махаббатта. Осы анықтаманы ғалым - әpi мән, әpi мазмұн, әpi әдістеме, әpi технология және жауапкершілік. Адамның этнопедагогикалық анықтамасын ұсынған: «Адам дегеніміз тәрбие мақсаттарын қоя алатын қабілеті дарыған және ол мақсаттарды этникалық өзін – өзі тәрбиелеу және өзара тәрбиелеу деңгейінде жүзеге асырады, яғни ұлттық сананың тікелей қатысы бар тіршілік иесі». 3-тезис, - тәрбиенің үздіксіздігі этнопедагогикалық кеңістікті кеңейту қажеттігі. 4-тезис этнопедагогика бұл махаббат педагогикасы. 5-тезис этнопедагогикалық инварианттар, олар: тұлғалар символдар, оқиғалар символдар және идеялар символдар. 6-тезис - өмірбаяндық деректер, 7-тезис жеке тұлғалар (персоналийлер). Mінe, осындай тезистер аясында ғалымдар этнопедагогиканың мәртебесін нақтылағанда, ғылымға тиicтi белгілерді пайдалануда. Ғылым болғандықтан да, ол шын мәнінде этнопедагогикадағы, барлық аймақтардың тәрбиенің, халықтың дәстүрлеріндегі жалпы тұжырымдарды қорытуы керек. Жеке тұлғалық идеал (мұрат) сол халықтың педагогикасының негізі болып табылады.

Этнопедагогиканың ғылым ретіндегі құрамын зертгеушілер халық мәдениетінің турленуін, демек халыктың материалдық және рухани мәдениетінің бөліктері жетілген адам тұлғасының мәнін көрсетеді. Ғалымдар мерекелік мәдениетті терең зерттей отырып, eкi мерекелік күнтізбесін салыстырған, сонда олар бұл мерекелер еңбек әрекетімен және табиғаттың өзгерістерімен байланысты өткізілген. Этнопедагогика I- адамзатқа жақсылық әкелетін ғылым. Сондай-ақ, этнопедагогика, педагогика, психология ғалымдар жүйесіне қалай енеді деген мәселені қарастырған. Эгнография мен этнология этнопедагогиканың мазмұндық базасын құрайды.

Этнопедагогикалық білім, мазмұн бұл қaзipгi білім беру үрдісіне ененіп халыктың мәдениеті этнопсихология да этнопедагогикамен, педагогиканың психологиямен байланысы сияқты байланыста.

Ғалымдар мен әдіскерлер этнопедагогиканың әyeлi гуманитарлық білім жуйесіндегі орнын философия, тарих, саясаттану, әлеуметтану психология, конфликтология, дінтану, валеология, экология, медицина сияқты ғылымдардың қатарынан іздестіріліп, этнопедагогиканы ғылыми пән ретінде қарастырып университеттік білім берудің педагогикалық бөлігін аныктайды.

Этнопедагогиканың дүниетанымдық деңгейіндегі негіздеріне талдау жасалынып, ғалымдар осы саладағы білімнің этномәдени кұндылықтарын (мәдениеттанушылық тәсіл негізінде), этнопедагогикалық жуйені (жуйелілік тәсіл негізінде), этнопедагогикалық кешенді (кешенді тәсіл негізінде), этнопедагогикалық объектінің даму варианттарын (оңтайлылық тәсіл негізінде), этнопедагогикалық жүйелер мен үрдістерді басқаруды (кибернетикалық тәсіл негізінде), этнопедагогкалық құбылыстарды өлшеудің критерийлік аппаратын (математикалық - статистикалық) жан-жақты қарастыруды сондай-ақ, этнопедагогиканың университеттік білім беру жүйесіндегі орнын нақтылау үшін этникалық педагогиканьң сапалық белгілері (этнопедагогикалық орта, ғылыми пән, білімдік кешені) объект, пән, мақсат тұрғысынан анықтау бағытындагы зерттеу жұмыстарыньң нәтижелері – әлемнің ғылыми этнопедагогикалық бейнесі де этнопедагогикалық білімнің негізгі инвариантын (логикалық-гнесеологиялық деңгейде) сипаттайды.

Ғалымдардың пайымдауынша, этникалық педагогикалық әдіснамалық мәселелерінің теориясы (Г.Н.Волков., К.Ж.Кожахметова) және этникалық педагогиканың теориясы қалыптасып, олардың әрқайсысының құрамы анықталуда этникалық педагогиканың әдіснамалық негіздерінің теориясына, оның жалпы әдіснамалық, жалпы ғылымилық, жеке ғылымдық, ғылыми-практикалық негіздері енеді. Ал этнопедагогиканың әдіснамасы мәселелерінің теориясына оның әдіснамалық мәселелері теориясы, этнопедагогикадағы ғылыми зерттеу әрекетінің теориясы, этнопедагогикалық ғылымтану теориясы, этнопедагогиканың жеке теорияларының бөлімдерінің әдіснамалық мәселелері этнопедагогикадағы ғылыми өзгертуші әрекет теориясы жатады.

Сонымен қатар, этнопедагогиканы университеттік білімнің педагогикалық бөлігі деп тану үшін ол пәнді зерттеуге ғылыми пәндік тәсілді қолдану қажет. Бұл ретте этнопедагогикалық білімнің құрылымдық элементтері (мән, байланыс, құрылым, құрамы, сипаттама, қызмет, қасиет, ерекшелік, ұстаным, тұжырымдама, кезең, түр, бағыт, жолдар) қарастырылады. Сонымен этнопедагогиканың педагогика ғылымы жүйесіндегі орнын да ескерген жөн деп ойлаймыз. Этнопедагогиканың өзі бүкіл ғылымның құрылымын қайта жаңғыртады. Айталық оның іргелі және қолданбалы бөліктері, ғылыми – тәжірбиелік (тұлғаның этникалық даму педагогикасы немесе этникалық тәрбие), интегративті (орта педагогикасы), пән аралық (этномәдени білім) және кешенді (этнопедагогикадағы кәсіби білім) салалары, ғылыми бағыттары, ағымдары, мектептері бар.



Этнопедагогиканың жалпы бөлімдері мыналар: этнопедагогиканың даму тарихы, этнопедагогиканың теориясымен әдіснамасы, этностық тәрбие, этнодидактика, оқу – тәрбие үрдісін этнопедагогикаландыру, салыстырмалы этнопедагогика. Бұл саладағы білімдер этнопедагогикалық әрекеттің барлық түрлерінде, этнопедагогикалық жүйелердің барлық типтерінде, барлық этнопедагогикалық үрдістерде көрініс табуда.

Этнопедагогиканың даму тарихы: құрамында этнопедагогика тарихының жалпы мәселелері, этнопедагогиканың кезеңдер мен дәуірлерге сәйкес дамуы, этнопедагогика тарихындағы жеке адамдар персоналы, этнопедагогикалық тарихи – ғылыми зерттеулер қарастырылады.

Этнопедагогиканың теориясы мен әдіснамасы: этнопедагогиканың әдіснамалық негіздері; этнопедагогикалық ғылымтану, этнопедагогикадағы ғылыми – зерттеу әрекеті; этнопедагогикадағы ғылыми – жаңартушылық әрекеті; этнопедагогикадағы ғылыми – білімділік әрекет енеді.

Этнос тәрбиесі: этностық тәрбие мақсаты – этнос субъектісін тәрбиелеу. Халықтың білім құрылымы (рациональды, ирроциональды, халықтық мереке, фольклор және халықтық өнер) халықтық білім этнотәрбие мазмұнының негізі ретінде, қазақтардың бала тәрбиесіне қоятын талаптар, қыздар мен ұлдардың тәрбиесінің ерекшеліктері, адамгершілік, ақыл – ой, эстетикалық, еңбек, дене, экологиялық, отбасы т.б. тәрбиелері, адамды тұтас биоәлеуметтік жүйе ретінде дамыту мен тәрбиелеудің жас және жеке ерекшеліктері, этностық тәрбие факторлары: тіл, табиғат, дін, мәдениет, еңбек және этностық тәрбие ұстанымдары қарастырылады.

Этнодидактика: халықтық дидактикалық білімдер; оқытудың этникалық тұрпаттағы тәсілдері, ұстанымдары, әдістері мен формалары; этнотехнология және халықтық кәсіпке үйрену мәселелері; дін қазақтардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру факторы ретінде, қазақтардың кеңістік пен уақыт жөніндегі (А Сейдімбек), халық астрономиясы халық медицинасы; мүшел жас жөніндегі түсініктері, менталитет жөніндегі ұғым және т.б. кіреді.

Оқу – тәрбие үрдісін этнопедагогикаландыру: оқу – тәрбие үрдісіне, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысына этнопедагогика материалдарын енгізу; оқу – тәрбие басқаруда ұлттық қоғамдарға сүйену және этнопедагогтар даярлау мәселелері; практиканың этнопедагогикалық қызмет; халыққа этнопедагогикалық қызмет көрсету; этностық педагогиканың отбасындағы қызметі; ұрпақтар сабақтастығы; отбасы ерекшеліктері; көп балалы отбасы; жалғыз бала, отбасы құндылықтары; ана мен әке – бірінші тәрбиешіліер; тәрбиедегі этноәлеуметтің рөлдік тәсіл – этникалық тәрбиенің маңызды ұстанымы т.б. енеді.

Салыстырмалы этнопедагогика: әлемдік этнопедагогикалық ой – пікір, әлемнің аймақтарындағы этнопедагогиканың дамуы, әлем елдеріндегі этнопедагогиканың дамуы, шетелдегі этникалық педагогика бойынша жүргізілген ғылыми зерттеулер, шетелде этникалық салада маман даярлау.
Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ғылыми педагогика және ұлттық педагогика (тәрбие беру құралы) арқылы жүзеге асырылады. Ұлттық мектептегі тәрбиенің негізгі міндеттері: оқушыларды ұлт алдында тұрған ерекше өзекті мәселелерді даярлау; өз халқының ғасырлар бойы қол жеткізген табыстарын бағалауға бейімдеу; ата-баба салтын және дәстүрлі әдет-ғұрпымен қайта табыстыру; мектептің тәрбие жүйесін ғылыми педагогика мен ұлттық педагогикаға негіздеу; оқушылардың ұлттық санасын қалыптастыру; ата-бабаларымыздың асыл мұралары арқылы рух, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ана тілі мен ұлттық мәдениетін құрметтеу сезімін жетілдіру; экономикалық, экологиялық, эстетикалық, құқықтық, патриоттық тәрбие т.б. Осы орайда, тәрбие мен білім беруде этнопедагогика элементтерін мүмкіндігінше әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы бере отырып, төмендегідей нәтижелерге қол жеткізуге болады: жастардың танымдық қабілетін жетілдіру, жас ұрпақтың рухани, мәдени, білім мен ғылым құндылықтарын игеруге мүмкіндіктер беру, ұлттық тәрбие арқылы адами қасиеттерді қалыптастыру, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу, шығармашылық қасиеттерін ояту, данышпандық көреген қасиеттердің дамуына жол ашу.

Қазіргі мұғалім өзінің педагогикалық іс-әрекетінде этностың материалдық және рухани өмірінде көрінетін тәрбие туралы елестетулер эволюциясын бейнелейтін дәстүрлі мәдениетке, тәрбиенің жалпы адамзаттық мәдениетінің бір бөлігін құрайтын этникалық қауымдастықтың педагогикасын зерттейтін этнопедагогикаға сүйеуіне зор мүмкіндігі бар.

Бүгінгі күні «этнопедагогика» термині педагогиканың түсініктік-терминологиялық аппаратының бөлінбес құралы. Этнопедагогика этникалық топтардың балаларды тәрбиелеу мен оқыту саласындағы этникалық тәжірибесін, отбасының, рудың, тайпаның, халықтың, ұлттың, демек тұтас этникалық бірліктің ежелден келе жатқан құндылықтарына моральдық-этникалық көзқарастарды зерделеуде. Этнопедагогикаға әлемді айырықша танып көрудің енуіне куә болып отырмыз. Этнопедагогиканы ғалымдар (оның ішінде О.И.Давыдова) «халықтың тірі білімі» деп қарастыруда. Әрине этнопедагогикада бір білім үнемі халықтық педагогикалық білімнің дәстүріне енетін жаңалықтарымен толықтырылып отырады деп тұжырымдайды. Басқа сөзбен айтқанда, этнопедагогика адамның халықтық мәдениетке кірудің бір құралы дейді. Әрине, білім берудің гуманистік парадигмасы жағдайында жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда жұмысты табысты атқара алатын педагогсыз мүмкін емес. Ол педагог қоғамның интеллектуалдық және мәдени әлеуеті туралы түсінігіне сай болуы керек. Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің дамуы көптеген педагогтардың педагогикалық және этнопедагогикалық мәдениеттінің, психологиялық және педагогикалық біліктілігінің жеткілікті деңгейінің болмауынан деп есептейміз.

Мұғалімдердің этнопедагогикалық дайындығы мәселесі туралы жазылған еңбектерді талдау, бұл үрдісте бүтіндей жүйеліктің жоқтығын көрсетеді. Студенттерге халықтық педагогика бойынша берлетін білім мен дағдыны, көпшілік жағдайда, тәрбиелік сипаттағы тар көлемдегі міндеттерді шешуге бағытталған. Себебі этнопедагогикалық дайындықтың негізгі нәтижесі – бұл этникалық мәдениеттің белгілі бір деңгейіне жету болып табылады. Біз мұғалімінің бүтіндей этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыру мектептің барлық оқу–тәрбие жұмысына ұлттық нақыш беру қажеттілігі туралы мәселесінің мұғалімдер даярлаудағы маңызды деп есептейміз. Этнопедагогикалық мәдениет дегеніміз бұл – этнос субьектілерін қалыптастыруда танымдық және тәрбиелік маңызы бар этнопедагогикалық білімдердің, рәміздік нысандарын, технологиялардан, адамдар қарым – қатынасының үлгілерімен нормаларының материалдық, рухани және дәстүрлі – тұрмыстық мәдениетінің жиынтығы.

Біздің түсінігімізше этнопедагогикалық мәдениетінің мазмұнына: бесік және бесік жыры (әндері), ойын әндері, қимыл ойындары, балалар ауыз әдебиеті, қоғамдық тәрбиешілір институты, ақыл айтудың дәстүрлі нысандары, дәстүрлі балалар және жастар мейрамдары, жас аналарға кеңестер, бабалардың ұрпағына өсиеті, ата–тегін білу, халықтың жасөспірім ұрпақты өмірге дайындауға арналған көзқарастарының жиынтығы және т.б., бала киімі, ойыншықтары, баланың тамақтануы, баланы тамақтандыру ережелері, балалардың еңбек құралдары, балалар еңбегі, жасөспірімдердің спорттық және басқа жарыстары, олардың «ер жету», ересектер қатарына рәсімі енеді. Этнопедагогикалық мәдениет этникалық тәрбиелеудің мазұны толық қамтиды және маңызды құралы болып табылады.

Этнопедагогикалық мәдениеттің мәнін біз этностың мәдениетіне қызығушылығынан, этнопедагогикалық әрекетте ұмытылысының тұрақты көрінісі деп түсінеміз. Этнопедагогикалық мәдениетті қалыптастыру құралдары - этнос мәдениетінің негізгі компонеттері болып табылады:



  • материалдық (қоғамның материалдық мәдениеті: еңбек әрекеті мен тұрмысынң

үрдісі мен заттары).

  • рухани «өмірлік орталық болып қоғамның рухани өмірі болып табылады:

дін,өнер,ғылым).

  • әлеуметті – нормативтік (қоғам өмірінің реттеушісі болып әлеуметтік -

нормативтік мәдениетін болып табылады: оған әдет – ғұрып, салт – дәстүр, қарым – қатынас) кіреді. Себебі, этнопедагогикалық дайындықтың негізгі нәтижесі – бұл этникалық мәдениеттің белгілі бір деңгейіне жету болып табылады.

Көптеген зерттеулерді саралай отырып, болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық даярлығын тәрбиелеудің негізгі бағыттары белгіленді:

-халық мәдениетіне, халық педагогикасына деген қызығушылығын дамыту;

-педагогикалық практикада халықтық педагогиканы қолдануға деген жағымды

қатынасты қалыптастыру;

-ұлттық психология сапаларымен, салт – дәстүр, әдет – ғұрыптарымен танысу,

-халықтық тәрбиенің әдістерімен құралдарын меңгеру;

-этнопедагогикалық сана мен ойлауды қалыптастыруға бағытталған жалпы

-этнопедагогикалық білімнің тәрбиелік мақсаттарын түсіну;

-этнопедагогикалық білімдердің маңыздылығын дәлелдеуге дайындығын

тәрбиелеу және педагогикалық үрдістің белгілі бір жағдайларында оны творчестволықпен пайдалануға дағдыландыру.

Осы анықталған бағыттарға байланысты, жоғарғы оқу орнының оқу – тәрбие үрдісінің ерекшеліктерін ескере отырып, болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық даярлығын қалыптастырудың келесі кезеңдерін атап өтуге болады:

Бірінші кезең – халықтық мәдениет, салт – дәстүр, әдет – ғұрып туралы жалпы мағлұматтар беру. Осы білім негізінде халық педагогикасын зерттеуге деген қызығушылығы, қажеттілігі дамиды.

Екінші кезең – этнопедагогиканың теориялық мәселелерін меңгеру, эмпирикалық білімдерін толықтыру, жүйелеу, халықтық тәрбиенің мақсат – міндеттерін, мазмұнын, құралдарын саналы түрде тәжірбиеде қолдануға үйрету.

Үшінші кезең – халық педагогикасына деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыру, этнопедагогика теорияларын нақтылау, педагогикалық білімді өздігінен іздеуге ынталандыру, этнопедагогикалық ойлаудың қалыптасуы; этнопедагогика көзқарастарының негізін құрайтын құндылық бағыттылығының дамуы, этнопедагогикалық әрекетті меңгеру.

Төртінші кезең – этнопедагогика теориясының кейбір сұрақтары төңірегіндегі теориялық білімдерін тереңдету, этнопедагогикалық білімді жүйелі пайдаланудың мотивтерін кеңейту және оны оқу–тәрбие үрдісінің барлық кезеңдерінде творчестволықпен пайдалану.

Осыған орай, «Болашақ мамандардың этнопедагогикалық даярлығын функциональдық бағытталғандығы» тақырыбындағы п.ғ.д., профессор Л.А.Бөлетаева өз мақаласында: «Этнопедагогика» пәнінің типтік бағдарламасына нәтижеге бағдарланған білім беру тұрғысынан кейбір қажетті өзгерістерді ендіру және кейбір тараптарын жетілдіруді қажет ететіндігін атайды. Мысалы:

-бағдарламада пәндік оқыту мақсаттары жалпылай түрде берілген, студент меңгеретін құзыреттіліктер нақтыланбаған;

- бағдарлама негізінен болашақ мұғалімнің теориялық даярлығын көздейді,

функционалдық бағыттылығы жеткілікті емес, тәжірибелік сипаттағы мәселелерді жеткілікті емес, тәжірибелік сипаттағы мәселелерде жеткілікті қамтымаған;

- мектептің оқу – тәрбие үрдісінде халық педагогикасы идеялары мен тәжірибесін

пайдалану мәселелеріне аз көңіл бөлінген –деп көрсетеді. Сонымен қатар, «Этнопедагогика» пәнінің қолданыстағы типтік бағдарламасы мазмұны, негізінен, болашақ мұғалімнің этнопедагогикалық даярлығына қажетті фундаменталдық білімдерді қамтыды, бірақ студенттің педагогикалық іс–тәжірибе барысында немесе болашақта педагогтың қызметінде ұлттық тәрбиемен байланысты нақтылы педагогикалық міндеттерді шешуіне жеткілікті қолғабыс көрсете алмайды. Сондықтан, біз «Этнопедагогика» пәнінің қолданыстағы типтік бағдарламасы мазмұнының функционалдық бағыттылығын күшейтуді ұсынамыз дей келе: бағдарлама мазмұнының функционалдық бағыттылығын күшейту, оның мектеп мұғалімінің ұлттық білім мен тәрбие берудегі нақтылы іс – әрекеті бағыттарына бағдарлануын, студенттерді оған сәйкес іс–әрекет түрлеріне кірістіру және баулуды болжайды» - деп көрсетеді.

Этнопедагогикалық дярлықты қалыптастыру үрдісі оның жоғарғы оқу орнындағы оқу үрдісі жағдайына беймделуіне байланысты. Бұл аталған бағыттардың оқу – тәрбие жұмыстарының арнайы ұйымдастырылуы жағдайына байланысты нақтылауды талап етеді.

Сондықтан, мұғалімдердің этнопедагогикалық даярлығын тәрбиелеу белгілі бір бағыттарда анықталған кезеңдерде сай жүргізілсе, бұл үрдіс өз нәтижесін беретіндігіне сенеміз.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.«Қазақстан – 2050 » стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси

бағыты. Қазақстан Республиксының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. // Ақиқат.№1,2013.-5-27бб.

2.Волков Г.Н. Этнопедагогика. Чебоксары. Чувашское кн.изд.1974.

3.Ә.Садуақасов. «Этнопедагогикалық этнологиялық астарлары». Білім беру жүйесіндегі этнопедагогика журналы.№1,2005,№2.2008ж.

4.Кожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика. Алматы «Ғылым» - 1998г.,317 с.

5.Сластенин. В.А., Николаев В.А. Этнопедагогическая культура учителя. Магистр 2000г., 207 с.

6.Попова И.О. Формирование этнопедагогической культуры будущих педагогов. Дисс. на соис. Учен.степ.к.п.н., Астрахань – 2001г.



7.Бөлетаева Л.А. «Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық даярлығының фукционалдық бағытталғандығы». «Әлемдегі және Қазақстандық білім – ғылым кеңістігіндегі этнопедагогика мен этнопсихология» атты халықаралық ғылыми – практикалық конференция материалдары 8-9 қаңтар 2016ж Қазақ мемлекеттік университеті 41-48 б.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...