«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»



жүктеу 1.02 Mb.
бет1/4
Дата18.02.2017
өлшемі1.02 Mb.
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1128 қаулысымен   
бекітілген     

«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мекенжайлары осы «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың сәулет және қала құрылысы бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган), сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық) көрсетеді.


      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 49) тармақшасының және «Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 425 қаулысымен бекітілген Құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеу және беру ережесінің негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
      1) www.ads.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық icтерi агенттiгiнің (бұдан әрі – Агенттік) интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік қызметтер» деген бөлімде;
      2) www.con.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – «Орталық» РМК) интернет-ресурсында;
      3) осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес уәкілетті органның және орталықтардың үй-жайларында орналасқан ресми ақпарат көздерінде және стенділерде орналастырылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны бойынша алуға да болады.
      5. Осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес қағаз жеткізгіште тіркеу коды көрсетілген, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға арналған (егер оларды алу қажет болса) техникалық шарттардың міндетті қосымшасы бар сәулет-жоспарлау тапсырмасы бар анықтама беру не қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органға өтініш берген кезде:
      1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды берген сәттен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде;
      2) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды берген сәттен бастап мынадай құрылыс объектілері үшін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде:
      электр және жылу энергиясын өндіретін өндірістік кәсіпорындар;
      тау-кен өндіру және байыту өндірістік кәсіпорындары;
      қара және түсті металлургия, машина жасау өнеркәсібінің өндірістік кәсіпорындары;
      елді мекендер мен аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары (дамбалар, бөгеттер);
      елді мекендердің шекараларынан тыс орналасқан желілік құрылыстар;
      қызмет көрсету объектілерімен бірге магистральдық құбыржолдар (мұнай, газ құбырлары және т.б.);
      жоғары вольтты электр беру желілері және талшықты-оптикалық байланыс желілері;
      қызмет көрсету объектілерімен бірге темір жолдар;
      көпірлерді, көпір өткелдерін, тоннельдерді, көп деңгейлі айрықтарды қоса алғанда, республикалық желіге жатқызылған жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары;
      3) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 30 минуттан аспайды;
      4) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты –30 минуттан аспайды;
      Электрондық сұрау салу көзделмеген.
      Мемлекеттік қызметті алушы орталыққа өтініш берген кезде:
      1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды берген сәттен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
      2) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды берген сәттен бастап мынадай құрылыс объектілері үшін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді):
      электр және жылу энергиясын өндіретін өндірістік кәсіпорындар;
      тау-кен өндіру және байыту өндірістік кәсіпорындары;
      қара және түсті металлургия, машина жасау өнеркәсібінің өндірістік кәсіпорындары;
      елді мекендер мен аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары (дамбалар, бөгеттер);
      елді мекендердің шекараларынан тыс орналасқан желілік құрылыстар:
      қызмет көрсету объектілерімен бірге магистральдық құбыржолдар (мұнай, газ құбырлары және т.б.);
      жоғары вольтты электр беру желілері және талшықты-оптикалық байланыс желілері;
      қызмет көрсету объектілерімен бірге темір жолдар;
      көпірлерді, көпір өткелдерін, тоннельдерді, көп деңгейлі айрықтарды қоса алғанда, республикалық желіге жатқызылған жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары;
      3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 20 минуттан аспайды;
      4) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;
      5) қажетті құжаттарды алу кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 20 минуттан аспайды;
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Уәкілетті органда мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын, дүйсенбіден жұмаға дейін, мекенжайлары және телефондары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген уәкілетті органның белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес көрсетіледі.
      Орталықтарда мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын, дүйсенбіден сенбіге дейін, Орталықтардың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін көрсетіледі.
      Орталықтарда қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
      Тұтынушының қалауы бойынша электрондық кезекті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы броньдауға болады.
      10. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушы тұрып жатқан немесе тіркелген жердегі уәкілетті органның және орталықтың ғимаратында көрсетіледі, онда мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызмет алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар қарастырылған. Залда күтуге және құжаттарды толтыруға арналған орындар орналастырылған, анықтама бюросы, күтуге арналған орындықтар орналастырылады.
      Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жалғастыру үшін қоғамдық пікірді зерделеу үшін уәкілетті органда және орталықта жеке және заңды тұлғаларға арналған шағымдар мен ұсыныстар кітабы жүргізіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттік қызметті алушы:


      1) уәкілетті органға:
      еркін нысандағы өтініш;
      жергілікті атқарушы органның жерге немесе қолданыстағы ғимараттың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) тиісті құқық беру туралы шешімінің көшірмесін;
      тапсырыс беруші бекіткен, жобалаушының қолы қойылған және мөрімен расталған жобалауға арналған тапсырма (оның ішінде техникалық шарттар бойынша жүктемелер) ұсынады.
      Егер сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтағы (аудандағы) қолданыстағы объектілерді өзгерту ұйғарылған болса және жоспарланған қайта жаңарту немесе қайта жоспарлау сындарлы шешімдерді қайта қарауды талап ететін болса, онда сәулет-жоспарлау тапсырмасында осы жоба бойынша сейсмикаға төзімді құрылыс жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың (тиісті лицензиясы бар мамандардың) қорытындысын (техникалық шарттарды) алудың қажеттілігі көрсетіледі.
      2) орталыққа:
      еркін нысандағы өтініш;
      жергілікті атқарушы органның жерге немесе қолданыстағы ғимараттың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) тиісті құқық беру туралы шешімінің көшірмесін;
      тапсырыс беруші бекіткен, жобалаушының қолы қойылған және мөрімен расталған жобалауға арналған тапсырма (оның ішінде техникалық шарттар бойынша жүктемелер) ұсынады.
      Қолданыстағы (пайдаланылып отырған) объектілерге енгізілетін өзгерістердің жобасын әзірлеушілер жобалау құжаттамасында ғимараттардың үй-жайларын немесе өзге де жекелеген бөліктерін өзгерту жөніндегі жұмыстар процесінде, сондай-ақ өзгертілген объектіні одан әрі пайдаланған кезде басқа меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын жобалық шешімдердің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетуге тиіс.
      Егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру басқа меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, онда жобаға осы өзгертулерге олардың нотариалдық куәландырылған жазбаша келісімі берілуге тиіс.
      Егер сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтағы (аудандағы) қолданыстағы объектілерді өзгерту ұйғарылған болса және жоспарланған қайта жаңарту немесе қайта жоспарлау сындарлы шешімдерді қайта қарауды талап ететін болса, онда сәулет-жоспарлау тапсырмасында осы жоба бойынша сейсмикаға төзімді құрылыс жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың (тиісті лицензиясы бар мамандардың) қорытындысын (техникалық шарттарды) алудың қажеттілігі көрсетіледі.
      12. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті өтініш еркін нысанда толтырылады.
      13. Құжаттарды қабылдау:
      1) уәкілетті органда кеңсе арқылы, олардың мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген;
      2) орталықтарда «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады, онда қызметтің мақсаты және атқаратын функциялары туралы ақпарат орналастырылады, сондай-ақ орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.
      14. Мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
      1) уәкілетті органға құжат тапсырған кезде:
      өтініштің нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      құжаттарды беру күні, уақыты мен орны;
      құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған уәкілетті орган кеңсесі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
      тұтынушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіледі;
      2) орталыққа құжат тапсырған кезде:
      өтініштің нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      құжаттарды беру күні, уақыты мен орны;
      құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты;
      тұтынушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіледі.
      15. Мемлекеттік қызметті алушыға дайын болған сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруді уәкілетті органның лауазымды адамы немесе орталық қызметкері «терезелер» арқылы онда көрсетілген мерзімде қолхат негізінде жүзеге асырады.
      Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда, орталық оларды 3 (үш) ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды уәкілетті органға өткізеді.
      16. Мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда, орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Орталықтың қызметкері құжатты қабылдаудан бас тартқан кезде мемлекеттік қызметті алушыға жетпей тұрған құжатты көрсете отырып қолхат береді.
      Уәкілетті орган мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:
      1) орталықтан түскен құжаттарды ресімдеуде қателер анықталған жағдайда құжаттардың пакетін алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды қайтарудың себебін жазбаша негіздей отырып, орталыққа қайтарады;
      2) жобалауға арналған тапсырманың техникалық шарттар алуға қажетті негізгі параметрлерге сәйкессіздігі анықталған жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде тұтынушыны сәйкессіздікті жою үшін шақырады.
      Бас тартқан жағдайда уәкілетті органның лауазымды тұлғасы немесе орталықтың қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабарлайды және уәкілетті органның бас тартуы туралы жазбаша негіздеме береді.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкілетті органның және Орталықтың қызметі мемлекеттік қызметі алушыға қатысты мынадай:


      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтік борышын өтеу кезінде заңдылықты сақтау;
      3) тұтынушылармен жұмыс кезінде сыпайылық;
      4) өтініштерді қарау кезінде лауазымды адамдар қызметінің ашықтығы;
      5) құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.


      19. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Агенттік төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Орталық қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру және өтiнiштердi дайындауға жәрдемдесу үшiн мемлекеттік қызметті алушы осы стандартқа 2-қосымшада мекенжайлары мен телефондары көрсетiлген орталық басшылығына жүгiнедi. Орталықтар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген. «Орталық» РМК-ның мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43-үй, телефоны: 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурсы: www.con.gov.kz.


      Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға да болады.
      21. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға жауапты әкімдердің аппаратына уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалады. Әкімдер аппараты басшыларының мекенжайлары, жұмыс кестелері, электрондық пошталары мен телефондары осы стандартқа 6-қосымшада көрсетілген.
      22. Орталық қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда орталық басшысының атына немесе орталық қарамағына кіретін «Орталық» РМК-ға шағым жасалады. Орталық басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген. Жұмыс кестесі түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Шағымдар қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда ауызша немесе жазбаша нысанда пошта арқылы не осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
      25. Пошта және қолма-қол және поштамен түскен қабылданған шағымдарды растау оларды уәкiлеттi органның немесе орталықтың кеңсесiнде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн журналға тiркеу болып табылады (мөр, кiрiс нөмiрi және тiркеу мерзiмi шағымның екiншi данасында немесе шағымға iлеспе хатта қойылады).
      Мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қабылдаған адам оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен күні, байланыс деректерi көрсетiлген осы стандартқа 7-қосымшада көрсетілген талон береді.
      Шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы мемлекеттік қызметті алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
      26. Агенттіктің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 10-кіреберіс, интернет-ресурс: http://www.ads.gov.kz.

«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын


беру» мемлекеттік қызмет   
стандартына           
1-қосымша            

Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органдардың тізбесі

Р/с №

Орталықтардың (филиалдардың, бөлімдердің, бөлімшелердің) атауы

Орналасқан мекенжайы

Байланыс деректері

1

2

3

4

«Ақмола облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

1.

«Ақмола облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

Әуезов көшесі, 189 а

8(7162)40-10-76
8(7162)40-10-63

1)

Көкшетау қалалық бөлімі

Көкшетау қаласы, Біржан сал көшесі, 42

8(7162)25-00-67
8(7162)25-06-21

2)

Красный Яр ауылының аудандық бөлімі

Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылы, Ленин көшесі, 65

8(7162)40-43-27

3)

Ақкөл аудандық бөлімі

Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 102

8(71638)2-09-96
8(71638)2-18-49

4)

Аршалы аудандық бөлімі

Аршалы ауданы, Аршалы кенті, М. Мәмбетова көшесі, 19

8(71644)2-10-77
8(71644)2-28-28
8(71644)2-10-77

5)

Атбасар аудандық бөлімі

Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Уәлиханов көшесі, 11

8(71643)2-45-94
8(71643)4-07-22
8(71643)4-12-58

6)

Астрахан аудандық бөлімі

Астрахан ауданы, Астраханка ауылы, Әл-Фараби көшесі, 44

8(71641)2-35-96
8(71641)2-21-94

7)

Бұланды аудандық бөлімі

Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Сейфуллин көшесі, 18б

8(71646)2-37-20
8(71646)2-37-81

8)

Бурабай аудандық бөлімі

Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылай Хан көшесі, 28

8(71636)4-29-97
8(71636)4-28-91
8(71636)4-59-28

9)

Егіндікөл аудандық бөлімі

Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Победа көшесі, 7-үй

8(71642)2-12-57

10)

Ерейментау аудандық бөлімі

Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Мұсабаев көшесі, 15

8(71633)2-44-92

11)

Еңбекшілдер аудандық бөлімі

Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласы, Сыздықов көшесі, 2а

8(71639)2-22-41
8(71639)2-22-42
8(71639)2-22-18

12)

Есіл аудандық бөлімі

Есіл ауданы, Есіл қаласы, Победа көшесі, 56

8(71647)2-22-07

13)

Жарқын аудандық бөлімі

Жарқын ауданы, Державинск қаласы, Ғабдуллин көшесі, 104

8(71648)9-00-35
8(71647)2-22-05

14)

Жақсы аудандық бөлімі

Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Ленин көшесі, 8

8(71635)2-17-10

15)

Зеренді аудандық бөлімі

Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Мир көшесі, 52

8(71632)2-00-74
8(71632)2-29-43

16)

Қорғалжын аудандық бөлімі

Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Абай көшесі, 44а

8(71637)2-17-83
8(71637)2-20-36

17)

Степногор аудандық бөлімі

Степногор қаласы, 4 шағын аудан, 7

8(71645)2-00-40
8(71645)2-00-30

18)

Сандықтау аудандық бөлімі

Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Абылайхан көшесі, 119

8(71640)9-26-66

19)

Целиноград аудандық бөлімі

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 15

8(71651)3-12-30
8(71651)3-11-98

20)

Шортанды аудандық бөлімі

Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Безымянный тұйық көшесі, 1

8(71631)2-17-97

«Ақтөбе облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

2.

«Ақтөбе облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109

8(7132)56-57-87

1)

№ 1 Ақтөбе қалалық бөлімше

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109

8(7132)57-80-27

2)

Қарғалы аудандық бөлімі

Қарағалы ауданы, Қарғалы ауылы (Жилянка), Сәтпаев көшесі, 10

8(7132)98-60-06
8(7132)98-60-05

3)

Алға аудандық бөлімі

Алға ауданы, Алға қаласы, Киров көшесі, 23

8(71337)3-20-79
8(71337)3-10-96

4)

Мартук аудандық бөлімі

Мартук ауданы, Мартук кенті, Байтұрсынов көшесі, 1 «Б»

8(71331)22-4-13
8(71331)22-1-14

5)

Хромтау аудандық бөлімі

Хромтау ауданы, Хромтау қаласы Абай көшесі, 12

8(71336)26-6-33
8(71336)26-6-34

6)

Қандыағаш аудандық бөлімі

Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Молодежный шағын ауданы, 47 «Б»

8(71333)30-2-19
8(71333)30-2-18

7)

Ембі аудандық бөлімі

Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, Әміров көшесі, 10

8(71334)23-9-83

8)

№ 8 Темір аудандық бөлімі

Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Байғанин көшесі, 15 «А»

8(71346)23-5-83
8(71334)23-9-87

9)

Қобда аудандық бөлімі

Қобда ауданы, Қобда кенті, Нұрымжанов көшесі, 2

8(71341)22-1-47
8(71341)22-1-38

10)

Бадамша ауылының Қарғалы аудандық бөлімі

Қарғалы ауданы, Бадамша аулы, Әйтеке би көшесі, 27

8(71342)23-4-64
8(71342)23-4-62

11)

Ойыл аудандық бөлімі

Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Көкжар көшесі, 64

8(71332)21-1-81
8(71332)21-1-82

12)

№ 12 Әйтекеби аудандық бөлімі

Әйтекеби ауданы, Комсомольское ауылы, Балдырған көшесі,10

8(71339)22-3-73
8(71339)22-3-74

13)

Байғанин аудандық бөлімі

Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы, Барақ батыр көшесі, 41 «А»

8(71345)23-5-86
8(71345)23-5-87

14)

Ырғыз аудандық бөлімі

Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы, Жангелді көшесі, 7

8(71343)21-8-28

15)

Шалқар аудандық бөлімі

Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, Әйтекеби көшесі, 63

8(71335)23-6-10
8(71335)23-6-11

«Алматы облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

3.

«Алматы облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67Б

8(7282)24-15-06
8(7282)24-41-33

1)

Ақсу аудандық бөлімі

Жансүгіров кенті, Қабанбай батыр көшесі, 20

8(72832)2-14-51

2)

Қапал бөлімшесі

Капал ауылы, Алпысбаев көшесі, 3

8(72841)2-17-60

3)

Алакөл аудандық бөлімі

Үшарал қаласы, 8 март көшесі, 63

8(72833)2-35-46
8(72833)2-35-48

4)

Қабанбай бөлімшесі

Қабанбай кенті, Абылайхан көшесі, 237

8(72837)4-13-85

5)

Балқаш аудандық бөлімі

Бақанас ауылы, Бижанов көшесі, 25 «А»

8(72773)95-2-22
8(72773)9-18-20

6)

Еңбекшіқазақ аудандық бөлімі

Есік қаласы, Абай көшесі, 314А

8(72775)4-54-70
8(72775)4-54-69

7)

Шелек бөлімшесі

Шелек ауылы, Бижанов көшесі, 100

8(72775)2-34-96
8(72775)2-34-97

8)

Ескелді аудандық бөлімі

Қарабұлақ кенті, Оразбаев көшесі, 52

8(72836)3-22-16

9)

Жамбыл аудандық бөлімі

Ұзынағаш кенті, Мәжитов көшесі, 1

8(72770)2-30-90

10)

Іле аудандық бөлімі

Өтеген батыр кенті, Қуат шағын ауданы, Тәуелсіздік көшесі, 25

8(727)251-74-46
8(727)251-74-47

11)

Боралдай бөлімшесі

Боролдай ауылы, Вокзальная көшесі, 6 «А»

8(72738)7-82-42

12)

Қараой бөлімшесі

Қарай ауылы, Тыңдала көшесі, 9

8(7275)24-88-10

13)

Ақши бөлімшесі

Ақши ауылы, Қонаев көшесі, 29



14)

Қарасай аудандық бөлімі

Қаскелен қаласы, Жанғозин көшесі, 38

8(72771)2-56-86
8(72771)2-56-96

15)

Тау-Самалы бөлімшесі

Тау Самалы кенті, Рысқұлов көшесі, 129

8(727)391-38-58

16)

Шамалған бөлімшесі

Шамалған станциясы, Қонаев көшесі, 1 «В»

8(7272)93-66-33

17)

Қаратал аудандық бөлімі

Үштөбе қаласы, Абылай хан көшесі, 22

8(72834)2-02-07
8(72834)2-20-92

18)

Кербұлақ аудандық бөлімі

Сарыөзек қаласы, Момышұлы көшесі, н/ж

8(72840)3-25-88

19)

Қоғалы бөлімшесі

Қоғалы кенті, Желтоқсан көшесі, 45

8(72842)9-10-59

20)

Көксу аудандық бөлімі

Балпық би кенті, Измайлов көшесі, 10

8(72838)2-16-19
8(72838)2-16-18

21)

Капшағай қалалық бөлімі

Қапшағай қаласы, Қонаев көшесі, 41

8(72772)4-79-61
8(72772)4-79-60

22)

Шеңгелді бөлімшесі

Шеңгелді ауылы, Сейфуллин көшесі, 34

8(72772)7-11-94

23)

Сарқан аудандық бөлімі

Сарқан қаласы, Жамбыл көшесі, н/ж

8(72839)2-35-80
8(72839)2-37-14

24)

Лепсі бөлімшесі

Лепсі станциясы, Төлебаев көшесі, 1

8(72843)2-10-16

25)

Райымбек аудандық бөлімі

Кеген ауылы, Момышұлы көшесі, н/ж

8(72777)2-20-84
8(72777)2-20-82
8(72777)2-18-78

26)

Нарынқол бөлімшесі

Нарынқол ауылы, Райымбек көшесі, н/ж

8(72779)2-11-65

27)

Панфилов аудандық бөлімі

Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, н/ж

8(72831)5-51-11

28)

Талғар аудандық бөлімі

Талғар қаласы, Лермонтов көшесі, 53 «А»

8(727)388-11-30
8(72774)2-21-43
8(72774)2-21-33

29)

Нұра бөлімшесі

Нұра ауылы, Школьная көшесі, 10

8(72774)5-80-62

30)

Талдықорған қалалық бөлімі

Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67Б

8(7282)24-49-75
8(7282)24-40-43

31)

Текелі қалалық бөлімі

Текелі қаласы, Октябрьская көшесі, 7

8(72835)4-35-38
8(72835)4-35-18

32)

Ұйғыр аудандық бөлімі

Шонжы ауылы, Қасымбеков көшесі, 35

8(72778)2-43-358(72778)2-43-31
8(72778)2-43-32

«Атырау облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

4.

«Атырау облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

Атырау қаласы, Сәтпаев даңғылы, 23-үй

8(7122)21-34-67

1)

Облыстық бөлім

Атырау қаласы, Сәтпаев даңғылы, 23-үй

8(7122)21-29-42

2)

№ 1 қалалық бөлім

Атырау қаласы, Баймұханов көшесі, 16а-үй

8(7122)35-75-05
8(7122)35-75-30

3)

№ 2 қалалық бөлімі

Атырау қаласы, Балықшы, Байжігітов көшесі, 80а-үй

8(7122)24-34-90
8(7122)24-37-89

4)

Индер аудандық бөлімі

Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Меңдіғалиев көшесі, 30

8(71234)2-12-96
8(71234)2-18-38

5)

Махамбет аудандық бөлімі

Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай көшесі, 10-үй

8(71236)2-24-96
8(71236)2-15-25

6)

Қызылқоға аудандық бөлімі

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Абай көшесі, 1-үй

8(71238)2-20-46
8(71238)2-20-27

7)

Жылыой аудандық бөлімі

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Бейбітшілік көшесі, 8

8(71237)5-03-54
8(71237)5-01-28

8)

Құрманғазы аудандық бөлімі

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкино ауылы, Есболаев көшесі, 66а

8(71233)2-05-13
8(71233)2-07-14

9)

Мақат аудандық бөлімі

Атырау облысы, Мақат ауданы, Центральная көшесі, 2

8(71239)3-22-97
8(71239)3-22-96

10)

Исатай аудандық бөлімі

Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егеменді Қазақстан көшесі, 9-үй

8(71231)2-16-70
8(71231)2-16-69

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

5.

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37а

8(7232)78-42-36
8(7232)28-94-67

1)

№ 1 Өскемен қалалық бөлімі

Өскемен қаласы, Сәтпаев даңғылы, 20/1

8(7232)60-39-22

2)

№ 2 Өскемен қалалық бөлімі

Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 99/1

8(7232)57-83-88
8(7232)22-81-37

3)

Глубокое аудандық бөлімі

Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Попович көшесі, 22

8(72331)2-23-35

4)

Зайсан қалалық бөлімі

Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, Жангелді көшесі, 52а

8(72340)2-67-81

5)

Зырян аудандық бөлімі

Зырян ауданы, Зырян қаласы, Стахановская көшесі, 39

8(72335)6-02-39

6)

Катон-Қарағай аудандық бөлімі

Катон-Қарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Абылайхан көшесі, 96

8(72341)2-23-60

7)

Күршім аудандық бөлімі

Күршім ауданы, Күршім ауылы, Б. Момышұлы көшесі, 77

8(72339)2-13-10

8)

Риддер аудандық бөлімі

Риддер қаласы, Семей көшесі, 12

8(72336)4-62-62

9)

Тарбағатай аудандық бөлімі

Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, Абылайхан көшесі, 23

8(72346)2-24-96

10)

Ұлан аудандық бөлімі

Ұлан ауданы, Молодежный кенті, 9-үй

8(72338)2-78-96

11)

Шемонаиха қалалық бөлімі

Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласы, 3 шағын аудан, 12

8(72332)3-41-00

12)

№ 1 Семей қалалық бөлімі

Семей қаласы, 408 орам, 21

8(7222)33-57-97
8(7222)33-55-93

13)

№ 2 Семей қалалық бөлімі

Семей қаласы, Найманбаев көшесі, 161А

8(7222)52-69-29

14)

Абай аудандық бөлімі

Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбаев көшесі, 12

8(72252)2-22-64

15)

Аягөз аудандық бөлімі

Аягөз ауданы, Аягөз қаласы, Дүйсенов көшесі, 84

8(72237)5-24-32

16)

Бесқарағай аудандық бөлімі

Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Пушкин көшесі, 2А

8(72236)9-06-30

17)

Бородулиха аудандық бөлімі

Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Молодежная көшесі, 25

8(72351)2-20-48

18)

Жарма аудандық бөлімі

Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 98

8(72347)6-54-00

19)

Курчатов аудандық бөлімі

Курчатов ауданы, Курчатов қаласы, Абай көшесі, 12

8(72251)2-21-66

20)

Көкпекті аудандық бөлімі

Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Шериаздан көшесі, 38

8(72348)2-21-71

21)

Үржар аудандық бөлімі

Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылайхан көшесі, 116

8(72230)2-19-85

«Жамбыл облысы бойынша ХҚКО» РМК филалы

6.

«Жамбыл облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

Тараз қаласы, Абай даңғылы, 232

8(7262)56-90-01
8(7262)46-00-28

1)

Тараз қалалық бөлімі

Тараз қаласы, К. Қойгелді көшесі, № 158 «а»

8(7262)43-84-21

2)

№ 1 бөлім

Тараз қаласы, Сәтпаев көшесі,1 «б»

8(7262)56-90-27

3)

№ 2 бөлім

Тараз қаласы, Талас шағын ауданы, 2

8(72622)6-17-78

4)

№ 3 бөлім

Тараз қаласы, Абай даңғылы, 232

8(7262)56-90-04

5)

Байзақ аудандық бөлімі

Сарыкемер ауылы, Медеуов көшесі, 33

8(72637)2-28-04

6)

Жамбыл аудандық бөлімі

Аса ауылы, Абай көшесі, 127

8(72633)2-11-99

7)

Жуалы аудандық бөлімі

Б.Момышұлы ауылы, Сауранбекұлы көшесі, 49

8(72635)5-02-46

8)

Қордай аудандық бөлімі

Қордай ауылы, Домалақ ана көшесі, 215

8(72636)2-13-52

9)

Мерке аудандық бөлімі

Мерке ауылы, Исмаилов көшесі, 232

8(72632)4-42-54

10)

Мойынқұм аудандық бөлімі

Мойынқұм ауылы, Рысқұлбеков көшесі, 215

8(72642)2-47-93

11)

Сарысу аудандық бөлімі

Жаңатас қаласы, Жібек жолы көшесі, 1

8(72634)6-33-00

12)

Талас аудандық бөлімі

Қаратау қаласы, Молдағұлова көшесі, 51

8(72644)6-33-93

13)

Т. Рысқұлов аудандық бөлімі

Құлан ауылы, Жібек жолы, 71

8(72631)2-18-10

14)

Шу аудандық бөлімі

Шу қаласы, Автобазовская көшесі, 1

8(72643)2-17-97

15)

Гродеково ауылының бөлімі

Гродеково ауылы, Мир көшесі, 88

8(72633)3-16-76
8(7262)51-23-24

«Батыс Қазақстан облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

7.

«Батыс Қазақстан облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81/2-үй

8(7112)23-68-81
8(7112)28-25-27
8(7112)28-29-14

1)

Ақжайық ауданы бойынша бөлім

Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Ақжайық тұйық көшесі, 2

8-711-36-92-580

2)

Бөкейорда ауданы бойынша бөлім

Бөкейорда ауданы, Сайқын ауылы, Берғалиев көшесі, 1

8-711-40-21-847
8-711-40-21-835

3)

Бөрлі ауданы бойынша бөлім

Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы Железнодорожная көшесі, 121 А

8-711-33-35-550
8-711-33-36-778

4)

Жаңақала ауданы бойынша бөлім

Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Халықтар достығы көшесі, 63А

8-711-41-22-403
8-711-41-22-404

5)

Жәнібек ауданы бойынша бөлім

Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Иманов көшесі, 79

8-711-35-22-425

6)

Зеленов ауданы бойынша бөлім

Зеленов ауданы, Переметное ауылы, Гагарин көшесі, 69Б

8-711-30-23-614
8-711-30-23-616

7)

Қазталов ауданы бойынша бөлім

Қазталов ауданы, Қазталов ауылы, Лұқманов көшесі, 22А

8-711-44-32-204
8-711-44-32-205

8)

Қаратөбе ауданы бойынша бөлім

Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Құрманғалиев көшесі, 23/1

8-711-45-31-800
8-711-45-31-463

9)

Сырым ауданы бойынша бөлім

Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, 11/2

8-711-34-31-446
8-711-34-31-447

10)

Тасқала ауданы бойынша бөлім

Тасқала ауданы, Тасқала ауылы,.Вокзальная көшесі, 6

8-711-39-22-398
8-711-39-21-979

11)

Теректі ауданы бойынша бөлім

Теректі ауданы, Федоровка ауылы, Юбилейная көшесі, 24

8-711-32-23-378
8-711-32-23-379

12)

Шыңғырлау ауданы бойынша бөлім

Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Тайманов көшесі, 95

8-711-37-33-311
8-711-37-34-420

13)

Қазталов ауданы бойынша бөлім

БҚО, Қазталов ауданы, Жалпақтал ауылы, С. Датұлы көшесі, 23

8-711-38-21-044
8-711-38-21-045

14)

Дарьинск селолық округы бойынша бөлім

Зеленов ауданы, Дарьинск ауылы, Балдырған көшесі, 27/1

8-711-31-24-080
8-711-31-24-082

15)

Ақжайық ауданының Тайпақ селолық округы бойынша бөлім

Ақжайық ауданы, Тайпак ауылы, Шемякин көшесі, 13

8-711-42-21-884

16)

Теректі ауданының Ақжайық селолық округы бойынша бөлім

Теректі ауданы, Ақжайық ауылы Ақжайық көшесі, 5

8-711-43-91-316

«Қарағанды облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

8.

«Қарағанды облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

Чкалов көшесі, 7

8(7212)41-63-10

1)

№ 1 қалалық бөлім

Ержанов көшесі, 47/3

8(7212)33-13-10

2)

№ 2 қалалық бөлім

Чкалов көшесі, 7

8(7212)41-03-92

3)

№ 3 қалалық бөлім

Мұқанов көшесі, 5

8(7212)77-26-57

4)

№ 4 қалалық бөлім

Архитектурная көшесі, 8

8(7212)45-71-01

5)

№ 5 қалалық бөлім

21 шағын аудан, 6/7-үй

8(7212)32-92-51

6)

№ 6 қалалық бөлім

Серов көшесі,73

8(7212)93-16-94

7)

Теміртау қаласының № 1 бөлімі

Блюхер көшесі, 23

8(7213)44-67-45

8)

Теміртау қаласының № 2 бөлімі

Республика даңғылы, 128

8(7213)99-79-96

9)

№ 1 Абай аудандық бөлімі

Абай қаласы, Абай көшесі, 54

8(72131)4-77-07

10)

№ 2 Абай аудандық бөлімі

Абай қаласы, Топар кенті, Қазыбек би көшесі, 3

8(72153)3-04-46

11)

Саран қаласының бөлімі

Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 85

8(72137)4-25-26

12)

Шахтинск қаласының № 1 бөлімі

Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, 65Б

8(72156)5-21-25

13)

Шахтинск қаласының № 2 бөлімі

Шахтинск қаласы, Шахан кенті, 10/16 орам, 6-үй

8(72156)3-20-99

14)

Осакаров ауданының № 1 бөлімі

Осакаров кенті, Пристационная көшесі, 12

8(72149)4-32-62

15)

Осакаров ауданының № 2 бөлімі

Осакаров ауданы, Молодежный ауылы, Абай көшесі, 13

8(72148)2-22-46

16)

Сәтпаев қаласының бөлімі

Сәтпаев қаласы, Сәтпаев даңғылы, 111

8(71063)4-03-47

17)

Балқаш қаласының бөлімі

Балқаш қаласы, Бөкейхан көшесі, 20а

8(71036)6-83-37

18)

Шет аудандық бөлімі

Ақсу-Аюлы ауылы, Жапақов көшесі, 23/1 Ақадыр кенті, Тәуелсіз Қазақстан көшесі, 4

8(71031)2-21-88

19)

Жезқазған қаласының бөлімі

Жезқазған қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 9

8(7102)73-81-09

20)

Жаңаарқа аудандық бөлімі

Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, А. Оспанов көшесі, 40

8(71030)2-69-09

21)

Қаражал қаласының бөлімі

Қаражал қаласы, Ленин көшесі, 18

8(71032)2-70-21

22)

Приозерск қаласының бөлімі

Приозерск қаласы, Балқаш көшесі, 7

8(71039)5-27-37

23)

№ 1 Бұхар Жырау аудандық бөлімі

Бұхар Жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылайхан көшесі, 37

8(72154)2-23-73

24)

№ 2 Бұхар Жырау аудандық бөлімі

Бұхар Жырау ауданы, Мир көшесі, 24

8(72138)3-15-62

25)

№ 1 Ақтоғай аудандық бөлімі

Ақтоғай кенті, Бөкейхан көшесі,

8(71037)2-11-05

26)

№ 2 Ақтоғай аудандық бөлімі

Сары-Шаған кенті, Абай көшесі, 12

8(71038)22-3-39

27)

Нұра аудандық бөлімі

Киевка кенті, Сүлейменовтер көшесі, 2

8(72144)2-11-11

28)

Ұлытау аудандық бөлімі

Ұлытау ауданы, Ұлытау кенті, Амангелді көшесі, 29а

8(71035)2-13-06

29)

Қарқаралы аудандық бөлімі

Қарқаралы қаласы, Әубәкіров көшесі, 21

8(72146)3-17-03

«Қостанай облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

9.

«Қостанай облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

Қостанай қаласы, Таран көшесі, 114

8(7142)53-44-84
8(7142)53-25-56

1)

Қостанай қалалық бөлімі

Қостанай қаласы, Гашик көшесі, 14

8(7142)26-45-51

2)

Алтынсарин бөлімі

Силантьевка кенті, Ленин көшесі, 51

8(71445)21-5-28
8(71445)21-5-29

3)

Амангелді бөлімі

Амангелді ауылы, Майлин көшесі, 27/7

8(71440)21-2-55
8(71440)21-2-69

4)

Арқалық бөлімі

Арқалық қаласы, Абай көшесі, 62

8(71430)75-6-87
8(71430)75-6-86

5)

Әулиекөл бөлімі

Әулиекөл ауылы, Ленин көшесі, 32

8(71453)21-8-31
8(71453)21-9-02

6)

Денисов бөлімі

Денисовкаауылы, Советская көшесі, 13

8(71434)22-0-30
8(71434)92-7-16

7)

Жангелдин бөлімі

Жангелдин ауданы, Торғай ауылы, 8 март көшесі, 37

8(71439)22-0-05
8(71439)21-5-85

8)

Жітіқара бөлімі

Жітіқара қаласы, Ленин көшесі, 108

8(71435)28-2-83
8(71435)28-2-00

9)

Қамысты бөлімі

Қамысты ауданы, Қамысты ауылы, Ержанов көшесі, 66

8(71437)22-2-76
8(71437)22-2-75

10)

Қарабалық бөлімі

Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтов көшесі, 16

8(71441)32-9-61
8(71441)32-5-02

11)

Қарасу бөлімі

Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, Комсомольская көшесі, 24-үй

8(71452)22-1-47
8(71452)21-9-69

12)

Лисаковск бөлімі

Лисоковск қаласы, № 4 шағын аудан, 25

8(71433)32-0-90
8(71433)35-3-89

13)

Меңдіқара бөлімі

Меңдіқара ауданы, Боровское ауылы, Королев көшесі, 4А

8(71443)22-4-60

14)

Наурызым бөлімі

Наурызым ауданы, Қарамеңді кенті, Шақшақ Жәнібек көшесі,5

8(71454)21-0-53
8(71454)21-0-15

15)

№ 1 Рудный бөлімі

Рудный қаласы, Космонавттар даңғылы, 12

8(71431)49-8-02

16)

№ 2 Рудный бөлімі

Рудный қаласы, Корчагин көшесі, 76

8(71431)90-0-38
8(71431)98-9-47

17)

Сарыкөл бөлімі

Сарыкөл ауданы, Сарыкөл кенті, Ленин көшесі, 104

8(71451)21-3-21
8(71451)21-2-09

18)

Таран бөлімі

Таран ауданы, Таран ауылы, Калинин көшесі, 93

8(71436)36-5-89
8(71436)37-4-52

19)

Ұзынкөл бөлімі

Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл ауылы, Абай көшесі, 79

8(71444)21-5-67
8(71444)21-1-62

20)

Федоров бөлімі

Федоров ауданы, Федоровка ауылы, Красноармейская көшесі, 56

8(71442)22-5-18
8(71442)23-2-83

21)

Қостанай аудандық бөлімі

Қостанай ауданы, Затабольск кенті, Калинин көшесі, 53

8(71455)24-3-15
8(71455)24-3-16

«Қызылорда облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

10.

«Қызылорда облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

Қызылорда қаласы, Ғ. Мұратбаев көшесі, 2Е

8(7242)23-07-16

1)

№ 1 қалалық бөлімі

Тасбөгет кенті, Амангелді көшесі, н/ж

8(7242)21-66-64

2)

№ 2 қалалық бөлімі

Жанқожа батыр көшесі, 82

8(7242)25-60-57

3)

№ 3 қалалық бөлімі

Қызылорда қаласы, Шұғыла шағын ауданы, 45

8(7242)24-86-11

4)

№ 4 қалалық бөлімі

Қызылорда қаласы, Ақмешіт шағын ауданы, 1б

8(7242)22-48-27

5)

Байқоңыр қалалық бөлімі

Байқоңыр қаласы, Максимов көшесі, № 17а

8(3362)27-54-81

6)

Арал аудандық бөлімі

Арал қаласы, Қарасақал көшесі, н/ж

8(72433)25-0-02

7)

Қазалы аудандық бөлімі

Қазалы қаласы, Жанқожа батыр көшесі, н/ж

8(72438)26-1-27

8)

Қармақшы аудандық бөлімі

Жосалы кенті, Абай көшесі, н/ж

8(72437)2-11-62

9)

Жалағаш аудандық бөлімі

Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі, н/ж

8(72431)32-3-03

10)

Сырдария аудандық бөлімі

Тереңөзек кенті, Амангелді көшесі, № 55 «а»

8(72436)2-29-00

11)

Шиелі аудандық бөлімі

Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Рысқұлов көшесі, н/ж

8(72432)4-15-59

12)

Жаңақорған аудандық бөлімі

Жаңақорған кенті, Сығанақ көшесі, н/ж

8(72435)21-4-51

«Маңғыстау облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

11.

«Маңғыстау облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

Ақтау қаласы, 15 шағын аудан, 67 б ғимарат

8(7292)42-23-118(7292)42-23-12

1)

№ 1 Ақтау қалалық бөлімі

Ақтау қаласы, 15 шағын аудан, 67 б ғимарат

8(7292)42-23-17

2)

№ 2 Жаңаөзен қалалық бөлімі

Жаңаөзен қаласы, Өркен шағын ауданы, «Оқушылардың шығармашылық үйі» ғимараты

8(72934)5-03-90

3)

№ 3 Мұнайлы аудандық бөлімі

Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, Қоғамдық ұйымдар ғимараты

8(7292)46-56-83

4)

№ 4 Бейнеу аудандық бөлімі

Бейнеу ауданы, Қосай ата көшесі, «Жастар орталығы» ғимараты

8(72932)2-55-35

5)

Бейнеу ауданының № 9 Боранқұл бөлімшесі

Боранқұл ауылы, «Боранқұл Мәдениет» мемлекеттік мекемесінің ғимараты

8(72932)3-16-95

6)

№ 5 Маңғыстау аудандық бөлімі

Шетпе ауылы, Центральная көшесі, № 15, Қазпочта ғимараты

8(72931)22-0-79

7)

№ 6 Қарақия аудандық бөлімі

Құрық ауылы, Уәлиханов көшесі, № 15

8(72937)22-2-10

8)

№ 7 Түпқарағай аудандық бөлімі

Форт-Шевченко қаласы, Маяулыз көшесі, 6-үй

8(72938)2-30-38

9)

Түпқарағай ауданының № 10 Ақшұқыр бөлімшесі

Ақшұқыр ауылы, Үштерек көшесі, 5, «Жайлау» ЖШС ғимараты

8(72938)33-28-44

10)

№ 8 Жетібай аудандық бөлімі

Жетібай кенті, Жаңақұрылыс көшесі, № 10 ғимарат

8(72935)26-9-33

«Павлодар облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

12.

«Павлодар облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48

8(7182)33-47-35
8(7182)70-42-01

1)

Павлодар қалалық бөлімі

Павлодар қаласы, Кутузов көшесі, 204

8(7182)34-59-04
8(8182)34-59-05

2)

№ 1 Павлодар қалалық бөлімі

Павлодар қаласы, Есенәлиев көшесі, 24

8(7182)32-04-67
8(7182)70-42-09

3)

Павлодар аудандық бөлімі

Павлодар қаласы, Толстой көшесі, 10

8(7182)62-92-29
8(7182)32-26-83

4)

Екібастұз қалалық бөлімі

Екібастұз қаласы, Мәшхур-Жүсіп көшесі, 92/2

8(7187)77-66-93
8(7182)70-42-27

5)

Ақсу қалалық бөлімі

Ақсу қаласы, Ленин көшесі, 10

8(7183)76-90-60
8(7183)76-91-77

6)

Ақтоғай аудандық бөлімі

Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 72

8(71841)2-21-66

7)

Баянауыл аудандық бөлімі

Баянауыл ауылы, Сәтпаев көшесі, 49

8(71840)9-23-65
8(71840)9-23-61

8)

Железин аудандық бөлімі

Железинка ауылы, Торайғыров көшесі, 58

8(71831)2-25-86

9)

Шарбақты аудандық бөлімі

Шарбақты ауылы, В. Чайко көшесі, 45

8(71836)2-34-43
8(71836)2-33-37

10)

Қашыр аудандық бөлімі

Тереңкөл ауылы, Тургенов көшесі, 85

8(71833)2-24-79

11)

Лебяжі аудандық бөлімі

Аққу ауылы, Тәшімов көшесі, 114

8(71839)2-11-07

12)

Ертіс аудандық бөлімі

Ертіс ауылы, Иса Байзақов көшесі, 14

8(71832)2-91-12
8(71832)2-91-11

13)

Май аудандық бөлімі

Май ауылы, Сейфулин көшесі, 13

8(71838)9-21-44

14)

Успенск аудандық бөлімі

Успенка ауылы, Тәуелсіздікке 10 жыл көшесі

8(71834)9-18-40
8(71834)9-12-51

«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

13.

«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

Әуезов көшесі, 157

8(7152)33-12-57

1)

Қалалық бөлім

Қазақстан Конституциясы көшесі, 72

8(7152)33-02-26

2)

Айыртау ауданы бойынша бөлім

Д.Сыздықов көшесі, 4

8(71533)2-01-84

3)

Ақжар ауданы бойынша бөлім

Победа көшесі, 67

8(71546)2-21-08

4)

Аққайың ауданы бойынша бөлім

Труд көшесі, 11

8(71532)2-25-86

5)

Есіл ауданы бойынша бөлім

Ленин көшесі, 6

8(71543)2-20-03

6)

Жамбыл ауданы бойынша бөлім

Горкий тұйық көшесі, 10 Г

8(71544)2-29-16

7)

Ғ. Мүсірепов атындағы аудан бойынша бөлім

Ленин көшесі, 7

8(71535)2-22-19

8)

Қызылжар ауданы бойынша бөлім

Институтская көшесі, 1 А

8(71538)2-17-46

9)

М. Жұмабаев ауданы бойынша бөлім

Юбилейная көшесі, 62

8(71531)2-03-76

10)

Мамлют ауданы бойынша бөлім

С. Мұқанов көшесі, 11

8(71541)2-27-48

11)

Тайынша ауданы бойынша бөлім

Қазақстан Конституциясы көшесі, 208

8(71536)2-36-03

12)

Темір ауданы бойынша бөлім

Уәлиханов көшесі, 17

8(71537)2-03-02

13)

Уәлиханов ауданы бойынша бөлім

Уәлиханов көшесі, 80

8(71542)2-28-11

14)

Шал ақын ауданы бойынша бөлім

Желтоқсан көшесі, 31

8(71534)2-73-90

«Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

14.

«Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

Шымкент қаласы, Мәделі Қожа көшесі, н/ж

8(7252)30-06-79
8(7252)21-09-00

1)

Шымкент қаласының № 1 қалалық бөлімі

Шымкент қаласы, Мәделі Қожа көшесі, н/ж

8(7252)30-06-79
8(7252)99-72-76

2)

Шымкент қаласының № 2 қалалық бөлімі

Шымкент қаласы, Мәделі Қожа көшесі, н/ж

8(7252)99-72-31

3)

Шымкент қаласының № 3 қалалық бөлімі

Шымкент қаласы, Оспанов көшесі, № 61

8(7252)30-01-35

4)

Шымкент қаласының № 4 қалалық бөлімі

Шымкент қаласы, Сайрам көшесі

8(7252)52-50-84

5)

Шымкент қаласының № 5 қалалық бөлімі

Шымкент қаласы, Республика көшесі, 15

8(7252)56-52-84

6)

Арыс қалалық бөлімі

Арыс қаласы, Ергөбек көшесі, н/ж

8(72540)2-31-18

7)

Бәйдібек аудандық бөлімі

Шаян ауылы, Мыңбұлақ көшесі, н/ж

8(72548) 21-443

8)

Кентау қалалық бөлімі

Кентау қаласы, Абылайхан көшесі, № 10

8(72536) 36-456

9)

Қазығұрт аудандық бөлімі

Қазығұрт ауылы, Қонаев көшесі, н/ж

8(72539) 22-757

10)

Мақтаарал аудандық бөлімі

Жетісай қаласы, Жайшыбек көшесі, н/ж

8(72534) 61-343

11)

Отырар аудандық бөлімі

Шәуілдір ауылы, Жібек жолы көшесі, н/ж

8(72544) 22-616

12)

Ордабасы аудандық бөлімі

Темірлан ауылы, Қажымұқан көшесі, н/ж

8(72530) 22-670

13)

Түркістан қалалық бөлімі

Түркістан қаласы, Тілеуұлы мыңбасы көшесі, н/ж

8(72533) 41679

14)

Төлеби аудандық бөлімі

Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, н/ж

8(72547) 61-90-56

15)

Түлкібас аудандық бөлімі

Түлкібас ауылы, Т. Рысқұлов көшесі, 189

8(72538) 52-709

16)

Сайрам аудандық бөлімі

Ақсукент ауылы, Қыстаубаев көшесі, н/ж

8(72531) 77-079

17)

Созақ аудандық бөлімі

Шолаққорған ауылы, Қожанов көшесі, н/ж

8(72546) 43-329

18)

Сарыағаш аудандық бөлімі

Сарыағаш ауылы, Шораұлы көшесі, н/ж

8(72537) 27-020

19)

Абай ауылдық бөлімі

Абай ауылы, Жылқышиев көшесі, н/ж

8(72532) 31-629

20)

Шардара аудандық бөлімі

Шардара қаласы, Шардара тұйық көшесі, н/ж

8(72535) 21-583

«Алматы қаласы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

15.

«Алматы қаласы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

Жандосов көшесі, 51

8(727)247-16-28

1)

Әуезов ауданының бөлімі

Жандосов көшесі, 51

8(727)247-16-27

2)

Алмалы ауданының бөлімі

Бөгенбай батыр көшесі, 221

8(727)378-09-09

3)

Алатау ауданының бөлімі

Шаңырак-2 шағын ауданы Жанқожа батыр көшесі, 24

8(727)395-36-10

4)

Бостандық ауданының бөлімі

Алмагүл шағын ауданы, 9а

8(727)396-37-00

5)

Жетісу ауданының бөлімі

Төле би көшесі, 155

8(727)330-72-43

6)

Медеу ауданының бөлімі

Марков көшесі, 44

8(727)239-65-52

7)

Түріксиб ауданының бөлімі

Рихард Зорге көшесі, 9

8(727)234-09-74

«Астана қаласы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

16.

«Астана қаласы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

Республика даңғылы, 12/2

8(7172)57-07-74

1)

Алматы ауданы бойынша бөлім

Мирзоян көшесі, 25

8(7172)61-84-11

2)

№ 1 бөлімше

Республика даңғылы, 12/2

8(7172)32-80-10

3)

№ 2 бөлімше

Абай даңғылы, 53

8(7172)21-10-27

4)

№ 3 бөлімше

Железнодорожный кенті, Ақтасты көшесі, 20

8(7172)94-71-80

5)

Сарыарқа ауданы бойынша бөлім

Республика даңғылы, 43

8(7172)32-46-97

6)

«Тілендиев» бөлімшесі

Бөгенбай даңғылы, 6а

8(7172)94-99-96

7)

«Ақжайық» бөлімшесі

Есенберлин көшесі, 16/2 «Темірбанк» АҚ ғимараты)

8(7172)59-28-33

8)

«Өндіріс» бөлімшесі

Кеменгерұлы көшесі, 6/1

8(7172)30-40-70

9)

«Кенесары» бөлімшесі

Сарыарқа даңғылы, 12-үй «БТА-Банк» АҚ ғимараты)

8(7172)23-79-03

10)

«Жеңіс» бөлімшесі

Жеңіс даңғылы, 34

8(7172)31-70-37

11)

Есіл ауданы бойынша бөлім

Сауран көшесі, 7

8(7172)50-13-70

12)

Есіл ауданы бойынша бөлімше

Қабанбай батыр даңғылы, 5/1, вп. №1

8(7172)50-91-95

«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын
беру» мемлекеттік қызмет   
стандартына           
2-қосымша            



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет