Семинар «Денешынықтыру оқу іс -әрекетінде дәстүрлі емес құралдарды қолдану»

Loading...


жүктеу 71.78 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі71.78 Kb.
түріСеминар
Семинар «Денешынықтыру оқу іс -әрекетінде дәстүрлі емес құралдарды қолдану»

Дайындаған Дәулет Қ.



Мақсаты: Баланың бойындағы қозғалыс белсенділігін дәстүрлі емес құрал жабдықтарды пайдалана отырып қалыптастыру.Дәстүрден тыс жабдықтардың қосымша маңызды екенін түсіндіру .Денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып балалардың қимылдық белсенділігін дамыту жəне дене жаттығуларын орындауға қызығушылықтарын қалыптастыру.

Міндеттері

1. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене сапаларын: ептілік, төзімділік, икемділік, шапшаңдық, үйлесімділікті дамыту;

2. Жүру, жүгіру, секіру, лақтыру мен қағып алу, еңбектеу мен өрмелеудің негізгі қимыл түрлеріндегі қарапайым дағдыларды дәстүрден тыс құралдарды пайдалана отырып орындауды қалыптастыру;

3. Мəдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыру;

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясында құндылықтарымен өскелең ұрпақты тәрбиелеудің негізгі тұжырымдарының бірінде салауатты өмір салтын сақтап, дене тәрбиесімен айналысуға ұмтылу –деген болатын . Сонымен бірге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында«Денсаулық» білім беру саласының мазмұны баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға; тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және балалардың қимыл-қозғалыс тәжірибесін негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы байытуға; шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттерін пайдалана отырып, тәрбиеленушілердің қимыл белсенділігіне сұраныстарын жетілдіруге бағытталған. Осы мақсатта бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой- өрісі жоғары, жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Ағзаның қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан да сүйектің, буынның дұрыс әрі мерзімінде жетілуіне бел омыртқаның физиологиялық иіндерінің қалыптасуына табан дөңестерінің дұрыс жетілуіне айрықша мән беру керек. Бұлшық еттерді қатайту, жүрек қан тамыр жүйесінің жетілуіне, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығына, тыныс алуды қозғалыспен үйлестіруге мүмкіндік жасап, сондай- ақ баланың қозғалысын жетілдіру, қимыл- дағдыларын және дененің икемділігін , шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыруға тұрмыста және дене тәрбиесі оқу іс- әрекеттерінде қажетті жеке және қоғамдық гигиена дағдыларын дамытуға баса назар аударылады. Балабақшада оқу-тәрбие жұмыстарын заман талабына сай жүргізу, баланың денсаулығын сақтау мен нығайту мәселелерін тиімді шешу медициналық және педагогикалық қызметкерлердің бірлескен нәтижелі еңбектеріне байланысты. Осындай мәселені шешу барысында баланың  денсаулығын нығайтуда және аурудың алдын-алуда баланың қимыл белсенділіктерін көтеру үшін педагогтар дәстүрлі жұмыстарға дәстүрден тыс ойын құралдарын пайдалана отырып ,шынықтыру шараларын ұйымдастырады . Дене тәрбие іс-әрекетіне арналған құрал-жабдықтармен жұмыс жүргізгенде баланың дене тәрбиесіне деген қызығушылықтары жоғарлап, іс -әрекеттердің  тиімділігін артады,  балалардың барлық негізгі қимыл түрлерін жасауға мүмкіндік берді,сонымен бірге  балалардакөптеген аурулардың алдын – алуға және ағзасын бекітуге себепші болды. Өзіміз дайындаған ойын құралдарына тоқталайын .

Ортаңғы топта «Сылдырмақ»ойыны тақырыбында өткен оқу іс –әрекетінде «Бой сергіту » жаттығуы қапшықпен орындалды.

1.Қапшық аузын ашып , ішіне ауа толтырып белден ұстау . Қапшықты иықтарына салып,аяқтың ұшымен жүру.

c:\documents and settings\хр\рабочий стол\мөлдір сылдырмақ суреттер\img_20161107_113836.jpg

2.Қапшықты төмен түсіріп,екі аяқтың арасынан кезек-кезек өткізіп жүру .



c:\documents and settings\хр\рабочий стол\мөлдір сылдырмақ суреттер\img_20161107_113938.jpg

3.Қапшықты екі қолмен ұстап алдыға қарай созып,сап бойында айналып жүру.

4. Қапшықты аяққа киіп қоянша секіру. (Жәй әуенмен)

c:\documents and settings\хр\рабочий стол\мөлдір сылдырмақ суреттер\img_20161107_114025.jpg

Негізгі бөлімде жалпы дамыту жаттығуына сылдырмақ пайдаланылды . 1 .Сылдырмақты қолдарына алғызу,екі бас бармаққа кигізу.



Тұрып орындалатын жаттығу. 1.Б.Қ.Қолды иық тұсына апару,жоғары көтеру,сылдырмақты сылдырлату,оңға иілу сылдырлату,солға иілу сылдырлату.(2рет) 2.Б.Қ.Екі қолды жоғары көтеріп сылдырлату,жартылай отырып сылдырлату,толық отырып сылдырлату.(2рет)

Отырып орындалатын жаттығу..

1.Б.Қ. Сылдырмақты аяққа кигізу,екі қолды еденге тіреу,аяқпен велосипед тебу. (2рет)

2. Б.Қ«Ұзын »дегенде аяқтарынды алдыға созып отыру. «Қысқа »дегенде тізені бүгіп аяқты жинап отыру.(2рет)

c:\documents and settings\хр\рабочий стол\мөлдір сылдырмақ суреттер\img_20161107_114517.jpgc:\documents and settings\хр\рабочий стол\мөлдір сылдырмақ суреттер\img_20161107_114541.jpg

Жатып орындалатын жаттығу.

Б.Қ.Шалқасынан жату сылдырмақтарын алу,сылдырмақты иегіне тақау,қолды жоғарыға созу.(2рет)

Сылдырмақты қолдарына ұстау,денсаулық жолымен жүру,себетке салу.

.Сап бойына жиналып тұру «Тыныс алу»жаттығуын орындау.



c:\documents and settings\хр\рабочий стол\мөлдір сылдырмақ суреттер\img_20161107_114843.jpgc:\documents and settings\admin\рабочий стол\мөлдір сылдырмақ суреттер\img_20161107_114852.jpg

«Қолшатыр»қ/қ ойыны.



Шарты: Балаларға қолшатырдың жиегінен ұстату, әр түрлі қимылдар жасау.

«Толқын»дегенде теңіздегі толқын тәріздес шатырды қозгау. «Жаңбыр жауды»дегенде шатырға жаңбырдан қорғану,аяқтарын тырсылдатып,жаңбыр дыбысын шығару

«Жарқырап күн шықты»дегенде қолшатырдан шығып отыру.

c:\documents and settings\хр\рабочий стол\мөлдір сылдырмақ суреттер\img_20161107_120018.jpgc:\documents and settings\хр\рабочий стол\мөлдір сылдырмақ суреттер\img_20161107_120202.jpg

Басқа шараларда ,күннің екінші жартысында,серуенкезінде ,ата-аналармен жүргізілетін спорттық жарыстарда да дәстүрден тыс дайындалған құралдар



«Гүлдесте» ойыны

Мақсаты: Дәлдікке,ептілікке үйрету және көзбен мөлшерлей білу дағдыларын дамыту Ойын шарты: Екі бала домалақ гүлдесте ойын құралының екі жағынан ұстай отырып, ортада жіппен бекітілген ойыншықты қарсыласының шеңберіне түсіру .

Көрнекілігі: Шығыршық, жіпке байланған ойыншық



«Дәл түсір »

Мақсаты: Көзбен мөлшерлей білу қасиеттерін дамыту. Ептілік,жылдамдық тәрізді қимыл сапаларын жетілдіру

Ойын шарты: Әр баланың қолына арнайы қолдан дайындалған ыдыстың астына бекітілген жіптің басындағы қақпақтарды жоғары лақтыру арқылы

дәлдеп ыдысқа түсіру.



Көрнекілігі: Пластиктен жасалған ыдыс.



«Велосипедшілер» ойыны

Мақсаты: Отырып аяқпен қимыл қозғалыс жасау арқылы жалпақтабандылықты жою, аяқ бұлшық еттерін дамыту
Ойын шарты: Орындықта орындалатын ойын .

Велосипед тәрізді екі аяқты кезек-кезек қозғай отырып аяққа жасалатын жаттығу.



Көрнекілігі: Кедір жолақшасы бар табанға арналған цилиндр



«Кім көп жинайды » ойыны

Мақсаты: Оң және сол қолымен нысанаға лақтыруға жаттықтыру.

Көзбен мөлшерлей білу дағдыларын дамыту,дәлдікке үйрету.



Ойынның шарты: Ойын жеке және топтық әдістер арқылы ойналады.Шеңберге доптарды дәл көздеп түсіру.Топтық сайыстарда екіге бөлініп, допты шеңберге дәл әрі көп түсірген топ жеңіске жетеді. Түсіне қарай жемістерді лақтырып торға жинайды.

Көрнекілігі: Жемістер бейнесіндегі шеңбер



«Қолшатыр» ойыны

Мақсаты: Шеңбер бойымен жүруге үйрету Дәстүрден тыс табиғат құбылыстарына сай қимыл-қозғалыстарды үйлесімді ету қабілетін дамыту.

Ойынның шарты: Қолшатыр бойына тұрып балалар нұсқаушының белгісі бойынша түрлі қимылдар жасайды .

Көрнекілігі : Түсті матадан тігілген қолшатыр

«Ғажайып киндр » ойыны



Мақсаты:Балаларды ептілікке,төзімділікке тәрбиелеу . аяқ саусақтарына жаттығу жасау .

Ойынның шарты: Аяқ саусақтары арқылы ұяшықтарға киндр ойыншығын жылдам салу.



Көрнекілігі: киндр құтысы,тақтайша ,цилиндр

«Қанқызы» ойыны



Мақсаты: Балалардың қол моторикасын дамыту. Жылдамдыққа,шапшаңдыққа тәрбиелеу

Ойынның шарты: Таяқшаға бекітілген жіпті орап қанқызына тез,жылдам жету. Ойынды жеке немесе топтық әдіс арқылы ойнауға болады.

Көрнекілігі: матадан тігілген қанқызы ,таяқша ,жіп


: storage
storage -> ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында
storage -> «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
storage -> Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау
storage -> Қабылдау комиссиясына
storage -> Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтарыналуғаарналғанжұмыстардыұсыну,ресімдеу және беру
storage -> Алматы отд бойынша 29. 12. 2012ж бос орындар: «Қазақтелеком» АҚ филиалы Алматы отд -на қажет: Бас аппарат бойынша бос орындар
storage -> Регламенті Жалпы ережелер
storage -> «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Акционерлерінің жалпы жиналысының 2008 жылғы 11 наурыздағы шешімімен №35 хаттама бекітілді (29. 12. 2011ж жағдай бойынша) «Қазақтелеком»
storage -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
storage -> Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесiн бекiту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...