Семей обласы, павлодар уезше қатысты 1916 жылғЫ Ұлт-азаттық ҚӨтерілістің алғышарттары мен сипаты



жүктеу 98.29 Kb.
Дата03.04.2017
өлшемі98.29 Kb.
СЕМЕЙ ОБЛАСЫ, ПАВЛОДАР УЕЗШЕ ҚАТЫСТЫ 1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚӨТЕРІЛІСТІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ МЕН СИПАТЫ
ПМПИ

Ә.Қ. ЕЛЕМЕСОВ


XX ғасырдың I жартысы қазақ халкының ауыртпашылық кезеңдерді басынан кешіп, бостандық, азаттық үшін ботадай боздап келген аумалы-төкпелі уақытпен алмасып отырды. Солардың бірі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. Басты себептерінің бірі - Ресей самодержавиесі бұған дейін халқымызды I жарым ғасырдан астам қоластына бодандық, калаберді отаршылдық кыспағына алғанымен қоймай, озбырлық әрекетінің өрістей түсуі.

1914 ж. 1 тамызда басталған 1 дүние жүзілік соғыс барысында, ер азаматтарды бірінен соң бірін әскер қатарына немесе тыл жұмыстарына мобилизациялау кесірінен ауыл шаруашылығы жұтап, тез арада егістік жерлердін көлемі қысқарады. Онымен қоса бар қалған шұрайлы жерлерінен қазақтарды ығыстырып, өзге ұлт өкілдеріне үлестіру де жалғасын тауып жатты. Соғыс ауыртпалықтары Қазақстаңда жұмысшы және шаруалар козғалысының өрлеуіне түрткі болып, соғысқа, қымбатшылыққа және жақыңдап келе жатқан ашаршылыққа қарсы шығуына себеп болды.

Осындай өңірлердің бірі Далалық генерал-губернаторлығына қарасты Семей облысының, Павлодар уезіндегі көтеріліс ошақтары. Көтеріліс болған аймақтарды көбінесе Семей облысы мея Омбы генерал-губернаторлығы арасындағы жүргізілген іс-кағаздар (баяндама, жеделхат, анықтама т.б.) арқылы білеміз.

1914 жылдын 14 сәуірінде Семей облысының соғыс губернаторы Чернцовтың Омбы орталығына жіберган баяндамасында: «Далалық генерал-губернаторына қатысты Павлодар уездінің Далба болысында қазақтар, уездік әкімшілікке карсы шабуыл жасап, қару-жарақтарын тартып алып жатыр. Ен белсенділік танытқан Екібастүздық және Екібастұз-Ермак темір жол жұмысшыларының ереуілдері болды. Жүмысшылардың мұндай әрекеттеріне қарсы оларды жұмыстан босатып, дөрекілік және көтеріліске қатысқаны үшін, олардың құжаттарында «кұрметсіздік» атты белгі-жазумен таңбалап отырмыз» деп жеткізеді. Бұл жерден біз Қазақстанның өзге де аймақтарындағыдай еңбекшілер мүддесінің ескерілмей, жұмыс уақытының ұзартылып, әлеуметтік езгінің күшейгенін байқауға болады. [1, 242 б.].

Екібастұз кеніштерінің еңбекшілер ереуілі 1915 жылғы маусым айына дейін жалғасын тапқан болатың [2,142 б. ]

Көтерілістің шығуының басты себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Қазақстан тарихы очеріктерінде сол кезеңге байланысты: «1916 ж. ортасына таман қазақ халқынан тартып алынған жерлердің көлемі 45 млн. десятинаға жетгі. Соғыс шикізатты, азық-түлікті, малдың және басқа материалдық байлықтардын орасан зор мөлшерін жұтып жатты» деп жазылуы, шынында мәселе төңірегі шегіне жеткенін көрсетеді. [3,288 б].

Патшалық Ресейдің саясаты мен оның жақтастарының жүргізіп отырған айла-амалдарына, қарапайым шаруа халықтың ашу-наразылығы 1916 жылғы 25 маусымдағы «Патша жарлығына» сай ушыға түсті. Жарлық бойынша қарапайым бұратана халық ішінен 19 бен 43 жас аралығындағы ер-азаматтарды қара жүмысқа алу белгіленді.

Дала өлкесінің генерал губернаторы Сухомлинов маусым айында патша жарлығы қабылданысымен Семей, Өскемен, Павлодар қалаларынан мобилизациялық шақыру пунктерін ашты. [4, 2 б. ]

Ер азаматгарды қара жұмысқа шақыру жарлығы шыққан соң, артын ала Өскемен уезінде, кейін қазақ ауылдары қоныстанған аймақтарда кең түрде көтерілістер етек алды. Атап айтсақ Зайсан, Өскемен, Қарқаралы және Семей облысы, Ақмола және Атбасар облыстары, Том губерниясы, Бииск уезі, Қос-Ағаш ауданындағы толқулар.

Тамыз айында Далалық генерал-губернаторлықта, сол уақытта Семей облысы бойынша уездер (Семей, Өскемен, Қарқаралы, Бұхтырма, Зайсан, Павлодар) 19 бен 31 жас аралығындағы қазақ азаматтарынан 85479 адам алынуға тиісті болса, күзге қарай осы тізімнің аз ғана бөлігі 1/3, шақырылып, қалғандары мойын ұсынбады. [5,40 б].

1916 жылғы 18 шілдеде Семей соғыс губернаторы Ф.Ф.Чернцовтың далалық генерал-губернаторы (Омбы қ.) Н.А. Сухомлиновке көтерілістің бастамасы жөніндегі жеделхатында: «Қарқаралы мен Павлодар уездерін аралағанда алған әсерім мен телеграф арқылы түсіп жатқан хабарлар бойынша жалпы жағдай мынадай деп хабарлауды міндет санаймын: барлық қырғыз халқының толқуы күшті, әсіресе облыс- тың оңтүстік және шығыс жақтарында белен алуда. Мұның арты немен тынарын болжау қиындау. Жоғарғы шенуніктер мен кей ақсақалдар көтерілісті болдырмауын түсініп жоғарғы үкіметке бағынуға шақырғанымен, бірақ көп жағдайда бұхара халыққа бұлардың күші жеткіліксіз» деп, көтерілісшілерді жабайы, әрі тұрпайы іс-әрекеттерімен жеткізеді. Тез арада шаруа казак қоныстарының қауіпсіздігі үшін арнайы шаралар қолданып, әр аймақта казак әскери бөлімдерінін құрылуын сұрай келе Семей облысынын сол сәттегі жағдайын қысқаша баян етеді: «Бұған дейін Зайсан уезінін шекарасында және қаланың өзінде жасақ бөлімшелері бар және олар өз оргадарында қалуына нақты сұраймын. Өскемендегі көтеріліске жарты жүздік Семейден шыққан болса, жартысы қалдырылды. Ендігі кезекте жолға шыққан жартыжүздік әскерилерді Қарқаралыға аттандырып, жартыжүзін мүмкіндік болса Павлодарда қалуын сұраймын. Егерде жасақтар орыс қоныстарының кауіпсіздігіне кажет болмаған күннін өзінде, жергілікті басшылар мен дәрігерлердің жеке басының кауіпсіздігі үшін кажет деп табамыз» дегендей орыс шаруаларының қауіпсіздігін ескеруді жіті қадағалайды. [6, 550 б.] 1916 жылы тамыз айынын аяғы мен қыркүйек айының 15 күні аралығындағы Омск әскери округінің штаб бастығы А.А.Таубенің көтеріліс барысын Семей және Ақмола облыстарында 7 шілде мен 6 қыркүйек аралығын қамтыған анықтамада:

«Тыл жұмыстарына шақыру жөнінде жоғарыдан үкім 29 маусымда келіп түсті. Қара жұмысқа шақырылғандар ішінен көп бөлігі Семей және Ақмола облыстарынан болды. Осы аймақтарда көтеріліс бола қалған жағдайда, оны басу үшін патша әскерилерінің ара қашықтары едәуір алыс еді. Осы мақсатта қазақтар арасында бірге өмір сүріп келе жатқан казак жасақтарын пайдалану көзделді» деп жеткізді. Орыс халқын қазақ көтерілісшілерінен қорғап карсылық көрсететіндер қатары жөінінен Сібір казактарынан тұрғанды. Ауылдық елді-мекендердегі көтерілісшілерді басып жаныштау үшін жер-жерде казак әскерилерінен жүздіктер құрылса, осындай жүздіктер қатары Көкпекті, Қарқаралы, Баянауыл, Павлодар, Ақмола және Атбасарда жасақталынады. [5, 490 б.]

Ақмола, Семей облыстарындағы көтерілісшілерге қарсы генерал Ягодкин басқарған 2 атты жүздік, күшейтілген II жаяу әскер ротасы жіберілді. [7, 242 б.]

Жүздіктердің құрылуынын арқасында қазына шығыны едәуір азайды. Себебі алыстан әскер жинап әкеліп орналастыру біршама киындық туғызатыны хақ. Жергілікті жүздіктерден алынған казактар әскер құрамына шығынсыз енгізілді. [5,492 б.]

1916 ж. шілденін 19-да Далалық өлкенің генерал-губернаторы Сухомлинов көтеріліске катысқандардың іс-қағаздарын әскери сотқа өткізіп және одарды өлім жазасына кесуді хабарлайды. Колониялды өкімет ұлттың жоғарғы табын өз жақтарына қарату үшін мобилизациядан болыстық, селолық және ауылдық басшылар, аткамінерлер, молла, имам, бай, кіші полейцейлік шендердің адамдарын босатуды көздеді.

Мобилизация барысында болыс басқарушылары шаруа халықты еш бақылаусыз тізімін саудаға салып, халықтың наразылығын өршіте түсті. [4, 41 б].

Қазақ арасында ол кезде тууы туралы куәлік болмайтын, баланың туған уақыты тіркелмейтін. Мұның өзі байлар мен болыстардың басқа да қызмет орындарының тәртіпті бұзып, халыққа жәбір жасауына соқтырды. Олар пара алып, бай балаларын солдатқа алудан босатып, олардың орнына кедейлердің жасы жетпейтін балалары мен жасы асқан кәрілерін салып жіберді. Сонымен қатар байлар өздерінің балалары мен жақын тумаларының орнына кедейлерді жалдап алуға ерікті болды. [5, 499 б]. Мәселен, 60 жастағы кедей шалдары 30 жаста болып, 25-30 жастағы бай балалары 50 жастағы болып жазылады. [8,266 б.] 26 шілдеде Семейдің соғыс губернаторы Ф.Ф. Чернцовтын Омбыға жіберген жеделхатының бірінде Павлодар уездінің Мұздыкөл батысында қазақтар хатшыны соққыға алып, тізімді жоюды сұрағаны жөнініде баяндама алғанын жазады [5,553 б.].

Қазақ еңбекшілерінің ашу-ызалы толқуы өздерін қанаушыларға қарсы көтеріліске ұласты. Қолына не түссе, сонымен қаруланған ызалы халық патша әкімдерімен болыстарға, старшиналар мен стражниктерге қарсы тұрды. Көтерілісшілер әсіресе жек көрінішті болған шенеуніктердің үйлерін, болыс кеңселерін өртеп, іс қағаздарын, солдатқа алынғандарын тізімін жойып жіберді. Мысалы, шілде айының өзінде-ақ Павлодар уезінің Ақмола уезімен шектес екі болысында көтеріліс бұрқ етті. Ақкөл болысының көтерілісші қазақтары 1916 жылы тамызда болыс кеңесінің іс-қағаздары мен тізімді жойып жіберіп, болысты оның писарі мен старжникті тұтқынға алған. Көтеріліс сарыны ел ішінде кең қанат жайды. Тамыз айының бас кезінде Осипов купецтің тұз кәсіпшілігі жұмысын тоқтатты. Баянауыл ауданы территориясындағы гидротехникалық ұжымның жұмысшы қазақтары, Екібастұз бен Майқайынның кеңшілері де үн қосты. [4, 2 б].

Қара жұмысқа алу қатары кейінге шегерілсе де, осыған қарама-қайшы көтеріліс толқулары әрі өрши түсті: көтерілісшілердің талабына сәйкес 25 маусымдағы патша жарлығы өз күшін жою керек болды. Зайсан өңірінің уезд басшысының айтуы бойынша: «Еш бір қазақ көзге түспеді, барлық шақырылғандар тығылып немесе Қытайға көшіп жатыр Баянауылдықтар Павлодар уезіне қарай ағылуда».

Павлодар уезінде қазақтар тұзды кемеге артуды тоқтатқандығнан Том және Тобыл губерниялары тұзсыз калу қауіпі бар. Сонымен қатар гидротехникалык жұмыстар Баянауыл ауданында тоқтатылады. [5,499 б.] Патша үкіметі көтерілісті басудың жедел шараларын қарастырды. Сол жылдың 20 тамызында жазаланушы жүздік құру үшін Омбыдан жасауыл Щестаков келді. Патша үкіметі шын берілген казак тандауларынан құрылған жазалаушылардың кешікпей жергілікті халық күшімен кактығысуына тура келді.

1916 жылы қыркүйектің 25 - де Омск әскери округінің штаб басшысы А.А.Таубенін Семей және Ақмола облысындағы көтерілістің даму жөнінде генерал штаб басшысы П.И. Аерьяновқа жіберген теллеграммасы:

Омскіден Петрогража Осы хатта жазылғандай Павлодар уезінде Семей облыстық казактардың толқулары күшейді, Баянауылға жіберілгендер қазақтармен қорғалып сандары шамамея 4 мың шамасында.

50 шақтысына 5 рет оқ атуға тура келді. Ішінде жараланғандары бар, бірақ олардың саның біле алмадық. Баянауыл төңірегінде қырғыздар (қазактар) орманды өртеуде, Баянауылда тағы да 50 адам жинауға тура келді. [сонда, 497 б].

Қыркүйек айында 1916 ж. Хасен Ташенов және Әшірбек Шодарбаевтардың басшылығымен 200 далалықтар Павлодар уезінің, Ақкелін болысындағы Шормановтар ауылынын 4 мың бас жылқы үйірлеріне шабуыл жасады. Павлодар уезінің 5 учаскесі бойынша Шорманов өз рапортында шаруа басшысына былай деп хабарлады: «Мен өз дүниеме қауіп төніп тұрғанға аландаудамын, көшпелі халықтың көңіл-күйі нашар, менің жұмыскерлерім бәрі кетіп қалды. Мен тіпті жұмыскерлерсіз қалып, казіргі танда мал басы белгісіз қырғыз-қазақтардың талан-таражына түсіп жатыр». [5, 40 б].

Савиновтың мақаласында бұл уақиға былай деп баяндалады: 1916 жылғы 17 қыркүйекте уездегі ықпалды байлардың бірі Нүркеш Шорманов уездік басқармаға былай деп хабарлады: 17 кыркүйек күні сойыл, шоқпарман қаруланған екі жүздей адам, бірінші, төртінші ауыл тұрғындары Хасен Тасжановтың, Әшірбек Чоларбаевтың, Жақия Жанғожайұлының, Көкі Кереевтің, Жәнәбіл Бакаевтың, Сасынай Досбековтың, Жұмабек Айнабековтың бастауымен Садуақас, Жәміл, Қабыш, Аспандияр, Зында Шормановтар жылқысына тиіп, төрт мыңдай жылқыны айдап кетті. Осыны хабарлай отырып, сізден жағдайды Семей губерна- торына хабарлап, бұдан былай Шормановтар мүлкіне шабуыл жасауды токтатуды сұраймын. Егер дер кезінде катаң жаза қолданбаса өзіңіз басқарып отырған участоктағы болыстар мен көрші ауылдар да жаппай талан-тараж басталып кетуі мүмкін. [2, 2 б].

Павлодар уезінің Қызылтау болысында Ағыбай Көкібаев басшылығымен 80 жігітті Торғай өңірінде бірлесіп шабуыл жасауға және бірігіп күрес жүргізуе ат- тандырмақшы болды. Бірақ оның жасақтарына сол арада, Павлодардан келген жазалаушы отряд көтеріліске қатыспақшы ақкеліндіктерді таратып жіберіп, бірнеше жігіттерін өлтіреді. [4, 40 б].

21 кыркүйек пен 3 қазанда жазалаушы отрядтармен қанды ұрыс Алабас елді мекенінде және ірі кақтығыстар Қаратор елді-мекенінде болды. Кейін қыркүйектің 29 -да көтеріліс Ақкелін, Далба болыстарында жалғасты. Савиновтың аудармасында: «Садуақас Шормановтың үйіне түскі уақытта жеке-жеке топ болып шабуыл жасады. Бір тобы шамасы 1500 - дей адам Ащы өзеннен өтіп, Шорманов үйінің батыс жағына екі шақырымдай жерге жайғасты. Екінші топ шығыс жақтағы биік төбеге жиналды, үшінші топ оңтүстік батысқа Садуақас Шормановтың екі қыстауын паналай орналасты.

Төртінші топ Шормановтар бейіті жағынан қалың жылқыны алдына айдап жылжып келеді. Сағат үштің шамасында қылыш, мылтықтан, ай-балта шоқпар, сойылмен қаруланған екі жақ қатардағы топтар шашырай жайылып, Шормановтың үйіне лап қойды. Прапоршик Чукреевтің командасымен бірнеше қайтарып оқ атылғаннан кейін Оңтүстік Шығыс жақтағы топ жаралылары мен өлгендерінің алып кейін серпілді. Осыдан кейін алдына жылқы са- лып келе жатқан солтүстік шығыс жаққа оқ жаудырылды. Тоғыз адам, бес жылқы өлді. Бұдан кейін шабуылшылар кейін шегінді. Шор- манов узадьбасының алды, артына бекінгендерге оқ атылып, шабуыл тойтарды. Көтеріліс күшпен басылғаннан кейін жазалаушылар отряды белсене қатысқандарды тұтқындап, қазақтарды майданның қара жұмысына жөнелтумен шұғылданды. Бұл іске байлар, билер мен молдалар көп көмек көрсетті. Шорман тұқымының байлары әсіресе белсенділік көрсетті. Солардың айтуымен Ақ келін, Далба, Баянауыл болыстарының көтеріліс басшыларының көбі тұтқындалды».

Қазақтардың қару-жарақтарынан айбалта, кейбіреуінде аң аулайтын немесе бердан жүйесіндегі мылтық қарулары болды. [2,2 б].

Көтерілісшілер қолбасшысын қазақ-жасақтары арасынан өздері сайлайды. Олардың кейбіреуі ұсталғанымен кейбіреуі қашып үлгерген. [5,493 б].

Жалпы саны Қазақстанда 40000 адам мобилизациялауға ұшырады. Бір ғана Павлодар уезінде шамамен 4 мың қазақтар көтеріліске қатысқан. [4,41 б.] Қазақ халқының осындай реакдиялык әрекеттері С.Мүқановтың «Ботагөз» романында орын алған. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс жеңіліс тапқанымен, патша жарлығының орындалуына кедергі болды. Кере ку-Баян өнірінің сол кезеңдегі көтерілістері таптық кайшылықтармен ұштасып сипатталынды. Азамат соғысы жылдары шаруалар күресі Кеңес үкіметі жағында әрі қарай жалғасын тапты.

«Күрделі оқиға және белгілі бір ретте қайшылықты болған Қазақстандағы 1916 ж. көтеріліс қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстар жылнамасының жарқын парақтарынын бірі. Ол әлемдік империалистік соғыстың шиеленіскен уақытында, Ресейде шаруалар мен жүмысшылар қозғалысының белең алған уақытында өтті» - деп Ж.О.Артықбаев өз еңбегінде түйінге қосады. [9, 117 б].



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Мария Тереник/Павлодар: это нашей истории строки. Часть 1.(1720-1945 іт.) 2-е издание. - Павлодар. НПФ «ЭКО», 2001.-292 с.

  2. Қозыбаев М/ Жауды шаптым ту байлап./ - Алматы: Қазақстан, 1994, 192 б.

  3. Қазакстан тарихы көнг заманнан бугінге дейін. (Очерк) Алматы «Дәуір» баспасы. 1994. 446 б.

  4. Савинов О. Халык каһары. // Қызыл ту. №2, 1970 ж.

  5. Шевченко С./ Очерки истории Павлодарского Прииртышья. Часть-ІІ. XX - век. Павлодар: ТОО НПФ «ЭКО», 2000 г. 240 ст.

  6. Восстание 1916 года в средней Азии и Казахстана. Сборник документов. Издательства Академии Наук СССР., Москва, 1960 г. 560 ст.

  7. М.А. Асылбеков, Қ. Алдабергенов. /XIX ғасырдың екінпгі жартысы мен XX ғасыр басында Ресей империясынын Қазақстанда жүргізген отарлау саясатьшьщ зардаптары./Павлодар: «Унверситет баспа орталығы», 2003. - 369 бет.

  8. Ибрагимов Ж. /1916 ж. ¥лт- азаттық козғалысы: (Хандык билік мәсежсі.) // Акикат - 1999, №9, - 87 б.

Артыкбаев Ж.О./ Қазакстан тарихы (90 сүрак және жауал)./ Астана, 2004. 147 6.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет