Семей- 2015 Модуль Құс шаруашылық өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау. Тақырып: Ауыл шаруашылық құстарын өндеу гигиенасы және ұшасы мен ішкі ағзаларын тексеру әдістері



жүктеу 0.83 Mb.
бет1/4
Дата07.09.2017
өлшемі0.83 Mb.
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ




СМЖ 3 дәрежелі кұжаты

ПОӘҚ



ПОӘҚ042-18-23.1.08/01-2014

ПОӘҚ

Оқытушыға арналған пән

«Құс, балық, ара және өсімдік өнімдерін ветеринариялық – санитариялық сараптау І » бойынша бағдарламасы

Баспа №_күні____






ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«ҚҰС, БАЛЫҚ, АРА ЖӘНЕ ӨСІМДІК ӨНІМДЕРІН ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ – САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ - І »
мамандық үшін 5В120200- «Ветеринариялық санитария»

СЕМЕЙ- 2015


Модуль 1. Құс шаруашылық өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау.

Тақырып: Ауыл шаруашылық құстарын өндеу гигиенасы және ұшасы мен ішкі ағзаларын тексеру әдістері.

Тақырып: Құстың жұқпалы ауруларын сойғанға дейін және сойғаннан кейінгі инфекциялық ауруларын анықтау.


Жоспар

  1. Ньюкасл ауруы

  2. Жұқпалы ларинготрахеит

  3. Шешек

  4. Тұмау

  5. Марек


Ньюкасл ауруы-тауық тұқымдастығына жататын құстардың бәріне тән ауыр өтетін жұғымтал ауру. Қоздырғышы: арамиксовирус тобына жататын вирус.

Сояр алдындағы балау.

Ауру құстар селсоқ күйінде, ұйқышыл, тыныс алуы қиындап, жөтел, айдары көкшілденіп, танау қуысымен тұмсығынансұйықтық ағады. Іші өтіп, нәжісте кейде қан аралас шығады. Аяқ, мойын тартылып, сіреспеленіп, осыдан ақсақтыққа ұшырауы, бір не қос қанатының салбырап қалуы кездеседі.



Союдан кейінгі балам.

Ас қорыту, тыныс алу органдарының кілегейлі қабығында ұсақ дақ не жолақтанып қан құйылғаны көрінеді. Тікішектің кілегейлі бездері мен қабығына, асқазанға, соқыр ішектің тарамдалып, таралатын тұсына ұзыншақ жолақша сияқты не дөңгелене қан құйылғаны көрініп, тоқ ішектің ісініп, фиброз-некрозды ошақтардың домалақ не сопақша күйдегілері болуы кездеседі. Көмей, кеңсірік, ауызда сілекейлі-кілегейлену кездеседі.



Өнім қалдықтарына санитариялық баға.

Ауруға ұшыраған құстардың өнім қалдықары түгелдей жойылады. Күмәнді құстардың ішкі құрылысы, өнімдері мен денесін-патологиялық өзгерістері болмаса қайнатып, шығарады.

Ауруға ұшырады деген күдікті не ауырған құстардың жүні мен қауырсындарын өртеп жібереді. Шаруашылықта ауру құстардың өнімдерін жойып, ал клиника-анатомиялық белгілері жоқ құстардың еті мен ішкі құрылысын қайнатудан кейін шаруашылықтың ішкі қажетіне ұстайды. Құстардың үлкен партиясын сою кезінде, етін жақын орналасқан аудан, облыс, республиканың тамақ өндірістеріне өндірістік өңдеуге не пісірілген күйде қоғамдық тамақтану орындарына жіберуге болады. Шартты сау деп есептелген құстардың жұмыртқаларын шаруашылықта пісіріп алып тамаққа пайдаланады. Жұмыртқаның үлкен партиясын бүріккішпен зарарсыздандырып, тамақ өндірісімен айналысатын кәсіпорындарға ыстық температурада нан. Кондитер өнімдерін шығаруға пайдаланады.

Жұқпалы ларинготрахеит-тауық тектес құстардың жұқпалы ауруы, қоздырғышы-герпесвирус. Сақа құстарда ларинготрахеит ретінде, жас құстарда-созылмалы конъюнктивит түрінде болады.

Сояр алдындағы балам.

Ауру құстар самарқау күйде болады. Ентігу, кеңірдекте қан мен фибрин араласқан сұйықтық жөтелмен шығады, конъюнктивальды қалыпта-конъюнктив гиперемиясы, қабақ ісуі, көз кішіреюі, жас ағуы, жарықтан қорқу, бір не екі көздің де үлкеюі, көз жанарынан айрылуы, көз алмасының атрофиясы болады.



Союдан кейінгі балау.

Көмей ішінде, кеңірдектің өн бойында кейде үлкен бронхыларда катаральды-гемаррагиялық қабыну, үстіңгі кілегей қабығын бітеген қан ұйындылары, фибрин мамығы, кілегейлі-қан болады. Басқа органдарда да өзгерістер болуы мүмкін, бірақ олар ауру үшін қалыпты емес.



Сойыс өнімдерін ветеринариялық – санитариялық сараптау.

Ауру шыққан шаруашылықтардағы шартты сау деп есептелген құстарды ветеринариялық-санитариялық қызметтің рұқсатымен, ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтай отырып, ет өндіруші кәсіпорындарда союға болады. Құс түгелдей бөлшектенеді. Ауру белгілері бар органдар мен ет бөліктерін, басын, мойнын, кеңірдегімен қоса жоюға жібереді. Ал қалған бөлегін қайнатады. Егер де патолого-анатомиялық өзгерістері болмаса, оларды қайнатудан кейін шұжық консервілер жасауға жібереді.

Ауру не шартты сау ұстардың жүн, қауырсындарын 20мин 85-900 С ыстық ауамен не 3 % ыстық формалинмен не 85-950 С ыстық сумен 20мин зарасыздандырады.

Ауру шыққан құс үйірінің жұмыртқаларын зарасыздандырып, одан кейін саудаға шығаруға жібереді.



Шешек-бұл тауық, құр, көгершін, күркетауық т.б құстардың жұқпалы ауруы, авипоксвирус тобы вирусынан шығатын және терінің кейбір бөліктерін экзантематозды күйде не ауыз қуысы мен үстіңгі тыныс алу жолдарының ішкі қабатын кілегейлі қабынуы.

Сояр алдындағы балау.

Ауру құстардың қабақ, тұмсық үсті, ауыз жиегі, арқа терісі, қанаты, аяғы, артқы жағы және басқа да дене бөлшектерінде жалғыздан не көптеген экзантема қабыршақтары пайда болады. Түрлері-ақшыл-сары көбікше сияқты, томпайған қоңыр-қызыл не домалақ сұр қабыршақтар, терімен тұтас жабысып тұрады.

Ауру кілегейлі түрде болса, арқасында қабыршақтар болмайды. Ауыз жиегінің кілегей қабатында, тілінің астында, кеңірдекте сарғыш, тығыз фибринды пленка не ірімшіктектес қоймалжың кілегей қабатпен жабысып тұрады, бұл кезде құста ентігу пайда болады.

Союдан кейінгі балау.

Денесінен, тыныс алу жолдарынан, ауыз қуысынан сояр алдында көрінген өзгерістер түгелдей табылады. Ішкі құрылыстарынан қандай да бір басқа өзгерістер табылмайды.



Сойыс өнімдерін ветеринариялық – санитариялық сараптау.

Егер құстың басында не дене бітіміндегі қабыршақтар кішкене болса, сол жерлерін ғана алып тастайды. Ал өзгермеген бітімі мен ішкі органдарын қайнатқаннан кейін шығарады. Егер де бітімінің бірнеше бөлегі қабыршақтанса, онда бүкіл ішкі құүрылысымен қоса жойылады. Ауру не күдікті құстардың сойылған өнімінің қалдықтары, жүн, қауырсындарын зарарсыздандырып, екі қабатпен қапталған ыдыста өңдеуші кәсіпорынға жөнелтеді. Ветеринариялық куәлікке ауруы туралы мәлімет жазылады. Қалған клинико-анатомиялық белгілері жоқ партияны өңдеп, азықтық мақсатқа ешқандай тиымсыз шығара береді. Ауру құстың жұмыртқаларын зарасыздандырып, азықтық мақсатқа ұстайды.



Тұмау-тауық, үйрек, күркетауық т.б жұқпалы ауруы. Бұларды ауру тасымалдаушы және адамдар арасында шығатын тұмау эпидемиясын туғызушы дейді.

Қоздырғышы: ортомиксовирус тобының А типті виурсы. Ауру өте ауыр өтеді, әсіресе, жас балапандарда аз ған уақыт ішінде топтың 80-100 % дейін қырылады, кейде белгісіз күйде не созылмалы түрде болады.



Сояр алдындағы балау.

Ауру құстарда гипертермия, ауыр күйзеліс, каматоз күйге де түседі. Тыныс алу ауырлап, ентігу, тұмсық қуыстарынан малынан сұйықтық ағып, бас, аяқ ісіп, тұмсық, айдары көкшілденеді. Ал үйрек, қазда конъюнктивит, жанарынан айрылу кездеседі.



Сойғаннан кейінгі балау.

Танау қуыстарында кілегей, сұйық жиналып, үстіңгі тыныс алу жолдарының кілегей қабатында, қабыну, ісіну болады. Бас, аяқ, мойын терісінің тері астыңғы ісіктері, ішкі органдардың серозды қабықшаларында ұсақ нүктелі қан ағуы, суда жүзетін құстардың көз хрусталиктерінің үстінде фиброзды қабықша жиналады. Көптеген жағдайда ауру құстардың танау жолдарының кілегейлі қабықшасында катаральды қабыну, бас тіндерінде көкшілдену, синус болады.



Сойыс өнімдерін ветеринариялық – санитариялық сараптау.

Жеке бас профилактикасын сақтай отырып, ауру құсты жояды. Толықтай бөлшектеп, патологиялық өзгерістер болса, ішкі органдарымен қоса өртейді. өзгерістер болмаса, ішкі органдарын жойып, етін қайнатқаннан кейін консерв, шұжық т.б азықтық мақсат үшін ыстық Орнитоз-псикаммоз тобының вирусынан шыққан көгершін, тауық, үйрек, күркетауық, қаздардың ауруы.



Сояр алды балауы.

Белгісіз күйде өтіп жатқанда ауруды анықтау қиын. Ауру қозған кезде әр құста әртүрлі, бірақ бәрінде селсоқтық, конъюнктивтит, ринит, диарея болады. Егер орнитозға күдік болса құсты түгел бөлшектейді. Соятын кісілер жеке бас профилактикасын сақтау керек.


Тақырып: Құстардың инвазиялық ауруларындағы сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау

Жоспар.

1.Құс эймериозы

2.Гистомоноз (тиффлогепатит, энтерогепатит)

3.Спирохетоз

4.Індетті синусит

5.Саркоспоридиоз

6.Кнемидокоптоз

Құс эмериозы – энтероколитті, нефритті түрде өтетін инвазиялық ауру. Бұл аурумен үйрек, қаз, күрке тауық және балапандары ауырады.



Қоздырғышы: эймериялар – әр құстың өзіне тән паразит қоздырғыштары. Protozoa типіне, coccidida отрядына, eimeria туысына жатады.

Сойғаннан кейінгі диагностика. Ұшаны сойып қарағанда анемия, дегидратация, соқыр ішек көлемінің ұлғаюы байқалады. Соқыр ішек қанға толы, созылған жағыдайда фибринозды эксудат болады. Аурудың негізгі белгісі эрозиялы ашық қызыл түстегі кілегейлі қабық, кейде гангрена және соқыр ішектің жарылуы мүмкін. Ұшалар төменгі қондылықта болады. Үш айлық қаз балапандарының бүйрек эймериозы кезінде бүйректің ұлғаюы 2 немесе оданда көп есеге ұлгаюы байқалады.

Сойыс өнімдерің ветеринариялық – санитариялық сараптау.

Барлық зақымдалған ағызалар техникалық утилизацияға, ал ұша қондылығы қанағаттарлық болса, қайнату арқылы залалсыздандырып пайдалануға болады. Арық құс ұшасын және зақымдалған ішкі ағызаларды утилдейді.

Гастомоноз (тиффлогепатит, энтерогепатит ) – соқыр ішек пен бауырдағы зақымданып, гранулемалар дамиды да соңы некрозбен сипатталатын ауру.

Қоздырғышы:Histomonas meleagridis,жіпшелі қарапайымдыларға жатады. Күрке тауықтар ауырғанымен 2 аптадан 4 айға дейінгі балапандар және басқа құстар сирек шалдығады.

Ауру құстар күйзелген, аз қозғалады, жүндері ұйпаланған, диарея, қарынды басып тексергенде қарағанда шұнқыр тәрізді ұлғайып кеткен соқыр ішек білінеді. Сойып қарағанда білеуленген соқыр ішек қабырғасының қалындығы 1 см, тығыздалған бұлынғыр ақшыл түсті, ішек ішінде дифтериялық қоймалжың сұйықтың астында жаралар болу мүмкін. Фибринозды перитонит байқалады. Бауыр ұлғайған, қанға толы, тарының дәні көлеміндей көптеген сұр ошақтар басады.



Сойыс өнімдерін ветеринариялық – санитариялық сараптау.

Барлық зақымдалған ағзаларды техникалық утилизатцияға бағыттайды. Ал ұшаны, қайнатып залалсыздандырылған соң, пайдалануға болады.

Перитонит пен зақымдалған құс ұшаларын және арық ұшаларды ішкі ағзаларымен бірге техникалық утилизацияға жібереді.

Спирохетоз трипонемоз – жіті түрде өтетін жайылған уытты ауру. Анемиямен, көк бауырдың, бауырдың ұлғаюымен және әлсіз геморрагиялық диатез көріністерімен сипатталатын ауру. Тауық пен қаз аурады, ал үйрек, күрке тауық және тағы да басқа құстар бұл ауруға сирек шалдығады.

Қоздырғышы Trepanoma anserinum, негізгі тасымалдаушысы Argus persicus кенесі.

Сойыс өнімдерін ветеринариялық – санитариялық сараптау.

Құстардың сыртқы көрінісін тексергенде қоныр немесе ақшыл – сары түсті сырғасының және тұмсығының кілегей қабатының анемиясы байқалады. Ішкі ағызаларда, жүректе серозды және серозды фибринозды эксудат, миокардта нүктелі қанталаулар байқалады, жүрек бұлшық етінің бозаруы ішектерде, аналық бездері мен геморрагиялық диатездер табылады. Көк бауыр екі есе ұлғайған,күлгін – қызғылт түсті, болбыр. Осындай өзгерістер бауырда да кездеседі.

Ұшаның арықтауы мен бұлшық еттің зақымданғанында ұшаны және ішкі ағызаларды техникалық утилизацияға, егер зықымдалу байқалса, ұшаны жоғарғы температурады қайнатып залалсыздандырады, ішкі ағызаларды утилизацияға жатқызады. Диагноз ұшадан алынған жұғындыдан және ауру құстың қанынан спирохеталарды табумен нақтыланады.

Індетті синусит – күркетауықтылардың және тауықтардың Mycoplasma gallisepticum микроорганизімдері тудыратын індетті ауруы. Бұл ауруға қаз мен үйрек шалдықпайды.

Клиникалық тұрғыдан зерттегенде көз асты қуыстары ұлғайғаны, сұйық эксудатқа және казеозды заттарға толы және конюктивит. Өкпеде әртүрлі сатыдағы пневмониялар байқалады.



Сойыс өнімдерін ветеринариялық – санитариялық сараптау.

Зақымдалған басты, мойынды, ішекті, өкпені техникалық утилизацияға, ал ұшаны қайнатқан соң қолданады. Ауру септикалық түрде өткенде ұшаны тұтастай утилизацияға бағыттайды.



Саркоспоридиоз – саркоцист туысына жататын қарапайымдылар тудыратын ауру. Олар көптеген жануарлар мен құстардың еті мен жүрек бұлшық етінде тоғышарлық етеді.
Сойыс өнімдерін ветеринариялық – санитариялық сараптау.

Саркоцисталармен кең ауқымды зақымданған және дистрофиялық зақымдалуы бар ұшаларды жарамсыздыққа шығарады. Ал зақымдалмаған мүшелерді қайнатқан соң қолданады.



Кнемидоктоз. Қауырсыны жок сирақтарды техникалық утилизацияға жатқызып, ұшаларды бөгетсіз қолданады.
Тақырыбы:Құстардың жұқпалы емес ауруларындағы ветеринариялық - санитариялық сараптау

Жоспар:

  1. Тыныс жолы мүшелерінің аурулары

  2. Зиянсыз жаңадан шыққан ісіктер

  3. Жарақаттар (жаңадан пайда болған).

  4. Улануды анықтау

Етті жұқпалы емес ауруларға ауруларға тексеру

Тыныс жолы мүшелерінің аурулары. (Бронхит, бронхопневномия, пневмония, плевропенмония). Тыныс жолы аруларының туу себебі: салқын тиуі, ыстық ауа, жарақат, химиялық заттар, мал азығында өсетін зеңдіген саңырауқұлақтар, кейбір инфекциялық аурулар табылады. Осы жағдайларда тыныс жолдарының әртүрлі микрофлоралармен зақымдалуы байқалады.

Сойылғаннан кейінгі анықтау. Мұрынның кілегей қабаты, кеңірдек қызарған, үсіген кей кезде сұйық немесе көпіршікті эксудаты бар, катаралды немесе катаралды-геморрогиялық ісіктің ошақтары болады.

Бронхопневмонияда кеңірдекте және өкпеде тығыз бөлшектер болады сұр-қызыл түсті. Көкірек қуысының лимфа бездері сулы, ұлғайған қанталаған. Плевро жарақаттанған жағдайда фибриноздық эксудат қосылуы (спайка байқалады).

Ветеринарлық-санитарлық бағасы. Инфекциялық ауруларды ескеру қажет. Жарақаттанған мүшелерді утилдейді. Пневмония, плеврит болған жағдайда және лимфа бездерінің процестерінің қаралған жағдайда еттің және басқа сойыс өнімдері санитарлық бағалау туралы шешім бактериологиялық зерттеу нәтижесіне қарай шешіледі. Өкпенің аспирациясында оны утилдейді.

Бауырдың аурулары. Цирроз. Капиллярды экстазия, майлы дистрофия іріңдері және т.б.

Сойылғаннан кейінгі анықтау. Атрофический циррозда бауыр үлкейген, қатты, мықты сұр-қызыл түсті немесе қара- қызыл түсті. Гипертрофиялық циррозды бауыр 2-3 есе үлкейеді, тығызданады . Капияларда, эктазияда (ірі-қара малда кездеседі). Бетінде және паренхимада қызыл, көк-қызыл немесе қара-қызыл әр-түрлі мөлшердегі ошақтар болады, өкпе капсуласының астында анық көрінетін шұңқырлар пайда болады.

Іріңдеп (әдетте ірі-қара малда кездеседі), дифрагмалы жақта орналасады, ірің сұйық, сасық иісті болады.

Ветеринарлық-санитарлық бағасы. Бауыр циррозында, сары ауруда ісіктерді және өкпе паренхимасының патологиялық өзгерістерінде бауырды утилдейді. Өкпе бірлі-жарым жарақаттарын алып тастайды. Өкпенің жарақатталмаған бөлшектерін, сондай-ақ білінбейтін капилярлық экстазияда бауырды кедергісіз жібереді.

Бүйрек аурулары. (Нефриттер, нефроздар, сары су, бүйрек тастары, ісіктер бұзаулардың «ак бауыр» ауруы және басқалар).



Сойылғаннан кейінгі анықтау. Бүйректің қабаынуында (нефритта) бүйректердің фибриоздық қабыну, колемінің үлкейгені байқалады. Касуласы оңай алынады. Қабық қабатында ақшыл қызыл секпіл, сұр-ақшыл томпақшалар көрінеді. Бүйректің лимфа түйіндері үлкейген сұр-мәрмәр түсті болады. Интерстициялдық нефритті бүйректің бетінде ақшыл-сұр үлкен бұршақ көлемінде геморрагиялық жүзікпен қоршалған жоғарылаулыр бар, кесімде шамалы ақшыл-сұр ошақтар болады. Іріңді нефритті ұсақ абцесстар пайда болады, бүйрек қуысында іріңді секрет болады.

Нефрозда бүйректер үлкейген, қамыр тәрізді. Қабық қабаты қанталанған. Қабық және ми қабаттар арасындағы шеттер жойылған. Ми қабатында жансызданған ошақтар бар.



Ветеринарлық-санитарлық бағасы. Нефриттің, нефроздың көптеген сары судың, ісіктерін, бүйрек тастарының түрлерінде бүйректерді утилдейді. «ақ бауыр» ауруында, ірің нефритінде, басқа мүшелерде патологиялық өзгерістер анықталған жағдайда, етті қолдану мәселесі бактериологиялық зерттеуден кейін шешіледі.

Жаңадан шыққан ісіктерді зерттегенде оларды зиянсыз (фибома, миксома, миома, фиброма және т.б.) және зияндыларға (саркома, кардиома және т.б. бөлінеді).



Зиянсыз жаңадан шыққан ісіктер. Олар жергілікті орналасады да әдетте қоршаған мүшелермен ткандерді басып алады да, нәтижесінде осы мүшелер ауруларының сәйкес басқа патологиялық өзгерістер қабаттасады. Олардың анық көрінетін шеттері бар кей кездерде капсула болады, жеңіл бөлінеді. Нефромдар әдетте қабырға арасында жүйкеде, иықтағы жұтқыншақтағы шайнау бұлшық еттерінде, жүректегі жүйке жүйесінде орналасады. Линомдар май қыртысында орналасады. Олар жұмсақ немесе тығыз болуы мүмкін. Некроз және ақ балшықтың қабаты болады.

Зиянды жаңадан шыққан ісіктер. Оларда анық көрінетін шеттері жоқ, ісік қоршаған ткандерге кері өседіде метас құрайды. Саркомалар дәнекерлеуші ткань бар барлық жерлерде шығады, олар әр түрлі түйін түрінде беті ақ болады. Кальциномда, өкпеде, асқазанда, ішекте, сірі және кілегей қабықтарда табылады.

Ветеринарлық-санитарлық бағасы. Зиянды сондай-ақ зиянсыз көптеген жаңадан шыққан ісіктері бар мүшелер мен ұшаның бөлшектерін утилдейді. Жарақатталмаган ұша бөлшектерін қайнатуға жібереді, көлемді ұлғайған алып тастауға мүмкін емес жағдайда ұша мен мөлшерлерді утилдейді.

Бірлі-жарым зиянсыз ісіктер кездессе, жарақатталған жерлерін алып тастайды, ал ұша мен мүшелерді кедергісіз жібереді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет