Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасын оқыту Ғ. А. Қазанбаева, №136 орта мектеп, Алматы қаласы Тақырыбы: Сәкен Сейфуллин.



жүктеу 30.11 Kb.
Дата15.05.2017
өлшемі30.11 Kb.
Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасын оқыту
Ғ.А. Қазанбаева, №136 орта мектеп, Алматы қаласы

Тақырыбы: Сәкен Сейфуллин. «Көкшетау» поэмасының мазмұны мен идеясы.


Мақсаты:
а) білімділік: Поэманың мазмұнын қайталай отырып, жазылу тарихына, көтерген проблемасына тоқталу. Кейіпкерлеріне мінездеме беру, іс-әрекеттерін талдау
ә) дамытушылық: Поэмадағы кейіпкерлердің іс-әрекеттерін бейнелеудегі айшықты сөз кестелеріне тоқталу, оқушыларды ой еркіндігіне баулу.
б) тәрбиелік: Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: Сұрақ-жауап, салыстырмалы-зерттеу әдісі, пікірталас (дебат), әдеби айтыс.
Көрнекілігі: Суреттер (Абылай, Сәкен), плакаттар, қаттама кітапшалар, үнтаспа («Біржан-Сара» операсынан үзінді).
Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Өткен материалдарды пысықтау.
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, біз өткен сабақта С. Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасын оқып, таныстық. Енді сол поэманың мазмұнына жалпы шолу жасайық.
«Табиғат - поэзияның қайнар көзі» десек, ендеше Көкшетау – Отан, туған жер туралы поэма.
а) М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсынан Біржанның әнін тыңдап көрелік.
ә) Көкше сипаттары. «Көкшетау» поэмасындағы Сәкеннің суреттеуі.
б) Мағжан поэмасындағы Көкшенің сипаты.
2. «Көкшетау» поэмасындағы халық аңыздарына тоқталу, аңыздар, оның шығу тарихы.
Плакатпен жұмыс жүргізіледі (ауызша)
а) «Жеке батыр» /Не себептен аталған/.
ә) «Бурабай», б) «Оқжетпес»,
в) «Жұмбақтас», г) Қыз бен жігіт, д) Адақ, е) Адақ мерген.

III Жаңа материалды түсіндіру. «Көкшетау» поэмасын талдау.
1. Поэмасының негізгі тараулары қандай?
Ақын онда не туралы баяндаған?
Мысалдар келтіру арқылы дәлелдеу.
а) Абылай батырларын алды жиып,
Үлеске олжаларын салды жиып.
Сол жерде бір сұлуға талас болды,
Бере алмай біреуіне бірі қиып.
Ал, балалар, поэма оқиғасы осылай басталды? Осындағы Абылай кім? (Оқушылар Абылай туралы, Абылай өмір сүрген орта туралы өз ойларын айтады)
ә) Мағжанның «Батыр Баянындағы» Абылай бейнесі. (Салыстыру №2 плакат әрқайсысының тұсына оқушы өз ойын жазады).
3. Поэмадағы портрет жасаудағы ақын шеберлігі (қалмақ қызы; Сәкен, Мағжан суреттеулері, салыстыру, көркемдегіш құралдарды табу).
Теңеу, портрет, баяндау (Абылай батырларын алды жиып... немесе: Қамалып сол сұлуға қарасыпты; немесе: Қарақұс пен кептер (қыз жұмбағы).
4. Күресте қалың қолды адақтаған...
а) Адақ бейнесі (портрет). Адақ кім еді?
ә) Адақ мерген.
б) «Батыр Баян». Баян бейнесі ( Тақтаға салыстыра талдау).
Адақ: адал, батыр, қайырымды, ержүрек, ер мінезді.
Баян: басшы, кішіпейіл, намысқой, ержүрек, кейіпкер.
Адақ – халық өкілі, әділдікті жақтаушы. Баян - өз жерін жаудан
қорғау, алаш атын ардақтау.
5. Баян өз інісі Ноянды неге өлтірді? Баян әрекеті дұрыс па? Пікірталас: Ноян сатқын ба? (Әр оқушы өз ойын айтады)
Ойламай белді бекем будым неге?
Қозымды қас дұшпандай қудым неге?
Майысып Ноян қалқам, ерке марқам,
Қасқиып қарсы алдымда тұрдың неге?...
6. Әдеби айтыс.
а) Қай ақын суреткер, шебер? Көңіліңе қай Көкше жақын?
ә) Қазақтың екі ақыны да неге жау қызын өз халқының ұлдары мен батырларынан жоғары қояды?
б) Қай Абылай шындыққа жақын?
в) Батырлық, ерлік, адамдық кімде басым? Адақта ма, Баянда ма?
IV. Сабақты қорыту
1. Көкшетау – Отан туралы, туған жер туралы поэма. (ой толғау). Оқушылар сабақты өздері қорытады. Тақтадағы кестенің қорытындысын шығарады.
2.Мұғалімнің қорытынды сөзі, оқушылардың білімін бағалау.
V. Үйге тапсырма
а) Салыстыру жұмысының қорытындысын жасау.
б) Поэмадан көркемдегіш құралдарды табу, талдау.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет