Секция 4 бизнеспен сабақтастырылған білім беру бағдарламаларында Экономикалық пәндерді оқытудың интерактивті әдістерін қолдану

Loading...


жүктеу 62.75 Kb.
Дата24.05.2017
өлшемі62.75 Kb.
түріСабақ
секция 4

бизнеспен сабақтастырылған білім беру бағдарламаларында Экономикалық пәндерді оқытудың интерактивті әдістерін қолдану
Г.К. Нургалиева

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қаласы , e-mail: zolota08@mail.ru


Рецензент - Оралбаева Ж.З, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қаласы

 

Экономиканың инновациялық дамуы түбірлі өзгертуді тек өндіріс саласын ғана емес, қызмет көрсетумен технологиялар, оның ішінде оқыту процесін де қамтиды.



Қазақстанның әлемдік оқу кеңістігіне енуі, Болон конвенциясының ережелерін қабылдауы жоғарғы білім беруді реформалаудың негізгі тенденцияларымен дамуын анықтайды. Оқытудың міндетті мемлекеттік стандарттары оқу процесін де кометентті білім беру әдістерімен технологияларын енгізуді міндеттейді. Осы орайда, оқытудың интерактивті формаларын енгізу міндетті процесстердің бірі [1].

Оқытудың интерактивті формалары - оқу процесін де қатысушылардың диалог түріндегі ұйымдастырылуы. Оқытудың интерактивті формалары ең алдымен, студенттердің оқу қабілетін, ақпаратты критикалық талдаумен өңдеумен , тиімді қарым- қатынаспен жан-жақты болуға бағытталған [2].

Интерактивті оқытуды ұйымдастыру мыналардан тұрады:


  • Сабақ тақырыптарын , тапсырмаларын ,сұрақтарының мәселелерін табу,

  • - диалогқа шақыратын оқу кеңістігін ұйымдастыру,

  • Студенттермен оқытушылардың тану процесінде мотвациялық дайындықтарын қалыптастыру;

- студенттердің қойылған міндеттердің шешімін табу үшін арнайы ситуацияларды жасау арқылы белсендіру;

- Студенттермен оқытушылардың бірлесіп оқу қызметімен ережелерін (сөз бостандығы хұқығын сыйлау, кез келген көзқарасты қабылдау, сыйластық және т.с.с.); жасаумен қабылдау;

- оқытуда «қолдаушы» әдістерді пайдалану: конструктивті сұрақтарды қоя білу, жылы интонациялар және т.с.с.

-бірлескен қызмет процесімен нәтижесін бағалау.

Бухгалтерлік есеп пәндерін меңгеру әр түрлі салада экономист мамандар дайындауда маңызды орын алады. Бұл пәндерді оқыту тәжірибесін зерттеу интерактивті әдістерді пайдаланудың мынадай жолдарын көрсетті (1-кесте):
 1-кесте – Жоғары оқу орындарында бухгалтерлік есепті оқытудың негізгі принциптері


Негізгі принциптер

Жүзеге асырудың тәсілдерімен әдістері

Бухгалтерлік есепті үйренгуе мотивациялау


Мамандықтың сипаттамасы: бухгалтерлік есептің ғылым ретіндегі даму тарихы фактілері; бухгалтерлік есепті бизнес құралы ретінде кіріспемен қалған сабақтарда активті түрде ынталандыру; дәрістер курсында шынайы өмірден мысалдардың болуы.

Пәнаралық байланысты жүзеге асыру


Пәнаралық байланысты белгілі бір тәртіппен параллель түрде еске салу, сілтемелер, ғылымдар байланысымен жүзеге асыру, экономикалық құбылыстардың мәнін көмегімен шаруашылық операциялардың мазмұнын , оларды құжаттаумен есебін түсіндіру.

Курсты максималды қарапайым және технологиялық баяндау


Материалдарды түсіндіруде схемалрмен суреттер, әдістемелік нұсқауларды пайдалану (есептер жинағын) , оқытуда техникалық құралдарды, заң, нормативті – хұқықтық актілерді пайдалану

Өзінше зерттеу қызметін

белсендіру



Бухгалтерлік есептің өзекті мәселелері немесе әр түрлі салалардағы есептің ерекшеліктері бойынша конференциялармен , семинарлар өткізу

 Бухгалтерлік есепті оқыту үшін бухгалтер кіріспе дәрісте де, басқа кейінгі дәрістерде де курстың мақсатын міндетерін нақты көрсету мен дәрістер курсында шынайы өмірден мысалдардың болуы арқылы барынша ынталандыруы тиіс.

Пәнаралық байланыс – оқыту процесінің міндетті элементі . Қазіргі оқу жоспарына сәйкес өз мамандықтары бойынша мынадай тәртіппен «Бухгалтерлік есеп», «Талдау», «Салықтар», «Аудит» пәндері арқылы оқиды. Осылайша пәнаралық байланысты жүзеге асырады. Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негіздерін білмей , студентке салықтың түрлері бойынша салық салу базасымен оларды есептеуді үйрету мүмкін емес. Аталмыш пәндер бойынша олардың әрқайсысына нормативт-хұқықты базаның ролі жоғары: бухгалтерлік есеппен аудит стандарттары, заң актілері, инструкциялар. Осыларды пайдалана білу студенттерді бухгалтелік ессеппен аудиттің маманы етіп шығарады [3].

Есеп пәндерін студенттерді кәсіби даярлауда оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану мынадай артықшылықтарға ие:

1. Жаңа материалдарды студентер пассивті тыңдаушылар ретінде емес, активті қатысушылар ретінде меңгереді;

2. Болашақ мамандар ақпартты өңдеудің азіргі технологияларын пайдаланады;

3. Заң, нормативті – хұқықтық актілерді өздігінше пайдаланумен талдау , өзгерістерді қадағалау дағдыларын үйренеді;

4. Алынған ақпараттардың жеделдігімен өзектілігі – студенттер бухгалтерлік, экономикалық және аудиторлық қызметтің практикалық ситуацияларын шешуде пайдаланады.

5. Қол жетімділікпен икемділік.. заң, нормативті – хұқықтық актілерді пайдалануды үйренеді.

6. Студенттермен оқытушылардың үнемі байланыста болуы, ол оқу процесін кәсіби деңгейге жеткізеді.

Сабақ өткізудің интерактивті формаларын дәріс оқуда, тәжірибелік және басқа да сабақтарда, дайындықтың әр түрлі деңгейлерінде пайдалануға болады.

Интерактивті дәріс әдеттегі дәріспен тренингтік ойындарды біріктіреді. Қателермен дәріс ертеректе оқытылған материалдарды бекітумен бақылауға пайдаланылады. Дәріс мазмұны жеке парақтарға шығарылып, студенттерге меңгеру үшін алдын ала таратылады. Олар тексте қателерді тауып, коллективті түрде қателерді талқылауы қажет. Оқытудың мұндай формасы теориялық материалды меңгеруде өзіндік бақылау жасауға үйретеді.

Интерактивті дәріс оқудың кең тараған әдістерінің бірі – дәріс-дискуссия. Ол критикалық ойлаумен, материалды қабылдау процесін жетілдіреді, оны терең түсінуге мүмкіндік береді. Дискуссия дәріс соңында барлық дәріс мазмұны бойынша жүргізлуі де мүмкін. Дәрістің мұндай түрі оқу процесін жандандырады, аудиторияның коллективтің пікірін басқаруға мүмкіндік береді.

Оқу процесінде интерактивті әсер ету оқытушы тек берген дәріс, оқулық материалдарын ғана пайдаланып қоймай, талдауға, қатынастарды , қарама-қайшылықтарды,баға беруге, мәселерді қортындылауға, шешуге шақырады. Жаттығулар арқылы жұмыс істеу студенттердің ойлау қабілетін белсендіреді, білімін тереңдетеді, пәнге деген қызығушылығын жоғарлатады [4].

Оқу процесінде сабақ берудің интерактивті формаларын интенсивті әдістері: іскерлік ойындар, оқу ситуацияларын, тестер, жаттығулар, практикалық мысалдармен есептер сияқты қолданылады.

Іскерлік қызметке үйретудің әдістерінің біріне – кейс-әдістер де жатады. Кейс әдіс – бұл іскерілк ситуациялармен міндетерді студенттермен оқытушының бірігіп шешу әдісіне үйрету.

Студентерге шынайы өндірістік жағдайды талдауға, тек практикалық жағынан емес теориялық жағынан да кешенді әдістерді пайдалану қажет. Мысалы, «Бухгалтерлік есеп», «Аудит», «Салық есебі» сияқты пәндерді оқытуда үнемі болып отыратын өзгерістерді заң, нормативті – хұқықтық актілерді пайдалану арқылы жаңалықтарды көрсету арқылы үйрету.

Осылайша, экономикалық пәндерді оқытуда, оның ішінде бухгалтерлік есепті, интерактивті педагогикалық әсер ету әдеттегі педагогикалық оқытудың альтернативасы, яғни баламасы болып табылады.



Қолданылған әдебиеттер тізімі.

1.Болонский процесс: поиск общности европейских систем высшего образования (Проект TUNING) / Под научной редакцией д.п.н. В.И.Байденко, Москва – Астана, 2006, 6с.

2.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы./ Егеменді Қазақстан газеті 14 желтоқсан 2010 жыл.

3.Ризуанова А.К. Виды инновационных учебных заведений для обучения одаренных детей. Научно-педагогический журнал. № 3. Алматы, 2008, 144с.



4.Кручинина Г.А. Экспериментальное исследование дидактической ценности компьютерных программ различных типов для формирования позитивного отношения учащихся к знаниям. – М., Педагогика. 1991. – 165 с.

Аннотация. Мақалада негізгі құзырлар және экономикалық бiлiмнiң әр түрлі әдістер, ойындар, кейстер пайдалану арқылы студенттердің қызығушылығының және тәжірибенің өзара байланысында қаралады.

Аннотация. В статье рассматривается взаимосвязь ключевых компетенций и интересов и практики студентов с помощью деловых игр, кейсов в контексте экономического образования.

Abstract. The article examines the relationship between core competencies and interests and practices of students using business games, case studies in the context of economic education.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...