«Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат»



жүктеу 82.64 Kb.
Дата05.03.2017
өлшемі82.64 Kb.

02.07.2014 ЕСЭДО ГО (версия 7.13.2) Копия электронного документа. Положительный результат проверки ЭЦП.

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы « »

№ бұйрығы


«Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметі).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) www.e.gov.kz, «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі не көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат).

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен куәландырылады.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес өтінім;

2) порталда:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық түрдегі сұрау салу.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, оның көшірмесіндегі тіркелуі туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің не мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 301-кабинет, телефоны 8 (7172) 55-58-48, 55-57-63 Министрлік басшысының атына беріледі.

Шағымдар жазбаша түрде почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің не Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушы өтініш туралы ақпаратты «жеке кабинетінен» көре алады, ол өтініштерді көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі барысында жаңартылып тұрады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Шағымда:

1) жеке тұлға – оның тегі, аты, қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;

2) заңды тұлға – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қоюға тиіс.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.



4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда

көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жерлердің мекенжайлары:

1) Министрліктің: www.minagri.gov.kz;

2) көрсетілетін қызметті берушінің: www.fhc.kz, интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде орналастырылған.

14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).


_______________
«Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

_________________________________________

(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

_________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

_________________________________________

(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефоны)

Көрсетілетін қызметті алушының реквизиттері_______________

(БСН, ЖСН)*
Өтінім нөмірі:

Өтінім
«Саны жағынан реттеуге жататын жануарлардың түрін алуға рұқсат» беруді сұраймын.

Аулау мақсаты_______________________________________________________

Аулау әдісі___________________________________________________________

Рұқсатты қолдануға жауапты тұлғалар:________________________________

Мекендеу ортасынан алу үшін жоспарланған объектілердің саны және тізімі:


Жануарлар түрлері

Саны (жеке)

Аудан (аумақ) жәнеучаскешекаралары


















Жыныстық жасының құрамы


(қажет болған жағдайда)_____________________________________________

Ескертпе: * БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі, ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі

Аулау мерзімдері _____________ дан _________________ дейін

Өтініш беру күні «___»_______ 20 __ жыл

Мәлімет нысаны түрінде енгізілген мәліметтер дұрыс екенін, растаймын

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) және қолы ____________________


___________________

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет