Санаторлық-курорттық Қызметтер маркетингі: МӘні мен мазмұНЫ



жүктеу 101.85 Kb.
Дата23.06.2017
өлшемі101.85 Kb.
САНАТОРЛЫҚ-КУРОРТТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР МАРКЕТИНГІ: МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
Ордабаева Майнур Айтказиновна

аға оқытушы

С.Аманжолов атындағы Шығыс

Қазақстан мемлекеттік университеті

(ШҚМУ), Өскемен қаласы

2012 жыл

Қазақстан

Маркетинг экономикалық үрдіс ретінде өндіруші мен тұтынушы арасындағы күрделі, көп жақты байланысты қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан алғанда маркетинг нарықтық қатынастардағы жүріп жатқан потенциалды қатысушылардың арасында тек қана тауарлық қана емес, сонымен қатар ақпараттық айырбасты жүргізуші, оны реттеуші құрал болып табылады. Бұл аса күрделі, қоғамда зор маңызды орын алатын іс.

Маркетингтің шаруашылық қызметі ретінде орындайтын толық жұмыс түрлері тізімін беру мүмкін емес. Кәсіпорындар мен мекемелердің төмендегі сұрақтарға жауап іздеуі маркетингтің бүгінгі таңдағы маңыздылығы рөліне шек келтірмейді:


  • нарыққа қандай тауарлар мен қызметтерді ұсыну қажет;

  • өнімді кімге ұсыну қажет;

  • тауарлар мен қызметтерге қашан және қандай шарттарды қою қажет;

  • тұтынушыларға тауарлар мен қызметтерді қандай тарату арналары арқылы жеткізу қажет.

Тауарлар мен қызметтердің өмірге келуін әрине сұраныс белгілейді. Ал сұранысты айқындайтын да, оны қалыптастыратын да маркетинг үрдісі екендігі анық. Сондықтан маркетинг қазіргі бизнестің тұжырымдамасы ретінде зерттеу, талдау, ойлау және болжау үрдісін қамтиды. Ол әртүрлі шешімдердің әр дәрежеде қолданылуын қамтамасыз етеді.

Маркетинг қызметіне төмендегілер жатады:



  • әртүрлі тұтынушылар топтарының қажеттіліктерін, сұранысын анықтау;

  • тұтынушыға керекті және қажеттілігін қанағаттандыратын тауарлар мен қызметтер ұсыну;

  • тауардың құндылығына сәйкес тұтынушыға қолайлы және өндірушіге пайданы жеткілікті деңгейде қамтамасыз ететін баға қою;

  • өндірген тауарлар мен қызметтерді тұтынушыға ең пайдалы және ыңғайлы арнамен жеткізуді анықтау;

  • нарыққа , сұранысты қалыптастыруға және өткізуді ынталандыруға белсенді әсер ету жолдарын табу.

Дамыған елдер тәжірибесі көрсетіп отырғандай кәсіпорын табысы оның тек қана өндірістік және қаржы мүмкіндіктерін ғана емес, сонымен қатар маркетингті дұрыс қолдануын да дәлелдейді. Себебі маркетинг:

  • тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру жолдары мен әдістерін белгілейді;

  • бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етеді;

  • өндірушілер мен тұтынушылардың мүдделерінің үйлесуіне қол жеткізеді.

Маркетинг дүние жүзі кәсіпкерлерінің бірлескен творчествосының туындысы. Олардың қорытқан тәжірибесі тұтас бір философиялық бизнес идеологиясын дүниеге әкелді.

Бұл ұғымға сан алуан ыңғаймен келу маркетингті қазіргі кезеңде әр түрлі аспектіде қарауға мүмкіндік берді, ол:



  • қазіргі заманғы бизнес философиясы;

  • ойлау жүйесі және жетекші идея;

  • өндірістік-өткізу қызметін басқару жүйесі;

  • басқарудың нарықтық тұжырымдамасы;

  • мұқтаждықтар мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік процесс;

  • коммерциялық қызмет және т.б.

Маркетинг – бұл нарықты жан-жақты зерттеу негізінде тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін канағаттандыру жолымен бәсекелестік қабілеттілігін арттыру арқылы пайда табуға бағытталған тұжырымдама және біріккен қызмет [1].

Маркетинг қағидаларын терең пайдалану үшін, оның теориясы мен әлемдік маркетинг тәжірибесін Казақстанның әлеуметтік-экономикалық, ұлттық, аймақтық және тарихи ерекшеліктерін ескере отырып, қайта пайымдау қажет.

Қазіргі кезде маркетинг тұжырымдамасы адам қызметінің көптеген салаларына тарады. Осыған байланысты маркетингтің келесі түрлерін бөледі:


  • тұтынушылық тауарлар маркетингі;

  • өндірістік бағыттағы тауарлар маркетингі;

  • капиталды құрылыс объектілерінің маркетингі;

  • қызмет көрсету маркетингі және т.б.

Қызмет көрсету маркетингісінің көптеген экономикалық әдебиеттерде қарастырылғанындай өзіне тән ерекшеліктері бар. Оларды санаторлық-курорттық қызметтер мысалында сипаттайтын болсақ:

  • санаторлық-курорттық қызметтерге деген сұраныстың тұрақсыздығы, оларды сақтап қоюдың мүмкін еместігі, яғни маусымдылықтың әсерін бағалай білу;

  • санаторлық-курорттық қызметтерді өндіру мен оларды тұтынуды бір-бірінен бөлуге болмайтындығы;

  • санаторлық-курорттық қызметтерді, оларды тұтынудан бұрын көзбен көріп қолмен ұстауға болмайтындығы;

  • санаторлық-курорттық қызметтердің сапасының өзгермелілігі.

Бүгінгі таңда тәжірибе дәлелдегендей санаторлық­-курорттық мекемелердің қызмет көрсетуінің негізгі қиындықтары қаржы, маркетинг және менеджмент мәселелері болып табылады. Оларды төмендегідей сипаттауға болады:

  • ұсынылатын қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ететін материалдық-техникалық базаның қалыпты дамымауы;

  • сұраныстың тұрақсыздығы;

  • санаторлық курорттық-қызметтерді ұсыну сферасындағы бәсекелестіктің күшеюі;

  • санаторлық-курорттық мекемелер қызметкерлерінің біліктілігінің жетіспеушілігінің ұсынылатын қызмет сапасын сәйкесінше төмендетуі.

Жоғарыдағы анықталғандарды ескере отырып санаторлық-курорттық мекемелер өз қызметін маркетинг көмегімен тиімді ұйымдастыру жағдайларын қалыптастыра алады.

Санаторлық-курорттық мекемелер өз қызметін ұйымдастыру кезінде маркетинг кешенін дұрыс анықтау жағдайларын қарастырулары қажет, яғни тұтынушының оның тауары мен қызметін сатып алуға ынтасын тудыратын маркетингтік стратегия кешенін құруды ойластыру. Тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыратын қызметтер түрлерін ұсына білу, тиімді баға саясатын жүргізу, қызметтерді көрсету орнын анықтау (қызмет көрсету көздері), қызметтерді нарықта жылжыту, персоналдың рөлін арттыру.

Маркетинг қазіргі замандағы бизнесті басқарудың жүйесі ретінде бір жағынан, тұтынушылардың қажеттіліктері мен талғамдарын жан-жақты зерттеуді, өндірісті оларға бағыттауды, нарыққа ұсынылатын тауарлар мен қызметтерді мекен-жайы бойынша жеткізуді қамтамасыз етсе, екінші жағынан, маркетинг тұтынушылардың қажеттіліктері мен сатып алушылық талғамдарының қалыптасуына, сонымен бірге нарықтың өзіне белсенді әсер етеді. Ал бұл өз кезегінде кәсіпорынды нарықтың талаптарына сай басқаруды қамтамасыз етеді, тұтынушыларға қажетті өнімді белгілі уақытта және анықталған жерде ұсынуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда басқарушылық шешімді қабылдаудың алдында және одан кейін қажетті және нақты ақпаратқа ие болу керек. Ақпараттың сипатына болжауға келмейтін түрлі факторлар әсер етеді. Мысалы, бәсекелестердің әрекеттері, көп жағдайда, дәстүрлі тәсілдердің шегінен шығып кетеді. Маркетингті басқару жүйесі нақты уақыт масштабында қызмет ететіні жағдайды одан ары қиындатады.

Жоғарыда айтылған және олардан басқа көптеген жағдайлар белгісіздік пен тәуекелділікті төмендету үшін туристік кәсіпорындар сенімді, объективті және уақытылы ақпаратқа ие болу керек екендігін көрсетеді. Бұған қол жеткізу үшін маркетингтік зерттеулерді жүргізу қажет. Маркетингтік зерттеулер – кәсіпорынды нарықтармен, тұтынушылармен, бәсекелестермен және ол қызмет ететін ортаның басқа да элементтерімен ақпарат арқылы байланыстыратын, маркетингтің функциясы [2].

Сауатты және кәсіби түрде жүргізілген маркетингтік зерттеулер санаторлық-курорттық мекемеге өзінің нарықтық мүмкіндіктерін объективті түрде бағалауға және алға қойылған мақсаттарға минималды тәуекелділікпен жете алатын қызмет бағыттарын таңдауға мүмкіндік береді. Маркетингтік зерттеулерді жүргізуде ғылыми негізделген әдістерді қолдану кәсіпорынға нарықтық жағдайлардың динамикалық өзгерістеріне (тұтынушылық сұраныстың жекешелену үрдісінің тереңдеуі, стандартты жаппай ұсыныстан дифференциалған ұсынысқа өту және қызмет көрсетудегі басқа да өзгерістер) тез бейімделуді, сонымен қоса, өз қызметінің нақты стратегиялық болашағын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Санаторлық-курорттық мекемелер арасындағы бәсеке таластың күшеюі әрбір фирманың алдында нарықты маркетингтік зерттеулердің өзіндік позицияларын іздестіру, тартымды өнімді құру мен өткізу, тұтынушылардың неғұрлым көп санын өзіне тарту мәселесінің туындауына әкеледі. Осы мәселелерді шешудің бірден-бір жолы – санаторлық-курорттық қызметтер нарығының маркетингтік зерттеулерін жүргізу.

Маркетингтік зерттеулерді сауатты және кәсіби түрде жүргізу алға қойылған мақсаттарға тәуекелдің минималды дәрежесімен жетуге, өзінің нарықтық мүмкіндіктерді объективті бағалауға мүмкіндік береді.

Маркетингтік зерттеулер дегеніміз маркетингтік шешімдерді қабылдауда болатын белгісіздіктерді азайту мақсатында мәліметтерді жинау, өңдеу және талдау. Маркетингтік зерттеулердің міндеттері әр түрлі болады:


  • болашақ тұтынушыларды табу;

  • олардың қажеттіліктерін,қазіргі және болашақтағы сұранысын зерттеу;

  • мақсатты нарықты ағымдық бақылау;

  • нарықтың дамуын ұзақ мерзімді болжамдау.

Маркетингтік зерттеулер жағдайлық талдауды жүргізген кезде өте маңызды рөл атқарады. Бұл кәсіпорынның шаруашылық қызметі мен маркетингті басқарудың нәтижелерін өзіндік талдау және өзін-өзі бақылаудың әдісі болып табылады. Жағдайлық талдаудың мақсаты-талдауды жүргізу уақытында кәсіпорын болған жағдайының кескінін жетекшілерге және мамандарға көрсету. Жақсы жүргізілген жағдайлық талдау кез-келген фирма жетекшілігіне нақты жағдайды көрсете алады, кәсіпорын дамуына байланысты жаңа және перспективті бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Маркетингтік зерттеулер әдістерінің жүйесі төмендегі кестеде көрсетілген.
Кесте 1

Жалпы ғылымдық әдістер

Аналитикалық-болжамдық әдістер

Өзге де ғылыми салалардан алынған әдістемелік тәсілдер

Жүйелі талдау
Кешенді әдіс

Бағдарламалық-мақсатты жоспарлау



Сызықтық бағдарламалау
Байланыс ілімі

Желілік жоспарлау

Іскерлік ойындар әдістері

Экономикалық-математикалық әдістер

Сарапшылық бағалау әдісі


Әлеуметтану

Жантану
Экология

Эстетика

Санаторлық-курорттық қызметтер нарығын зерттеу кезінде әртүрлі бағыттарды қарастыруға болады.


Кесте 2 Санаторлық-курорттық қызметтер нарығын зерттеу бағыттары

Зерттеу бағыты

Көрсеткіштер


Тұрғындар

Тұрғындардың жалпы саны.

Жас және жыныс құрылымы.

Жеке санаттар бойынша тұрғындардың құрылымы.

Жанұялардың саны мен құрылымы.



Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар

Тұрғындардың төлем қабілетті сұраныстың қалыптасқан құрылымы.

Тұрғындардың табыстары мен шығындарының құрылымы.

Демалысқа, емделуге жіберілетін шығындар құрылымы.

Әлеуметтік қамтамасыз ету деңгейі.

Демалыстардың жүйесі (олардың ұзақтығы мен төленетінін

қосқанда).

Жұмыс және демалыс күндерінің қатынасы.


Тұрғындардың санаторлық-курорттық қызметтерге деген көзқарасы

Емделу себептері (ем қабылдау түрлері).

Емделудегі маусымдығы.

Ішкі және сыртқы келулердің қатынасы.

Мекемелерде болудың орташа ұзақтығы.

Қызметке деген шығындардың құрылымы.


Нарықтың инфрақұрылымы

Санаторлық-курорттық мекемелер.

Орналастыру және тамақтандыру орындары (саны, түрі, орналасуы, сапа деңгейі).

Көлік құралдары.

Инфрақұрылым (банктер, дүкендер, байланыс, медициналық объектілер, қоғамдық қауіпсіздік және ақпарат қызметтері.)

Технология жетістіктерін қолдану.


Санаторлық-курорттық ұсыныс

Санаторлық-курорттық ресурстар.

Ұсыныстар түрлері.

Ұсыныстың халықаралық стандарттарға сай болуы.

Қызметтерге деген баға деңгейі.


Маркетингтің негізгі бағыты-нарық қажеттіліктерін қанағаттандыру болып саналады. Сондықтан, нарық конъюктурасын бағалау нарықты талдауда ғана емес, маркетингтік зерттеулерді жүргізуде де өте маңызды рөл атқарады. Конъюктура кәсіпорынның жалпы маркетингтік қызметіне және оның нарықтағы орнына көлемді әсер етеді. Нарық конъюктурасын зерттеуді жүзеге асыратын кәсіпорын нарықтағы жағдай туралы нақты ақпаратқа ие болады, оның дамуын болжауды, бәсекелестік артықшылықтарды алуды және коммерциялық тәуекелді төмендетуді жүзеге асырады. Сонымен бірге, өзіне сай нарық сегментін тауып, диверсификация бағыттарын таңдайды және бағаның оптималды деңгейін қалыптастырады [3].

Белгілі бір нарықтың конъюктурасын зерттеу жалпы экономикалық жағдайды талдау нәтижелеріне сүйенеді. Зерттеудің бұл бөлімінде экономика циклдің қай кезеңінде (дағдарыс, депрессия, шарықтау) екен деген сұраққа жауап беріледі. Бұл өте маңызды, себебі, жекелеген кезеңдерде нақты нарық жалпы экономикалық жағдайға тәуелді болуы мүмкін. Әрине, маркетингтің стратегиясы мен тактикасы да жалпы экономикалық жағдай есебімен анықталады.

Нарық конъюктурасы түрлі факторлардың әсерімен қалыптасатын және өзгерілетін сандық және сапалық көрсеткіштер жүйесімен сипатталады. Оларды конъюктураның сипатын анықтайтын қозғаушы күші ретінде қарастыруға болады. Факторларды мазмұны, ұзақтығы мен әсер етуі бойынша бөліп, топтастыруға болады. Мұндаға топтастыру белгілері зерттеу мақсатымен анықталады.

Өндірістің экономикалық кезеңімен байланысына қарай конъюктураны қалыптастырушы факторлар екі негізгі топқа бөлінеді: кезеңділік (кезең фазаларының ауысуы, мысалы, дағдарыс, депрессия, шарықтау) және кезеңділік емес (экономиканы мемлекеттік реттеудің және ғылыми техникалық өрістің нақты белгілері).

Әсер ету ұзақтығына қарай конъюктураны қалыптастырушы факторларды ұзақ мерзімді (8-10 жылдан артық), орта мерзімді (2-8 жыл) және қысқа мерзімді (бірнеше аптадан 2 жылға дейін). Санаторлық-курорттық қызметтер нарығының қысқа мерзімді факторлардың ішінде маусымдық ерекше рөлді ойнайды. Оның әсерінен жыл ішілік және тұрақты қайталанатын ұсыныс пен сұраныстың өзгерістері байқалады.

Жоғарыда қарастырылған жағдайларды ескере отырып маркетинг тауарлар мен қызметтер нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті күшейтетіндігіне, жаңа емдеу сауықтыру өнімдерін жасауға итермелейтіндігіне, мекемелерді максималды пайда табуға бағыттайтындығына және персоналдың біліктілігін арттыруды қажет ететірдігіне көз жеткізуге болады.

Қолданылған әдебиеттер



  1. Стратегия, тактика и практика маркетинга. Учебно-практическое пособие: /Матанцев А. Н. М., 2003.

  2. Маркетинг. Оқу құралы: / Есимжанова С.Р. - Алматы: «ЭКО» баспа үйі, 2005. – 448 б.

  3. Смыкова М.Р. Туризм: экономика, менеджмент и маркетинг: оқу құралы/ Смыкова М.Р./- Алматы: Нур-пресс,2006.-220 б.

Мақала аннотациясы


Мақалада санаторлық-курорттық қызметтер маркетингісінің мәні мен мазмұны теоретикалық түрде негізделген. Санаторлық-курорттық қызметтер ерекшеліктері , маркетингтік зерттеулер жүргізу жағдайлары анықталып, маркетинг кешені құрушыларына сипаттама берілген.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет