Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салық міндеттемесінің орындалуы

Loading...


жүктеу 20.83 Mb.
бет8/108
Дата22.04.2017
өлшемі20.83 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   108
42-бап. Қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салық міндеттемесінің орындалуы


      1. Жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор нотариаттық, адвокаттық қызметті, атқарушылық құжаттарды орындау, дауларды медиация тәртібімен реттеу жөніндегі қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:



      1) құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;



      2) таратудың салық есептілігін табыс етеді.



      РҚАО-ның ескертпесі!

      2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!

      2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).





      2. Таратудың салық есептілігі қызметін тоқтататын жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.



      Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталатын болса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілетін күннен кешіктірілмей жүргізіледі.


      3. Қызметін тоқтататын жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуді салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілетін күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.


      РҚАО-ның ескертпесі!

      3-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!

      3-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).





      Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.


      4. Құжаттық тексеру қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салықтық өтінішін салық органы алғаннан кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.


      5. Егер қызметін тоқтататын жекеше нотариуста, жеке сот орындаушысында, адвокатта, кәсіби медиаторда салықтардың, төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомалары болса, онда көрсетілген сомалар қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салық берешегін өтеу есебіне осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен жатқызылуға жатады.


      Егер қызметін тоқтататын жекеше нотариуста, жеке сот орындаушысында, адвокатта, кәсіби медиаторда салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдардың қате төленген сомалары болса, онда көрсетілген сомалар осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.


      6. Қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салық берешегі болмаған кезде:


      1) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомалары осы жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіби медиаторға осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;



      2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомалары осы жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіби медиаторға осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;



      3) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомалары осы жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіби медиаторға осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;



      4) айыппұлдардың төленген сомалары қызметін тоқтататын осы жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіби медиаторға осы Кодекстің 605-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;



      5) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары қызметін тоқтататын осы жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіби медиаторға Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.



      РҚАО-ның ескертпесі!

      7-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!

      7-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).





      7. Қызметін тоқтатқан жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салық міндеттемесі құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін және салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болмаған немесе олар, оның ішінде құжаттық тексеру нәтижелері бойынша қалыптасқан берешегі осы Кодекстің 608-бабында белгіленген мерзімдерде өтелген кезде орындалды деп есептеледі.


      8. Осы баптың 7-тармағына сәйкес салық міндеттемесі орындалған күн жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды салық органындағы тіркеу есебінен шығару күні болып табылады.


      9. Салық органы осы баптың 7-тармағына сәйкес салық міндеттемесі орындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады және уәкілетті органның интернет-ресурсында жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың тіркеу есебінен шығарылғаны туралы ақпаратты орналастырады.


      РҚАО-ның ескертпесі!

      10-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!

      10-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).





      10. Осы Кодекстің 608-бабында белгіленген мерзімдерде төленбеген салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болуы жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.



      Осы тармаққа сәйкес тіркеу есебінен шығарудан бас тартылған жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар туралы ақпарат осы баптың 7-тармағында белгіленген төлеу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.



      Ескерту. 42-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      


43-бап. Қызметі тоқтатылған кезде дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері


      1. Осы бап бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:


      1) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын;


      2) алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);


      3) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде салықтық тексерулер жоспарына енгізілмеген, қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің салық міндеттемесін орындаудың ерекшелігін айқындайды.


      Осы бап осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде осы тармақта айқындалған шарттарға сәйкес келетін дара кәсіпкерлерге қатысты қолданылады. Осы тармақтың ережелері дара кәсіпкерлер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен басталған кезеңі осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аз дара кәсіпкерлерге де қатысты қолданылады.


      2. Дара кәсіпкер қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:


      1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;


      2) осындай есепке алу болған жағдайда қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркелу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті;


      3) таратудың салық есептілігін;


      4) алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);


      5) алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);


      6) осы Кодекстің 648-бабында белгіленген тәртіппен бақылау-кассалық машинаны есептен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етеді.


      Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер бақылау-кассалық машинаны салық органында есепке қойған жағдайда осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген құжатты табыс етеді.


      РҚАО-ның ескертпесі!

      3-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!

      3-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).





      3. Таратудың салық есептілігі қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.


      Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.


      РҚАО-ның ескертпесі!

      4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!

      4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).





      4. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуды жүргізеді.


      Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.


      5. Салық органы дара кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:


      1) мемлекеттік уәкілетті органдарға – қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаның мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікпен жасаған мәмілелері туралы, сондай-ақ қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш алынған күнгі жағдай бойынша оның мүлкі туралы мәліметтерді табыс ету туралы;


      2) кеден органдарына – қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлға жасаған сыртқы сауда мәмілелері туралы мәліметтерді табыс ету туралы, сондай-ақ кеден төлемдері және салықтар бойынша салық органының талаптарын алған күннен бұрынғы емес күнге берешегінің жоқ екендігін растау туралы;


      3) банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға – қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы салықтық өтініші алынған күнгі банктік шоттарындағы ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтерді табыс ету туралы сауал жіберуге міндетті.


      Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген мәмілелер туралы, сондай-ақ банктік шоттардағы ақша қозғалысы туралы мәліметтер салық органының қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті алған күніне дейін қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерге салықтық тексеру жүргізілмеген кезең үшін осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі шегінде табыс етіледі.


      6. Салық органының осы баптың 5-тармағында көрсетілген сауалдары бойынша мәліметтер, егер осы Кодекстің 581-бабының 12) тармақшасында өзгеше көзделмесе, оларды алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей табыс етілуге тиіс.


      7. Салық органы барлық мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылауды жүзеге асыруға және осы Кодексте белгіленген тәртіппен қорытынды жасауға міндетті.


      РҚАО-ның ескертпесі!

      7-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!

      7-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).





      Қорытындыда камералдық бақылаудың нәтижелері, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша есеп айырысудың жай-күйі көрсетіледі.


      Қорытынды кемінде екі данада жасалады және оған салық органының лауазымды адамдары қол қояды. Қорытындының бір данасы қол қойылғаннан кейін үш күннен кешіктірмей қолын қойдыра отырып дара кәсіпкерге тапсырылады немесе оған почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберіледі.


      Салық органы дара кәсіпкерге почта арқылы хабарламасы бар хатпен жіберген қорытындыны почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осы Кодексте белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен салықтық тексеріп-қарау жүргізілген күн осындай қорытындыны тапсырған күн болып табылады.


      8. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда дара кәсіпкерге қорытынды алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осы Кодекстің 84-тарауында белгіленген тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тапсырылады.


      Дара кәсіпкер камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды осы Кодекстің 587-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.


      Хабарлама орындалмаған және (немесе) салық органдары қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерге қатысты салық төлеуші табыс еткен түсіндірмелермен келіспеген жағдайда құжаттық салықтық тексеру жүргізіледі. Бұл ретте, құжаттық салықтық тексеру осындай хабарламаны орындау және (немесе) анықталған бұзушылықтар бойынша келіспеу туралы түсіндірме алу мерзімі өткеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.


      9. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің салық берешегі көрсетілген дара кәсіпкердің ақшасы есебінен, оның ішінде мүлкін өткізуден алынған ақша есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі.


      10. Егер қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерде салықтардың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы бар болса, көрсетілген сома осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен осы дара кәсіпкердің салық берешегін өтеу шотына есепке жатқызылуға жатады.


      Егер қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерде салықтардың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың қате төленген сомасы бар болса, көрсетілген сома осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.


      11. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерде салық берешегі болмаған жағдайда:


      1) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомасы осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;


      2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемақылардың, алымдар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;


      3) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасы осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;


      4) айыппұлдардың төленген сомасы осы Кодекстің 605-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;


      5) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомасы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады.


      РҚАО-ның ескертпесі!

      12-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!

      12-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).





      12. Салық төлеушi салық берешегiн, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті төлеуді (аударуды) камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды жасалған немесе хабарлама орындалған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.



      РҚАО-ның ескертпесі!

      13-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).





      13. Дара кәсіпкер:



      1) камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар және салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болмаған кезде – қорытынды жасалған;



      РҚАО-ның ескертпесі!

      2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).





      2) бұзушылықтар болған және салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болмаған кезде – камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған осындай бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалған;



      РҚАО-ның ескертпесі!

      3) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).





      3) салық берешегі болған кезде және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар толық көлемінде жойылған жағдайда – салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі өтелген күннен бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.



      Дара кәсіпкерді осы тармақта белгіленген тәртіппен тіркеу есебінен шығару туралы ақпарат дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.



      РҚАО-ның ескертпесі!

      13-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).





      Осы баптың 12-тармағында белгіленген мерзімдерде төленбеген салық берешегiнің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болуы дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.



      Осы тармаққа сәйкес тіркеу есебінен шығарудан бас тартылған дара кәсіпкерлер туралы ақпарат осы баптың 12-тармағында белгіленген төлеу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.


      14. Алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).


      15. Алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).


      Ескерту. 43-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      



: upload -> medialibrary
upload -> Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстан дипломатиясы 13 Қараша 2015
upload -> Баспасөз хабарламасы 2016 жылдың алғашқы тоғыз айындағы Қмг бө операциялық нәтижелері Астана, 25 қазан 2016 ж
upload -> Қазақстан республикасы төтенше жағдайлар министрлігі көкшетау техникалық институты
upload -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
upload -> Сабақтың тақырыбы Сырммен Малайсарының шешендік сөздері
medialibrary -> Ақпараттық хабарлама «Қазтеміртранс»
medialibrary -> Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясында немесе дербес кластерлік қорда осындай қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды ұсыну


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   108
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...