Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс

Loading...


бет16/108
Дата22.04.2017
өлшемі0.94 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   108
88-бап. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс


      1. Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табысқа:


      1) салық төлеушiнiң мiндеттемелерiн оның кредиторының есептен шығаруы;


      2) салық төлеушi таратылған кезде тарату балансы бекiтiлген кезде кредитор талап етпеген мiндеттемелер;


      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген талап қою мерзiмiнiң өтуiне байланысты мiндеттемелердi есептен шығару;


      4) соттың заңды күшіне енген шешiмi бойынша мiндеттемелердi есептен шығару жатады.


      2. Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетін табыс сомасы салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес:


      осы баптың 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда есептен шығарылған;



      осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда тарату балансын бекіткен күні төленуге жататын міндеттемелердің сомасына (қосылған құн салығының сомасын қоспағанда) тең болады.



      3. Осы Кодекске сәйкес күмәнді деп танылған міндеттемелерге осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері қолданылмайды.


      4. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелердің берілуіне байланысты олардың мөлшерін азайту жатпайды.


      Ескерту. 88-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


89-бап. Күмәндi мiндеттемелер бойынша түсетiн табыс




      РҚАО-ның ескертпесі!

      1-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).


      1. Сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша, сондай-ақ осы Кодекстiң 163-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын, қызметкерлердің есепке жазылған табыстары бойынша туындаған және осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалатын үш жылдық кезең iшiнде қанағаттандырылмаған мiндеттемелер күмәндi деп танылады. Алынған кредиттер (қарыздар, микрокредиттер) жөніндегі күмәнді міндеттемелер бойынша табысқа алынған кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) сомасы қосылмайды.


      Көрсетілген күмәнді міндеттемелер осы Кодекстің 8-бөлімінде белгіленген тәртіппен есепке жатқызылудан алып тасталуға жататын қосылған құн салығын қоспағанда, салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.


      2. Күмәнді міндеттеме бойынша табыс:


      1) кредит (қарыз, микрокредит) шарттары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша – кредит (қарыз, микрокредит) шартының талаптарына сәйкес сыйақы төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;


      2) лизинг шарттары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша – лизинг шартының талаптарына сәйкес лизингтік төлемді төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;


      РҚАО-ның ескертпесі!

      3) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).





      3) қызметкерлердің есепке жазылған табыстары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша – осы Кодекстің 163-бабының 2-тармағына сәйкес қызметкерлердің табыстарын есепке жазған күннен бастап;


      4) осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларында көрсетілмеген күмәнді міндеттемелер бойынша:


      сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындау мерзімі айқындалған міндеттемелерді орындау мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап;


      сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындау мерзімі айқындалмаған міндеттемелер бойынша тауарды берген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен күннен бастап есептелетін үш жылдық кезең аяқталған салық кезеңінде танылады.


      Ескерту. 89-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      


89-1-бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша табыстары


      1. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының:


      1) сақтандыру сыйлықақылары (жарналары);


      2) еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтері;


      3) сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу;


      4) осы Кодекстің 90-бабының 3-тармағында және 95-бабында көрсетілген табыстарды қоспағанда, сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша өзге табыстар түріндегі табыстары сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының табыстары деп танылады.


      2. Осы баптың ережелері сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары түріндегі табыс халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін толық мөлшерде деп танылған осындай шарттарға қолданылмайды.


      3. Есепті салық кезеңінің соңында Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтерінің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай активтердің мөлшері арасындағы оң айырма сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтері түріндегі табысы деп танылады.


      4. Зиян келтірген тұлғаға кері талап қою (регресс) құқығы негізінде сақтандыру төлемдері бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының және (немесе) қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымының шығыстарын өтеу сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табысы деп танылады.


      Бұл ретте 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енген жинақтаушы сақтандыру, қайта сақтандыру шарты, жинақтаушы емес сақтандыру, өмірді қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жарналары түріндегі табыстар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес, оның ішінде 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін танылатын осындай шарттар бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табысы мынадай формула бойынша айқындалады:


      Т * (А/Б), мұнда:


      Т – есепті салық кезеңінде алуға жататын (алынған) сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табыс;


      А – 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепті салық кезеңінде сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табысты тану күнін қоса алуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары;


      Б – шарт күшіне енген күннен бастап есепті салық кезеңінде сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табысты тану күнін қоса алуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары.


      Ескерту. Кодекс 89-1-баппен толықтырылды - ҚР 05.12.2013 N 152-V Заңымен (01.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 07.03.2014 N 177-V (01.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      


90-бап. Құрылған провизиялардың (резервтердің)мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс


      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн азайтудан түсетiн табыстар деп:


      1) борышкер талапты орындаған кезде орындау сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;


      2) цессия шартын жасасу жолымен басқаға қайта табыстау туралы шарттың, жаңартпа, талап ету құқықтарын беру шартының негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерiн азайтқан кезде талаптар мөлшерiн азайту сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;


      3) талаптарды қайта сыныптаған кезде қайта сыныпталған талаптың сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизияларды (резервтердi) азайту сомасы танылады.


      РҚАО-ның ескертпесі!

      1-1-тармақ 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі және 2027.01.01 дейін қолданыста болады - ҚР 2012.12.26 N 61-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз) Заңымен.





      1-1. Осы Кодекстің 106-бабының 1-1-тармағына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн табыстар деп:


      1) борышкер талапты орындаған кезде орындау сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары;


      2) цессия шартын жасасу жолымен басқаға қайта табыстау туралы шарттың, талап ету құқығын жаңарту, қайта беру шартының негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерiн азайтқан кезде талаптар мөлшерiн азайту сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары;


      3) талаптарды қайта сыныптаған кезде қайта сыныпталған талаптың сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизияларды (резервтердi) азайту сомалары;


      4) қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес 2026 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бухгалтерлік есепте көрсетілген, күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша банктердің талап ету құқықтарын сатып алуға банктің еншілес ұйымы ұсынған күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы есепті және (немесе) алдыңғы салық кезеңдерінде шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары танылады. Осы тармақшада көрсетілген провизиялардың (резервтердiң) сомалары 2017 жылға келетін салық кезеңі үшін банктің жылдық жиынтық табысына кіреді.


      1-2. Есепті салық кезеңінің соңында айқындалған серпінді резервтің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңында айқындалған серпінді резерв мөлшерінің арасындағы теріс айырма провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табыс деп танылады.


      Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 106-бабының 1-2-тармағына сәйкес шегерімге құқығы бар салық төлеушілерге қолданылады.


      РҚАО-ның ескертпесі!

      2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2012.11.26 N 57-V (2018.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.





      2. Мынадай жағдайларда:



      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген негіздер бойынша сот шешімімен борышкер заңды тұлғаның таратылуына байланысты Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған;



      2) борышкер — жеке тұлға күшiне енген сот шешiмi негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған немесе күшiне енген сот шешiмi негiзiнде ол қайтыс болған деп жарияланған;



      2-1) борышкер — жеке тұлғаға I, II топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ борышкер — жеке тұлға қайтыс болған;



      РҚАО-ның ескертпесі!

      3) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 07.03.2014 № 177-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!

      3) тармақшаға енгізілген өзгеріс 01.01.2013 бастап 01.01.2018 дейін қолданыста болады - ҚР 07.03.2014 № 177-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз).





      3) осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші алдында жауапты болатын борышкерде және борышкермен бірлесіп ортақ немесе субсидиарлық жауапты болатын үшінші тұлғаларда өндіріп алуды қолдануға болатын мүлік, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар немесе табыстар болмаған жағдайда, осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушіге атқару құжатын қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген және оның мүлкін немесе табыстарын анықтау бойынша сот орындаушысы қолданған, Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған;



      РҚАО-ның ескертпесі!

      4) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 07.03.2014 № 177-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!

      4) тармақшаға енгізілген өзгеріс 01.01.2013 бастап 01.01.2018 дейін қолданыста болады - ҚР 07.03.2014 № 177-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз).





      4) соттың борышкердің мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына немесе табыстарына осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушінің өндіріп алуды қолдануынан бас тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енген;


      5) борышкер — дара кәсiпкердiң Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес банкрот деп танылуына байланысты дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiнен алынған;


      РҚАО-ның ескертпесі!

      6) тармақшаның бұл редакциясы 01.01.2017 бастап 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-баптың 2-тармағынан қараңыз).





      6) банктің бастапқы құжаттарына сәйкес кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығын басқаға берген күні банк басқаға беруді жүргізген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны мен банк борышкерден алуға жататын кредит (қарыз) бойынша талап ету құны арасындағы терiс айырма бөлiгiнде банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын мынадай ұйымдарға:



      екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымға;



      күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша банктердің талап ету құқығын сатып алатын банктің еншілес ұйымына;



      егер 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру жөніндегі мәмілеге қатысатын банктердің бірі өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының тоқсан пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк болып табылған және егер басқаға беру жүргізілген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған талап ету құқығының нарықтық құнынан төмен болмаған жағдайда, басқа банкке берген;


      7) қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен есептiлiк туралы заңнамасы талаптарына сәйкес төленбеген, мерзімі өткен кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы, құжаттамалық есеп-қисаптар мен кепiлдiктер бойынша дебиторлық берешек түрінде борышкерге қойылатын талаптың мөлшерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепті салық кезеңінде борышкерге салық төлеушінің мұндай талап қою құқығын толық немесе ішінара тоқтатуы болмаған жағдайда осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші бухгалтерлік есепте азайтқан;


      РҚАО-ның ескертпесі!

      8) тармақшаға енгізілген өзгеріс 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).





      8) осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы бойынша үмiтсiз берешекті кешіруге байланысты кредиттер (қарыздар) және олар бойынша сыйақы бойынша салық кезеңінде кешірілген үмiтсiз берешектің жалпы сомасының салық кезеңінің басындағы кредиттер (қарыздар) және олар бойынша сыйақы бойынша негізгі борыш сомасына арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде борышкерге қойылатын талап мөлшерін азайтқан жағдайларда, борышкерге қойылатын талаптар мөлшерi азайтылған кезде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы осы Кодекстiң 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн кiрiс деп танылмайды. Бұл ретте мұндай арақатынастың ең жоғары мөлшері 0,1 коэффициентке тең.



      Осы тармақша, егер кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы бойынша үмiтсiз берешек уәкiлеттi органның келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген негіздерде және тәртiппен кешірілген жағдайда қолданылады.



      Осы тармақшаның мақсаты үшін кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы бойынша үмiтсiз берешекті кешіру Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес борышты кешіру нәтижесінде кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы бойынша талап ету құқығын тоқтату, сондай-ақ "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртіппен сауда-саттықтан ипотекалық шарт жасасқан күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен кепіл мүлікті кепілге берілген мүлкін сатудан кейін өтелмеген кредиттің (қарыздың) сомасына сату кезінде кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы бойынша талап ету құқығын тоқтату болып танылады.


      9) осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші кредит (қарыз) бойынша үмiтсiз берешекті және ол бойынша сыйақыны кешіруге байланысты кредиттер (қарыздар) бойынша үмiтсiз берешектің және олар бойынша сыйақының салық кезеңінде кешірілген жалпы сомасының салық кезеңінің басындағы кредиттер (қарыздар) бойынша негізгі борыш сомасына және олар бойынша сыйақыға арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде борышкерге қойылатын талап мөлшері азайған жағдайларда, борышкерге қойылатын талаптар мөлшерi азайтылған кезде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы осы Кодекстiң 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн кiрiс деп танылмайды. Бұл ретте мұндай арақатынастың ең жоғары мөлшері 0,1 коэффициентке тең;


      10) осы Кодекстiң 106-бабының 1-3-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi кредит (қарыз) бойынша үмiтсiз берешекті және ол бойынша сыйақыны кешіруге байланысты кредиттер (қарыздар) бойынша үмiтсiз берешектің және олар бойынша сыйақының салық кезеңінде кешірілген жалпы сомасының салық кезеңінің басындағы кредиттер (қарыздар) бойынша негізгі борыш сомасына және олар бойынша сыйақыларға арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландыруға жататын ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша борышкерге қойылатын талап мөлшері азайған жағдайларда, борышкерге қойылатын талаптар мөлшерi азайтылған кезде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы осы Кодекстiң 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн кiрiс деп танылмайды. Бұл ретте мұндай арақатынастың ең жоғары мөлшері 0,1 коэффициентке тең.


      РҚАО-ның ескертпесі!

      2-1-тармақ 01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 02.07.2014 № 225-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).





      2-1. Кредит (қарыз) бойынша борыш осы тармақта белгіленген тәртіппен және жағдайларда кешірілетін жағдайда, осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомаларын шегеруге құқығы бар банк бұрын шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомаларын провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түскен табыс деп танымайды.



      РҚАО-ның ескертпесі!

      2-1-тармақтың екінші бөлігі 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).





      Осы тармақтың ережелері өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банкке немесе бұрын осындай банк болып табылған заңды тұлғаға қолданылады.



      Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес бұрын шегерімге жатқызылған провизияларды (резервтерді) борышқа қарсы құрған, мыналардан:



      негізгі борыш бойынша берешектен;



      2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есептелген сыйақы бойынша берешектерден тұратын кредит (қарыз) бойынша борышқа қолданылады.



      Осы тармақ бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезде:



      1) кредит (қарыз) 2009 жылғы 1 қазанға дейін берілсе;



      РҚАО-ның ескертпесі!

      2) тармақша 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).





      2) кредит (қарыз) бойынша борышкер осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген банктің басқару органы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін бекіткен және 2015 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей уәкілетті органға ұсынылған, борыштары кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлердің тізбесінде (тізбелерінде) көрсетілсе;



      РҚАО-ның ескертпесі!

      3) тармақша 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).





      3) кредит (қарыз) бойынша борышты кешіру осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген банктің басқару органы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін бекіткен және 2015 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей уәкілетті органға ұсынылған, борыштары кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлердің тізбесінде (тізбелерінде) көрсетілген сома шегінде жүргізілсе;



      4) кредит (қарыз) бойынша бір және (немесе) одан да көп құжат болса:



      бейрезидентке берілген:



      шет мемлекеттің құқық қорғау органына борышкер-жеке тұлғаға және (немесе) лауазымды адамға немесе борышкер-заңды тұлға қабылдаған шешімдерді өзге түрде тікелей немесе жанама айқындауға мүмкіндігі бар тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы өтініш;



      Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің сотына борышты өндіріп алу туралы, кепілге өндіріп алуды қолдану және (немесе) кепілге қатысты жойылған құқықтарын қалпына келтіру туралы талап;



      борышкерде және банк алдында борышкермен бірге ортақ немесе субсидиарлық жауаптылықта болатын үшінші тұлғаларда өндіріп алынуы мүмкін мүлік, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар немесе табыстар болмаған және оның мүлкін немесе табыстарын анықтау бойынша қолданылған шаралар нәтижесіз болған жағдайда, атқару құжатын аталған банкке қайтару туралы сот орындаушысының заңды күшіне енген қаулысы немесе шет мемлекеттің өзге де құжаты;



      шет мемлекет сотының борышты өндіріп алудан, кепілге қатысты жойылған құқықтарды қалпына келтіруден, борышкердің мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына немесе табыстарына өндіріп алуды қолданудан бас тарту туралы заңды күшіне енген шешімі;



      шет мемлекет сотының борышкерді банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі және (немесе) конкурстық іс жүргізудің аяқталуы туралы ұйғарымы;



      шет мемлекеттің құзыретті органының борышкерді немесе кепіл берушіні таратылуына байланысты заңды тұлғалардың тізілімінен шығару туралы құжаты;



      резидентке берілген:



      Қазақстан Республикасының құқық қорғау органына борышкер-жеке тұлғаға және (немесе) лауазымды тұлғаға немесе борышкер-заңды тұлға қабылдаған шешімдерді өзге түрде тікелей немесе жанама айқындауға мүмкіндігі бар тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы арыз;



      банктің арызы бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының шаралар жүргізгенін немесе қылмыстық іс қозғалғанын растайтын құжат болса, кредит (қарыз) бойынша борышты кешіру жағдайына қолданылады.



      Осы тармақшада көзделген құжаттардың болуы бейрезиденттерге берілген кредиттер (қарыздар) бойынша:



      ипотекалық шарт жасасқан күні негізгі борышты толық қамтамасыз еткен кепіл мүлікті негізгі борыш сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта сатқаннан кейін кредит бойынша өтелмеген борыш сомасын кешіру кезінде;



      РҚАО-ның ескертпесі!

      4) тармақшаның он төртінші абзацы 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).





      талап ету құқығын басқаға беру күні бейрезидент болып табылатын үшінші тұлғаға дисконтпен банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығын беру кезінде, егер басқаға беру жүргізілген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны бағалаушы мен осындай үшінші тұлға немесе банк не банктің мүдделерін білдіретін немесе осындай банктің мүдделерінде мүлікті басқару үшін шет мемлекеттің соты тағайындайтын тұлға арасындағы шарт бойынша Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған банктің талап ету құқығының нарықтық құнына тең болса;



      банктің басқару органы мыналардың:



      Қазақстан Республикасы мен осындай шет мемлекет арасындағы қылмыстық және (немесе) азаматтық істер бойынша құқықтық көмек туралы келісімнің;



      кредиттің (қарыздың) берілгенін растайтын шарттың түпнұсқасының болмауына байланысты шет мемлекеттің құқық қорғау органына немесе сотына жүгіне алмайтындығын құжаттық растаған жағдайда;



      борышты кешіру күні бейрезидент болып табылатын борышкерге кредит (қарыз) бойынша борыш сомасы мен бағалаушы және борышкер немесе осындай банк арасындағы шарт бойынша Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған, банктің осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген талап ету құқығының нарықтық құны арасындағы айырма ретінде айқындалатын борышының бір бөлігін кешірген кезде, егер:



      кредит (қарыз) берілген шартқа борышкер қол қойған, борышының қалған бөлігін (бұдан әрі – борыш қалдығын) өтеу шартымен борышының бір бөлігін кешіруді көздейтін өзгеріс болған;



      осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген банк:



      осы Кодекстің 90-бабының 1-тармағына сәйкес құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табысты борыш қалдығы мөлшерінде таныған;



      табысқа осы Кодекстің 131 және 132-баптарында көзделген түзету жүргізбеген;



      борыштың бір бөлігі кешірілгеннен кейін құрылған борыш қалдығының сомасына қарсы провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар сомасын шегерімге жатқызбаған жағдайда;



      5) кредит (қарыз) бойынша кредиттік бюрода Қазақстан Республикасының кредиттік бюро және кредит тарихын қалыптастыру туралы заңнамасына сәйкес банк берген, кредит (қарыз) бойынша борыш сомасы туралы ақпарат болса;



      6) кредит (қарыз) бойынша бастапқы бухгалтерлік құжат болса, соның негізінде осындай кредит (қарыз) бойынша осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) құрылған болса;



      7) кредит (қарыз) бойынша кредиттік тіркелімде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне берген ақпараты болса, талап етілмейді.



      Бұл ретте кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлер тізбесінде әрбір кредит (қарыз) бойынша:



      1) кредит дерекнамасының нөмірі;



      2) кредиттің (қарыздың) берілген күні;



      3) қарыз алушының (қосалқы қарыз алушының) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және (немесе) атауы;



      4) кредит (қарыз) бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есептелген сыйақы мен негізгі борыш бойынша кешірілуге жататын шекті борыш сомасы көрсетіледі.



      Осы тармақтың ережелері банк жұмыскеріне, жұбайына (зайыбына) және банк жұмыскерінің жақын туыстарына берілген кредиттерге (қарыздарға) қолданылмайды.



      РҚАО-ның ескертпесі!

      2-2-тармақ 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).





      2-2. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген ережелер өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғаға қолданылады.


      3. Есепті салық кезеңінің соңында еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес құрылған сақтандыру резервтерінің бұрын шегерімге жатқызылған мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай резервтердің мөлшері арасындағы теріс айырма сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру резервтерін азайтудан түсетін табыс деп танылады.


      Ескерту. 90-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 100-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 2009.11.16 N 200-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 2011.07.21 N 467-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.11.26 N 57-V (2014.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 2012.12.26 N 61-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз); 05.12.2013 N 152-V (01.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-б. қараңыз); 16.05.2014 № 203-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 02.07.2014 N 225-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.04.2015 № 311-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.11.2016 № 26-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!

      91-бап 01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2027 дейін қолданыста болады (ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңының 2-б. қараңыз).




91-бап. Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс


      Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар:


      1) талап ету құқығын сатып алатын салық төлеуші үшін – негізгі борышты талап ету бойынша борышкерден алынуға жататын сома, оның ішінде талап ету құқығын басқаға берген күнгі негізгі борыштан тыс сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма;



      2) талап ету құқығын басқаға берген салық төлеуші үшін – салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес басқаға беру жүргізілген талап ету құқығының құны мен борышкерден талап ету құқығын басқаға берген күні алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.



      Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс талап ету құқығын басқаға беру жүргізілген салық кезеңінде танылады.



      Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым үшін борышкер нақты төлеген сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.



      РҚАО-ның ескертпесі!

      91-баптың төртінші бөлігі 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).





      Егер 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру жөніндегі осындай мәміленің тарапы болып табылатын банктердің бірі – өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк болып табылған және егер басқаға беру жүргізілген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған талап ету құқығының нарықтық құнынан төмен болмаған жағдайда, борышкер нақты төлеген сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.



      Ескерту. 91-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2014 № 203-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      


92-бап. Тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс


      Егер осы Кодекстің 119-бабына сәйкес айқындалған кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) шығып қалған тіркелген активтерінің құны салық кезеңінің басындағы кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) салық кезеңінде түскен тіркелген активтер құны ескерілген құндық балансынан, сондай-ақ салық кезеңінде жұмсалған және осы Кодекстің 122-бабының 3-тармағына сәйкес ескерілетін кейінгі шығыстардан асып кетсе, асып кету шамасы жылдық жиынтық табысқа енгізілуге жатады. Осы кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) құндық балансы салық кезеңінің соңында нөлге тең болады.



      Тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс осы Кодекстің 119-бабына сәйкес мұндай активтердің шығып қалуы орын алған салық кезеңінде танылады.



      Ескерту. 92-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      


93-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және өндiруге дайындық жұмыстарына жұмсалған шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түсетін табыс


      Егер осы Кодекстiң 111-бабына сәйкес жеке топты құрайтын шығыстарды түзететiн табыстардың мөлшерi салық кезеңiнiң басында салық кезеңiнде жұмсалған шығыстар ескерiлген жеке топтың мөлшерiнен асып кетсе, асып кету шамасы жылдық жиынтық табысқа енгізілуге жатады. Бұл топтың мөлшерi салық кезеңiнiң соңында нөлге тең болады.

94-бап. Кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарын жою жөнiндегi іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуiнен түсетін табыс


      Егер жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың бүкіл қолданылуы кезеңінде кен орындарын әзірлеу салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың бүкіл қолданылуы кезеңіне қалыптастырылған кен орындары салдарын жою қоры есебінен жүргізілген іс жүзіндегі шығыстары көрсетілген қорға жүргізілген аударымдардан төмен болса, онда айырма жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуы аяқталған салық кезеңінің жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.


      Бұл ретте жылдық жиынтық табысқа енгізілуге жататын мұндай айырманың сомасы жер қойнауын пайдаланушының жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалануына байланысты осы Кодекстің 107-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу кезеңінде жер қойнауын пайдаланушы жүргізген жылдық жиынтық табысты түзету сомасына азайтылады.


      Ескерту. 94-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      


95-бап. Бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар


      1. Бұрын жасалған шегерімдер бойынша өтемақы түрiнде алынған табыстарға:


      1) бұрын шегерімге жатқызылған және кейiнгi салық кезеңдерiнде өтелген, күмәндi деп танылған талаптар сомасы;


      2) мемлекеттiк бюджет қаражатынан шығындарды (шығыстарды) жабуға арнап алынған сома;


      3) осы Кодекстің 119-бабында көрсетілген сақтандыру төлемдерін қоспағанда, сақтандыру ұйымы немесе нұқсан келтірген тұлға төлеген нұқсанды өтеу сомасы;


      4) бұрын шегерімге жатқызылған шығындарды өтеу бойынша алынған басқа да өтемақылар жатады.


      Алынған өтемақы ол алынған салық кезеңiнiң табысы болып табылады.


      1-1. Жеке тұлға олар бойынша салық төлеуші осы Кодекстің 133-бабының 1-тармағы 3) тармақшасының ережелерін қолданған оқыту шығыстарын өтеген болса, жеке тұлға мұндай өтеуді өзін оқыту аяқталған (еңбек шарты жасалған күнінен бастап үш жыл өткенге дейін бұзылған) салық кезеңін, сондай-ақ одан кейінгі салық кезеңін қамтитын уақыт кезеңі ішінде жүргізген жағдайда, мұндай өтеу сомасы алдыңғы салық кезеңдерінің салық салынатын табысын азайтуға жатқызылған осындай шығыстар бөлігінде салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына қосылады.


      2. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сақтандыру ұйымының сақтанушыға жинақтаушы емес сақтандыру шарттары бойынша қайтаруына жататын немесе қайтарған және сақтанушы бұрын шегерімге жатқызған сақтандыру сыйлықақыларының сомасы олар сақтанушыға қайтарылуға жатқан немесе қайтарылған сол салық кезеңінің жылдық жиынтық табысына жатқызылады.


      Ескерту. 95-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V (01.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      


96-бап. Өтеусіз алынған мүлік


      1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші өтеусіз алған кез келген мүліктің, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны оның кірісі болып табылады.


      2. Өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс осындай мүлік алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген салық кезеңінде танылады.


      3. Өтеусіз алынған мүліктің, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындалады.


      4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына сәйкес алынған парниктік газдар шығарындыларына квота түрінде өтеусіз алынған мүліктің құны нөлге тең деп танылады.


      5. Осы Кодекстің 100-бабының 11-тармағына сәйкес алынған мүліктің, оның ішінде жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны өтеусіз алынған мүлік деп танылмайды.


      Ескерту. 96-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      


97-бап. Әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыс


      1. Әлеуметтік сала объектілеріне осы бапта көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын, салық төлеушіге меншік құқығында тиесілі мүлік жатады.


      2. Салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына мынадай қызмет түрлерін:


      1) медициналық қызметті;


      2) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру; қосымша білім беру саласындағы қызметті;


      3) ғылым, дене тәрбиесі және спорт, мәдениет саласындағы, тарихи-мәдени мұраларды, мұрағат құндылықтарын сақтау жөнінде қызметтер көрсету саласындағы қызметті;


      4) қызметкерлердің, олардың отбасы мүшелерінің, өзара байланысты тараптар қызметкерлерінің және отбасы мүшелерінің демалысын ұйымдастыру, сондай-ақ тұрғын үй қорының объектілерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынуға жататын (алынған) табыстардың іс жүзінде келтірілген шығыстардан асып кетуі енгізіледі.


      3. Қызметкерлердің қоғамдық тамақтануын, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды, балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамсыздандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыстар жылдық жиынтық табысқа енгізілуге жатады.


      Ескерту. 97-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      


98-бап. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс (залал)


      1. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша өткізілу құны мен берілетін міндеттемелердің өткізілген күнгі бухгалтерлік есеп деректері бойынша баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.


      2. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан шегетін залал кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша өткізілу құны мен берілетін міндеттемелердің өткізілген күнгі бухгалтерлік есеп деректері бойынша баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы теріс айырма ретінде айқындалады.


      Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан шегетін залалды ауыстыру осы Кодекстің 137-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

99-бап. Жылдық жиынтық табысты түзету


      1. Салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысынан:


      1) мыналарды:


      егер осы тармақтың 1-1) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, тәуекелдік инвестициялаудың жабық пайлық инвестициялық қорлары мен тәуекелдік инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қорлары төлейтіндерді;



      мұндай дивидендтер корпоративтік табыс салығын азайту жүргізілген салық кезеңіне кіретін кезең үшін есепке жазылған жағдайда, осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды жүргізетін заңды тұлға (Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшарт шеңберінде инвестициялық басым жобаны іске асырып жатқан ұйымды қоспағанда) төлейтіндерді қоспағанда, дивиденттер;


      1-1) мынадай шарттарды бір мезгілде орындаған кезде:


      дивидендтерді есептеу күніне салық төлеуші тәуекелдік инвестициялаудың осындай акционерлік инвестициялық қорының акцияларына немесе қатысу үлестеріне үш жылдан астам иелік етсе;


      технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтының тәуекелдік инвестициялаудың осындай акционерлік инвестициялық қорының жарғылық капиталына қатысуы жиырма бес пайыздан астамды құраса, тәуекелдiк инвестициялаудың акционерлiк инвестициялық қорлары төлейтiн дивидендтер;


      2) жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алған банктердің міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;


      2-1) Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры кепілдікті жағдайларды реттеу үшін резервті ұлғайтуға бағытталған қаражат шегінде алған кепілдікті жарналар сомасы;


      3) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры алған сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;


      4) жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым мен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры өздерінің өтелген депозиттер мен төленген кепілдікті және өтемақылық төлемдер бойынша талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алған ақша сомасы;


      4-1) Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) құрылысы аяқталғаннан кейінгі төлемдер бойынша талаптарды қанағаттандыру тәртібімен алған ақша сомасы;


      5) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына бағытталған инвестициялық табыстар;


      6) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін ұлғайтуға бағытталған инвестициялық табыстар;


      7) Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық қызметтен акционерлiк инвестициялық қорлар алған және акционерлік инвестициялық қордың кастодианы ескерген инвестициялық табыстар;


      8) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендіру мәмілесі бойынша арнайы қаржы компаниясы алған, борышты талап ету құқығын басқаға беруден алынған табыстар;


      9) мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы алатын (алынуға жататын), мүлікті сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табыс;


      10) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры мақта өңдеу ұйымдарынан алатын жыл сайынғы міндетті жарналардың сомасы;


      11) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры астық қабылдау кәсiпорындарынан алатын жыл сайынғы міндетті жарналардың сомасы;


      12) мақта (астық) қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры кепілдік төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі талаптарды қанағаттандыру тәртібімен алатын ақша сомасы;


      12-1) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының осы Кодекстің 396-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікті және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін жалға тапсырудан және (немесе) өткізу кезінде алынған кірістері;


      13) инвестициялық депозиттер түрінде алынған ақшаны басқару процесінде ислам банкі алған, осы инвестициялық депозиттер депозиторларының шоттарына арналған және соларда болатын табыстар алып тасталуға жатады. Мұндай табыстарға ислам банкінің сыйақылары қосылмайды;


      14) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржылық компаниясы алған борышты талап ету құқығын беруден түсетін табыстар;


      РҚАО-ның ескертпесі!

      15) тармақша 2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі және 2016.01.01 дейін қолданыста болады (ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңының 2-бабын қараңыз).





      15) Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға, Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен алғанды (алуға жататынды) өткізуден түскен табыс;


      16) "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың депозиттеріне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резерв активтерін орналастыру нәтижесінде алынған, сондай-ақ қосылу шарты бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін екінші деңгейдегі банктерге қолданылатын тұрақсыздық айыбы түрінде алған кірістері алып тастауға жатады.


      Осы тармақшаның ережелері көрсетілген кірістер арнайы резервті ұлғайтуға бағытталған жағдайда қолданылады;


      17) трансұлттық корпорациялардың қатысуымен бірлескен кәсіпорындар құру үшін, сондай-ақ шетелдік инвестициялық қорларға үлестік қатысу үшін ғана бюджеттен нысаналы аударым түрінде алынған, Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасымен айқындалған дербес кластерлік қордың кірісі;


      18) "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының кепілдікті жағдайларды реттеу үшін резервті ұлғайтуға бағытталған қаражат шегіндегі инвестициялық кірістері алып тастауға жатады.


      РҚАО-ның ескертпесі!

      Осы екінші бөлік 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізілді және 2027.01.01 дейін қолданыста болады - ҚР 2008.12.10 N 100-IV Заңымен.





      Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымының жылдық жиынтық табысынан Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін, мұндай ұйымның жылдық жиынтық табысына енгізілген және мұндай ұйымға күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтарын берген банкке аударылған табыстар алып тасталады.



      РҚАО-ның ескертпесі!

      Осы үшінші бөлік 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізілді және 2027.01.01 дейін қолданыста болады - ҚР 2008.12.10 N 100-IV Заңымен.





      Бұл ретте, алуға жататын табыстарды Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстарға жатқызу уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.



      РҚАО-ның ескертпесі!

      Осы төртінші бөлік 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізілді және 2027.01.01 дейін қолданыста болады - ҚР 2008.12.10 N 100-IV Заңымен.





      Банктің жылдық жиынтық табысынан талап ету құқықтарын беруден түсетін, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтары мұндай ұйымға бұрын берілген ұйымнан сатып алуына байланысты алынған табыстар алып тасталады.


      2. Тауарлық-материалдық қорларды бағалаудың салық төлеушi осының алдындағы салық кезеңiнде қолданған әдiсiнен өзге әдiске ауысқан кезде салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысы бағалаудың жаңа әдiсiн қолдану нәтижесiнде түзілген оң айырма сомасына ұлғайтылуға және терiс айырма сомасына азайтылуға жатады.


      Салық төлеушi тауарлық-материалдық қорларды бағалаудың өзге әдiсiне ауысуды салық кезеңiнің басынан бастап жүргiзедi.



      Ескерту. 99-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 100-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі және 2016.01.01 дейін қолданыста болады), 2012.01.09 N 535-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.09 N 535-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз); 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 407-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) ; 07.04.2016 № 487-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Каталог: upload -> medialibrary
upload -> Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстан дипломатиясы 13 Қараша 2015
upload -> Баспасөз хабарламасы 2016 жылдың алғашқы тоғыз айындағы Қмг бө операциялық нәтижелері Астана, 25 қазан 2016 ж
upload -> Қазақстан республикасы төтенше жағдайлар министрлігі көкшетау техникалық институты
upload -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
upload -> Сабақтың тақырыбы Сырммен Малайсарының шешендік сөздері
medialibrary -> Ақпараттық хабарлама «Қазтеміртранс»
medialibrary -> Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясында немесе дербес кластерлік қорда осындай қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды ұсыну


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   108
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...