Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері

Loading...


бет13/108
Дата22.04.2017
өлшемі0.94 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   108
67-бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері


      1. Уәкілетті орган жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның мынадай нысандарын осы декларацияға қосымшалармен бірге бекітеді:


      1) мыналар:


      салық агенттері;



      Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ басқа да жарналарды төлеу жөніндегі агенттер;



      Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік аударымдарды төлеушілер;



      Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілер болып табылатын салық төлеушілердің санаттары үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация;


      2) алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;


      3) салық төлеушілердің әрбір санаты:


      шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке тұлғалары;


      осы Кодекстің 185-бабының 2-тармағында аталған жеке тұлғалар;


      төлем көзінен салық салынбайтын табыстар алатын жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлерді қоспағанда), Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде табыстар алған салық төлеушілер, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар үшін осы декларацияға жеке қосымшалармен бірге жеке табыс салығы бойынша декларация.


      РҚАО-ның ескертпесі!

      2-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).





      2. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация жеке табыс салығының, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да аударымдардың және (немесе) жарналардың есептелген сомалары туралы ақпаратты көрсетуге арналған.



      Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсаты үшін пайдаланатын, салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.



      Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымшалардың нысандарында:


      1) жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналары, оның ішінде өз пайдасына, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да аударымдар және (немесе) жарналар есептелетін, ұсталатын және аударылатын салық салу (есептеу) объектілері;


      2) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кірісінен жеке табыс салығын есептеу туралы ақпарат қамтылуы мүмкін.



      Бұл ретте шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кірістерінен жеке табыс салығын есептеу туралы қосымшада кіріс алушылар бөлігінде мынадай:



      салық төлеушi туралы жалпы сәйкестендiру деректерi;



      салық салу объектiлерi, оның iшiнде халықаралық шартқа сәйкес салық салудан босатылған салық салу объектiлерi туралы;



      салық мөлшерлемелері туралы;



      халықаралық шарттарды қолдану туралы;



      Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыру кезеңi туралы;



      салық шегерiмдерi туралы мәліметтер көрсетілуі мүмкін;



      3) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері бойынша жеке табыс салығының, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да аударымдардың және (немесе) жарналардың сомаларын есептеу;


      4) жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық төлеушілердің әлеуметтік салықты есептеуі туралы ақпарат қамтылуы мүмкін.


      Осы тармақтың ережелері заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері үшін табыс етілетін, Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтағы жоқ адамдарға қатысты салық агенттері үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға да қолданылады.


      3. Алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


      4. Дара кәсіпкерлердің жеке табыс салығы жөніндегі декларацияны шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер табыс етеді.


      Осы декларация салық төлеушілердің:


      жылдық жиынтық табысқа енгізілген табыстарды;


      шегерімге жатқызылған шығыстарды;


      табыстар мен шегерімдерді түзетулерді;


      салық салынатын табысты (залалды);


      салық салынатын табысты азайтатын табыстар мен шығыстарды;


      шеккен залалдарды, есептелген салық сомасын декларациялауға арналған.


      Жеке табыс салығы жөніндегі декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.



      Жеке табыс салығы жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:


      1) осы Кодекстің 65-бабы 2-тармағының 1)-6), 8)-10), 12)-15) тармақшаларында көрсетілген;


      2) осы Кодекстің 166-бабының 1-тармағында белгіленген салық шегерімдері туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.


      5. Жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларацияны осы Кодекстің 185-бабының 2-тармағында аталған жеке тұлғалар табыс етеді.


      Осы декларация салық төлеушілердің алған табыстарын, төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығының есептелген және төленген сомасын, төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша жеке табыс салығының ұсталған сомасын декларациялауына арналған.



      Жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу, Қазақстан Республикасының аумағында және (немесе) одан тысқары жерлерде меншік құқығында мүліктің бар екендігі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.



      Жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:


      1) төлем көзінен салық салынатын табыстар туралы;


      2) мүліктік және өзге де табыстар туралы;


      3) меншік құқығындағы мүлік туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.


      6. Жеке тұлғалардың басқа санаттары үшін жеке табыс салығы жөніндегі декларацияны осы баптың 4 және 5-тармақтарында аталмаған жеке тұлғалар, оның ішінде төлем көзінен салық салынбайтын табыс алған жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлерді қоспағанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар табыс етеді.


      Осы декларация жеке тұлғалардың табыстарын, салық шегерімдерін, жеке табыс салығының сомаларын есептеуді декларациялауға арналған.



      Декларацияға қосымшалар табыстардың түрлері мен сомасы туралы, салық органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.


      Декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:


      1) мүліктік және өзге табыстар жөніндегі;


      2) жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың табысы жөніндегі;


      3) шет мемлекеттердегі көздерден алынған табыстар, оның ішінде жеңілдікті салық салынатын елде алынған табыстар жөніндегі, сондай-ақ төленген шетелдік салық сомасы және шетелдік салықты есепке жатқызу сомасы жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымша өздерінен осындай табыстар алынған тұлғалар бойынша белгіленуі мүмкін;


      4) халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуға жататын табыстар жөніндегі;


      5) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалардың табыстары жөніндегі және осындай шоттарда ақшаның бар екендігі туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.


      Ескерту. 67-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 05.12.2013 N 152-V (01.12.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




67-1-бап. Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімін белгілеу ерекшеліктері және оны ұсыну мерзімдері


      1. Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімі сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалардың жалға беру (пайдалануға) шарттары бойынша мынадай мәліметтерді:


      1) жеке тұлғаның-жалға алушының тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде);



      2) жалға алушы – дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның толық атауын;



      3) жеке тұлғаның-жалға алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi мен күнiн;



      4) жалға алушының сәйкестендiру нөмiрiн;



      5) жалға беру (пайдалану) шартының нөмiрi (болған кезде) мен жасасқан күнiн;



      6) жалға берудің (пайдаланудың) басталу және аяқталу күні көрсетіле отырып, оның нақты кезеңін;



      7) жалға беру (пайдалану) шартына сәйкес төленуге жататын және нақты төленген соманы көрсете отырып, жалға беру төлемінің сомасын және (немесе) өтелетін шығыстар сомасын;



      8) сауда объектісінің, сауда объектісіндегі, оның ішінде сауда базарындағы сауда орнының мақсатын;



      9) сауда объектісінің, сауда объектiсiндегі, оның iшiнде сауда базарындағы сауда орнының орналасқан жерін;



      10) өзге де мәліметтерді көрсетуге арналған.



      Бұл ретте жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімінде сауда объектісінің, оның ішінде сауда базарының:



      1) стационарлық немесе стационарлық еместігі;



      2) жалпы алаңы;



      3) сауда алаңы;



      4) сауда желісіне кіретіндігі (кірмейтіндігі) туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.


      2. Жалға беру (пайдалану) шарттарының тiзiлiмi салық органына сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретiн салық төлеушi – дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның орналасқан орны бойынша есептi кезеңнен кейiнгi 31 наурыздан кешiктiрiлмейтін мерзімде табыс етiледi.


      РҚАО-ның ескертпесі!

      8-тарау 67-1-баппен толықтырылды - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!

      8-тарауды 67-2-баппен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).


68-бап. Салық есептілігін табыс ету тәртібі


      1. Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде салық органдарына табыс етеді.


      2. Егер салық төлеуші уәкілетті орган олар үшін салық есептілігінің әртүрлі нысандарын белгілеген салық төлеушілер санаттарына жататын болса, онда мұндай салық төлеуші салық есептілігін өзі жатқызылған салық төлеушілердің әрбір санаты үшін көзделген нысандар бойынша табыс етуге тиіс.


      3. Салық төлеушілер (салық агенттері), егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық есептілігін тиісті салық органдарына таңдауы бойынша:


      1) өзі келу тәртібімен – қағаз жеткізгіште табыс етуге құқылы.


      Салық төлеушілер (салық агенттері), қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін және мониторинг бойынша есептілікті қоспағанда, салық есептілігін қағаз жеткізгіште "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынуға құқылы;


      2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы – қағаз жеткізгіште;


      3) салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы – ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда табыс етуге құқылы.


      Осы тармақтың 2) тармақшасының ережелері:



      мониторингке жататын ірі салық төлеушілер табыс ететін мониторинг бойынша;



      қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағына сәйкес салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алынғаннан кейін олар табыс ететін қосылған құн салығы бойынша есептілікке қолданылмайды.



      Осы тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасының ережелері осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағына сәйкес салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылғаннан кейін қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын, сондай-ақ осы Кодекстің 579-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген тәртіппен әрекетсіз деп танылған салық төлеушілер табыс ететін қосылған құн салығы бойынша есептілікке қолданылмайды.



      РҚАО-ның ескертпесі!

      68-бапты 3-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).



      4. Салық есептілігі өзі келу тәртібімен қағаз жеткізгіште табыс етілген жағдайда екі дана етіп табыс етіледі. Салық есептілігінің салық органының белгісі қойылған бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады.


      5. Салық есептілігінің электрондық пішімінің құрылымы, салық есептілігін электрондық нысанда жасауға және табыс етуге арналған бағдарламалық қамтылым, салық есептілігін жасау жөніндегі пішімді-логикалық бақылаудың талаптары және осы бағдарламалық қамтылымды жаңарту салық есептілігін табыс ету мерзімі басталғанға дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей тұрақты негізде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.


      6. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін салық төлеуші (салық агенті) салық органына, қосымша және (немесе) хабарлама бойынша қосымша есептілікті қоспағанда, келесі салық есептілігін табыс етуге құқылы емес.


      Аяқталмаған салық кезеңі үшін табыс етілген таратудың салық есептілігі:



      1) салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру аяқталғаннан кейін тарату туралы, бөлiну жолымен қайта ұйымдастыру туралы шешімді өзгерткен;



      2) салық төлеуші дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарғанға дейін кәсіпкерлік қызметті тоқтату туралы шешімді өзгерткен;



      3) осы Кодекстің 43-1-бабының 4-тармағында көзделген, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы шешім шығарылған жағдайларда, салық кезеңі үшін кезекті салық есептілігіне теңестіріледі.



      Салық төлеуші таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап келесі салық кезеңдері үшін салық есептілігін осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тиісті салық органдарына табыс етуге міндетті.



      РҚАО-ның ескертпесі!

      7-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).





      7. Салық салу объектілері болмаған кезде, осы Кодекстің 149-бабында, 162-бабының 1-тармағында, 185, 270, 296, 364, 437-баптарында көзделген салық есептілігін қоспағанда, салық есептілігі табыс етілмейді.



      Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін табыс ету жөніндегі міндеттеме қосылған құн салығын төлеушілер ретінде тіркелген тұлғаларға қолданылады.



      Акциз бойынша салық есептілігiн табыс ету жөніндегі мiндеттеме осы Кодекстiң 574-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларына (темекі өнімдерін, қыздырылатын темекісі бар өнімдерді, электрондық сигареттерді пайдалануға арналған құрамында никотин бар сұйықтықты көтерме саудада өткізуді қоспағанда), 9) тармақшасына сәйкес салық органдарында тiркеу есебiнде тұрған салық төлеушiлерге қолданылады.


      8. Декларацияларға, есеп-қисаптарға қосымшалар оларда көрсетілуге жататын деректер болмаған кезде табыс етілмейді.


      Ескерту. 68-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


69-бап. Салық есептілігін кері қайтарып алу тәртібі


      1. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салықтық өтінішті салық төлеушінің (салық агентінің) тіркелу есебінің орны бойынша салық органына табыс етеді.



      Осы баптың 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес салық есептiлiгiн кері қайтарып алған жағдайда, салық төлеушi (салық агентi) осындай есептілікті табыс ету орны бойынша салық органына салық есептiлiгiн кері қайтарып алу туралы салықтық өтiнiштi табыс етедi.



      Салық есептілігі салық төлеушінің (салық агентінің) көрсетілген салықтық өтініші негізінде, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген жағдайда, көрсетілген салық кезеңі үшін табыс етілген салық есептiлiгiнің барлық қосымша нысандарын ескере отырып, салық органының салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінен кері қайтарып алуына жатады.



      Осы баптың 2-тармағы 2) тармақшасының негізінде табыс етілетін салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салықтық өтінішпен бір мезгілде салық төлеуші (салық агенті) осы Кодекстің 68-бабының 2-тармағына сәйкес салық есептілігін табыс етуге міндетті.



      Салықтық өтініште көрсетілген салық кезеңі үшін табыс етілген салық есептілігін кері қайтарып алу мынадай әдістердің бірімен:


      1) салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабынан кері қайтарылатын салық есептілігі жойылатын жою әдісімен;


      2) бұрын табыс етілген салық есептілігіне салық төлеуші (салық агенті) мәлімдеген өзгерістер және (немесе) түзетулер енгізілетін өзгерту әдісімен жүргізіледі.


      2. Жою әдісімен мынадай:


      1) салық төлеуші осы Кодекстің 37, 38, 40, 41 және 42-баптарына сәйкес салықтық тексеруді жүргізу басталғанға дейін қызметін қайта жалғастыру туралы шешім қабылдаған жағдайда таратудың салық есептілігін;


      2) осы Кодекстiң 68-бабы 2-тармағының және 70-бабы 5-тармағының талаптарын бұза отырып, салық төлеушi табыс еткен;


      3) осы Кодекске сәйкес осындай салық есептілігін табыс ету жөніндегі міндеттемесі жоқ салық төлеуші табыс еткен;


      4) осы Кодекстің 584-бабының 5-тармағына сәйкес табыс етілмеген деп есептелетін;


      5) қуынымның ескіру мерзімі аяқталғаннан кейін салық төлеушi табыс еткен салық есептілігiн кері қайтарып алу жүргізіледі.


      РҚАО-ның ескертпесі!

      2-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!

      2-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).





      Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық есептілігін жою әдісімен кері қайтарып алу кезінде тіркеу есебінің орны бойынша салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоттарында кері қайтарып алынатын салық есептілігі бойынша салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген (азайтылған) сомаларына түзету жасауды жүзеге асырады.


      Осы Кодекстің 584-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес табыс етілмеген деп саналатын салық есептiлiгiн кері қайтарып алған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сомаларға түзету жасауды осындай салық есептілігін табыс ету орны бойынша салық органы жүзеге асырады.


      Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны орындамаған кезде салық органы салық есептілігін кері қайтарып алуды салықтық өтінішсіз жою әдісімен жүргізеді. Кері қайтарып алу уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органының салық есептілігін кері қайтарып алуға арналған шешімінің негізінде жүргізіледі.


      3. Өзгерту әдісімен мынадай:


      1) валютаның коды көрсетілмеген немесе дұрыс көрсетілмеген;


      2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірі және (немесе) күні көрсетілмеген немесе дұрыс көрсетілмеген;


      3) резидент мәртебесі көрсетілмеген немесе дұрыс көрсетілмеген салық есептілігін;


      3-1) салық органының коды дұрыс көрсетілмеген;


      3-2) салық кезеңі дұрыс көрсетілмеген;


      3-3) салық есептілігінің түрі дұрыс көрсетілмеген;


      4) салық төлеуші осы Кодекстің 37, 37-1, 38, 40 – 43-баптарына сәйкес салықтық тексеру жүргізілгеннен немесе камералдық бақылау аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда таратудың салық есептілігін кері қайтарып алу жүргізіледі.


      Салық есептiлiгiн өзгерту әдiсiмен кері қайтарып алу кезiнде тiркеу есебiнiң орны бойынша салық органы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) жеке шоттарында мәлімделген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, оларды кейіннен салық есептiлiгi бойынша жеке шотта көрсетіп, кері қайтарылатын салық есептiлiгiнде көрсетілген сомаларға түзету жасауды жүзеге асырады.


      4. Егер салық төлеушi (салық агентi) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) – 5) тармақшаларында көрсетiлген салық есептілігiн керi қайтарып алу туралы салықтық өтiнiштi табыс етпесе, салық органы салық төлеушiге (салық агентiне) осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген хабарламаны белгiленген мерзiмде жiбередi.


      5. Салық төлеушінің (салық агентінің) мынадай:


      РҚАО-ның ескертпесі!

      1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!

      1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).





      1) тексеру жүргізуге арналған нұсқамада көрсетілген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша кешенді және тақырыптық тексерулерді жүргізу кезеңінде - тексерілетін салық кезеңінің;



      РҚАО-ның ескертпесі!

      2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).





      2) шағым берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағым беру және оны қарау мерзімі кезеңінде - шағым жасалатын салық кезеңінің табыс етілген салық есептілігін кері қайтарып алуына жол берілмейді.


      6. Салық органдары мынадай мерзімдерде:


      1) салық төлеушінің (салық агентінің) осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтініші негізінде салық есептілігін кері қайтарып алған жағдайда – осындай өтініш табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;


      2) салық органының осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешімі негізінде салық есептілігін кері қайтарып алған жағдайда – хабарламаны орындау үшін көзделген, осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде салық есептілігін кері қайтарып алуды жүргізуге және салық төлеушіге (салық агентіне) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық есептілігін кері қайтарып алу туралы хабарлама жіберуге міндетті.


      7. Осы бап осы Кодекстің 276-22-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды.


      Ескерту. 69-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


70-бап. Салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу


      1. Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді осы өзгерістер мен толықтырулар жататын салық кезеңі үшін қосымша салық есептілігін жасау жолымен жүргізеді.



      РҚАО-ның ескертпесі!

      1-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!

      1-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).





      Табыс етілу мерзімі міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімдері туралы заңнамасына сәйкес салық міндеттемелерін орындау кезінде қолданылатын сәйкестендіру нөмірлерін енгізудің алдындағы күнге сәйкес келетін салық кезеңіндегі салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде салық төлеушінің тіркелу нөмірі міндетті түрде көрсетіледі.


      2. Қосымша салық есептілігінде:


      1) бұрын табыс етілген салық есептілігінің сомасы өзгертілген кезде салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігі мен іс жүзіндегі салық міндеттемесінде көрсетілген сома арасындағы айырма;


      2) бұрын табыс етілген салық есептілігіндегі қалған деректер өзгертілген кезде жаңа мән тиісті жолдар бойынша көрсетіледі.


      РҚАО-ның ескертпесі!

      3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!

      3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).





      3. Қосымша және (немесе) хабарлама бойынша қосымша салық есептілігін табыс еткен кезде салық төлеуші (салық агенті) немесе осы Кодекстің 586, 587-баптарына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы анықтаған салықтың, басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың сомалары салық төлеушiнi (салық агентiн) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартпай бюджетке енгізілуге жатады.


      4. Салық органы салық төлеушінің тарату, бөлу жолымен қайта ұйымдастыру немесе қызметін тоқтату туралы салықтық өтініші бойынша жүргізетін салықтық тексеру басталғанға дейін салық төлеуші (салық агенті) таратудың қосымша салық есептілігін табыс етуге құқылы.


      5. Салық төлеушінің (салық агентінің):


      РҚАО-ның ескертпесі!

      1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!

      1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).





      1) тексеру жүргізуге арналған нұсқамада көрсетілген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша кешенді және тақырыптық тексерулерді жүргізу кезеңінде (ұзартуды және тоқтата тұруды ескере отырып) - тексерілетін салық кезеңінің;



      РҚАО-ның ескертпесі!

      2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!

      2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!

      2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).





      2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында көрсетілген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша шағым берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағым беру және оны қарау мерзімі кезеңінде – шағым жасалатын салық кезеңінің;


      3) қосылған құн салығын қайтару туралы талап ету бөлігінде;


      4) аванстық төлемдерді төлеу мерзімі басталған салық кезеңіндегі айлар үшін корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша;


      5) ағымдағы салық кезеңінде 20 қаңтардан кейін – алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация тапсырылғанға дейінгі кезеңге төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша;


      6) ағымдағы салық кезеңінде 20 желтоқсаннан кейін – алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация тапсырылғаннан кейінгі кезеңге төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша;


      РҚАО-ның ескертпесі!

      5-тармақты 6-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).



      7) бейрезидент заңды тұлғаның басқару және жалпы әкімшілік шығыстарын шегерімдерге жатқызу әдісін өзгерту бөлігінде тиісті салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.


      Ескерту. 70-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз) Заңдарымен.


71-бап. Мониторинг бойынша салық есептілігін табыс ету мерзімдерін ұзарту


      Мониторингке жататын ірі салық төлеуші осы Кодекстің 624-бабында көрсетілген мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін күнтізбелік алпыс күнге дейін ұзартуға құқылы.


      Мониторинг бойынша есептілікті ұсыну мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған жағдайда, мониторингтеуге жататын ірі салық төлеуші мониторинг бойынша есептілікті ұсыну мерзімі өткенге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеу орны бойынша салық органын хабардар етуге міндетті. Хабарлама уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылады.


      Ескерту. 71-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      


72-бап. Мониторинг бойынша салық есептілігін қоспағанда, салық есептілігін табыс ету мерзімдерін ұзарту


      1. Салық төлеуші (салық агенті) мониторинг бойынша есептілікті және тауарлардың Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорты кезіндегі жанама салықтар бойынша салық есептілігін қоспағанда, салық есептілігін электрондық нысанда табыс еткен кезде оны табыс ету мерзімін ұзартуға құқылы.


      2. Салық төлеуші (салық агенті) осы бапқа сәйкес салық есептілігін ұсыну мерзімін ұзарту үшін уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық есептілігін ұсыну мерзімін ұзарту туралы хабарламаны тіркеу есебінің орны бойынша салық органына, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жібереді.


      Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін табыс ету үшін осы Кодексте белгіленген мерзім өткенге дейін салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы хабарламаны қағаз жеткізгіште немесе салық есептілігін қабылдау және өндеу жүйелері арқылы ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда жібереді.


      Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту салық органына салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзартуға хабарлама жіберілген күнтізбелік жыл ішінде салық төлеуші (салық агенті) табыс ететін салық есептілігіне қолданылады.


      3. Салық есептілігін табыс ету мерзімі мынадай:


      1) корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы бойынша – декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын;


      РҚАО-ның ескертпесі!

      2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!

      2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).





      2) салықтың өзге түрлері, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша – декларацияны және (немесе) есеп-қисапты табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын кезеңге ұзартылады.


      Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту осы Кодекстің 141-бабында көзделген аванстық төлемдер сомаларының есеп-қисабын табыс ету мерзіміне қолданылмайды.


      РҚАО-ның ескертпесі!

      4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!

      4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).





      4. Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу мерзімін өзгертпейді.



      РҚАО-ның ескертпесі!

      72-бапты 5-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. 72-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      


73-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін табыс етуін тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) тәртібі


      1. Салық төлеушінің (салық агентінің) осы бапта белгіленген тәртіппен салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш негізінде:



      1) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұруға;



      2) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімін ұзартуға;



      3) егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық есептілігін табыс етуді қайта бастауға құқығы бар.



      Салық төлеуші (салық агенті) қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайда, өзінің орналасқан жері бойынша салық органына:



      1) алдағы кезеңге арналған салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтінішті;



      РҚАО-ның ескертпесі!

      2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!

      2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).





      2) салық кезеңінің басынан бастап салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы өтініште көрсетілген қызметті тоқтата тұру күніне дейін салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша салық есептілігін табыс етеді. Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі салықтық өтініш табыс етілгеннен кейін басталатын болса, онда осындай кезекті салық есептілігін табыс ету салықтық өтініш табыс етілетін күнге дейін жүргізіледі;



      3) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару мақсатында осындай тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті табыс етеді. Егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын болса, осы тармақшада көрсетілген құжат табыс етіледі.



      Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудың ұзартылуы ескерілген мерзімі осы Кодекстің 46-бабында белгіленген мерзімнен аспауға тиіс.


      2. Салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру туралы немесе салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.


      3. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім салық төлеушіге (салық агентіне) жеке өзіне қолын қойдыра отырып немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзге тәсілмен тапсырылады.


      4. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім:


      РҚАО-ның ескертпесі!

      1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!

      1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).





      1) салық төлеушіде (салық агентінде) өтініш берілген күні салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болған;


      2) салық төлеуші (салық агенті):


      осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген салық есептілігін;



      осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасында белгіленген жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті табыс етпеген;


      3) осы Кодекстің 579-бабына сәйкес салық органы салық төлеушіні әрекетсіз деп таныған жағдайларда қабылданады.


      5. Салық органы салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, салық төлеуші (салық агенті) осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық есептілігін табыс етеді.


      6. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агенті) алған салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешім салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште көрсетілген салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру кезеңіне салық есептілігін табыс етпеуге негіз болып табылады. Осы тармақта көрсетілген салық есептілігін табыс етпеу салық есептілігін нөлдік көрсеткіштерімен табыс етуге теңестіріледі.


      7. Салық төлеуші (салық агенті) қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін қызметті қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда, аталған салық төлеуші (салық агенті) қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін өзінің орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш пен салық есептілігін табыс етеді.


      8. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешімде көрсетілген, қызметті тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін, егер осы баптың 9-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агенті) салық органына осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық есептілігін табыс етуге міндетті.


      9. Салық төлеуші салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудың ағымдағы кезеңінің аяқталу күнінен кешіктірмей салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш беруге құқылы.


      Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш берілген кезде осы мерзім осындай өтініште көрсетілген, осы баптың 1-тармағының ережелері ескерілген кезеңге ұзартылады. Салықтық өтініш салық органының осындай өтінішті қабылдағаны туралы белгісі болған кезде қызметті қайта бастау күніне дейінгі алдағы салық кезеңдері үшін салық есептілігін табыс етпеуге негіз болып табылады.


      10. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің қызметін тоқтата тұру кезеңі ішінде қызметін қайта бастау фактілерін анықтаған жағдайда, салық органдары аталған тұлғаларды хабардар етпей-ақ салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі қызметі қайта басталған күннен бастап тоқтатылды деп таниды.


      Осы тармақтың мақсатында осы бапқа сәйкес қызметін тоқтата тұрған салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелердің туындауына әкеп соғатын қызметті жүзеге асыра бастауы қызметін қайта бастау болып танылады.


      11. Осы баптың ережелері мына салық төлеушілерге:


      1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерге;


      РҚАО-ның ескертпесі!

      2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).





      2) ойын бизнесі салығын және (немесе) тіркелген салықты төлеушілер болып табылатын дара кәсіпкерлерге немесе заңды тұлғаларға;


      3) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.


      12. Осы баптың ережелері мүлік, көлік құралы салықтары мен жер салығы бойынша, жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық есептілігін табыс ету тәртібі мен мерзімдеріне қолданылмайды.


      Ескерту. 73-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.01.21 N 242-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      


74-бап. Патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің салық есептілігін табыс етуін тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) тәртібі


      1. Салық төлеушінің осы бапта белгіленген тәртіппен салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш негізінде:


      1) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұруға;


      2) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімін ұзартуға құқығы бар.


      Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер қызметті тоқтата тұрған жағдайда, орналасқан жері бойынша салық органына патенттің қолданылу мерзімі өткенге дейінгі алдағы кезеңге салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш береді. Салық есептілігiн табыс етуді тоқтата тұрудың ұзартылуы ескерiлген мерзімі салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі басталған күннен бастап күнтізбелік отыз алты айдан аспауға тиiс.


      2. Салық органының салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру туралы шешімі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық өтініш берілген күні шығарылады.


      3. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешім салық төлеушіге немесе оның өкіліне жеке өзіне қолын қойдыра отырып немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзге тәсілмен тапсырылады.


      РҚАО-ның ескертпесі!

      3-1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!

      3-1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).





      3-1. Салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешiм өтініш берілген күні салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болған немесе салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық есептілігін табыс етпеген жағдайда қабылданады.


      4. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешім салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы салықтық өтініште көрсетілген күннен бастап қызметті қайта бастау күніне дейінгі кезең үшін патент құнының есеп-қисабын табыс етпеуге негіз болып табылады.


      5. Салық төлеуші, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қызметін тоқтата тұру мерзімі аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастаған болып танылады.


      6. Салық төлеуші салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудың ағымдағы кезеңі аяқталған күннен кешіктірмей салық органына салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта қалпына келтіру) туралы салықтық өтініш беруге құқылы. Мұндай өтініш онда көрсетілген қызметті қайта бастау күніне дейін патент құнының есеп-қисабын табыс етпеуге негіз болып табылады.


      7. Салық төлеуші қызметін қайта бастаған күннен бастап алдағы кезеңге патент құнының есеп-қисабын салық органдарына беру арқылы қызметін тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін қызметін қайта бастауға құқылы.


      8. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру кезеңінде патент құнының есеп-қисабы табыс етілген кезде салық төлеуші осы есеп-қисапта көрсетілген қызметтің басталған күнінен қызметін қайта бастаған болып танылады.


      9. Патенттің қолданылу мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде осы баптың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген салықтық өтінішті немесе патент құнының кезекті есеп-қисабын табыс етпеген кезде, салық төлеуші осы Кодекстің 43-1-бабында белгіленген тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылуға жатады.


      9-1. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) өз қызметін тоқтата тұру кезеңінде қызметін қайта бастағаны фактілерін анықтаған жағдайда, салық органдары мұндай салық төлеушіні (салық агентін) жазбаша хабардар ете отырып, салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі қызметті қайта бастаған күннен бастап тоқтатылды деп таниды.


      Осы тармақтың мақсатында осы бапқа сәйкес қызметін тоқтата тұрған салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелердің туындауына әкеп соғатын қызметті жүзеге асыра бастауы қызметті қайта бастау болып танылады.


      10. Осы баптың ережелері мүлік, көлік құралы салықтары мен жер салығы бойынша, жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық есептілігін табыс ету тәртібі мен мерзімдеріне қолданылмайды.


      Ескерту. 74-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 16.05.2014 № 203-V(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 15-баптан қараңыз) Заңдарымен.



Каталог: upload -> medialibrary
upload -> Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстан дипломатиясы 13 Қараша 2015
upload -> Баспасөз хабарламасы 2016 жылдың алғашқы тоғыз айындағы Қмг бө операциялық нәтижелері Астана, 25 қазан 2016 ж
upload -> Қазақстан республикасы төтенше жағдайлар министрлігі көкшетау техникалық институты
upload -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
upload -> Сабақтың тақырыбы Сырммен Малайсарының шешендік сөздері
medialibrary -> Ақпараттық хабарлама «Қазтеміртранс»
medialibrary -> Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясында немесе дербес кластерлік қорда осындай қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды ұсыну


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   108
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...