Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Жоғары тұрған салық органына жіберілген шағымды қарау тәртібі

Loading...


жүктеу 20.83 Mb.
бет108/108
Дата22.04.2017
өлшемі20.83 Mb.
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   108
670-бап. Жоғары тұрған салық органына жіберілген шағымды қарау тәртібі


      1. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) шағымы бойынша – шағым тiркелген күннен бастап отыз жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде, ал мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымдары бойынша, осы Кодекстің 672-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімдерін ұзарту және тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда, шағым тiркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде уәжделген шешiм шығарылады.


      2. Жоғары тұрған салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде қосымша тексеру, сондай-ақ осы Кодекстің 675-бабында белгіленген тәртіппен қайта тақырыптық тексеру тағайындауға құқылы.



      3. Шағымды қарау мерзімі осы Кодекстің 672-бабында белгіленген тәртіппен ұзартылуы және (немесе) тоқтатыла тұруы мүмкін.



      4. Шағым салық төлеуші (салық агенті) шағымданған мәселелер шегінде қаралады.



      5. Салық төлеуші (салық агенті) шағымды қарауға салықтық тексеру барысында көрсетілмеген құжаттарды ұсынған жағдайда жоғары тұрған салық органы мұндай құжаттардың дұрыстығын тақырыптық тексеру барысында анықтауға құқылы.



      6. Жоғары тұрған салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде қажет болған жағдайда:



      1) салық төлеушіге (салық агентіне) және (немесе) салықтық тексеру жүргізген салық органына шағымда жазылған мәселелер бойынша жазбаша нысанда қосымша ақпарат не түсініктеме беру туралы сұрау салу жіберуге;



      2) осындай органдар мен заңды тұлғалардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға және мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарына сұрау салу жіберуге;



      3) шағымда жазылған мәселелер бойынша салық төлеушімен (салық агентімен) кездесу өткізуге;



      4) салықтық тексеру жүргізуге қатысқан салық органдарының қызметкерлерінен туындаған мәселелер бойынша қосымша ақпарат және (немесе) түсініктеме сұратуға құқылы.



      7. Жоғары тұрған салық органының шағымды қарау бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде оның қызметіне араласуға және шағымды қарауға қатысатын лауазымды адамдарға қандай да бір ықпал етуге тыйым салынады.



      Ескерту. 670-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!

      671-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).




671-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару


      1. Салық қызметінің жоғары тұрған органы шағымды мәнi бойынша қарау аяқталған соң жазбаша түрде дәлелдi шешiм шығарады және оны салық төлеушiге (салық агентіне) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жiбередi немесе қолын қойғызып тапсырады, ал көшiрмесiн салықтық тексеру жүргізген салық органына жібередi.


      2. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған салық органы мына шешімдердің бірін шығарады:



      1) шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарлама өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;



      2) шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның толық немесе бір бөлігінің күші жойылсын.



      3. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шағым жасалған хабарламаның бір бөлігінің күші жойылған жағдайда салықтық тексеру жүргізген салық органы тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық органының шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары туралы хабарлама шығарады және оны осы Кодекстің 607-бабында белгіленген мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жібереді.



      Осы Кодексте белгіленген негізде және тәртіппен шығарылған жоғары тұрған салық органының шешімі салық органдарының орындауы үшін міндетті.



      Ескерту. 671-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

       РҚАО-ның ескертпесі!

      672-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).




672-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту


      Ескерту. 672-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).


       1. Шағымды қарау мерзімі мынадай жағдайларда:


      1) тақырыптық және қайта тақырыптық тексеру жүргізгенде – олар аяқталғанға дейін;



      2) мемлекеттік органдарға және мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарына сұрау салулар жіберген кезде жауап алған кезге дейін тоқтатыла тұрады.



      2. Жоғары тұрған салық органы тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің тоқтатыла тұратыны туралы салық төлеушіні (салық агентін) жазбаша түрде хабардар етеді.



      3. Осы Кодекстің 670-бабының 1-тармағында белгіленген шағымды қарау мерзімі салық төлеуші (салық агенті) шағымға қосымшалар ұсынған жағдайда он бес жұмыс күніне ұзартылады.



      Ескерту. 672-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       РҚАО-ның ескертпесі!

      673-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).




673-бап. Жоғары тұрған салық органы шешiмiнің нысаны мен мазмұны


      Жоғары тұрған салық органының шағымдарды қарау нәтижелерi бойынша шешiмiнде:


      1) шешiм қабылданған күн;



      2) салық төлеушiнiң (салық агентінің) шағымын қараған салық органының атауы;



      3) шағым берген салық төлеушiнiң (салық агентінің) тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) не толық атауы;



      4) сәйкестендіру нөмірі;



      5) шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның қысқаша мазмұны;



      6) шағымның мәнi;



      7) шағым бойынша шешiм шығару кезiнде жоғары тұрған салық органы басшылыққа алған Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сiлтеме жасалған негiздеме көрсетiлуге тиiс.



      РҚАО-ның ескертпесі!

      674-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).




674-бап. Жоғары тұрған салық органына немесе сотқа шағым берудің салдары


      Жоғары тұрған салық қызметі органына немесе сотқа салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беруі салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуын тоқтата тұрады.


      Жоғары тұрған салық органына шағым берген кезде тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуы жоғары тұрған салық органының жазбаша шешімі шыққанға дейін тоқтатыла тұрады.


      Осы Кодекстің 94-тарауында белгіленген салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау нәтижелері бойынша шешімді қайта қарау тәртібіне қолданылатын жоғары тұрған салық органының шешімдері бойынша осы хабарламаның орындалуы осы Кодекстің 677-бабы 1-тармағында көрсетілген кезең өткенге дейін тоқтатыла тұрады.


      Салық төлеуші (салық агенті) сотқа шағым (арыз) берген жағдайда салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым (арыз) берілген бөлігінде орындалуы соттың шағымды (арызды) іс жүргізуге қабылдаған күнінен бастап сот актісі заңды күшіне енгізілгенге дейін тоқтатыла тұрады.


      Ескерту. 674-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!

      675-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).




675-бап. Тақырыптық тексеру тағайындау және жүргізу тәртібі


      1. Жоғары тұрған салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде қажет болған жағдайда, тақырыптық тексеру тағайындауға құқылы.


      2. Жоғары тұрған салық органының тақырыптық тексеру тағайындау туралы құжаты тексерілуге жататын мәселелер көрсетіле отырып, жазбаша нысанда ресімделеді.



      Бұл ретте тақырыптық тексеруді жүргізу, шағым жасалған салықтық тексеруді уәкілетті орган жүргізген жағдайды қоспағанда, нәтижелеріне шағым жасалған салықтық тексеруді жүргізген салық органына тапсырылмауға тиіс.



      3. Тақырыптық тексеру осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде жүргізіледі. Бұл ретте тақырыптық тексеру салық органы жоғары тұрған салық органының осындай тексеру жүргізу туралы құжатын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс .



      4. Деректер жеткілікті айқын болмаған немесе толық болмаған, сондай-ақ бұрын тексерілген мән-жайлар мен құжаттарды тақырыптық тексерудің барысында жаңа мәселелер туындаған кезде жоғары тұрған салық органы қайта тексеруді тағайындауға құқылы.



      5. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім тақырыптық тексерудің және (немесе) қайта тақырыптық тексерудің нәтижелері ескеріле отырып шығарылады. Бұл ретте жоғары тұрған салық органы осындай тексерулердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, ол шағым бойынша шешім қабылдау кезінде оларды ескермеуге құқылы, алайда мұндай келіспеушілік дәлелді болуға тиіс.



      Ескерту. 675-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       РҚАО-ның ескертпесі!

      94-тарауды алып тастау көзделген - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).




94-тарау. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ (САЛЫҚ АГЕНТІНІҢ) ШАҒЫМЫН
ҚАРАУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ШЕШІМДІ ҚАЙТА ҚАРАУ ТӘРТІБІ

676-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың нәтижелері бойынша шешімді қайта қарауды жүзеге асыратын орган


      Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қараудың нәтижелерi бойынша шешiмдi қайта қарауды уәкiлеттi орган жүргiзедi.

677-бап. Уәкiлеттi органға шағым берудің тәртiбi


      1. Уәкiлеттi органға шағым салық төлеушi (салық агенті) шағымды қарау нәтижелерi бойынша шешiмдi алған күннен кейінгі күннен бастап не салық қызметінің жоғары тұрған органының шешiмi болмаған кезде осы Кодекстің 670-бабының 1-тармағында көрсетілген мерзiм аяқталған соң отыз жұмыс күнi iшiнде берiледi.


      Бұл ретте, салық төлеуші (салық агенті) шағымның көшірмесін салық төлеушінің шағымын қараған салық қызметінің жоғары тұрған органына жіберуге тиіс.


      Шағымды қарау нәтижелері бойынша салық қызметінің жоғары тұрған органының шешімін салық төлеушіге (салық агентіне) қолын қойғызып тапсырған күн немесе тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберген кезде пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына салық төлеушінің (салық агентінің) белгі қойған күні оны салық төлеуші (салық агенті) алған күн болып табылады.


      Уәкілетті органға шағым беру күні оны беру тәсіліне қарай:


      1) өзі келу тәртібімен – уәкілетті органның шағымды алған күні;


      2) пошта арқылы – поштаның немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгісі қойылған күн болып табылады.


      2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда бұл мерзімді шағым беретін салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші бойынша уәкілетті орган қалпына келтіруі мүмкін.



      3. Уәкілетті орган шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру мақсатында оған қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) уақытша еңбекке жарамсыздығын дәлелді себеп деп таниды.



      Осы тармақтың ережесі оған қатысты салықтық тексеру жүргізілетін жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдық құрылымы жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған кезде олардың орнын ауыстыратын тұлғалардың болуын көздемейтін салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылады.



      Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңін растайтын құжатты және осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.



      4. Шағым берудің өткізіп алған мерзімін уәкілетті органның қалпына келтіру туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішті осы баптың 3-тармағында көрсетілген адамдардың уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда ғана қанағаттандырылады.



      5. Уәкiлеттi органға шағым беру осы баптың ережелерi ескерiле отырып, осы Кодекстің 667-бабында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.



      Ескерту. 677-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


678-бап. Уәкiлеттi органға жiберiлетiн шағымның нысаны мен мазмұны


      1. Уәкiлеттi органға жiберiлетiн шағым нысаны мен мазмұны бойынша осы Кодекстің 668-бабында белгiленген талаптарға жауап беруге тиiс.



      2. Уәкiлеттi органға жiберiлетiн шағымға салық төлеушiнің (салық агентінің) шағымын қараған жоғары тұрған салық органы шешiмiнің көшiрмесi қоса тiркелуге тиiс.

679-бап. Шағымды қараудан бас тарту


      1. Уәкілетті органның шешімді қараудан бас тартуы, осы баптың ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 669-бабында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.



      2. Уәкілетті органның осы Кодекстің 669-бабының 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда шешімді қараудан бас тартуы, егер салық төлеуші (салық агенті) жол берілген бұзушылықтарды жойса, оны осы Кодекстің 677-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім шегінде қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.



      Осы Кодекстің 669-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда салық төлеуші (салық агенті) уәкілетті органға қайтадан шағым беруге құқылы емес.



      Ескерту. 679-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


680-бап. Уәкiлеттi органға жiберiлген шағымды қарау тәртiбi


      1. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен берілген, уәкілетті органға жіберілген шағымды уәкілетті орган – оның тіркелген күнінен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымдарын, осы Кодекстің 672-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімдерін ұзарту және тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда, тіркелген күнінен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.



      2. Уәкілетті орган шағымды қарауды осы баптың ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 670-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.



      3. Уәкілетті орган шағымды қарау бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде оның қызметіне араласуға және шағымды қарауға қатысатын лауазымды адамдарға қандай да бір ықпал етуге тыйым салынады.



      Ескерту. 680-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).


681-бап. Уәкiлеттi органға жiберiлген шағым бойынша шешiм шығару


      1. Уәкілетті орган шағымды мәнi бойынша қарау аяқталған соң жазбаша түрде дәлелдi шешiм шығарады және оны салық төлеушiге (салық агентіне) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жiбередi немесе қолын қойғызып тапсырады, ал көшiрмесiн салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараған салық органына жібередi.



      2. Шағымды қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган:



      1) шағымды қанағаттандырусыз қалдыруға;



      2) салық органының шағым жасалған шешімінің күшін жоюға;



      3) шешімді өзгертуге немесе жаңа шешім шығаруға құқылы.



      3. Осы Кодексте белгіленген негізде және тәртіппен шығарылған уәкілетті органның шешімі салық органдарының орындауы үшін міндетті.



      Ескерту. 681-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).


682-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту


      Уәкілетті органға жіберілген шағымды қарау мерзімі осы Кодекстің 672-бабында белгіленген жағдайларда және тәртіппен тоқтатыла тұрады және (немесе) ұзартылады.



      Ескерту. 682-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).


683-бап. Уәкiлеттi орган шешiмiнің нысаны мен мазмұны


      Уәкілеттi органның шешiмiнде:



      1) шешiмнiң қабылданған күні;



      2) шағым берген салық төлеушiнiң (салық агентінің) тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) не толық атауы;



      3) сәйкестендіру нөмірі;



      4) жоғары тұрған салық органының шағым жасалып отырған шешiмiнің қысқаша мазмұны;



      5) шағымның мәнi;



      6) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сiлтеме жасалған негiздеме мен қорытындылар көрсетiлуге тиiс.

684-бап. Уәкiлеттi органға шағым берудiң салдары


      1. Уәкiлеттi органға шағым беру жазбаша шешiм шығарылғанға дейiн тексеру нәтижелері туралы хабарламаның орындалуын шағым жасалған бөлігінде тоқтата тұрады.



      2. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күші жойылған жағдайда салықтық тексеру актісінің тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде ғана күші жойылады.

685-бап. Тақырыптық тексеру тағайындау және жүргізу тәртібі


      1. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде, қажет болған жағдайда тақырыптық тексеру тағайындауға құқылы.



      2. Тақырыптық тексеруді тағайындау және жүргізу осы баптың ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 675-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.



      3. Уәкілетті орган нәтижелеріне шағым жасалған салықтық тексеруді жүргізген салық органына, сондай-ақ салық төлеушінің тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қараған салық органына тақырыптық тексеру жүргізуді тапсырмауға тиіс.



      4. Уәкілетті органға жіберілген шағым бойынша шешім тақырыптық тексеру және (немесе) қайта тақырыптық тексеру нәтижелері ескеріле отырып шығарылады. Бұл ретте уәкілетті орган осындай тексерулердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, ол шағым бойынша шешім қабылдау кезінде оларды ескермеуге құқылы, алайда мұндай келіспеушілік дәлелді болуға тиіс.



      Ескерту. 685-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.


95-тарау. САЛЫҚ ОРГАНДАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫНЫҢ


ӘРЕКЕТІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ШАҒЫМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ

686-бап. Шағым жасау құқығы


      Салық төлеушiнің немесе оның уәкілетті өкілінің жоғары тұрған салық органына немесе сотқа салық органдары лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасауға құқығы бар.

687-бап. Шағым жасау тәртiбi


      Салық органдары лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген тәртiппен шағым жасалады.

688-бап. Салық органдары лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылығы




      Ескерту. 688-бап алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).



Қазақстан Республикасының








Президенті



Н. Назарбаев









© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

: upload -> medialibrary
upload -> Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстан дипломатиясы 13 Қараша 2015
upload -> Баспасөз хабарламасы 2016 жылдың алғашқы тоғыз айындағы Қмг бө операциялық нәтижелері Астана, 25 қазан 2016 ж
upload -> Қазақстан республикасы төтенше жағдайлар министрлігі көкшетау техникалық институты
upload -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
upload -> Сабақтың тақырыбы Сырммен Малайсарының шешендік сөздері
medialibrary -> Ақпараттық хабарлама «Қазтеміртранс»
medialibrary -> Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясында немесе дербес кластерлік қорда осындай қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды ұсыну


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   108
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...