Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттарды беру қағидалары Жалпы ережелер



жүктеу 458.01 Kb.
бет1/3
Дата28.05.2017
өлшемі458.01 Kb.
  1   2   3
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер

енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізіміне

3-қосымша
Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық

гранттарды беру қағидалары
1. Жалпы ережелер


    1. Осы Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексінің 100-бабының 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес әзірленді және салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру шарттары мен тәртібін айқындайды.

    2. Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық грант өтініш беруші тарапынан жұмыс істеп тұрған салалардағы кәсіпорындардың технологиялық дамуына елеулі ықпал ететін немесе өндірістің жаңа жоғары технологиялы салаларының пайда болуына негіз болатын шетелдік технологияларды, өнімдер мен қызметтерді сатып алу, оларды кәсіпорындарға бейімдеу және енгізу арқылы технологиялық міндеттерді шешу үшін беріледі.

    3. Инновациялық гранттар инновациялық грант алу құқығына іріктеуден өткен жұмыс жасап тұрған кәсіпорындарға осы Қағидалармен бекітетін тәртіпте және шарттармен беріледі.

    4. Инновациялық гранттардың берілуін ақпараттық қамтамасыз етуді технологиялық даму саласындағы ұлттық институт және индустриалдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

    5. Осы Қағидаларға сәйкес инновациялық гранттар беру индустриалдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласында уәкілетті орган тарапынан технологиялық даму саласындағы ұлттық институт пен индустриалдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы Уәкілетті орган арасында жасалған шарт негізінде инновациялық гранттар беру үшін қарастырылған ақшалай қаражатты бөлу арқылы жүзеге асырылады.

    6. Инновациялық гранттар өтініш беруші тарапынан индустриалдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекіткен инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде беріледі.


2.Терминдер мен анықтамалар


    1. Осы Қағидаларда келесідей негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  1. грант алушы – осы Қағидаларға сәйкес инновациялық грант алған өтінім беруші;

  2. гранттық қаржыландыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – ұлттық институт шеңберінде өтінімдер бойынша шешім қабылдау үшін құрылған, құрамына уәкілетті мемлекеттік органның уәкілдері, технологиялық даму саласындағы ұлттық институт, экономиканың нақты салаларының қызметкерлері, салалық сарапшылар кіретін ұжымдық орган;

  3. жоғары технологиялар – өзінің сапалық көрсеткіштері бойынша әлемдік аналогтарға сәйкес келетін немесе олардан асып түсетін және әлемдік деңгейдегі еңбек өнімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін білімдер, өндірістік және басқа да операциялар жүйесі;

  4. жоғарытехнологиялы өндіріс – жоғары технологияларға негізделген және нарықта өткізу үшін аяқталған жоғары технологиялы өнімді шығаратын өндіріс;

  5. заманауи технология – нарықта мойындалған және үлкен сұранысқа ие технология;

  6. инновациялық грант – инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобаларын іске асыру үшін оларға өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты;

  7. индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орған (бұдан әрі – уәкілетті орган) – индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

  8. индустриялық-инновациялық жоба (бұдан әрі – жоба) – технологияларды трансферттеуге, белгілі бір мерзім ішінде іске асырылатын қолданыстағы өндірістерді, технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жетілдіруге немесе жаңасын жасауға бағытталған іс-шаралар кешені;

  9. лицензиялық төлем – кәсіпорының технология иесіне технологияны коммерциялық мақсатта пайдалану құқығы үшін төлем жасауы;

  10. озық технология – нарықта іс жүзінде көп қолданылмаған және ары қарай таратуға әлеуеті жоғары технология;

  11. өтінім – осы Қағидалар талаптарына сәйкес, құжаттар қоса берілген, белгіленген үлгідегі өтініш;

  12. өтінім беруші – Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын осы Қағидаларға сәйкес инновациялық грантты алу өтінімін қарастыру үшін ұсынған заңды тұлға;

  13. салаларды технологиялық дамытуға инновациялық грант беру туралы шарт (бұдан әрі – шарт) – ұлттық институт пен грант алушы арасында инновацялық грант беру үшін жасалған шарт;

  14. технология – пайдаланылуы жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді алуды қамтамасыз ететін, бірыңғай өндірістік циклде жұмыс істейтін процесс және (немесе) жабдықтар кешені;

  15. технологиялық даму саласындағы ұлттық институт (бұдан әрі – ұлттық институт) – индустриалдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға және инновациялық даму үдерістерін үйлестіруге уәкілеттілік берілген даму институты;

  16. технологияларды трансферттеу – индустриалдық-инновациялық қызмет субъектілерінің жаңа немесе жетілдірілген технологияларды, Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған тәсілдермен алынған меншік, иелік ету және (немесе) пайдалану құқықтарын енгізу үдерісі;

  17. шетелдік технологиялық әріптес – тиісті құзыреттіліктерге ие озық технология иесі/тасығышы;

  18. эскроу-шот - клиентпен анықталатын талаптарды орындау немесе осы талаптар басталғанға дейін банктік шот бойынша шығындық операцияларды орындауға шектеумен үшінші тұлғаның атына клиентпен ашылатын ағымдағы немесе сақтау шоты


3. Инновациялық гранттарды беру шарттары


    1. Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық грант Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, Қазақстан Республикасының территориясында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, келесі талаптарға сәйкес келетін заңды тұлғаларға беріледі:

  1. коммерциялық қызметті жүзеге асыратын және мәлімделген/аралас салаларда кем дегенде 3 (үш) жыл тәжірибесіне ие (бизнесте жаңа ғылыми және техникалық білімдерді озық пайдалану);

  2. қажетті біліктілік деңгейі бар инженерлік-техникалық персоналы бар;

  3. өтініш берушінің жиынтық жылдық табысы соңғы 3 (үш) жылда жобаның мәлімделген сомасынан төмен болмауы тиіс.

Экспорттық потенциалы бар өнімді өндіру және (немесе) еңбек өнімділігін жоғарылатуға бағытталған жобаларға басымдылық беріледі.

    1. Инновациялық грант шетелдік технологияларды трансферттеу үшін Салаларды технологиялық дамытуға, оның ішінде лицензиялық шарт (лицензиялық төлем жағдайында – 36 (отыз алты) айдан кем емес кезеңге) сомасын немесе құқықтарды беру шартының сомасын төлеуге, оның ішінде келесі мақсаттардағы шығыстарды төлеуге бөлінеді:

  1. мәмілені сүйемелдеу бойынша консалтинг шығыстары (технологиялық брокер қызметтері);

  2. технологияның меншік иесінен техникалық құжаттаманы алу;

технологияның меншік иесінен сатып алынатын технологияның ажырамас бөлігі болып табылатын жабдықты сатып алу;

  1. инженерлік-техникалық жұмыскерлерді оқыту, шетелдік мамандарды тарту;

  2. өнімнің өнеркәсіптік дизайнын әзірлеу;

  3. технологиялық үдерісті сынау;

  4. өнімді сертификаттау;

  5. өтініш беруші өнімдері мен қызметтерінің тұтынушылары болып табылатын кәсіпорындар қызметкерлерінің құзыреттілігін көтеруге арналған оқытушы семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және өткізу;

  6. өтініш беру өнімдерінің тұтынушылары (жұмыс істеп тұрған/әлеуетті) болып табылатын, алайда өтініш беруші өнімдерін тұтыну/пайдалану үдерісінің жекелеген параметрлерін нақтылауды қажет ететін сала/салалар кәсіпорындарына қызмет көрсету үшін оқу-демонстрациялық және диагностикалық/талдау зертханалары/орталықтарын құру/ұйымдастыруға қажет талдау құралдары мен жабдықтарын сатып алу.

    1. Инновациялық грантты берудің міндетті шарты:

  1. өтініш берушінің инженерлік-техникалық персоналын пайдалануға мәлімделген технологиялар шеңберінде оқыту;

  2. өтініш беруші өнімдері мен қызметтерінің тұтынушылары болып табылатын кәсіпорындардың инженерлік-техникалық персоналының құзыреттілігін көтеретін оқыту бағдарламасын әзірлеу және іске асыру;

  3. үдерісті өткізу, әзірлеу және басқаруға, сондай-ақ түпкі өнімнің сапасын өлшеуге қажетті барлық іс-шараларды егжей-тегжейлі айқындау үшін шығыс мәліметтердің толық жиынтығының болуы.

    1. Инновациялық грант қаражаттарын:

  1. күрделі жөндеуге, көлік инфрақұрылымына, ғимараттар мен имараттар құрылысына жұмсалатын шығындарға;

  2. пайыздарды төлеуге немесе үшінші тұлғалар алдындағы берешектерді өтеуге;

  3. Грант алушы қызметкерлеріне өтемақылар, сыйлықақылар мен материалдық көмекті төлеуге;

  4. уәкілдік шығындарына;

  5. жобаны іске асырумен байланысты емес басқа да шығыстарға пайдалануға болмайды.

    1. Инновациялық грант лицензиялық шарт бойынша негізделген шығындарды 70 (жетпіс) пайызға дейін және/немесе жабдық сатып алуға негізделген шығындарды 50 (елу) пайызға дейін және технологиялық құзыреттіліктерді (өнім тұтынушылары болып табылатын кәсіпорындар) көтеру бойынша шығыстарға негізделген шығындарды 85 (сексен бес) пайызға дейін және осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген басқа да шығындарды бірлесе қаржыландыру шартымен 500 000 000 (бес жүз миллион) теңге мөлшерінде беріледі.

    2. Іске асыруға ұсынылған жобалар келесі талаптарға сай келуі тиіс:

  1. өндірістік кәсіпорнын технологиялық дамытуға бағытталуы тиіс;

  2. енгізілетін технологиялар отандық шикізатты пайдалануға басымдылық беретін озық/заманауи деңгейден төмен болмауы тиіс;

  3. өнеркәсіптік пайдалану дерегінің болуы, немесе пайдалануға дайындықтың жоғары дәрежесі (жартылай өнеркәсіптік сынақтардан өткен);

  4. жобаның технологияларды оқшауландыруға бағытталуы (аралас салаларды дамыту);

  5. жобаның экспорттық әлеуеті бар өнім өндіруге және (немесе) еңбек өнімділігін арттыруға бағытталуы;

  6. білімдерді, машықтар мен құзыреттіліктерді нарыққа беру;

  7. тиісті саладағы озық технологиялық құзыреттіліктер тасығышы – шетелдік әріптестің болуы;

  8. шығарылатын материалдық өнім және көрсетілетін қызметтер жұмыс істеп тұрған саланың технологиялық дамуына тікелей ықпал етуі тиіс және (немесе) өндірістің жаңа жоғарытехнологиялы салаларының пайда болуына негіз болуы тиіс;

  9. саладағы технологиялық түйткілдерді анықтауға және шешуге бағытталу.

    1. Технологияның меншік иесі/технология бойынша құқықтарды беретін тұлға өтініш берушімен үлестес бола алмайды.

    2. Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық грант өтініш беруші тарапынан күнтізбелік жоспарға сәйкес бірлесе қаржыландыру шартымен беріледі.

    3. Инновациялық грантты игеру мерзімі 24 (жиырма төрт) айдан аспауы тиіс. Инновациялық грантты игеру мерзімі инновациялық грантты игеру мерзімін ұзарту қажеттілігі жөнінде объективті негіздеме болған жағдайда 6 (алты) айға дейінгі мерзімге қосымша ұзартыла алады. Шартты іске асыру мерзімін ұзарту қажеттілігі немесе оны ұзартудан бас тарту туралы шешімді ұлттық институт қабылдайды.


4. Инновациялық гранттарды беру тәртібі


    1. Инновациялық грантты алуға өтінімдерді қабылдау және қарастырудың басталғаны туралы мәлімдеме ұлттық институт тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ ұлттық инстиутттың ресми ғаламтор-ресурсында өтінім қабылдау кезеңі көрсетіле отырып, өтінім қабылдау басталғанға дейін 15 (он бес) күнтізбелік күн бұрын жарияланады. Өтінім қабылдау мерзімдері мен кезеңдері уәкілетті органмен келісіледі.

    2. Осы Қағидаларға сәйкес инновациялық гранттарды беруді ұлттық институт уәкілетті орган мен ұлттық институт арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырады.

    3. Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру рәсімі келесі кезеңдерді қамтиды:

  1. рәсімдері ұлттық институтпен реттелетін Қағидалар талаптарына өтінімнің ұлттық институтпен қабылдануы мен тексерілуі.

Өтінімнің Қағидалар талаптарына сәйкес келуін қарастыру шегінде, келесі критерийлерге сәйкес келуі тексеріледі:

инновациялық гранттардың басым бағыттарына сәйкес келушілігі;

гранттың мақсаттарына сәйкес келушілігі;

толықтығы және мазмұндылығы жағынан өтінімнің сапасы;

мәлімделген салада жұмыс тәрибесінің болуы;

өтінім берушінің сай келетін командасының болуы;

жобаны ортақ қаржыландыру көзінің куәландырылуы;

осы Қағидалардың 8-тармақтарына сәйкес, өтінім берушіге қойылатын талаптарға сәйкес келушілігі;

өтінімнің мазмұны мен ресімделуінің осы қағидалар талаптарына сәйкес келушілігі.

Өтінімдердің осы Қағидалар талаптарына сәйкес келушілігін тексеру аяқталғаннан кейін ұлттық институт өтінім берушінің сауалнамасында көрсетілген электронды мекенжайға анықталған сәйкес келмеушіліктер (олар болған жағдайда) туралы ескертпе хат жолдайды.

Өтінім ағымдағы жылда қайтадан тапсыру құқығынсыз кері қайтарылады:

ұлттық институт ескертпе хатын жолдаған күннен бастап 10 (он) күн ішінде анықталған сәйкессіздіктерді жоймастан толықтырылған өтінім ұсынылған жағдайда;

ұлттық институт ескертпе хатын жолдаған күннен бастап 10 (он) күн ішінде толықтырылған өтінім ұсынылмаған жағдайда;


  1. ұлттық институтпен өтінімдердің сараптамасын өткізу. Ұлттық институт сараптама өткізу үшін отандық және (немесе) шетелдік жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тартуға құқылы.

Сараптама жүргізудің рәсімі және тәртібі ұлттық институттың актілерімен анықталады және келесідей сараптама түрлерін қамтуы тиіс:

технологиялық сараптама;

қаржы-экономикалық сараптама;

құқықтық сараптама.

Өтінімнің қаржы-экономикалық және құқықтық сараптамасы технологиялық сараптама бойынша оң қорытынды алынған жағдайда жүргізіледі.

Технологиялық сараптама бойынша теріс қорытынды алынған жағдайда, өтінім берушіге инновациялық грантты беруден бас тартылатындығы туралы ескертпе хат жолданады.

Жобаның технологиялық, құқықтық және қаржы-экономикалық сараптамасын жүргізу нәтижелері негізінде, өтінім бойынша кешенді қорытынды жасалады.


  1. өтінімдер бойынша кешенді қорытынды жасау және инновациялық грантты беру туралы немесе беруден бас тарту туралы шешім шығару үшін Комиссияның қарауына жіберу. Кешенді қорытындының формасы ұлттық институттың актілерімен бекітіледі.

Өтінімдер бойынша кешенді қорытынды жүргізілген сараптамалардың нәтижесі бойынша жасалады және өтінім материалдарымен, жүргізілген сараптамалардың нәтижелерімен бірге инновациялық грантты беру туралы немесе беруден бас тарту туралы шешім шығару үшін комиссияның қарауына жіберіледі.

  1. өтінімдерді комиссия отырысында қарау және инновациялық грантты беру туралы немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Комиссияның құрамы және қызмет тәртібі ұлттық институттың актілерімен реттеледі.

Комиссия отырысына жоба презентациясы үшін өтінім беруші және (немесе) жоба командасының мүшесі шақырылады.



  1. ұлттық институт комиссия шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінімде көрсетілген электрондық мекенжайына өтінім берішуге ескертпе хат жолдау арқылы инновациялық грантты беруде оң немесе теріс шешім қабылдағанын хабарлайды.

  2. инновациялық грантты беру туралы оң шешім қабылданғаны туралы ұлттық институтпен ескертпе хат жіберілген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде өтініш беруші және ұлттық институт инновациялық грантты беру туралы шартқа қол қояды, тек өтінім беруші тиісті негіздемені ұсына отырып, ұлттық институтты шартқа қол қою мерзімін ұзарту туралы хабарлаған жағдайда ғана, ұлттық институт шартқа қол қою қажеттілігі туралы ескертпе хат жіберген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күннен кешіктірілмей қол қойылады.

Инновациялық грантты туралы оң шешім алған өтінім берушілер, шарт жасасу үшін Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейлі банкте эскроу-шот ашады. Эскроу-шот ашу туралы шартқа өтінім беруші, ұлттық институт және екінші деңгейлі банк қол қояды. Өтінім берушілер ұлттық институтқа екінші деңгейлі банкте экстроу-шотты ашқандығы тралы құжатты беруі тиіс

    1. Грант алушы шартқа қол қойылғаннан кейін жобаны ортақ қаржыландыру үшін эскроу-шотқа күнтізбелік жоспарға сәйкес көлемдегі ақша қаражатын аударады. Ұлттық институт Грант алушыдан қаражат түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде эскроу-шотқа күнтізбелік жоспарға сәйкес көлемдегі ақша қаражатының аударылуын қамтамасыз етеді.

    2. Осы Қағидалардың 19-тармағының 2-3 тармақшаларында көрсетілген рәсімдердің жалпы мерзімі 60 (алпыс) жұмыс күнінен аспауы тиіс. Ұлттық инситут өтінімді қарау мерзімін өтініш берушіден сұралған құжаттар ұсынылатын кезеңге тоқтатады.

    3. Осы Қағидалардың 19-тармағы 1-3 –тармақшаларында көрсетілген рәсімдердің жалпы мерзімі 60 (алпыс) жұмыс күнінен аспауы тиіс. Өтінім берушіден сұрау салынған құжаттарды ұсыну кезеңінде, ұлттық институт өтінімді қарау мерзімін тоқтатып қояды.

    4. Ұлттық институт оның акционерін, уәкілетті органын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген жағдайларды қоспағандағы өтінім туралы ақпараттың инновациялық грант беру үдерісіне қатысы жоқ үшінші тұлғаларға жария етілмеуін қамтамасыз етеді.


5. Инновациялық грант алуға қажетті құжаттар тізімі


    1. Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық грант алудан үмітті өтініш берушілер Ұлттық институтқа келесі құжаттарды қамтитын өтінімді ұсынады:

  1. осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инновациялық грант алуға өтініш;

  2. технология иесінің технология құны мен беру шарттарын көрсете отырып, беру ниетін растайтын құжат;

  3. осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша жобаның бизнес-жоспары;

  4. осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күнтізбелік жоспардың жобасы;

  5. мәлімделген шығындарды растайтын құжаттар (шарттар, келісімдер көшірмелері, басқа да жабдықтаушылардың баға және кммерциялық ұсыныстары, ғаламтор-ресурстарына сілтемелер, төлем шоттары) қоса берілетін, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығыстар сметасының жобасы;

  6. заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі, өтінім берушінің жарғылық құжаттары мен үлестес тұлғалардың тізімі;

  7. міндеттемелердің барлық түрлері бойынша осы анықтама шығарылған күнге дейін 3 (үш) айдан асатын кешіктірілген берешектер жоқтығы туралы қолы мен мөрі қойылған банктің немесе банк филиалының анықтамасы;

  8. лицензиялар, патенттер, куәліктер, сертификаттар, дипломдар мен жоба қатысушыларының біліктілігін растайтын басқа да құжаттар көшірмелері (болған жағдайда);

  9. технология иесінің құрылтай құжаттары, сондай-ақ осы Қағидалардың 24-тармағының 2) тармақшасы мазмұнын ескере отырып, технология иесі атынан құжаттарға қол қоятын тұлғаның уәкілеттілігін растайтын құжаттар;

  10. сатып алынатын технологияның өнеркәсіптік пайдаланылу дерегін растайтын құжаттар;

  11. өтінім берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өтуін, өтініш беруші филиалының (өкілдігінің) есептік тіркеуден (қайта тіркеуден) өтуін растайтын құжат;

  12. соңғы 3 жылдағы қаржылық есеп (қаржылық есептілікке жыл сайын аудит жүргізу міндеттелген тұлғалар, сонымен қатар көрсетілген уақыт кезеңі үшін аудиторлық есептер ұсынады);

  13. төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кешіктірілген жағдайларды қоспағанда, өтінім берілген күнге дейін үш айдан асатын салық төлеушінің салықтық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіби зейнетақы жарналары туралы берешектің жоқтығы (бар екендігі) туралы анықтама;

  14. заңды тұлғалар үшін - өтініш берушінің бірінші басшысын тағайындау туралы шешім, жоба жетекшісі мен өтінімге/өтінімге қоса берілетін құжаттарға қол қою құқығы бар басқа да тұлғаларға сенімхаттар;

  15. өтініш берушінің қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкротқа ұшырау кезеңінде тұрған ұйымдар тізімінде жоқтығын растайтын құжат;

  16. өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізілімінде жоқтығын растайтын құжат.

Ұлтық институт Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 119-бабына сәйкес, жұмыс істеп тұрған кәсіпорын ретінде өтініш берушінің дәрежесін растайтын құжаттарды сұратуға құқылы.

    1. Осы Қағидалардың 22-тармағының 3)-5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қосымша ағылшын тілінде түзетілетін Microsoft Word форматында беріледі.

    2. Өтінім Ұлттық институтқа қағаз тасығышта және электронды форматта қазақ және орыс тілдерінде екі данада ұсынылады. Өтінімнің электронды нұсқасының мазмұны оның қағаз нұсқасына сәйкес келуі тиіс.

    3. Өтінімдер мына жағдайларда кері қайтарылады:

  1. егер жоспарланып отырған іс-шаралар мен шығындарды ұлттық институт бұрын қаржыландырса және қаржыландырып отырса;

  2. ұлттық институтпен белгіленген өтінімдерді қабылдау мерзімі өтіп кеткеннен кейін келіп түссе;

  3. инновациялық грантты алу үшін өтінім берушімен ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің (ақпараттардың) анық еместігін анықталса;

  4. инновациялық грантты беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объктілердің, мәліметтердің және деректердің осы Қағидалар мен Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілермен белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда;

  5. осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген толық емес құжаттар пакетін және (немесе) әрекет етудің мерзімі өткен құжаттарды өтінім беруші берген жағдайда.

    1. Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен растығын қамтамасыз етеді. Өтініш беруші ұсынған ақпаратта есептеулерде қолданылған дерек көздері, және есепті жүргізу күні көрсетіледі.

    2. Инновациялық грант алуға өтінім материалдары бір бумаға біріктіріліп, қол қойылып, нөмірленіп, мөр басылуы тиіс.


6. Жобаларды іске асырудың мониторингі


    1. Грант алушының инновациялық грантты алған күннен бастап бүкіл игеру мерзімі бойы жобаны іске асыру бойынша қызметіне бақылау жүргізілуін қамтамасыз ету, оның ішінде Грант алушының шарт талаптарын орындауын, инновациялық грант қаражатының мақсатына сай пайдаланылуын бақылау мақсатында Ұлттық институт шартқа сәйкес жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізеді.

    2. Инновациялық грант беру туралы жасасқан шарттар бойынша жобаларды іске асыру барысының мониторингі Ұлттық институттың ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

    3. Грант алушы шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда инновациялық гранттың қаражаты банк тарапынан эскроу-шоттан Ұлттық институтқа қайтарылады.

    4. Шартта Грант алушының жобаның аяқталуы туралы Ұлттық институт шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жыл бойы Ұлттық институтқа жарты жылда кемінде бір рет жобаны іске асыру бойынша есеп беруі қарастырылған.

    5. Ұлттық институттың жобаның аяқталғаны туралы шешім қабылдауына негіздеме Грант алушының шарт талаптарын орындауы болып табылады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет