Сагиндыкова Жанар Берикболовна Тәртібі қиын мектеп оқушыларын қазақ этнопедагогикасы құралдары арқылы адамгершілікке тәрбиелеу



жүктеу 334.98 Kb.
Дата29.04.2017
өлшемі334.98 Kb.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті

ӘӨЖ 376.5:37.034:37.035.6 Қолжазба құқығында


Сагиндыкова Жанар Берикболовна

Тәртібі қиын мектеп оқушыларын қазақ этнопедагогикасы құралдары арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
6М010300 - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша

педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу

үшін дайындалған диссертацияның

РЕФЕРАТЫ


Қазақстан Республикасы

Қызылорда,2013жыл


Жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің

«Педагогика және психология» кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы,

Б.К.Момынбаев

профессоры
Ғылыми кенесші: педагогика ғылымдарының кандидаты

ак.профессор Х.Е.Нұғманова

Ресми оппонент : педагогика ғылымдарының кандидаты

С.С Жанибекова


Диссертация 2013 жылдың «___» маусымында сағат ____ Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Гуманитарлық-педагогикалық институтінде, Педагогика, және психология кафедрасында (Қызылорда қаласы, Толе би 36А, №411 дәрісхана) қорғалады.

Жұмыспен «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің»

ғылыми- техникалық кітапханасында танысуға болады.


Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Мектептегі адамгершілік тәрбие мәселесін зерттеудің өзектілігі оның шешімдерінің қазіргі қоғам дамуы, яғни басқарудың демократияландыру, заңдылықтар мен адагершілік тәртіпті нығайту мақсаттарымен сәйкес келуінде.

Нарықтық қатынас кезінде адамзатқа ортақ құндылықтар мен тәрбие теорияларына, озат тәжірибелерге сүйеніп, Қазақстанның ұлттық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып, тәртібі қиын оқушыларды қоғам алдындағы өзінің дербестігі мен жауапкершілігін сезінетін, ұлттық сана-сезімі оянған, биік парасатты, ар-ожданы мол азамат етіп тәрбиелеу өмір талабы болып отыр. Тәртібі қиын мектеп оқушыларының адамгершілік сапаларын қалыптастыруда ғасырлар бойы жинақталып, бүгінгі күнге жеткен халқымыздың бала тәрбиелеудегі озық тәжірибесі, яғни қазақ этнопедагогикалық құралдар ерекше мәнге ие болады. Бұл құралдар арқылы тәртібі қиын мектеп оқушыларының бойында халқымыздың қастер тұтып келген ар-намыс, ождан, имандылық, инабаттылық, мейiрiмдiлік, кiшiпейiлділік, ата-мекенiне, елiне деген сүйiспеншiлiк сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеу қажеттілігі зерттеу тақырыбының көкейкестілігін дәлелдейді.

Тәрбиедегі адамгершілік идеясын жүзеге асыру, мектепте оқытудың педагогикалық жағдайын жасауға бағдарлау, тәрбиеленушінің жеке даму субъектісі ретінде өз бетінше жүру жолын таңдауы тәрбиелеу мен оқыту процесін ұйымдастырудың қазіргі негізі болып табылады.

Еліміздің болашақ жастарын адамгершілік тәрбиесіне ұлттық және жалпы адами құндылықтарды, адамгершілік идеяларды бойына сіңірген қоғамның демократиялық көркеюі негізінде жаңа қырынан келу қажеттігі анық.

Қазақстандық зерттеушілердің еңбектерінде педагогика ғылымының әдіснамалық мәселелері қарастырылған. Н.Д.Хмель, А.Қ.Рысбаеваның зерттеулерінде «Табысты іс-әрекет» педагогиканың категориясы ретінде дәлелденген. «Табысты іс-әрекеттің» педагогиканың негізгі «тәрбиелеу», «білім беру», «оқыту», «педагогикалық үдеріс» және «әлеуметтендіру» категорияларымен өзара байланысты екендігі айқындалған.

Бүгінгі таңда Қазақстанда халықтық педагогика арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беру мәселелері Р.К.Төлеубекова,Ж.Б.Сәдірмекова, А.Е.Дайрабаева , А.Қ.Қисымова, Г.А.Мұратбаева, Р.Ә.Сқақова, Ұ.Т.Төлешова және т.б. зерттеу еңбектерінде қарастырылып, тың нәтижелер алынғандығы белгілі.

Адамгершілікке тәрбиелеу мәселесі қай заманда болмасын ойшылдардың, ағартушылардың, ғалым-педагогтардың назарынан тыс қалмағандығы белгілі. Классикалық педагогиканың өкілдері Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская , С.Т.Шацкий, А.С.Макаренконың еңбектерінің негізгі өзегі адамгершілігі мол саналы азаматты тәрбиелеу болып табылады. Қазақ ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин , А.Құнанбаев , М.Жұмабаев , А.Байтұрсынов т.б. өздерінің саяси-қоғамдық, ғылыми және әдеби еңбектерінде балалар мен жастардың адамгершілік тәрбиесі туралы пікірлер айтып, ғылыми құндылығы жоғары мұралар қалдырған.

Этнопедагогиканың әдіснамалық-теориялық негіздерін айқындау бойынша көрнекті ғалымдар Г.Н.Волков , Қ.Б.Жарықбаев , С.Қ.Қалиев , К.Ж.Қожахметова , Ш.Т.Таубаева , М.Х.Балтабаев,Ш.Б.Құлманова, Қ.Б.Бөлеев, Қ.Қ.Шалғынбаева т.б. тың зерттеулер жүргізіп, өз еңбектерінде этнопедагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы, этнопедагогика құралдарының ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі, мектептің оқу-тәрбие процесінде алатын орны мен оларды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырды.

Біздің зерттеу мәселемізге, әсіресе, О.С.Безверховтың оқушылардың моральдық нормаларды меңгеру ерекшеліктері, Г.В.Давыдовтың адамгершілік тәрбиенің тәрбиелік қызметі, Н.Е.Щуркованың оқушының адамгершілік қатынас тәрбиесі жөніндегі зерттеулері жақын келеді.

Отандық ғалымдары арасында, балалардың мінез-құлықтың ауытқуын Г.А.Уманов, В.ВТрифонов, Л.К.Керімов және т.б. педагогикалық тұрғыдан қарастырған.

Тәртібі қиын мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие беруде қазақ этнопедагогикалық құралдардың мүмкіндіктері мен олардың мектептің оқу-тәрбие процесінде толығымен пайдаланылмауы арасындағы және тәртібі қиын мектеп оқушыларын қазақ этнопедагогика құралдары арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің қажеттілігі мен бұл мәселенің педагогикалық теория мен практикада жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықтар анық байқалады. Осы қайшылықтардың шешімін табу мақсатында тәртібі қиын мектеп оқушыларын қазақ этнопедагогика құралдары арқылы адамгершілікке тәрбиелеуді жүйелеу зерттеу проблемасын айқындап, тақырыпты «Тәртібі қиын мектеп оқушыларын қазақ этнопедагогикасы құралдары арқылы адамгершілікке тәрбиелеу» деп алуымызға негіз болды.

Зерттеу мақсаты: қазақ этнопедагогика құралдары арқылы тәртібі қиын мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық негіздерін анықтап, қазақ этнопедагоика құралдары арқылы тәрбиелеудің мүмкіндіктерін айқындап, мектепте оқу-тәрбие процесінде пайдалану жөнінде бағдарламалар жасақтау.

Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін орта мектептердің педагогикалық үдерісі.

Зерттеу пәні: жалпы білім беретін орта мектепте тәртібі қиын оқушыларды этнопедагогика құралдары арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны, әдістері мен формалары.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер орта мектепте тәртібі қиын мектеп оқушыларын қазақ этнопедагогика құралдары арқылы адамгершілікке тәрбиелеу ғылыми-практикалық тұрғыдан қамтамасыз етілсе, онда мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті табысты болады, өйткені бұл ретте адамгершілік тәрбиесі ізгілендіру идеяларына негізделген.

Зерттеудің міндеттері:

- тәртібі қиын мектеп оқушыларын қазақ этнопедагогика құралдары арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негіздерін анықтау;

- қазақ этнопедагогика құралдары арқылы тәртібі қиын мекткеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің мүмкіндіктері мен жолдарын айқындау;

- тәртібі қиын оқушыларды этнопедагогика құралдары арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің бағдарламасын жасау;

- орта мектепте тәртібі қиын мекткеп оқушыларын қазақ этнопедагогика құралдары арқылы адамгершілікке тәрбиелеу мазмұнын, әдістері мен формаларын айқындау және жүйеленген педагогикалық жұмыс түрлерін іске асырудың тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.



Зерттеудің жетекші идеясы: этнопедагогика құралдары адамгершілік сапаларды қалыптастыру құралы ретінде педагогикалық процестің субъектілері мұғалім мен тәртібі қиын оқушының табысты іс-әрекетін қамтамасыз етеді, яғни мұғалімге іс-әрекет субъектісін жаңа сапалық деңгейге көтеруге, тәртібі қиын оқушы тұлғасын қайта тәрбиелеуге, дамытуға мүмкіндік береді және сол оқушыны адамгершілікке тәрбиелеуге ықпал етеді.

Зерттеу жұмысының әдiснамалық және теориялық негiздерi: тұлға дамуының жалпы әдіснамалық ұстанымдары; аксиологиялық және жүйелілік тұғырлар теориясы; таным теориясы; ойлау әрекеттерiн сатылап қалыптастыру теориясы; тұтас педагогикалық процесс теориясы; педагогикалық құбылыстарды зерттеуге жүйелілік тұғыр идеялары, тұлғаға бағдарланған білім беру теориясы, этномәдиениеттік білім беру тұжырымдамасы.

Зерттеу көздерi: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, зерттеу мәселесіне қатысты философтардың, психологтардың, педагогтардың, әдiскерлердiң еңбектерi, бiлiм беру мен тәрбие мәселесiне арналған ресми құжаттар, оқу-әдiстемелiк кешен (оқулықтар, оқу бағдарламалары, оқу құралдары және т.б.), мектеп мұғалiмдерiнiң iс-тәжiрибесi, сонымен бiрге автордың педагогикалық және зерттеушiлiк тәжiрибесi.

Зерттеудiң әдiстерi:

- зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдiстемелiк әдебиеттерге теориялық талдау;

- мектептердің құжаттары мен iс-тәжiрибелерiн жинақтау, оларды талдау;

- сауалнамалар мен әңгiмелесулер;

- оқушылар мен мұғалiмдердiң шығармашылық жұмыстарын бақылау;

- педагогикалық эксперимент, iс-әрекеттер нәтижесiне баға беру, оларды математикалық тұрғыдан өңдеу.



Зерттеудiң ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

- тәртібі қиын мектеп оқушыларының адамгершілік тәрбиесінде пайдалануға болатын қазақ этнопедагогика құралдарына мазмұндық сипаттама берілді;



- тәртібі қиын мектеп оқушыларын қазақ этнопедагогика құралдары арқылы адамгершілікке тәрбиелеу мәселесі әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан алғаш рет негізделді;

Зерттеудiң практикалық мәндiлiгi: зерттеу нәтижелерi мен қорытындылары, бiрiншiден, ұсынылып отырған ғылыми-әдiстемелiк еңбектерді жалпы бiлiм беретiн мектептердiң оқу-тәрбие жұмыстарында, бастауыш сынып мұғалiмдерiн жоғары оқу орындарында даярлауда және бiлiктiлiгiн арттыру iсiнде пайдалануға болады; екiншiден, осы проблема бойынша келешекте жүргiзiлетiн ғылыми iзденiстерге негiз болады.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: автордың педагогикалық зерттеуінің ғылыми негізімен, зерттеу тақырыбына сәйкес өзара байланыстағы әдіс-тәсілдердің нақты қолданылуымен, эксперимент бағдарламасының педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен, бастапқы және соңғы нәтижелердің қорытылуымен, олардың тиімділігінің бастауыш мектептің педагогикалық процесінде тексерілуімен қамтамасыз етіледі.

Зерттеудің негізгі базасы: № 211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

1-кезеңде зерттеудiң теориялық негiздерi анықталды, философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдiстемелiк зерттеулер, тәртібі қиын мектеп оқушылары мен адамгершілік тәрбиесі мәселесі бойынша әдебиеттер сараланып, теориялық тұрғыдан талданды, зерттеудің ғылыми аппараты анықталды, тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыстың мазмұны негiзделдi.

2-кезеңде оқу жоспарлары, бағдарламалар, педагогикалық, оқу-әдiстемелiк құралдар талданды орта мектепте тәжірибелік-эксперименттiк жұмыс жүргiзiлдi.

3-кезеңде эксперименттік жұмыс нәтижелері қорытындыланып, жүйеге келтiрiлдi, математикалық тұрғыдан өңделді, зерттеу нәтижесінде алынған материалдар диссертациялық жұмыс түрінде рәсімделді.

Диссертация құрылымы: диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты: мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдiснамалық және теориялық негiздерi, әдістері мен негізгі кезеңдері беріліп, ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі,практикалық мәнділігі және қорғауға ұсынылатын қағидалар,зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі,талқылануы және жүзеге асырылуы баяндалады.

«Тәртібі қиын мектеп оқушыларын қазақ этнопедагогика құралдары арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің ғылыми-теориялық негіздері» атты бірінші тарауда педагогика теориясы мен практикасында тәртібі қиын мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу мәселесінің зерттелу жай-күйіне талдау жасау арқылы оның әлеуметтік-педагогикалық негіздері анықталады, тәртібі қиын мектеп оқушыларын қазақ этнопедагогика құралдары арқылы адамгершілікке тәрбиелеу мүмкіндіктері мен жолдары ашып көрсетіледі.

«Тәртібі қиын мектеп оқушыларын қазақ этнопедагогикасы құралдары арқылы адамгершілікке тәрбиелеу жұмыстарының тәжірибелік-эксперименттік зерттеу нәтижелері» атты екінші тарауда тәртібі қиын мектеп оқушыларын қазақ этнопедагогика құралдары арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің жолдары айқындалып, оларды іске асырудың әдістемесі көрсетіледі және эксперимент нәтижелеріне талдау жасалынады.

Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыстың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ғылыми тұрғыдан ұсыныстар беріледі.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Президенттің халыққа Жолдауын ұлттық білім берудің және ұрпақ тәрбиені жүзеге асырудың перспективасы десек, онда «Білім туралы»заңда білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру үшін қажетті жағдайлар жасаудың ең бастысы жалпы білім беретін қазақ ұлттық мектебін жасау. Ұлттық мектептің қажеттігі – қазір елімізде орын алып отырған иммунопсихологиялық проблеммаларды: Ана тілін, Ата тарихын, Төл мәдениетін, Ұлттық салт-дәстүрлерін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, мектептің оқу-тәрбие жұмысының нашарлауы, мұғалімдер беделінің төмендеуі, оларға қамқорлықтың жасалынбауы, тәртіпсіз ұл мен қыз балалар тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы екендігі, ал сол мектептерде ұлттық тәрбие алған дені сау, білімді, ақылды, иман жүзді, еңбекқор, сұлу да сымбатты, ұлтжанды болып өсетіндігінде. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы.

Қиын балалар өмір тәжірибесінің аздығынан, көп ретте ерік-күшінің жетіспеуінен, берік қалыптаспауынан кездескен қиындықты жеңе алмай, тағдырдың тәлкегіне түсіп кете барады. Ұрпақ тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын көкейкесті мәселелері болып келгендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Қоғамның алаңдатып отырған маңызды мәселелерінің бірі – тәрбиесі қиын балалардың санының көбеюі. Ғылыми деректерге қарағанда, тәрбиесі қиын балаларда байқалатын белгілер: біріншіден, анамальды қажеттілік, екіншіден, тұрақты жаман қасиеттердің жиынтығы, үшіншіден, ата-аналармен немесе мектеп мұғалімдерімен тұрақты ерегесу жағдайлары, төртіншіден, басқа адамның көмегінсіз өзін-өзі түзетуге қабілетсіздігі.

Қиын балаларды педагогикалық тұрғыдан айқындауда А.С.Белкин мен А.Н.Кочетов баланың денсаулық жағдайына, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне баса көңіл бөлді. Ал психолог әрі педагог ғалымдар А.Жұмабаев, Л.М.Зообин, И.А.Невский, Г.А.Уманов, В.В.Трифонов, т.б. қиын балалардың мінез-құлық өзгешеліктері туралы, дүние-танымдары мен өмірге деген құлшыныстары, ұстанған бағыттары жайлы статистикалық мағлұматтар жинап, сол арқылы олардың жүріс-тұрысындағы қоғамға жат құндылықтарын осы тұрғыдан жіктеп көрсетіп, осы бағытта танып-білуді дұрыс деп есептеді. Г.А.Уманов «қиын» балалар мәселесін зерттегенде, оның себептерінің бірі – әке-шешесінің маскүнемдігі, әкесіз, бақылаусыздық, орынсыз қаталдық, ұрып-соғу екендігін анықтаған. В.В.Трифонов зерттеулерінде қиын оқушы анықтамасы – бұл күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы.

Қиын балалар және мінез-құлықтағы қиындық ұғымы 1920-30 жылдары

П.П. Блонскийдің еңбектерінде пайда бола бастады. Оның зерттеулерінде қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Ол қиын балаларға мұғалімнің қатынасы арқылы қиын оқушы терминін нақтылауды жөн көреді. Бұл балаларға былайша мінездеме береді: обьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы –мынадай, ол мұғалімнің жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы – мынадай, онымен мұғалімге жұмыс істеу өте қиын, мұғалімнен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы. Істі бүлдіруші оқушыларға толыққанды мінездеме бере отырып,

Балаларды тәрбиелеу - өте күрделі, нәзік те жауапты іс. Бұл жолда мұғалімнің балаларды оқуға қалай үйрену керек , олардың әрқайсысының бойында Отанға деген сүйспеншілікті, интернационалдықты, қайырымдылық пен әділеттілік сезімін , сергектік пен жамандықа ымырасыздықты қалай тәрбиелеуге болады деген аса маңызды сұрақтарға жауап беруіне тура келеді. Тәрбиенің негізгі бағыттары халқымыздың ғасырлар бойына жинақталған құнды қасиеттерін өскелең ұрпақ бойына сіңіруді және мәдениетіне, мәдени іс-әрекетіне баулуды жүзеге асырып келген. Тәрбие жұмыстары мектептегі сабақ барысында ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда көп мәнге ие.Педагог оқушыларды оқыта және тәрбиелей жүріп, баланың қалай дамып келе жатқанын , оның түрлі қылықтарына түрткі болған себептерді ұдайы талдап отырады, балалардың жеке-даралық ерекшеліктері жайлы ойластырумен байланысты.

Тәрбиелеу жұмыстары бойынша ресейлік Ф.Т.Бондарьдың педагогикалық шығармаларындағы негізгі тұжырымында: «...мұғалім оқушыларға тәртіпті және үлгілі болуды үйрету керек; оқушылардың іс-әрекеттеріне дұрыс мінез-құлықтың дағдылары мен ережелері игерілуі тиіс; оқушылардың тәртіптілігін бақылауғы алуды қалыптастыру; мұғалім оқушылардың тәртібіне объективті баға беруі шарт » деп көрсетілген. Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселесі бойынша Н.И.Болдырев өз еңбегінде мектеп оқушысының тыныс-тіршілігін, оның мүдделері мен бейімділігінің, ерік-жігері мен мінез-құлқының ерекшеліктерін зерттеу – бұл оның жүрегіне төте жол табуды, педагогикалық ықпалдың неғұрылым пайдалы әдістерін қолдануды білдіреді деп көрсетеді. Осылайша, жоғарыда көрсетілген философиялық, психологиялық-педагогикалық теориялар мен ғылыми зерттеулерге талдаулар мінез-құлықты тәрбиелеу туралы мынадай анықтама беруге болатынына көз жеткіздік. Яғни, тәрбиелеу дегеніміз- бұл адамгершілік, құндылықтар, сұлулық пен көріксіздік туралы түсініктер, дұрыс ойлау және дұрыс талаптар, халық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары көрініс табатын, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды ретке келтіретін, өзара қарым-қатынастың негізгі құралы ретінде адамдардың сөйлеуіне және сыртқы көрінісіне деген талаптарды анықтайтын, көпшілік мақұлдаған тіршілік әрекетінің мөлшері мен ережелерінің жиынтығы.

Жас ұрпақты тәрбиелеуде мектеп жетекші рөл атқарады. Мектеп оқушыларға жүйелі білім береді, олардың өмірге көзқарасын қалыптасытырып, еңбек пен қоғамдық өмірге баулиды. Мектеп оқушыларға жаңа қоғамның болашақ азаматтарына қажет моральдық қасиеттер береді. Тәртібі қиын мектеп оқушыларының пайда болуына табиғи ерекшеліктер мен оқудың қиындығының байланысы да себеп болады . Балаларда оқу үлгерімінің төмен болуының бір себебі өзінің жүйке жүйесінің ерекшеліктерін дұрыс қолданбауы және мектеп мұғалімдері мен ата-аналардың да бұл ерекшеліктерді ескермеуі болып табылады. Осы аталған мәселе бойынша даралық-типологиялық ерекшеліктерді ескеру және оларды педагогикалық процесте міндетті түрде есепке алу қажет. Мысалы, кейбір психологиялық зерттеулер өзінің нейродинамикалық ерекшеліктері бойынша әлсіз және жігерсіз оқушылар көбінесе оқуға үлгермейді немесе оқу үлгерімі төмен болатынын дәлелдейді. Ал М.К.Акимова зерттеуі бойынша нерв жүйесі әлсіз және жігерсіз оқушылардың арасында үздік оқитындар да жиі кездесетінін атап көрсетеді

Алайда, мектеп пен отбасы тығыз байланыста болмайынша мектеп оқушыларды тәрбиелеудің барлық міндеттерін шеше алмайды. Баланың алғашқы тәрбиешісі – ата-аналары. Олардың бала тәрбиесіне ықпалы өте зор. Отбасының негiзi баланы өмiрге келтiру ғана емес, оған мәдени - әлеуметтiк ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжiрибесiн бойына сiңiру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етiп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжiрибесi, өмiрдегi беделi, ақыл-кеңестерi, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы, бiр-бiрiн құрметтеуi – үлкен тәрбие мектебi. Бала дүниеге келген күннен бастап ата-ананың ықпалында болып, өмiрге бағыт берушi тәрбие мектебiнен нәр алады.

Ата-аналардың қуанышты өмірі, өз бастарының бақыты, қартайғандағы тыныштығын балаларының қаншалықты жақсы тәрбиелегеніне көп байланысты. Тамаша педагог А.С.Макаренко ата-аналарға: «Балаларды дұрыс тәрбиелеу – қартайғанда бақыт, нашар тәрбие – біздің келешектегі күйінішіміз, ол біздің көз жасымыз, ол біздің басқа адамдар алдындағы, бүкіл еліміз алдындағы кінәміз»,- деген болатын.

«Қиын» баланың өзіне ғана тән қайшылықтары болатындықтан, оны тәрбиелейтін мұғалімнен, ата-анадан қол өнершінің шеберлігіндей ептілік емес, әлдеқайда сан салалы тапқырлық табатын жан-жақты білімдер ұстаз болу талап етіледі. Ол педагогикалық ықпалды тікелей де, жанамалай да жасай біліп, өз ісіне шығармашылық жаңалық енгізіп отырсан шиеленістерді шешерде қашанғы бір қағидалардан жаңылмаймын демей, сәтті құбылыстарды еркін қолдана білсе ғана мұратқа жетпек.

Мектептегі басты тұлға – мұғалім, сол ғана ұлтжанды ұл мен қызды тәрбиелейді. Ал ұлтжандылықты тәрбиелеудің негізі - халықтық педагогика. Қазақ елі егемендік алысымен мектептерде оқу-тәрбие жұмысы ұлттық тәрбие беру негізінде жүргізілуі тиіс болды. Ол үшін мұғалімдердің этнопедагогикалық даярлықтан өткізу қажеттігі туды. Бұл қиыншылықты шешуге республиканың ғалым-этнопедагогтары Қ.Жарықбаев, С.Қалиев,С.Ұзақбаев М.Балтабаев, Қ.Бөлеев, Ж.Наурызбай, Қ.Қожахметова т.б. көмек етті. Олар халықтық педагоика, этнопедагогика және этнопедагогика тарихы бойынша зерттерулер жүргізіп, мерзімді баспасөздердер бетінде көптеген мақалар, әдістемелік нұсқаулар, оқу құралдарын шығарды, бағдарламаоар жасады, өздері дәріс берді.

Қиын балаларды тәрбиелеу мәселесімен айналысқан қазақстандық белгілі ғалым Л.Керімов әлеуметтанумен заң ғылымдарында, психологиялық және педагогикалық әдебиеттерге талдау жасай отырып, кәмелетке жасы толмаған құқық тәртібін бұзушылар, педагогикалық тәртібі нашар оқушылар, «қиын» балалар сиқты терминдік ұғымдарды анықтайды. Біріншісіне кәмелетке жасы толмаған құқық тәртібін бұзатындар небір жағымсыз жағдайларға байланысты дау-жанжал шығаратын, арақ-шарап ішіп, жеке меншік пен қоғамдық мүліктерге қол сұғатындарды жатқызады. Олардың мінез-құлықтарында, жүріс-тұрыстарында жалқаулық, қатыгездік, бастаған ісін аяғына дейін атқармау, әртүрлі ұрлықтар жасау, т.б. қылықтар кездесіп отырады.

Белгілі психолог ғалым К.К.Платонов жеке адамның психологиялық болмысын төрт салаға бөледі:



  1. Баланың темпераменті және жыныстық ерекшеліктері мен жас

ерекшелігі (физиологиялық ерекшеліктері)

  1. Жеке адамның дамып қалыптасуына негіз болатын

психологиялық құбылыстар(түйсік, елес, ой, сезім, тірек, қабілет,

қызығушылық, мінез, әдет-биологиялық ерекшеліктер)



  1. Баланың күнделікті өмір тіршілігі, білімі, әдет-дағдысы,

икемділігі;

  1. Ұстанған бағыттары мен адамгершілігі.

Соңғы екі саланы мектеп қабырғасында тығыз ұштастыра оытырып,

қиын баланы айқындаудың төрт тармағын қарастыру қажет.



  1. Оқушының қоршаған ортамен қарым-қатынасы: оқуға, еңбекке,

қоғамдық пайдалы істерге, сыныптас достармен, отбасы, туыстарымен қарым-қатынасы.

  1. Оқушының: ішкі дүниесі, сезім талғамы, ақыл-ой парасаты, мұң

мұқтажы, өзіндік ерекшелігі.

  1. Оқушы өзінің жағымсыз қылықтарына есеп бере ме,өзін-өзі

тәрбиелеуге күші жете ме?

  1. Оқушының денсаулығын зерттеу.

Осы аталған белгілерді сипаттай келе, «қиын бала» дегеніміз – сабақ

үлгерімі нашар, мектептің тәртібіне бағынбайтын, тәртіпті жиі бұзатын, еліміздегі жалпыға ортақ қалыптасқан мінез-құлық деңгейінен ауытқыған бала. Г.М. Минковский, Л.М. Зюбин, Д.В. Колесов, В.Н. Кудрявцев зерттеулерінде қиын балалардың басым көпшілігі - мектептегі оқуда қиындықтарға кезігіп, оқу бағдарламасын дұрыс меңгере алмай, ұжымнан тысқары қалып қалған балалар, -деп атап көрсетті.

Сонымен осы айтылғандар негізінде біз мынадай анықтама шығардық: тәртібі қиын оқушылар деп ата-ана баланы тәрбиелеуде аса назар аудармау салдырынан, бала көп уақытын ата-ананың қарауынсыз өткізуінен, күнделікті өмір сүру режимі бұзылып, көп уақыты бос қалып, зерігіп, түрлі теріс қылықтар жасап, адамгершіліктен атап кетіп ,ақырында психикалық және тұлғалық дамуда қиындықтар тудырған балаларды айтамыз.

Бала тәрбиесі – тәрбиенің бір саласы десек, жалпы адамзат қоғамның басты міндеті- перзент тәрбиелеп өсіру және оны ізгіліккке баулу, өнер үйретіп, тиянақты білім беру, абзал азамат етіп тәрбиелеу. Тәрбие өнері дегеніміз- ең алдымен адам жүрегіне жол таба білу өнері. Бала жүрегіне жолды сөзбен де, айла, әдіс-тәсілмен де, балаға деген жүрек сезімі – махаббатпен де табуға болады. Жылы-жылы сөйлессе жібімейтін жүрек жоқ, тек соған апарар жолды таңдай білуіміз керек.

Тәртбі қиын мектеп жасындағы балаларды зерттеудің қорытындысы дәлелдегендей, олардың пайда болуына себепші болатын және жағымсыз жағдай туғызатын – отбасы тәрбиесі. Отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктің болуының себептеріне - балаларын оқытуда, тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы немесе тәрбиенің көзі - баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң-мұқтаждығын қамтамасыз ету деп санаушылық. Осы секілді тағы бір себеп - бұл отбасындағы сәтсіздік - маскүнемдік, ұрыс-төбелес, ұрлық, ата-аналардың және басқа отбасы мүшелерінің жеңілтек мінез-құлқы, ал бәрінен жаманы ажырасу және жаңа адамның отбасы мүшесі болып енуі.
Р.Қ.Дүйсембінова зерттеуінде қазақ этнопедагогикасы құралдарына мазмұндық сипаттама беріліп, оның функциональдық мүмкіндіктері айқындалған.

Танымдық функциясы балаларѓа өз ұлтының рухани – мәдени қазынасын жаңа қырынан танып – білуге, әрбір тарихи кезеңдердегі дүниенің заттық – сезімдік кұндылықтарын бағалауға, болмыстағы, қоғамдағы қарама – қайшылықтарды, оның даму процесін байқап, бағамдап, идеологиялық бағытын санамен ұғынуға көмектеседі.

Тәрбиелік функциясы қазақ халқының жеткіншек ұрпақты өмірге бейімдеп, болашағына бағыт – бағдар беруінен байқалады. Үлкендер әрдайым ат жалын тартып мінуге талпынған жас буынға қоғамдағы өз міндетін жауапкершілікпен бұлжытпай орындауға, қажымай – талмай еңбек етуге көмектесіп, оларға қажетті білім, іскерлік, дағдыларды меңгертуді көздейді.

Дамытушылық функциясы оқушылардың халықтың рухани қазынасын меңгеруге қызығушылығын оятып, қажеттілігін дамытады, тілін ұстартып, ой әрекеттерін белсендіреді, сенсорлық және қозғалыс, эмоциялыќ – ерік және қажеттілік – мотивациялық қабілеттерінің дамуын ілгерілетеді.

Коммуникативтік функциясы ұлттық мәдени – рухани мұраның кұнды идеяларын, өнеге тұтар дәстүрлерін түсінікті тілмен, логикалық жүйемен тыњдарманға жеткізе білуге үйретеді.

Әлеуметтендіру функциясы жеткіншектердің өз ұлтының рухани – мәдени мұрасын сезіне білуін, өзінің Қазақстан Республикасының азаматы екендігін саналы қөзқараспен түсінуін қалыптастырады.

Ақпараттық функциясы ұлт мәдениетінің озық үлгілерін (халық шығармашылығы, салт – дәстүрлер, халық ілімдері, құнды педагогикалық идеялары, т.б.) өзгелерге насихаттап жеткізу рөлін атқарады [191,20-21].

Тәртібі қиын оқушылар халықтық ауызша шығармашылығын оқып үйрену барысында патриотизм, ұйымшылдық, халықтар ынтымағы, гуманизм, үлкендерді құрметтеу, қарапайымдылық, сыпайылылық, адалдық және адамның моральдық кейіпінің өзге де тұстарын тәрбиелеуге ерекше көңіл аударуды үйренеді. Халық шығармашылығының тәрбиелік мүмікдіктерін қазіргі тәрбие мақсаты және міндеттерімен тығыз байланыста қарастырудың мәні зор.

Тәртібі қиын оқушыларда халық шығармашылығының көркемдік құндылығы жайлы шығармашлығының көркем дік құндылығы жайлы түсінік қалыптастыру үшін кіршіксіз арман мен өмір орнықтырушы, көңіл күйді алып беруші болып табылатын кейіпкер бейнелерін көңілге қонымды пайдалана алу, халық туындылары, тілі, музыкасы, өнердің мәнерлігі,әуендігі, көркемдік айқындылығын көрсетудің қажеттігі туындайды.

Адамгершілікке тәрбиелеу процесінде озық халықтық дәстүрлерді, жоғары идеялық ертегілер, мақалдар мәтелдер, жұмбақтарды қолдану тиімді. Халық педагогикасының өнегерлерге сыныптан тыс жұмыста. Газеттер мен журналдар беттерінде, радио мен теледидар хабарларында тиісті орын берілуі керек.



Кесте – 2 Қазақ этнопедагогика құралдарының тәртібі қиын мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие берудегі педагогикалық мүмкіндіктері




Этнопедагогика құралдары

Мазмұндық сипаттамасы

1

Ақын-жыраулардың поэзиясындағы тәлімдік ой-пікірлер

Асанқайғы: «Әрбір адам ақырын басып, ойлана сөйлеп, толғай толғана білуі керек.Өзін ұстай білген, бекер желікпейді, мінез-құлқын көріктейді. Толғанып тұлға үлгісін серіктейді».Әл-Фараби: «Тәрбиелеу дегеніміз – халықтардың бойына білімге негізделген этникалық ізігіліктер мен өнерлерді дарыту әдісі....» Ахмед Жүгенекей: «Адамгершілік бір үй, қайырымдылық оның іргетасы сияқты». Ақтамберді жырау: «Жамамн туған жігітке, рақатты күн барма» т.б.


2

Ұлттық ойындар мен өнердің халықтық сипаты

Халық өнері мен мәдениетінің негізгі бір саласы. Ұлттық ойын – ұрпақ пен елдіктің елшілігі, халықтың әдет-ғұрыпының көрігі, әр перзенттің жүрегіндегі оттығы.

М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды.



3

Қазақ халқының ауызекі шығармашылығы

Жұмбақтар:нақты бір зат туралы тұспалдап, ұқсатып, бейнелеп айту арқылы баланы ойлату, танымдық, білімдік ұғымдар мен түсініктерді ой-қиял елегінен өткізіп, тұжырым жасап, шешімге келуде тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін байқау үшін, халық ертеден –ақ жұмбақтардың алуан түрлерін шығарған.

Жаңылтпаштар: халық баланың тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар пайдаланған. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы ана тілін ардақтау, сөз қадырін білу сезімі қалыптасып, ой-қиылы дамиды, тәлім алады.

Ертегілер: халық өмірін бейнелейтін, қиялға құрылған оқиғалы көркем шығарма. Онда халықтың ғасырлар бойғы жинақталған өмір тәжірибесі, мәдениеті мен салты, әдет-ғұрпы, шаруашылық кәсібінің түрлері, тілінің шебер ерекшеліктері қамтылған.

Мақал-мәтелдер: халықтың сан ғасырлық даналығын, ақыл-өсиетін, балалар мен жастарды тәрбиелеу тәжірибесін, халықтың педагогикасының аса маңызды идеяларын өз бойына жинақтап, қорытқан. Қазақ халқының мақал-мәтелдері халқымыздың бүкіл тыныс-тіршілігінің барлық жақтарын қамти отырып, адамгершілік, имандылық, ақыл-ой, еңбек, дене, эстетикалық тәрбиелердің мазмұнын, тәрбие мақсатын, әдіс-тәсілдерін, амал-жолдарын ашып көрсете алған.

Санамақтар: әр баланың қисынды ойлауы мен қабілеті дамиды.


4

Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Дәстүрлер – адамдардың қоғамдық қатынастарының тарихи қалыптасқан тұрақты және мейлінше қорытылған нормалары мен принциптері, олар ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады және қоғамдық мінез – құлықтың арқасында сақталады (Н.С.Сәрсенбаев).

Әдет – ғұрыптар - халықтың қоғамдық мінез–кұлқының, олардың өмірлік тұрмыс салтының тарихи қалыптасқан, азды-көп тұрақты нормалары, олар ұрпақтан ұрпаққа беріліп, қоғамдық пікірдің арқасында сақталады. Әдет - ғұрыптар – адамдардың тұрмысындағы қоғамдық қатынастардың тарихи қалыптасқан тұрақты нормалары (Н.С.Сәрсенбаев).






Тәртібі қиын мектеп оқушылармен ұйымдастырылатын тәрбиелік іс жоспарыдың мазмұны орта буын сыныптағы тәртібі қиын оқушыларға адамгершілік тәрбие беруде қазақ этнопедагогика құралдарын тиімді пайдалана білуге бағытталған. Енді осылардың ішінде 5-сынып оқушыларымен өткізілген жұмыс формаларына сипаттама берейік.

«Оқу- инемен құдық қазғандай» тақырыбы бойынша жүргізілген танымдық әңгіме барысында баланың бастауыш сыныптан кейінгі орта мектеп өміріне енуіне байланысты білім алуға саналы көзқарасын қалыптастыру мен қоғамдық белсенділікті дамыту негізге алынды.

Өйткені оқуға саналы көзқарас оның адамгершілік ұғымдары мен түсініктерін молайта отырып, мұғаліммен және құрбы-құрдастарымен сыйлы қарым-қатынасын қалыптастырады. Әңгіменің мазмұнына мектептегі оқушының мінез-құлық мәдениеті арқау болды. Оқушылардың оқу еңбегі барысында олардың дербестігінің өсуі, олардың әртүрлі адамдармен қатынаста болу ауқымының кеңеюі балалардың бойында басқалармен бірлесе қызмет атқарғанда, ұжымда өзін қалай ұстау керектігі туралы білімдерінің болуын сөзсіз қажет етеді. Оқушыларға оқу еңбегін тиімді ұйымдастырудың ережелері ұсынылады: «Табысты оқу үшін жағдай жаса!», «Өз уақытыңды тиімді ұйымдастыра біл», «Күн тәртібін сақта», «Тыңдап үйрен». Сонымен бірге үйде оқу еңбегін тиімді ұйымдастыру бойынша ақыл-кеңестер беріледі. Мәселен, үй тапсырмасын орындау үшін жағдай жасау, жазбаша тапсырмаларды орындау, ауызша сабақтарға дайындалу, т.б.

Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері:


  • тәртібі қиын мектеп оқушыларын қоғамдық моральдық нормасын

орындауға қатыстыру;

  • оқушылардың тәртіп және мінез-құлық тәрбиесін қалыптастыру;

  • балалардың санасына және мінезіне педагогикалық ықпал жасаудың

бірлігін қамтамасыз ету;

  • отанға,халқымызға, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке балалардың

жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.

«Доссыз өмір – тұзсыз аспен тең» танымдық әңгімесі арқылы тәртібі

қиын мектеп оқушысына достың, жолдастың қадірін түсінуге тәрбиеленеді. Достық , жолдастық жөніндегі ұғымында өз құрдастарының моральдық қылықтарын сипаттау үлкен орын алады. Олардың бойында жақсы жолдас болу үшін теріс қылыққа жол бермеу деген ұғым қалыптасады. Сонымен, оқу және тәрбие барысында ортаңғы буын оқушыларында дербес және қоғамдық мінез-құлық туралы адамгершілік тәрбиесінің мазмұны байиды. Орта мектеп жасындағы балалардың ішкі дүниесінде, сыртқы дүниеге көзқарасында үлкендер арасындағы өз орынын түсінуінде елеулі өзгерістер болып отырады. Балалар ер жеттім, есейдім, өз беттімен тіршілк ете аламын деп мөлдір қиялға шомылады. Сондықтан олар, өзінің мүмкіндіктеріне сын көзімен қарамайды, ойламай асығыс шешім қабылдайды. Оны орындауға тырысады. Оқушылардың достық, адамгершілік қасиеттерінің дамуы олардың тәжірибесіне баюына байланысты.

Тәртібі қиын мектеп оқушылармен жұмыс жасау жоспарын жасай отырып,мынадай міндеттердің шешімін табу көзделеді:


  • тәртібі қиын мектеп оқушылардың тәртібін, оқу үлгерімін, мінез-құлығын бақылау;

  • мектеп ережесін бұзуының, мінез-құлық ережесін бұзу себептерін анықтау;

  • оқу процессі кезіндегі мінез-құлықтың жағымсыз тұстарын тез арада тоқтату үшін педагогикалық кедергі жасаудың техникасын таңдап алу;

  • оқушының ұжымда өзіне қолайлы жағда жасау;

  • жоспарды іске асыруға ата-аналар мен басқа мұғалімдердің, мектеп психологтарының қатынасуын қамтамасыз ету.

Орта буын сыныптарында тәртібі қиын мектеп оқушылардың адамгершілік мәдениетін тәрбиелеу барысында олардың бойында мынадай сапаларды қалыптастыруға көңіл бөлудің маңызы зор:

  • балалар мінез-құлқының шеңберін белгілеу;

  • баланы анықтап біле отырып бағыттау;

  • бала тек оқытушының нұсқаушысы ғана емес, өз тәжірибесі арқылы да мінезін бағыттап отыруы тиіс;

  • баланың шындыққа деген сенімін туғызу;

  • баланы тыңдау, мақылдау;

  • балаға өсиет айту, жіберген қателерін көрсету;

  • өтірік, жалған айтпау.

Тәртібі қиын мектеп оқушыларын қазақ этнопедагогика құралдары арқылы адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық тәрбие берудің жолдарын пайдалудың маңызы зор.

Тәртібі қиын оқушылардың табысты іс-әрекетіне қол жеткізудің тағы бір жолы – олардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру.Ғылыми-теориялық әдебиеттерде «қызығушылық» деген ұғым санаткерлік бағыттылықты (танымдық, таңданушылық), эмоциялық қарым-қатынасты (эмоция, сезім, қобалжу, т.б.), ерік-жігер күшін (мақсаткерлік, өзіндік шешім қабылдау, бірбеткейлік),қажеттілікті, сол секілді тағы да басқа (интеллектілік, эмоциялық, жігерлілік) психикалық процестердің өзара үйлесімділігін нақтылай түседі.

Сондықтан біз орта мектеп жасындағы тәртібі қиын оқушылармен арнайы жұмыс істеуге арналған «Халық педагогикасы – адамгершіліктің бастау бұлағы» атты бағдарламасын жасадық
Кесте 4 - «Халық педагогикасы – адамгершіліктің бастау бұлағы» бағдарламасының мазмұны



Тәрбие жұмыстарының атаулары

Тәрбие жұмысытарының формалары

1

«Аталы сөз өнегесі »

«Даналық сөздер сыр шертеді» – сыныптан тыс сабақ;

«Әке көрген оқ жонар», «Жігітке жеті өнер де аз», «Жас- кәрінің көзі, кәрі- жастың тезі». «Үлкенге құрмет, кішіге ізет»т.б. тәрбие сағаттары;

«Ертегілер елінде», «Аңыз-әңгіме» сахналық қойылымдар;

«Сегіз қырлы, бір сырлы», «Өнерді үйрен де жирен» сайыс сағаттары;




2

«Қыз өссе – елдің көркі»

«Аттың көркі жалы, қыздың көркі шашы», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өоген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты» әңгіме сағаттары,

«Шеше көрген тон пішер», «Қыз – қылығымен сүйкімді» сайыс сағаттары



3

«Әдет-ғұрыптық және діни мейрамдар»

«Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз»мерекелік сазды әдеби – музыкалық кеш, «Батаменен ел көгерер», «Орзаң қабыл ұстаған жан» танымдық әңгіме

4

«Ұлттық ойын мен өнердің халықтық сипаты»

«Қыз қуу», «Бәйге салу», «Көкпар», «Тоғызқұмалақ», «Қазақша күрес», «Арқан тартыс» сайыс сағаттары




«Халық педагогикасы – адамгершіліктің бастау бұлағы» бағдарламасының мазмұны тәртібі қиын мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие беруде қазақ халқының өшпес өнегесін тәрбие жұмастары кезінде тиімді пайдалануға бағытталған.

Тәртібі қиын мектеп оқушысымен жүргізілетін жұмыс түрлері төмендегідей:


  • адамгершілік-психологиялық ағартушылық жұмысы;

  • қарым-қатынас жасау мәдениетін тәрбиелеу;

  • табысты оқу іс-әрекетін қамтамасыз ету;

  • отбасы мүшелеріне қамқорлық қатынасты қалыптастыру;

  • ұжыммен қарым-қатынас жасау мәдениетін қалыптастыру;

  • мінез-құлық нормаларын тәрбиелеу;

  • өзін-өзі тәрбиелеуге үйрету;

  • өзіне сенімділікті, жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу;

  • педагогикалық процесс кезінде мектеп ережелерін сақтай білуге және әрдайым назарда ұстай білуге тәрбиелеу.

Тәртібі қиын мектеп оқушыларымен жұмыс түрлерін жүргізіп қана қою, баланы түбегейлі өзгертудің жолы болып табылмайды. Аталған жұмыс түрлерін жүргізумен қатар тәртібі қиын мектеп оқушысының ата-аналарымен де жұмыс түрлерін жүргізу керек.

Тәртібі қиын мектеп оқушыларының ата-аналарымен жүргізілетін жұмыс түрлері:



  • ата-аналар мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеттерін

ұйымдастыру;

  • ата-анамен психологиялық-адамгершілік ағартушылық жұмыс

ұйымдастыру;

  • қарым-қатынас жасай білу мәнедениетін қалыптастыру.




ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен зерттеу барысында қол жеткен нєтижелер мынадай қорытындылар жасауға мүмкiндiк бередi:

1. Тәртібі қиын мектеп оқушыларын тәрбиелеуде туындайтын ауытқушылықтар олардың адамгершілік тұрғыдан дамуына кедергі жасайды. Адамгершілік тұрғыдан даму ең алдымен, оның әлеуметтік тұрғыдан әрекет етуіне қажетті тұлғалық сапалардың қалыптасуы болып табылады.

2. Тәртібі қиын оқушылардық жеке тұлғасы сана мен мінез-құлықтың қоғамдық формаларын игеру негізінде қалыптасады. Адамгершілік сана педагогика ғылымында адамдардың өзара қарым-қатынастарын, олардың қоғамдық іске, қоғамға қатынастарын реттеп отыратын, адамгершілік принциптері мен нормаларының адам санасында бейнелеуі деп түсіндіріледі. Орта мектепте оқушыларға адамгершілік тәрбие беру процесінің нәтижелілігі тәртібі қиын мектеп оқушыларын қазақ этнопедагогика құралдары арқылы адамгершілікке тәрбиелеу жолдарын қолданумен қамтамасыз етiлдi.

3. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерге жасалынған талдау негізінде біз өз зерттеуімізде тәртібі қиын мектеп оқушыларын қазақ этнопедагогика құралдары арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұнын, әдістері мен ұйымдастыру формаларын педагогикалық шарттар ретінде айқындап, оны іске асыруды әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз еттік: 1) тәртібі қиын мектеп оқушылармен ұйымдастырылатын тәрбиелік іс жоспары; 2) «Халық педагогикасы – адамгершіліктің бастау бұлағы» бағдарламасы; 3) тәртібі қиын мектеп оқушылармен жүргізілетін түзету жұмыстары, алдын-алу жұмыстары.

4. Зерттеуде негізделіп отырған тәртібі қиын мектеп оқушыларның адамгершілік тәрбиелілік деңгейін арттырады. Бұл тұжырым эксперименттiк және бақылау топтарындағы тәрбиелілік деңгейлерiн салыстырудың негiзiнде жүргiзiлген эксперимент қорытындыларымен дәлелдендi. .Тәртібі қиын оқушылардың өзіне сенімсіздігін жою үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта олардың өздері орындай алатын тапсырмаларды беру керек. Іс-әрекеттің табысты аймақтарын бөліп алу олардың өзіне деген сенімдерін арттырып, өзінің мүмкіндіктерін көруге, өзі-өзі бағалауға мүмкіндік береді және оған деген мұғалімдердің, ата-аналарының және оқушылардың көзқарасын өзгертеді.

5. Тәртібі қиын мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің бірден-бір құралы ретінде біз қазақ этнопедагогика құралдарын таңдап алдық. Себебі, бұл құралдар баланың менталитетіне, ұлттық психологиялық ерекшеліктеріне, шыққан тегіне жақын, сондықтан басқа құралдарға қарағанда неғұрлым тиімді болып табылады..

Жасалынған қорытындылар негізінде мынадай ұсыныстар айтуға болады:

Диссертацияның негізгі мазмұны мен тұжырымдамалары төмендегі басылымдарда жарияланған

1. Ж.Б.Сагиндыкова «Тәртібі қиын оқушыларды қазақ этнопедагогикасы құралдары арқылы адамгершілікке тәрбиелеу» // Тағылым Республикалық ғылыми – әдістемелік журнал// (2013жыл ақпан-сәуір) № 1-2 (15-16).

.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Айтжанова З. Құқықтық тәрбие беру арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. //Бастауыш мектеп. 2003, №12.

2. Айтжанова З. Салауаттылық - өмір салты. Адамгершілікке тәрбиелеу. //Бастауыш мектеп. 2004, №1.

3. Әбдіжапарова Ж. Мектеп оқушыларына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Алматы: Рауан, 1998.

4. Бала тәрбиесі. Мұғалімдерге арналған құрал. Іс тәжірибесі. Алматы: Мектеп, 1985.

5. Байжанова Ж. Семья бақыты. Алматы: Қайнар, 1990.



РЕЗЮМЕ
на реферат диссертации на соискание академической степени магистра педагогических наук по специальности 6М010300 – Педагогика и психология
САГИНДЫКОВА ЖАНАР БЕРИКБОЛОВНА

Нравственное воспитание трудновоспитуемых школьников средствами казахской этнопедагогики
Актуальность исследования: нравственных идей в воспитании, ориентация педагогических условий на обучение в школе является основой современной организации учебного и воспитательного процессов. В научных трудах отечественных ученых рассмотрены методологические основы данной проблемы. В исследованиях ученых Н.Д.Хмеля, А.К.Рысбаевой «успешная деятельность» доказана как педагогическая категория. Проблема нравственного воспитания актуально во все времена.

Объект исследования магистерской диссертации является педагогический процесс в общеобразовательной средней школе.

Предмет исследования – содержание, методы и формы нравственного воспитания на основе средств этнопедагогики.

Цель исследовательской работы: обосновать теоретические и научно– методологические основы нравственного воспитания трудного ребенка на основе средств этнопедагогики. Разработать специальную программу с целью реализации в учебно-воспитательном процессе средней общеобразовательной школе.

Методы исследования: изучение и анализ научно-педагогической литературы по теме исследования; наблюдение, анкетирование, опрос, беседа, тестирование; эксперимент; изучение и анализ учебных планов, учебных и типовых программ, наблюдение за творческой деятельностью педагогов и учеников.

Гипотеза исследования. Если, в средней общеобразовательной школе научно-практически обосновать воспитание трудного ребенка на основе средств этнопедагогики, то деятельность педагогов и учеников будет успешной. Потому что на основе заложены идеи гуманистического воспитания.

Теоретическая значимость и научная новизна исследования:

  • дана содержательная характеристика на казахские этнопедагогические средства которое можно использовать в нравственном воспитании трудного ребенка:

  • в первый раз социально-педагогически проблемы нравственного воспитания на основе средств этнопедагогики.

Практическая значимость исследования заключается в том, что материалы и результаты исследования могут быть активно использованы в процессе обучения студентов по специальности начальное образование.
SUMMARY
on the thesis paper on competition of the academic degree of the master of pedagogical sciences in the specialty 6M010300 – Pedagogics and psychology
SAGINDYKOVA ZHANAR BERIKBOLOVNА

Moral education of problem pupils by means of the Kazakh ethnopedagogics


Relevance of research: moral ideas in education, orientation of pedagogical conditions in training at school is a basis of the modern organization of educational processes. In scientific works of domestic scientists are covered the methodological basics of this problem. In researches of scientists like N.D.Khmel, A.K.Rysbayeva "successful activity" is aproved as pedagogical category. The problem of moral education is actual at all times.

The object of research of the master thesis is pedagogical process at comprehensive high school.

Subject of research – the contents, methods and forms of moral education on the basis of ethnopedagogics.

Purpose of research work: to prove theoretical and scientific methodological bases of moral education of the problem pupil on the basis of means of ethnopedagogics. To develop the special program with the purpose of realization in teaching and educational process in high comprehensive school.

Research methods: studying and the analysis of scientific and pedagogical literature on a research subject; supervision, questioning, poll, conversation, testing; experiment; studying and analysis of curricula, training and standard programs, supervision over creative activity of teachers and pupils.

Research hypothesis. If, practical education of the problem pupils on the basis of ethnopedagogics activity of teachers and pupils will be successful, because of a basis ideas of humanistic education are put.

Theoretical importance and scientific novelty of research:

-was given the substantial characteristic on the Kazakh ethnopedagogical means which can be used in moral education of the problem pupil:



- social pedagogically problems of moral education on the basis of ethnopedagogics were proved for the first time.

The practical importance of research is that the materials and results of research can be actively used in the course of training of students in primary education.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет