Сабақтың түрі: жаңа сабақ Пәнаралық байланыс: орыс тілі Қолданылатын әдістер: баяндау, сұрақ-жауап



жүктеу 20.26 Kb.
Дата07.09.2017
өлшемі20.26 Kb.
Сабақтың тақырыбы: Кітапханаға барамыз.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушының білімдік танымдарын өмірмен байланыстыра отырып арттыру. Сөздік қорын молайту . Оқушыларды кітапханамен таныстыру.

Дамытушылық : Тақырып бойынша оқушылардың ой-өрісін байыту, Қазақ тілінде өз ойларын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік : Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру.Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, іскерлікке үйрету. Адамгершілік пен еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Қолданылатын әдістер: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар.

Сабақтың барысы:

1Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу.түгендеу.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Кезекшілікпен сұхбат.

2.Үй жұмысын тексеру

3.Жаңа сабақ,

4.Сұрақ-жауап

5.Қорыту.

6Үй жұмысын беру

7.Бағалау

Сұрақ-жауап.

1.Қазір қандай жыл мезгілі? Қазір қыс мезгілі.

2.Бүгін аптаның қай күні? Бүгін аптаның бейсенбі күні.

3.Бүгін қай ай, қай күн? Бүгін желтоқсанның үші.

4.Бүгін ауа райы қандай? Ауа райы бүгін ашық, жылы.

1. Қабат-қабат қатталған,

Асыл сөзбен апталған .

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін. (кітап)

Жаңа сөздер.

Келіп тұрамын-прихожу

дайындалуға-готовиться

керекті- нужные

Жаңа сабақ . Балалар,бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы: Кітапханаға барамыз.

Мәтінмен жұмыс:

Біздің кітапхана екінші қабатта орналасқан.Онда орыс, қазақ, ағылшын және басқа тілдерде кітаптар бар. Біз күнде кітапханаға келіп тұрамыз.

Іші өте таза, жылы, әдемі.Кітапханада түрлі газет-журналдар да көп. Онда өте мәдениетті,инабатты,өз істерін жақсы білетін Дворецкая Светлана Станиславовна жұмыс істейді. Кітапханада керекті журнал немесе кітаппен пайдалануға болады.Мұнда сабаққа дайындалуға жақсы жағдай жасалған.Кітапхананың негізі болып саналатын өте бай библиографиялық анықтама аппараты-жүйелі алфавиттік каталогы бар. Ол –кітапхана қорының негізгі кілті.

Оқушылар тізбектеп оқиды, аударады, жаңа сөздердің астын сызады.

Мақал-мәтел.

Кітап пен ғылым –тілсіз ....(мұғалім)

Кітап алтын ....(қазына)

Күш – білімде,

Білім ...(кітапта).

Кітап - білім бұлағы,

Білім -....( өнер шырағы).

Сұрақ-жауап:

1.Кітапхана нешінші қабатта? Кітапхана екінші қабатта

2.Онда қандай кітаптар бар? Онда қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде

кітаптар бар

3.Біздің кітапханада кім жұмыс істейді?

4.Кітапханада не істеуге болады?

Сұрақ- жауап арқылы қорыту.

Үй жұмысы

Сурет салдырту.



-сабақ аяқталды!

-сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет