Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің түрленуі. Зат есімнің көптелуі. Сабақтың мақсаты

Loading...


жүктеу 24.93 Kb.
Дата05.03.2017
өлшемі24.93 Kb.
түріСабақ
Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы

Т.Айбергенов атындағы мектеп - гимназиясы

Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі



Абишева Сапаркүл Сейсенқызы

Зат есімнің түрленуі. Зат есімнің көптелуі.


Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің түрленуі. Зат есімнің көптелуі. Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: зат есімнен (мағыналық түрлері,зат есімнің жасалу жолдары) өткенді еске түсіре отырып,зат есімнің түрленуін меңгеруіне жағдай туғызу..
3. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
4. Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуына бағдар беру


Сабақтың түрі:аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі:, сұрақ – жауап, түсіндіру,жаттығу,деңгейлік тапсырмалар.


Сабақтың көрнекілігі: перфокарталар, кестелер, т.б
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:


1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару



II. Үй тапсырмасын тексеру:
21 – жаттығу (екі сөйлемге морфологиялық, синтаксистік талдау жасау)
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Тақтаға жазылған сөйлемдер арқылы түсіндіру.
. Сен қалмақ болсаң,
Мен – қазақ, қарпысқалы келгенмін,
Сен темір болсаң,
Мен көмір, еріткелі келгенмін...
2. Қонақтар шайларын ішті
3. Зейнептер әлі есік алдында тұр
2. Оқушыларға теориялық білім беру.
Зат есімді түрлендіретін тұлғалар оның жалғаулары болып табылады. Жалғаулар, бір жағынан, өзі жалғанған сөзге белгілі бір грамматикалық мағына үстейді және өзі жалғанған сөзді екінші бір сөзбен байланыстырады. Қазақ тілінде жалғау төрт түрлі: көптік жалғау, тәуелдік жалғау, септік жалғау және жіктік жалғау.
Зат есім негізінен көптеледі, тәуелденеді және септеледі. Тек адамға байланысты, адамға қатысты зат есімдер ғана жіктеле алады.






Мысалы: мен бала - мын, сен бала - сың, сіз бала - сыз, ол бала. Кейде салыстыру үшін адам мәнінде қолданылған зат есімдер де жіктеледі.

Мысалы: Мен асқар таумын, Сен төбесің, Сен темірсің, Мен көмірмін,.
Көптік жалғау алты түрлі: - лар, - лер, - дар, - дер, - тар, - тер. Сөзге (зат есімге) үндестік заңы бойынша осылардың біреуі жалғанып, заттың көптігін білдіреді. Мысалы: оқушы - лар, үй - лер, қыз - дар, мектеп - тер т. б.
Көптік жалғау өзі жалғанған сөз заттың тек көптігін ғана емес сонымен бірге сол зат көпке ортақ екенін де білдіреді. Мысалы: үйлеріңе қайтыңдар, қонақтар шайларын ішті дегенде, үйдің, шайдың көптігі емес сол заттарға қатысты болып тұрған адамдар (сендер және қонақтар) көп екенін, сол кісінің көптігін емес, оның қасында көп кісі бар екенін көрсетеді. Мысалы: Зейнептер әлі есік алдында тұр дегенде Зейнептің көптігі емес, Зейнеп және оның қасында бірнеше адам бар екендігі туралы ой жинақтау түрінде беріліп тұр.
Ескерту: Лексикалық мағынасы көптік ұғымды білдіретін сөздерге көптік жалғауы жалғанбайды: мал, мұнай, газ, тары т. б.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.
Оқулықпен жұмыс
23 - жаттығу (жазбаша)
24 - жаттығу (ауызша)
Деңгейлік тапсырмалар


Бекіту сұрақтары.

  1. Зат есім дегеніміз не?

  2. Зат есім қалай түрленеді?

  3. Қазақ тілінде қанша түрлі жалғау бар?

  4. Көптік жалғауларды ата?


Оқушылардың жауаптарын бағалау

Үйге тапсырма беру:
1. Зат есімнің түрленуі.зат есімнің көптелуі.
2. 25 - жаттығу (жазбаша)

.

: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Әміре -ән көгінің айнасы Cабақтың мақсаты: Сабақтың мақсаттары
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қазақстан тарихы» Мамандығы: : 0301000
2014 -> АӘД пәнінде оқушы бойына патриоттық тәрбиеге баулудың қалыптастырудың жолдары Атадан жақсы ұл туса
2014 -> Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі
2014 -> Мектебімізде салауатты өмір салтына қол жеткізудегі, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің
2014 -> Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қазақстан тарихы» Мамандығы : 0302000 «Мейірбике ісі»
2014 -> Ғалымдар Ғалымдар Зертеуші журналисттер
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Популяция-түрлік деңгей. Эволюцияның бастапқы кезеңі. Тақырыптық сөздік қор Кілттік сөздер


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...