Сабақтың тақырыбы: Трапеция. Сабақтың мақсаты: Білімділік



жүктеу 50.89 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі50.89 Kb.
ОҚО. Отырар ауданы, Темір ауылы

«С. Әлиев атындағы шағын жинақты жалпы орта

мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Математика пәнінің мұғалімі

Марат Гүлназира Маратқызы


Сабақтың тақырыбы: Трапеция.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Трапецияның анықтамасын беру, қасиеттерін, негізгі элементтерін қарастыру, білімдерін жүйелеу.

Дамытушылық: Іскерлікке, ізденіске баулу.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке, татулыққа, жолдастық көмекке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты слайдтар топтамасы, фигуралар суреттері.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа қатысымын, даярлығын тексеру.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Әр топ басшылары оқушылардың үй тапсырмасын, дәптерлерін тексереді.


ІІІ. Өтілген тақырыптарды пысықтау, бекіту.

-Төртбұрыш деп қандай фигураны айтады?

-Төртбұрыштың элементтері? Қасиеттері?

-Диагональ дегеніміз не?

- Параллелограмм дегеніміз не? Қасиеттері қандай?

- Тіктөртбұрыш, квадрат, ромб деп қандай фигураларды айтады?

-Олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтары қандай? т.б.
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың қысқаша мазмұны:

Анықтама: Екі қабырғасы ғана параллель болатын дөңес төртбұрышты трапеция деп атайды.

«Трапеция» сөзі грек тілінен аударғанда «трапедзион» - «Ас үстелі» дегенді білдіреді.

В С

Трапецияның параллель қабырғалары



табандары, ал параллель емес қабырғалары

бүйір қабырғалары деп аталады.

ВС||АД , ВС кіші табаны, АД үлкен

табаны.

А Д

Бүйір қабырғалары тең трапеция теңбүйірлі трапеция деп аталады.

Егер трапецияның бір бұрышы 900-қа тең болса, онда ол тікбұрышты трапеция деп аталады.
D С N K E F

A B M L D K

Трапеция Теңбүйірлі трапеция Тікбұрышты трапеция
D К С E F

A B

D K

Трапецияның төбесінен табанына түсірілген перпендикуляр оның биіктігі деп аталады, қарсы жатқан төбелерін қосатын кесінді трапецияның диагоналі деп аталады.

АК–трапецияның биіктігі (АКДС), ЕК және ДҒ трапецияның диагональдары.

V. Бекіту кезеңі, есептер шығару.

66.

Бер: АВСД – трапеция А В

А=1120

В=650

Табу керек: С-? Д-?

Шешуі:

А+Д=1800

С+В=1800 Д С

Д=1800-А; Д=1800-1120=680

С=1800-В; С=1800-650=1150

Жауабы: С=1150, Д=680.

70.





Бер: АВСД – теңбүйірлі трапеция. А В

АВ=8см

АД=10см

Д=600



Табу керек: Ртр -?

Д К М С

Шешуі:

К=М=900, А=В=300 және С=600



Онда АД=2ДК; АД =ВС

ДК=10:2= 5см, ДК=СМ= 5см.

АВ=КМ=8см

Ртр=2АВ+2ВС+2ДК

Ртр=2(8+10+5)=26см

Жауабы: Ртр=26см

VІ. Қорытынды. Оқушылармен кері байланыс жасаймын.



Сабақты қорытындылау үшін «Синквейн» ойынын қолданамын.

«Синквейн» сөзі орыс тілінен аударғанда «Төрт қатарлы шумақ өлең» дегенді білдіреді. «Синквейн» ойыны арқылы оқушылар геометриялық есептерді шешуде есеп қандай фигураға байланысты екенін, ол фигураның қасиеттері мен белгілері арқылы ізделінді шаманы тез тауып, есепті дұрыс әрі қатесіз орындай алады.


VІІ.Сергіту сәті. Қызықты мәліметтер туралы түсінік беру.







VІІІ. Үйге тапсырма. Үйге №65, 68 есептерді беріп шешу жолын түсіндіремін. Қосымша тапсырма ретінде Эйнштейін есебін шешуді беремін.





Оқушыларға өтілген сабақтың қалай өткенін анықтау үшін төмендегідей суретті салдыруға болады. (Шарты: Оқушылар шеңбер салып, оның кез келген жеріне нүкте қоюы керек.

1) егер нүкте шеңбердің сыртында жатса, онда сол оқушыға бүгінгі сабақ ұнамағанын білдіреді.

2) егер нүкте шеңбердің бойында жатса, онда сабақтың ұнауы орташа. 3) егер нүкте шеңбердің центрінде болса, онда оқушыға сабақ қатты ұнаған.)



Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет