Сабақтың тақырыбы: Төлен Әбдіковтің "Қонақтар" әңгімесі



жүктеу 20.93 Kb.
Дата29.04.2017
өлшемі20.93 Kb.
Шаймерденова Маншук Сартаевна

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Зеренді ауданы Еленовка орта мектебі
Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 8



Сабақтың тақырыбы: Төлен Әбдіковтің "Қонақтар" әңгімесі

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады, логикалық ойлары дамиды, оқу материалына сын көзімен қарап, жолдастық көмекке қашанда әзір болу қасиетіне үйренеді.



Сабақтың мндеттері:

1. Ата-ана алдындағы борышты сезіне білуге, туған жер, туған халық алдындағы міндеттерін түсіне білуге дағдыланады.

2.Оқушылардың ой- өрісі мен дүниетанымы кеңейеді, шығармашылықпен жұмыс істей отырып, сөздік қорлары молаяды.

3. Топта бірлесіп жұмыс істеуге үйренеді.


Сабақтың түрі: топпен жұмыс
Сабақтың стратегиялары: ой шақыру, еркін сөйлеу, топтастыру.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



Жаңа сабақ
І .ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ САТЫСЫ
Ой қозғау

1.Т.Әбдіков жайында не білеміз?

2.Әңгіменің жалпы мазмұны қандай?

3.Тақырыптың өзектілігі жөнінде не айтуға болады?



ІІ. МАҒЫНАНЫ ТАНУ САТЫСЫ
1. Шығарманы талдау(Әңгіменің композициялық құрылысы)

1.Сюжеттің басталуы

Шал мен кемпір.

2.Сюжеттік байланыс

Сапабектердің келуі

3. Шиеленіс

Шала қазақ немере мен келін

4. Шарықтау шегі

Сапабектің әңгімесі

5. Шешім


Құлазыған көңіл

2.Семантикалық карта

Кейіпкер

Іс - әрекет









3. Еркін сөйлеу (мини дебат)
Резолюция: "Бала заманына тартады, яғни Сапабекті ұнамсыз кейіпкер дей алмаймыз".

Жақтаушы топ дәлелі.

Аргумент:1. Ерғабылдың тәрбиесінде кемшіліктер кеткен.

2. Ортасы әсер еткен.

3. Әйелі әсер еткен.

Даттаушы топ дәлелі.

Аргумент:1.Сапабек-ақыл тоқтатқан адам.

2. Барлығы Сапабектің өзіне байланысты.



3. Ол-рухани азғындаған адам.
ІІІ. ОЙ ТОЛҒАНЫС САТЫСЫ
А.Қоразбаевтың "Қара шал" әнін тыңдату арқылы бір ауыз қорытынды жасау.
Қорытынды
Бағалау
Үйге: "Қазақ қасіреті " тақырыбына ойтолғау жазу.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет