Сабақтың тақырыбы: Техникалық лекалды жасау, модельдеу


Омырау бүкпесін аустыруды үйрету

Loading...


бет2/2
Дата25.03.2020
өлшемі289.37 Kb.
түріСабақ
1   2
Омырау бүкпесін аустыруды үйрету.



Модельдеудің мақсаты және міндеті – ұлттық дәстүрлерге сәйкес әдемі, қолайлы киімдер жасау. Сән мен костюм әрқашанда стиль мен дәуірді бейнелейді.

Стиль – киім мәдениеті саласындағы маңызды ұғым. Киімге байланысты үш негізгі стильді ажыратуға болады: классикалық (келісті әрі сәнді); спорттық (қозғалысқа, белсенді демалыс пен жұмысқа қолайлы); романтикалық немесе фантазиялық.Сабақ барысында модельдеуге байланысты әр түрлі суреттер көрсетіледі. Қазақтың ұлттық киімінің өзгешелігіне тоқталады (түрлі түсті тоқыма баумен тігілген және металл жіп қосылып құрастырылған өрнек). Костюмдер тарихи дәуірге байланысты өзгеріп отырған.

Модельдегенде матаның қасиетін ескеру керек. Өйткені қатпарлау мен күлтелеудің сипаты осыған байланысты болады. Матаның қиғаш көлденең және бойлық жіптер (долевой нити) бойымен орналасуын да осылай тексереді. Модельдеу өнерінің сәндік қолданбалы өнердің басқа түрлерінен айырмашылығы оның тікелей адамдармен байланыстылығында. Костюммен адамның сыртқы келбетін өзгертуге, неғұрлым әдемірек етіп көрсетуге, кемшілік тұстарын жасыруға болады. Матаның түр түсімен көздің, шаштың, беттің әлпетін жақсартуға да болады.

Модельдеудің екі түрі болады:

1) көркемдік (шығармашылық);

2) техникалық.

Көркемдік модельдеумен сән үйлерінің, тігін фабрикалары эксперименттік лабораторияларының суретші-модельерлері айналысады. Олар сән бағыттарын, модельдің кімге арналғанын, оның қызметін, қандай матадан жасалатынын, өндеу түрлерін, модельдің түр түсін таңдауды, ұсақтүйекті (фурнитураны) аксессуарларды ескере отырып, бөлшектер коллекцияларын жасайды.

Техникалымодельдеудегеніміз – нобайлар, суреттер, фотографияларбойыншамодельдержасау. Онымен инженер – конструкторларшұғылданады. Олармодельдіңнобайынабайланыстысызбаныңжекелегенбөлшектерінөзгертеді.

Көйлектердің әр түрлі сызықтарын модельдегенде, бүкпелерді дұрыс орналастыру керек .



ІV. Жаңа сабақты бекіту Сұрақ – жауап:
1. Киімді конструкциялау дегеніміз не?
2. Көйлек сызбасын сызу үшін дене бітімінен қандай өлшемдер аламыз?
3. Кеуде биіктігін қандай өлшем анықтайды?.

4.Киімді конструкциялауда негізгі өлшемнің бірі?

5. Модельдеу дегеніміз не?

6. Модельдеудің қандай түрлерін білесіңдер?

7. Жартылай бел айналымы қалай өлшенеді?
8. Модельдеу кезінде нені ескеру керек?

9. Кеуде бүкпесін ауыстыру ережелері қандай?



Оқушыларды бағалау
V Үйге тапсырма
. Техникалық лекалдарды модельдеу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...