Сабақтың тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлы «Қалқаман-Мамыр»



жүктеу 57.3 Kb.
Дата10.05.2017
өлшемі57.3 Kb.
Пәні:қазақ әдебиеті Сынып:  8

Сабақтың тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлы «Қалқаман-Мамыр» поэмасы



Сабақтың мақсаты:



Білімділік: поэманың мазмұны негізінде Қалқаман-Мамыр бейнесін ашу.

Қалқаман, Көкенай әрекетіне екі түрлі баға беру



Тәрбиелік: оқушыларды поэмадағы

кейіпкердің жақсы мінез-құлық, орынды іс-әрекеттерін талдау арқылы

адамгершілікке, мейірімділікке, қамқорлық жасауға баулу

Дамытушылық: Оқушының ой еркіндігін,

эстетикалық сезімін ояту, қысқаша мазмұндату арқылы тіл дамыту, сөйлеу

мәдениетін қалыптастыру, ойын арқылы қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс ойын

сабағы


Сабақтың әдісі: Мәтінмен жұмыс,

сұрақ-жауап, пікір айту, топтық, «Алтын сақа» ойыны арқылы жырды талдау



Сабақтың көрнекілігі: Шәкәрім

портреті, шығармалар жинағы, слайд



Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:



І. Ұйымдастыру

Оқушыларды түгендеу, оқу-құралдарын тексеру, өткен сабақта берген материалды

сұрау

Оқушыларды топқа бөлу



ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

Сабақтың жоспары:

1. Іздендіру бағытындағы жұмыстар (сұрақ-жауап, еске түсіру)

2. «Қалқаман-Мамыр» поэмасының мазмұнын талдау, жинақтау жұмыстары

а) шығармаға аннотациялық талдау

б) көркемдік тіліне талдау



ІІІ. Жаңа сабақ

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Балалар, қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі тұлғалы ақын атанған Шәкәрім

өмірі, шығармашылығы туралы өткен сабағымызда толық танысқанбыз. Енді бүгін

өздерің мазмұнымен танысып келіп отырған «Қалқаман-Мамыр» поэмасына толық

талдау жұмыстарын жүргіземіз. Махаббаттың қос шынары – Қалқаман мен Мамыр

болса, олардың ортасына тікен болып қадалушы батыр Көкенай образдарына екі

жақты баға бере отырып, толық талдайтын боламыз. 

Жыр желісі бойынша мынадай топтық, жұптық жұмыстар жүргіземіз. Сынып екі топқа

бөлінеді. 

І топ. Шығармаға аннотациялық талдау жасау. Бөлімдерге бөліп ат қою. 

1. Кездесу

2. Бастаңғы

3. Тосын жағдай

4. Батыл шешім

5. Қатыгездік

ІІ топ. Шығарманың көркемдік тіліне талдау

1. Диалог. Қалқаман мен Мамырдың әңгімесі

2. Баяндау. Қалқаман мен Мамырдың алғашқы кездескен сәті 

3. Сондай-ақ жырда суреттеу, мінездеу, портрет кездеседі, оқушыларға жырдан

тапқызу.

ІҮ: «Алтын сақа» ойыны

Ойынның шартымен, мақсатымен таныстыру. Топтар тақтада көрсетілген суреттерді

талдап, сұрақтарға жауап береді. 

Қойылған сұраұұа топтан тек бірғана оқушы жауап береді.

Табалдырықтың сұрағы.

1. Әнет баба, Мәмбетей, Кішік дегендеріміз кімдер? Жырда оларды қалай

таныстырады?

2. Қалқаман мен Мамыр бір-біріне қалай туыс?

3. Бастаңғы дегеніміз қандай салт?

4. Той жасаған орта жүз ханы кім еді?

Табалдырықтың сұрағына жауап алу арқылы төрт ойыншымызды ортаға шақырамыз.

Ойынның шарты: Асық иіру арқылы ойынды бастаймыз. Қай ойыншымыздың асығы

алшысынан түседі, сол ойыншы ойынды бірінші болып бастайды. 

Алғашқы бөлім «Әудем жер» деп аталады

Ойыншылар слайдтан өздері ұнатқан суретті таңдап, сондағы сұрақтарға жауап

береді. 

1. Жылқыда жүрген Мамырға Қалқаман жұмбақ-мысал сияқты бір сөз айтады. Ол

қандай сөз еді?

2. Орта жүз ханы Сәмеке не үшін той жасады? Жырда ол қалай баяндалған?

3. Мамырдың сауық кешінде айтқан жұмбақ өлеңінің сыры неде?

4. Неге  Қалқаманға Мамыр

«Бүрсігүннен арғы күн болады алыс»,- деді?

Келесі асу «Қозыкөш». Асығы бүгінен түскен ойыншы келесі асуға өтпейді.

1. Орта жүзге үлгі болған ғұлама, би Әнет бабаның сол кездегі жасы нешеде еді?

2. Қалқаман мен Мамырды құтқару барысында Әнет баба әр түрлі амалдар ойлап

табады. Ол қандай айла, әрекет?

3. Көкенай дегеніміз кім? Жырда оны қалай суреттейді?



«Лимон және марғау» эмоциялық қысымды босаңсытуға

арналған жаттығу

Басқарушы: көз алдарыңа

елестетіңдер,  оң қолымызға лимонды ұстап, оның шырыны

шыққандай қатты сығуға тырысамыз. 

Жұдырығымызды түйіп қатты-қатты қысамыз. Шырынды шығардық! Ал енді бәріміз мысықтың баласы марғау

сияқты боламыз, олар енді ғана оянды және керіліп жатыр. Жақсылап

керіліп-созылды! Қолымызды жоғары көтеріп, оңға, солға, жоғары қарай

тартыламыз, мойнымызды бұрып,  арқамызды

созамыз!

«Беласарға» екі оқушы шығады.

1. Қалқаманды атамыз деп шешім қабылдаған сәтте қандай жүйрікке мінгізді? 

2. Өлімнен аман қалған Қалқаманға ауыл бозбалалары ат шаптыртып, той жасайық

дегенде Қалқаман не дейді?

Ең көп жұлдыз жинаған топ жеңімпаз атанады

Ү.

Пікір алысу.

Балалар, жыр бойынша біз көптеген жұмыстар жүргізіп, сәтті қадам жасадық. Енді

кейіпкерлер тағдырына үңілейікші. Басты кейіпкерлер туралы өз пікірімізді ашық

айтып, мынадай сұрақтар бойынша пікірталас ұйымдастырайық.

1. Қалқаман мен Мамырдың қосылғаны дұрыс па?

2. Көкенай әрекетін қалай бағалайсыңдар? Жырда оны батыр деп суретейді. Оның

батырлығы жырда көріне ме?

3. Қалқаманның ел ортасынан кеткені дұрыс па?



ҮІ. Қорытынды сөз.

Иә, балалар, әрқайсысың өз пікірлеріңді дәлелдеп айтып шықтыңдар. Қалқаман мен

Мамырдың қосылуы дұрыс, теріс деп кесіп

айту қиын. Ол зама әйел затын қор еткен, бұғауда ұстап, малға сатқан. Заман

сондықтан еркіндікке ұмтылған Қалқаман мен Мамыр жүрек қалауын мақсат ете

білген, адал махаббатқа жүгіндіре білген. Шәкәрімнің де мақсаты сол. Ол да

заманның қатаң қағидасына қарсы, наразы. 

Бүгінгі сабақтан алар тәліміміз:

Ата салтын аттауға болмас,

Жүрек қалауын тастауға да болмас. 



ҮІІ. Үй тапсырмасы: «Егер мен

Қалқаман болсам...» шығарма



ҮІІІ. Оқушыларды бағалау

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет