Сабақтың тақырыбы: «Сақта жолдың тәртібін» Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру

Loading...


жүктеу 276.46 Kb.
Дата15.02.2017
өлшемі276.46 Kb.
түріСабақ


http://referatikz.ru/skrinshot/tarbie_sagati1/zholda_zh-ru_erezhesi.jpg

Көлік – қазір тіршіліктің тірегі,

Өміріңде көп қой оның көмегі.

Сол көлікті игілікке пайдалан,

Сонда ғана болар оның керегі.

Бұзба жолдың ережесін ешқашан,

Сақтап отыр талаптарын әрқашан.

Жол белгісі тек әшейін нәрсе емес,

Қорғайды олар назар салып сақтансаң.

Сол үшін де біздер көмек береміз,

Қиындықты алдын ала көреміз.

Ескертеміз, жөн сілтейміз, айтамыз,

Сақтанудың жөн екенін білеміз.

Жол сақшысы сол себептен тұр алда,

Ол қамқорың - жөн сілтеуші қырандар.

Сол себептен алдарыңа келіп тұр,

Аты менен затына сай «ҚЫРАНДАР»

Сабақтың тақырыбы: «Сақта жолдың тәртібін »

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .

2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің

белгілерімен таныстыру

3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

 

 Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , интерактивті тақта, жол ережесіне арналған кітаптар.



Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінде ауылда да, қалада да үлкен көшелер және онда жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көше кеңейген сайын ерсілі-қарсылы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің де көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай жерінде болмасын автокөліктердің барлық түрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі машина жүргізушілер мен жаяулардың, әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жете біліп, қатаң сақтауын қажет етеді. Көшенің тәртібін үйде ата-ана ескертсе, көше қиылысында күзет қызметкерлері мен бағдаршам қадағалайды. Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзба, ол  қатер  тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп  қуалайтыны, шаңғы  тебетіні, жүріп  бара жатқан машинаға  жабысатыны,қалтарыстан жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады.Жол тәртібін бұзғандықтан  кейбіреулер машина  дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері  жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік  мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті.Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда  жүру ережесін,заңын бұзбайды.



  • Ал сендер көше ережесін жақсы біліп, оны орындауға, сақтауға тиіссіңдер. Бүгінгі «Сақтайық жол тәртібін» атты сайысымызға 3-сынып оқушылары қатысады. Бүгін жол ережесіне байланысты білімдерін көрсетіп, жол белгілері мен топтарын анықтап, әртүрлі жағдаяттарды шешіп, өздерінің ептілігі мен жылдамдығын сынға салады.

  • Таныстыру

  • Жұмбақтар шешу

  • “Көше ережесін білеміз бе?» сұрақтарға жауап

  • Жол белгілерінің танимыз ба?

  • “Сақ болайық, көшеде!” көрініс

  • “Суретшілер көзімен”

  • Ойын : “Бағдаршам”

Жол тәртібі кімге керек – бірге ойланып көрелік,

Әрқайсыңның қылығыңа әділ баға берелік.

Ережені біліп сайысқа шық жас ұлан

Біліміңді сарапқа сал, біз етейік төрелік.
Сайысты әділқазылар алқасы бағалайды.


  1. Мәдібаев Руслан

2. Мангибаева Разия

  1. Есқуатова Айнұр


1. Таныстыру  
Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Сайысымыз басталсын сәлемменен, деп әр топтың сәлемдесуімен сайысымызды бастаймыз.

3 а-

3ә-


3б-

3в-


3г-

Сақтап жүр әрдайым көше тәртібін


Есіңде мықтап ұста бұны , балалар

Енді міне сендерге арналған

Жұмбақ шешу, сұрақ-жауап басталар.

2. Келесі сайысымыз- Жұмбақтар

1.   Ала таяқ ұстаған,                                                       

Жол тәртібін нұсқаған.                                                        

Өміріңді  күзеткен,                  2.Ысқырығы күшті адам .  (Милиционер)



Үш көзді батыр Бізді аңдып жатыр. (Бағдаршам) 

3.     Көліктің  қаншасын үстінен өткізген ,

Іргеден басталып , алысқа жеткізген(Жол)

4.     Жоқ өзінде бас та , ауызда  да  , құлақ та ,

Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.              (Бағдаршам)

5.     Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол)

6.     Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. 

«Бағдаршам»

7. Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,

Ескеріп ешбір адам емдемейді.

Жүк емес жануарға жүз адам да,

Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)

8) Екі аяқты, бір ізді, Үстіне мені мінгізді.

Мінгізгенмін ол менің Аяғымды жүргізді. (Велосипед)

9) Үзенгісін тептім, Зымырап кеттім. (Велосипед)

10 Үш көзді батыр Бізді аңдып жатыр. (Бағдаршам)

11.Өзі тым күшті, Аяғы тісті.

Ілезде тындырар Қыруар істі. (Трактор)

12.Төрт аяғы дөңгелек, Адамсыз ол жүрмейді. (Машина)




ІІІ кезең «Саналы жүрек».  «Көше ережесін білесің бе?» Сұрақтарға жауап беру

Жолда жүру әліппесін

Білген жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре  аласың ,

Сен өзіңді сау сақтап
1.Адам жолда жүргенде сақ болу үшін нені білу керек?

Жолда жүру ережесін сақтау.
2.Жолда бағыт сілтейтін қандай құрал? Бағдаршам
3.Бағдаршамда қанша жарық шамы болады? 3
4.Көшенің келесі бетіне қандай белгі арқылы өтеміз? Арнайы жолақпен
5.Жолда жүргенде қандай ережені сақтау керек?Сабырлы, аспай саспай жүру
6.Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды?Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
7.Жиек жол деген не?Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
8. Көше тәртібін не басқарады? Бағдаршам Реттеуші деген кім?Жол полициясы
10.Бағдаршамның түстерін рет-ретімен атаңдар? Қызыл,сары,жасыл
11.Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтеміз?Әуелі сол жаққа,содан кейіноң жаққа қараймыз.
12.Бағдаршамның жасыл көзі не дейді? «жүр» 
13.Қандай көліктің түрлеріне қызыл жарығына жүруге рұхсат етіледі?(Жедел жәрдем, өрт сөндіру, полиция)
14.Жаяу жүргінші жлдан қалай жүріп тұруы тиіс?(Жиекжолдың оң жақ шетімен) 
15.Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк машинаны бір қолымен кім тоқтата алады? Жол полициясы ...

3.Көліктің оңға бұрылатындығын қалай білуге болады?(оңға бұрылатын көлік жолдың оң жағындағы бірінші қатарда тұрады және оның оң жақ бұрылысты білдіретін жарығын жағады)

6.Бағдаршам дегеніміз не, оның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?

(бағдаршам – механикаландырылған немесе автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Ол жол бойының қозғалысын реттеуде өте үлкен рөл атқарады.)

7..Жол бойларында велосипедпен, қол шанамен, сүйретпелі қол арбамен қалай жүру керек?

(велосипед, қол шана, қол арбамен жолдың шетімен жағалай жүру керек. Ал жиек жол болмаса, жолдың сол жағымен жүру керек)

8.Жол көлік оқиғасына куә болған адамдар не істеу керек?

(03 – жедел жәрдем шақырып, 02 – полиция бөліміне хабарласу керек)

9.Транспорт құралы дегеніміз не?(адам немесе жүк тасымалдауға арналған көлік)

10.Жол бойында балалардың ойнауына қатаң тыйым салынған себебі неліктен?

(ойын қызығымен балалар жол қауіпсіздігін ұмытып, жақындаған . 1.Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге рұқсат етіледі? (14 жастан) 2.Жақындап қалған көліктің алдынан жүгіру неліктен қауіпті? (жүргізуші көлікті тоқтата алмауы себепті адам өміріне қауіп төнеді) 3.Жол-көлік оқиғасына куә болған адамдар қандай әрекет жасайды? (жедел жәрдем машинасын, полицияны шақырып, машинаның нөмірін жазып алу керек) 4.Жүргізушіге қандай жағдайда транспорт құралын басқаруға болмайды? (ішімдік ішкен жағдайда) 5.Полиция, жедел жәрдем, өрт сөндірушілер өтіп кеткенше күтіп тұру міндетті ме? (иә міндетті) 6. МАИ деген сөзді талдап беріңдер. (Мемлекеттік авто инспекция)

машинаға мән бермейді) 2.Велосипедшілерге жол жиегінен қанша метр қашықтықта жүруге рұқсат етіледі? (жол жиегінен 1 метр қашықтықта)



4-сайыс «Жол белгілерінің топтарын табу» Әр топқа таңба белгілері көрсетіледі, анықтама беру керек. (жол белгілерін атау)

1.Ескерту белгілерін көрсет,түсіндір.

2.Басымдық белгілерін ата,түсіндір.

3.Тыйым белгілерін ата,түсіндір.

4.Нұсқау белгілерін ата,түсіндір

5-тапсырма: Қай топ жол белгілерін көп білетіңдігін көреміз және плакаттарға суретін саламыз?«Жол белгілерінің топтарын табу» Әр топқа таңба белгілері көрсетіледі, анықтама беру керек. 1-топ «Ескерту белгісі» Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам, Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған. Маған қарап жүрер болса, жүргізуші, жаяу да, Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған. 2-топ «Тыйым салу белгісі» Мен бәріне әрқашан да тыйым салып тұрамын, Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адым. Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін, Осы жолы үндемейін, бар ма тағы сұрағың. 3-топ:« Көрсеткіш белгісі»қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі
3-тапсырма: Қане, оқушылар бері қараңдар.

Ақырғы сайысымызды бастайық

Тапсырманы жұмыла,

Лезде шешіп тастайық

Жол белгілерін құрастырып,

Қандай белгі екен айтайық! 

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

«Тоқта, сақтан, жол ашық!»

Жүрме жолға таласып.

 

«Бағдаршам» ойыны: (Балалар жүргізушілер. Бағдаршамның қызыл түсін көрсетсе – тұра қалады. Сары – оң аяқтарын көтереді. Жасылда – аяқтарын тап тап басады)



Ойын бірнеше рет қайталанады.

Сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз. Жүлдегер топ анықталып, марапатталады




Сайыс қорытындысын шығарып, жеңімпаз топты марапаттау. Қай көше , қай қалаға барсаңыз да, Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да, Жол жүру ережесі –заңды тәртіп, ол ортақ үлкен-кіші, баршамызға. Жол жүрудің тәртібін, Ережесін білеміз. Сақтанғанда қатерден, Сау-саламат жүреміз.

Ал оқушылар, жол бойындағы алғашқы сапарларың сәтті болсын,кездейсоқ оқиғалардан сақ бола алатындай сенімді болыңдар.Олай болса жол жүру ережелерін ұмытпай естеріңде сақтаңдар.
Ирек – ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп.

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп.



http://sc0014.shortandy.akmoedu.kz/images/aoos-ru.png

ГУ "НОВОСЕЛОВСКАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА" ШОРТАНДИНСКОГО РАЙОНА

 

 

 



 

 

 




Жол белгілер, жол белгілер,

Неткен ғажап, көркемсіңдер.

Әлемге бүгін ережені

Үйретесіңдер сендер.

Ешқашан жол ережесін,

Бұзбас үшін балалар!

Әр түрлі көп белгілерді,

Есте сақтаған жөн болар.

Жол белгілері 7 топтан тұрады. 1оқушы:

Ескерту белгілері. Үшбұрышты қызыл бояумен көмкерілген бұл белгілер жол бойында жағдайсыз, яғни қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.

Басымдылық белгілері. Бұл белгілер жүріс бөлігінің немесе жолдың жіңішкерген бөліктерінің көше қиылыстарын өтпелерін кесіп өту кезектілігін белгілейді.

Тыйым салынатын белгілер. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне тиым салады.

Нұсқау белгілері. Бұл топтағы белгілер жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер жүретін жерлерді көрсетеді, қандай да болмасын көлік түрлерінің біреуінің нақты бағыттағы қозғалысына рұқсат береді.

Ақпараттық-көрсеткіш белгілер. Бұл топтағы белгілер жол қозғалысына қатынасуларға , жаяу жүргіншілер өтпесі орналасқан жер, қоғамдық көлік аялдамасы, көлік тұратын орын т.с.с туралы хабарлайды.

Қызмет көрсету белгілері. Тиісті обьектілердің орналасуын хабарлайды.

Қосымша ақпарат белгілері. Қосымша ақпарат белгілері өздерімен бірге пайдаланылатын белгілердің ықпалын нақтылайды немесе шектейді.

Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап, Қашпаймын мүдіріп , ешқандай сұрақтан. Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады, Жарқырап көрінер түнде де жырақтан. Сақтандыру , ескерту белгісі : Қып - қызыл үшбұрыш, Қауіптен сақ бол деп сәт - сапар жолдаған. Аман - сау жүреді жаяу да , көлік те , Мен берген белгіні сақтаған , қолдаған. Тыйым салу белгісі : Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты, Тыйымшыл белгімін , қаталмын салмақты . Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге, Қауіп бар , бағдарла көз салып жан - жақты. Міндеттеу белгісі : Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты, Міндетті бұрылыс , әйтпесе қауіпті. Барлығын анықтап тұрамын жолыңда, Абай бол , шартыңды міндетті орында ! Ңұсқау белгісі : Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын, Үн - түнсіз жол сілтеп , жол нұсқап тұрамын. Күндіз де , түнде де от болып жанады, Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым. Мұғалім : Біз ауылда тұрғандықтан , ауыл арасында да белгілер болады. Жалпы жол беттері өздерінің атқаратын қызметіне қарай 7 топқа бөлінеді . Тақтада


  1. Ақпараттық - көрсеткіштік белгілер.

  2. . Ескерту белгілер

  3. 3. Тыйым салатын белгілер

  4. 4. Сервис белгілері

  5. 5. Алдын ала қиылатын белгілер

  6. 6. Басымдылық белгілері

  7. 7. Жол таңбалары

Басталар әр қадамың аттауменен,

Жол жүру ережесін сақтауменен.

Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік.

1-сайыс «Көше ережесі тарихынан»

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір машинаның аз кезінде туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен алмастырылатын және алмастыру үшін арнаулы адам тұратын еді. Әрі ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек, 1870 жылы Америкада электр бағдаршамдары пайда болды. Ал Ресейде үш түрдегі бағдаршамдар 1920 жылдары іске қосыла бастады.Бертін келе оны автомат жүйесі арқылы басқару ойластырылды. Ал бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған. Ертеде көліктің қазіргідей түрі болмаған заманда адамдар ат жеккен күйменен жердің тегіс жерімен баяу жүретін. Келе-келе жолдың қажеттілігі туды. Ресейде алғаш жолдар І Петр салына бастаған. Автокөлік жүргізушілеріне жолда дұрыс жүру қатаң ескертілді. Қазақстанда 1917 жылға дейін небәрі 127 км ғана жол бар болатын. Елуінші жылдары республикамыздағы асфальт жолдардың ұзындығы отыз мың км болды. Ал қазір сегіз жүз миллион км-ден асады. Қазақстанның асфальт жолдарындағы қазіргі заманымызға лайықты дүниеге келген сан түрлі маркалы автомобильдерді айтсаңызшы! Жаңа ғасыр техникасының өркендеп, дәуірлеген заманы болды. Маңайымызда қаптаған техникадан жолда жүріп- тұруымызға қиындық туды. Сондықтан бізге көмектесу мақсатында бағдаршам дүниеге келді.

Арманға алда күткен асығармыз,

Біз қалай жалын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.

Жалғайтын достастырып бар елменен

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Ойынымыз басталады сәлемменен.

Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес.

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Қызыл жарық жанғанда,

Қалт тоқтай қал табанда.

Сары шамы жанғанда,

Сақ, абай бол барынша.

Жасыл жарық жол ашық,

Зымырай бер бел асып.

«Ескерту белгісі»

Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,

Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған.

Маған қарап жүрер болса, жүргізуші, жаяу да,

Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.

2-топ «Тыйым салу белгісі» Мен бәріне әрқашан да тыйым салып тұрамын,

Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адым.

Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,

Осы жолы үндемейін, бар ма тағы сұрағың.

1-топ «Анықтама белгісі» Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты,

Ой-шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.

Барлығын анықтап көрсетіп жіберем,

Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.

2-топ «Көрсеткіш белгісі» Баратын сапардың жақынын, құшағын,

Үн-түнсіз жөн сілтеп, көрсетіп тұрамын.

Күндіз де, түнде де от болып жанады,

Көкпенен боялған төртбұрыш шырағым.

Қай көше , қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

Жол жүру ережесі –заңды тәртіп,

Ол ортақ үлкен-кіші, баршамызға.

Жол жүрудің тәртібін,Ережесін білеміз.

Сақтанғанда қатерден, Сау-саламат жүреміз.

Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып, гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

Жол жүру ережесі заңды тәртіп

Ол ортақ -Үлкен кіші баршамызға!

(Бағдаршамның шығу тарихы жайлы баяндайды)

Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапқаның білесіңдер ме? Ал ендеше тыңдап көрелік. Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Оны көше қиылысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инженер-механигі Д.Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Алдымен түрлі-түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке орай бізде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады. Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында, сосын Нью-Йорк, т.б. қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады. Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам 1924 жылы Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды.

Үйрен таппай тыным бір,

Белгілердің тілін біл.

Егер оны білмесең,

Тартар жолың бұлынғыр.

Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,

Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.

Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,

Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.

Мен бәріне әрқашан да тыйым салып тұрамын,

Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.

Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,

Осы жолы үндемейін бар ма тағы сұрағың.

Белгімін көрсетер жылдамдық бағытын,

Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.

Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем,

Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.

Менің досым – бағдаршам Мақсаты: Оқушылардың тілін төселдіріп, жол ережесін жасына сай меңгерту. Қалыптасқан түйсіктерін, білімдерін пысықтап, адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру. Жаяу жүргінші мен көліктің байланыс қатынасын білдіру. Көшеде жүру ережесін түсіндіру арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу. Түрі: сайыс сабақ Әдісі: сүрақ-жауап, топтық жұмыс, жеке жұмыс Көрнекілігі: плакаттар, бағдаршам макеті, жол реттеуші құралы,карточка, жол белгілері. Сынып сағатының барысы: Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Мақсатын ашып айту. 1-жүргізуші:

Жолға шықсаң далаға,

Жол оңай деп санама

. Ережені әрқашан,

Қатаң ұста санаңда.

Бөгет болма басқаға,

Жүрексініп саспа да,

Жаңылысса көмектес,

Қарттар менен жас бала.

Жасыл жарық жолың ашық жүр дейді,

Сары жанса дайындыққа кір дейді.

Қызыл жарық жанып тұрса алдыңда.

Тапжылмастан бір орында тұр дейді.

Ең алғашқы автомобиль немесе өздігімен жүретін арбаны қарапайым шаруа адамы Леонтий Шамшуренков 1752 жылы ойлап тапқан. Оны арнаулы педальді басу арқылы жүргізуге болады. 1764 жылы бу двигателі ойлап табылғаннан кейін автомобиль конструкциясы да күрделене берді. Техника дамыған сайын адам өміріне қауіп те көбейді. Осыған сәйкес жолда жүру ережелері енгізілді. Бұл жол белгілерінің ең белгілі түрі - бағдаршам.1868 жылы Лондон қаласында бағдаршамның семофор типтес түрі пайда болды. 1914 жылы АҚШ-та алғашқы электрлі бағдаршам пайда

Оқушыларға жол белгілері тақтада көрсетіледі. Оқушылар белгінің атауын айту қажет. І.Мына белгі нені білдіреді? (Абайлаңдар, балалар!) 2.Бағдаршам жарықтарының белгілеріне талдау жаса. (сары-дайындал, жасыл -жүруге рұқсат, қызыл-тоқта) 3.Мына белгі нені білдіреді? (жолды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр деген белгі) 4. Мына белгі нені білдіреді? (жылдамдықты азайту белгісі) 5.Мына белгі нені білдіреді? (теміржол өткелі) 6. Плакаттағы белгілерді түсіндіріп беріңдер. 1.жаяу жүргінші өтетін жол белгісі 2.метро, жер асты жолдарына ену З.тайғақ жол 4.велосипедпен жүруге рұқсат бар 5.жол жоқ 6.машиналардың бірін-бірі басып озуына рұқсат 7.ашық жол 8.шұғыл бұрылыс жасауға болмайды 9.жақын маңда демалыс орны бар екенін білдіреді 10.көлік жуатын жер жақын екенін білдіреді.

Айналайын абайла,

Жан-жағыңа қарайла.

Жолда-жүру ережесін,

Есте сақта қалайда.

1.Білім алушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру.

2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға , білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру.

3. Білім алушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

. Үстіміздегі жылдың 9 айында Ақтөбе облысында 245 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның барысында 68 адам қаза тапты. Жол қозғалысы ережесін бұзудың 81 391 оқиғасы анықталды. Оның себептері: Бiрiншiден, қарапайым жол қозғалысының ережелерiн сақтамауы. Екiншiден, салақтық және санасыздық. Үшiншiден, абайсыздық, алаңғасарлық Дәулет:

Айналада қауіп бар ойла,

Жан-жағыңа қарайла!

Сырғанасаң көшеде,

Машина жолын абайла! Индира:

Көшенің тар соқпағы,

Қулығыңды асырма!

Тежегішпен тоқтады,

Зулап келген машина.

Ұқыптырақ болсаңшы,

Аман қалған бақытты.

Бізге ескертті Жолсақшы:



«Үнемдеме уақытты!»

1-сайыс «Көше ережесі тарихынан»

2-сайыс «Мәнерлеп өлең оқу»

3-сайыс «Кім байқағыш?» Сурет бойынша тиісті жол белгілерін қою. Әр топқа бір минут уақыт беріледі.

4-сайыс «Жол белгілерінің топтарын табу» Әр топқа таңба белгілері көрсетіледі, анықтама беру керек.

5-сайыс «Көше ережесін білесің бе?» Сұрақтарға жауап беру

Топтардың танысуы.

«Үлгілі жолаушылар» тобы Басталар әр қадамың аттауменен, Жол жүру ережесін сақтауменен.

«Жас инспекторлар» тобы Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік. 1-сайыс «Көше ережесі тарихынан» 1-топ 1-оқушы: Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір машинаның аз кезінде туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен алмастырылатын және алмастыру үшін арнаулы адам тұратын еді. Әрі ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек, 1870 жылы Америкада электр бағдаршамдары пайда болды. Ал Ресейде үш түрдегі бағдаршамдар 1920жылдары іске қосыла бастады.Бертін келе оны автомат жүйесі арқылы басқару ойластырылды. Ал бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған. 2-топ 2-оқушы: Ертеде көліктің қазіргідей түрі болмаған заманда адамдар ат жеккен күйменен жердің тегіс жерімен баяу жүретін. Келе-келе жолдың қажеттілігі туды. Ресейде алғаш жолдар І Петр салына бастаған. Автокөлік жүргізушілеріне жолда дұрыс жүру қатаң ескертілді. Қазақстанда 1917 жылға дейін небәрі 127 км ғана жол бар болатын. Елуінші жылдары республикамыздағы асфальт жолдардың ұзындығы отыз мың км болды. Ал қазір сегіз жүз миллион км-ден асады. Қазақстанның асфальт жолдарындағы қазіргі заманымызға лайықты дүниеге келген сан түрлі маркалы автомобильдерді айтсаңызшы! Жаңа ғасыр техникасының өркендеп, дәуірлеген заманы болды. Маңайымызда қаптаған техникадан жолда жүріп-тұруымызға қиындық туды. Сондықтан бізге көмектесу мақсатында бағдаршам дүниеге келді. 2-сайыс «Мәнерлеп өлең оқу» 1-топ 1-оқушы: Армнға алда күткен асығармыз, Біз қалай жалын атпай басылармыз. Жол жүру ережесін жақсы біліп, Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз. Жалғайтын достастырып бар елменен Жолдардан тұрады ғой әлем деген. Бүгінгі бізге келген қонақтарға Ойынымыз басталады сәлемменен. 2-топ 2-оқушы: Шуақты өміріміз күндей күліп, Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт. Арманға сапар тарту мүмкін емес. Жол жүру ережесін білмей тұрып. 3-оқушы: Қызыл жарық жанғанда, Қалт тоқтай қал табанда. Сары шамы жанғанда, Сақ, абай бол барынша. Жасыл жарық жол ашық, Зымырай бер бел асып. Жүргізуші: Әділқазылар алқасынан сайыстың бағасын беруді сұрайық. 3-сайыс «Кім байқағыш?» Сурет бойынша тиісті жол белгілерін қою. Әр топқа бір минут уақыт беріледі. 4-сайыс «Жол белгілерінің топтарын табу» Әр топқа таңба белгілері көрсетіледі, анықтама беру керек. 1-топ «Ескерту белгісі» Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам, Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған. Маған қарап жүрер болса, жүргізуші, жаяу да, Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған. 2-топ «Тыйым салу белгісі» Мен бәріне әрқашан да тыйым салып тұрамын, Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адым. Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін, Осы жолы үндемейін, бар ма тағы сұрағың. 1-топ «Анықтама белгісі» Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты, Ой-шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті. Барлығын анықтап көрсетіп жіберем, Сондықтан бәрі де мені тез таныпты. 2-топ «Көрсеткіш белгісі» Баратын сапардың жақынын, құшағын, Үн-түнсіз жөн сілтеп, көрсетіп тұрамын. Күндіз де, түнде де от болып жанады, Көкпенен боялған төртбұрыш шырағым. 5-сайыс «Көше ережесін білесің бе?» Сұрақтарға жауап беру 1) Бағдаршам деген не? 2) Жол белгілері қандай топтарға бөлінеді? 3) Көлік күтетін жерді қалай атайды? 4) Көліктің бұрылатынын қалай білуге болады? 5) Жүрісті реттеп тұратын адам кім? 6) Велосипедті көшеде неше жастан тебуге болады? 7) Бағдаршам жоқ жерде жолды қалай қиып өтуге болады? 8) Тоқтап тұрған көлік неліктен қауіпті? 9) Көшеде жолдан өтерде қайда қарау керек? 10) Тыйым салу белгілері қандай түспен белгіленеді? 11) Үшбұрышты көк түс жол белгісінің қай тобын білдіреді? 12) Жиек жол жоқ жерде жүргіншілер қай жермен жүреді? 6-сайыс «Кім жылдам?» Құрастырғышпен көліктің бір түрін құрастырып жасау. Топтарға үш минут уақыт беріледі. 7-сайыс «Жұмбақтар шешу» Топтарға жол ережесіне қатысты қарапайым жағдаяттар көрсетіледі, топ мүшелері шешу жолдарын табады. Жүргізуші жұмбақтар жасырады. 1) Сөйлеуді ол білмейді, Бірақ «тоқта», «жүр» дейді. (Бағдаршам) 2) Арқаным бар тым ұзын, Ала алмайсың бір үзім. (Жол) 3) Екі аяқты, бір ізді, Үстіне мені мінгізді. Мінгізгенмін ол мнің Аяғымды жүргізді. (Велосипед) 4) Үзенгісін тептім, Зымырап кеттім. (Велосипед) 5) Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Өмірінді күзеткен, Ысқырығы күшті адам. (Полиция қызметкері) 6) Үш көзді батыр Бізді аңдып жатыр. (Бағдаршам) 7) Өзі тым күшті, Аяғы тісті. Ілезде тындырар Қыруар істі. (Трактор) 8) Төрт аяғы дөңгелек, Адамсыз ол жүрмейді. (Машина) Сайыс қорытындысын шығарып, жеңімпаз топты марапаттау. Жүргізуші: Қай көше , қай қалаға барсаңыз да, Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да, Жол жүру ережесі –заңды тәртіп, Ол ортақ үлкен-кіші, баршамызға. Жол жүрудің тәртібін, Ережесін білеміз. Сақтанғанда қатерден, Сау-саламат жүреміз. Біз, жаяу жүруге дайынбыз!


3-оқушы: Қызыл түс жанғанда, 
Баспа қадам сен алға 
Сары түсі жанғанда 
Дайындалып тұр мұнда! 
Жасыл түсі жанғанда 
Жорта бергін сен жолда! 


Жол тәртібі кімге керек, бірге ойланып көрейік, 
Әрқайсыңның қылығыңа әділ баға берейік. 
Ережені жақсы білген ортаға шық, жас ұлан, 
Біліміңді сарапқа сал, біз етейік, төрелік! 


Топтардың танысуы. 

«Үлгілі жолаушылар» тобы: 
Басталар әр қадамың аттауменен, 
Жол жүру ережесін сақтауменен. 

«Жас инспекторлар» тобы: 
Жол тәртібін білейік, 
Аман-есен жүрейік. 

-Ендеше, сайысымызды бастайық. 

I бөлім. «Көше ережесін білесің бе?» 
«Үлгілі жолаушылар» тобына: 

1.Бағдаршам деген не? Жарықпен белгі беру арқылы көшедегі автомобиль жолы мен темір жолдағы қозғалысты реттеуге арналған құрылғы. 
2.Жаяу жүргінші деген кім? Көлік құралынан тыс және онда жұмыс жасамайтын адам. 
3.Автобус деген не? Жолаушвлар мен жүктерді тасымалдауға арналған, онда жүргізуші орнын қоспағанда сегізден астам отыратын орны бар автокөлік құралы. 
4. Жол элементтерін ата. Көше, бұрылыс, тротуар, жол жағалауы, бөлу жолағы 
5.Тротуар деген не? Жолдың жүргін бөлігімен қатарлас немесе одан газонмен бөлінген жаяу жүргіншінің қозғалуына арналған элементі. 
6.Тыйым салу белгілері қандай түспен белгіленеді? Қызыл дөңгелек. 

7.Бағдаршамның қызыл көзі жанып тұрғанда қандай көліктерге жүру рұқсат етіледі? Өрт сөндіру, жедел жәрдем, полиция. 
«Жас инспекторлар» тобына 
1.Жол дегеніміз не? Мемлекеттік есепке алуға жататын және көлік құралдарының жүруіне арналған инженерлік құрылыстар кешені. 
2. Маршруттық көлік құралы деген не? Жол бойымен жолаушыларды тасымалдауға арналған және белгіленген аялдама пункттері бар белгіленген маршрутпен қозғалатын жалпы пайдаланудағы көлік құралы. 
3.Жолаушы деген кім? Көлік құралындағы(үстіндегі) және оны басқармайтын адам. 
4. Жол-көлік оқиғасы деген не? Көлік құралының жол бойымен қозғалысы кезінде және оның қатысуы процесінде туындайтын, адамдар қаза тапқан немесе жарақат алған, көлік құралдары, ғимараттар, жүктер бүлінген, не өзге де материалдық зиян келтірілген оқиға. 
5.Жол қозғалысын реттейтін адам кім? Реттеуші. 
6.Бағдаршам жоқ жерде көшеден қалай өтеміз? Егер бағдаршам болмаса, әуелі солға, содан соң көшенің ортасына келгенде оңға қараймын. 
7.Көлік құралы дегеніміз не? Жол бойымен адамдарды, жүктерді немесе оған бекітілген құрал-жабдықтарды тасымалдауға арналған құрылғы. 

II бөлім: Жол белгілері туралы жұмбақ-өлең 
I топқа 
1.Бір ғажабы-бұл жерде 
Бір нәрсені ел күтеді, 
Отырады біреуі, біреуі тік тұрады 
Неғылған жер бұл өзі? 
Айтыңдар кім біледі? 
2.Жол астында бір ін бар. 
Не екенін кім табар? 
Неге онымен адамдар 
Арлы-берлі ағылар? 
3. Келеді Айбек зулатып 
Велосипедтің үстінде. 
Барады елді шулатып, 
Шынымен ол күшті ме? 
Айбекке велосипед тебуге болатын жерді көрсет. 
4. Ілулі тұрған не белгі? 
Машинаға «Тоқта!» деген белгіберді. 
Жол үстіне ақ-қарамен сызылған жолақшамен жаяуларға 
«Өтіңдер!» деп белгі берді. 

«Жас инспекторлар» тобына: 
1. Үлкендер де, кішілер де 
Жол белгісіне қарады 
Мысықтар да, күшіктер де 
Батыл жүріп барады 
Бірақ бұл жол 
Жиекжол емес, 
Құпиясын кім табады? 
2. Жолдағы жол белгісі 
Теміржолдың белгісі 
Белгіде бір жұмбақ бар: 
Өткелден де қауіпті 
Бұл не нәрсе? 
Тауып көр. 
3. Тісі ауырды Аманның 
Сірә, үйіне жете алмас. 
Қандай белгі таба аласың 
Мұндай кезде қиналмас? 
4. Аудан, мектеп,үй, стадиан 
Салынып жатқан жерлерде, 
Тура жүрсең түсетін 
Шұңқырлар бар жерлерде 
Жүйткіген жол үстінде 
Қандай белгі тұрады? 

III бөлім. Машинамен жолда жүру ережесін көрсету.(Әр топ капитандары машина жүргізеді) 

IY бөлім. Ситуациялық жағдайларға жауап беру. 

1. Сен жолдан өтіп бара жатқанда саған біреу айқайласа, не істеу керек? 
2. Сен жолдан өтіп келе жатырсың. Кенет аялдамада тұрған өзіңе керекті автобусты көрдің.Сен не істейсің? 
3. Сен автобустан түстің. Сен көшенің қарсы бетіне өтуің керек. Сен қалай өтесің? 
4. Егер ұзақ уақыт көлік болмаса, не істейсің? 

Y бөлім. Топтық жұмыс.’’Кім жылдам?’’ (Әр топ өздеріне берілген сөзжұмбақты шешеді) 

1.Ай серігі 
2.Малдың үйі 
3.Табиғат құбылысы 
4.Жолаушы таситын көлік 
5.Жаяу жүргіншілер жолы 
6.Көлікті басқаратын адам. 
7.Үй құсы 


1.Үй жануары. 
2.Ең жақын адам. 
3.4+4 
4.Жеті күн 
5.Жол қозғалысын реттейтін адам. 
6.Автобус, трамвай. 
7.Жаяу жүргіншілер жолы. 
8.Көлік құралдарының жүруіне арналған инженерлік құрылыстар кешені. 
9.Үш көзді құрылғы. 
YI бөлім. «Қызықты суреттер». Оқушылар екі суреттен 7 айырмашылық табады. 
Қоян: Рахмет, сендерге, балалар, мен көп нәрсе үйреніп қалдым. Енді жол ережесін бұзбаймын. 

Шуақты өміріміз күндей күліп, 
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт. 
Арманға сапар тарту мүмкін емес, 
Жол жүру ережесін білмей тұрып. 

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да, 
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да, 
Жол жүру ережесі заңды тәртіп, 
Ол ортақ үлкен кіші баршамызға. 
Басталар әр қадамың аттауменен, 
Жол жүру ережесін сақтауменен. 


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...