Сабақтың тақырыбы: Популяция-түрлік деңгей. Эволюцияның бастапқы кезеңі. Тақырыптық сөздік қор Кілттік сөздер

Loading...


жүктеу 95.94 Kb.
Дата22.01.2017
өлшемі95.94 Kb.
түріСабақ
11 сынып

«Ауызша сабақ -1»

технологиялық картасы

Сабақтың тақырыбы: Популяция-түрлік деңгей. Эволюцияның бастапқы кезеңі.

1. Тақырыптық сөздік қор

2. Кілттік сөздер.

3. Қарама –қарсы сұрақтар.

4. Сыни сұрақтар.

І. Т.С.Қ. (5 мин)



Сабақтың мақсаты: Түр – эволюциялық процестің сапалы кезеңі жайында түсінік алады.

Білімділігі: Оқушылар түр түзілуі қалай жүретіні туралы білімдерін толықтырады.

Дамытушылығы: Биоинформатика және синергетика технологиясы негізінде оқушылар тақырыптағы түр өзара шағылыса алатын немесе шағылысуға қабілетті популяциядан тұратынын біледі.

Тәрбиелілігі: болашақта жер бетінде сирек кездесетін жануарлардың түрлерін сақтап қалуға тәрбиелеу.

І. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІІ. Кілттік сөз.

1. Тіршілік

2. Метаболизм

4. Анаболизм

5. Онтогенез

6. Филогинез

7. Фототаксиз

ІІІ. Мәтінмен жұмыс. 6 минут

Қарама-қарсы сұрақтар:

1. Жер бетіндегі тіршілік ететін тірі организмдер қандай қышқылдардан тұрады? (нәруыздар, нуклейн қышқылдардан)

2. Тіршілік ұғымына алғаш анықтама берген қай ғалым? (Энгельс)

3. Тірі организмдерге қандай қасиеттер тән? (өсу, даму, өзгеру, тұқым қуалау т.б.)

4. Тірі организмдердің құрамына қандай элементтер кіреді?(оттек, азат, сутек, көміртек)

5. Қоршаған орта мен тірі организмдер арасында қандай процесс жүреді? (энергия алмасу)

6. Өлі табиғатта зат алмасу процесі болады ма және қалай жүреді? (су буға, мұзға топырақ шайылады)

7. Анаболизм процесі қалай жүреді? (тірі организмдер қоршаған ортадан түрлі заттарды қабылдап, өзінің тіршілігіне қажетті заттарға айналдырады және сол арқылы тіршілігін сақтайды)

8. Күрделі органикалық қосылыстар қарапайым заттарға ыдырайды да, сол организмнің тіршілігін сақтайтын? (катаболизм)

9. Тірі организмдердің көбейюі кезінде қандай малекула қызмет атқарады? (ДНК)

10. Тірі организмдердің көбейюі қандай қасиеттермен байланысты?(тұқымқуалаушылық)

11. Тірі организдердің өзгергіштік қасиеті неге байланысты? (тұқымқуалаушылық қасиеттерге байланысты)

12. Тірі организмдерге тән қасиеттерді ата? (өсу, даму)

13. Тірі организмдердің жекелей дамуы қалай аталады? (антогенез)

14. Тірі организмдердің тарихи дамуы қалай аталады? (филогенез)

15. Өсімдіктердің жарыққа қарап қозғалуын қалай атайды? (фототаксис)

16. ДНК-ның бір молекуласынан екі еселену арқылы неше молекула түзіледі? (екі молекула бір-біріне ұқсас)

17. ДНК-ның молекуласы қандай қышқылдардан тұрады? (аминқышқылдарынан)

18. АҚШ-тың таулы аймағында қоянның неше түрі және түр тармағы кездеседі? (23 түрі)

19. Антогенез дегенді қалай түсінесің? (тірі организмдердің жекелей дамуы)

20. Фототаксист қандай қызмет атқарады? (өсімдіктердің жарықа қарап қозғалуын)

21. ДНК молекуласы қандай қызмет атқарады? (тірі организмдердің көбеюіне)

22. Нәруыздар, нуклейн қышқылдары қандай қызмет атқарады? (жер бетіндегі тіршілік ететін тірі организмдерге нәр береді)

23. Екі еселену арқылы неше молекула түзіледі? (екі молекула)

24. Аминқышқылдары қандай молекуладан тұрады? (ДНК)

25. Тұқым қуалаушылық неге байланысты болады? (тірі организмдердің өзгергіштік қасиетіне байланысты)

ІV. Сыни тұрғыдан сұрақтар:

1. Тіршілік ұғымы жер бетіндегі барлық тірі организмдердің жиынтығы ма? (иә)

2. Тіршілік дегеніміз –тірі организмдердің ұрпақ қалдыруы ма? (иә)

3. Тіршілік ұғымының алғаш анықтамасын берген кім? (Энгельс)

4. Тіршілік ұғымы негізінен нәруыздар мен нуклейн қышқылдарынан тұрады ма? (иә)

5. Өлі табиғаттан тірі организмдерді өздеріне тән негізгі қасиеттері арқылы бірден ажыратуға болады ма? (иә)

6. Тірі организмдерде химиялық элементтер болады ма? (иә)

7. Тірі организмдер құрамындағы органикалық қосылыстардың екінші тобына азот жатады ма? (жоқ нәруыздар)

8. Органикалық қосылыстардың үшінші тобына көмірсулар мен майлар жатады ма? (иә)

9. Метоболизм гректің қандай ұғымын білдіреді? (өзгеру, алмасу)

10. Қоршаған орта мен тірі организмдер арасында үнемі заттар мен энергия алмасу процесі жүреді ме? (иә)

11. Өлі табиғатта зат алмасу болады ма? (иә)

12. Ыдырау деген ұғым қандай мағынаны білдіреді анаболизм бе, әлде катаболизм бе? (Катаболизм)

13. ДНК-ның бір малекуласынан екі еселену арқылы бір-біріне өте ұқсас қанша молекула түзіледі? (екі)

14. Тұқым қуалаушылық арқылы тірі организмдер өздерінің белгілерін, қасиеттерін және ерекшеліктерін кімдерге беріп отырады? (Ұрпақтарына)

15. Тірі организмдердің ерекшелігі қандай қасиетімен тікелей байланысты жүреді? (тұқым қуалаушылық)

16. Тірі организмдерге тән қасиеттің бірі –олардың өсуі ме, әлде дамуы ма? (екеуі де)

17. Тірі организмдердің жекелей дамуы қалай аталады филогенез бе, әлде онтагенез бе? (онтагенез)

18. Өсімдіктердің жарыққа қарап қозғалуы қалай аталады? (фототаксис)

19. Тірі организмдердің жекелей дамуы қалай аталады? (антогенез)

20. Тірі организмдердің тарихи дамуы ше? (филогенез)

21. ДНК –ның молекуласы қандай қышқылдардан тұрады? (аминқышқылдарынан)

22. АҚШ-тың таулы аймағында қоянның неше түрі кездеседі? (23)

V. Үйге тапсырма:

1. 14 кілттік сөз жазу.

2. Шығармашылық тапсырма: Қазақстанда Қызыл кітапқа енген жануарлар жайында анықтап, мәлімет жинақтау.

7 сынып

«Ауызша сабақ -2»

технологиялық картасы

Сабақтың тақырыбы: Шымтезек мүгі.

1. Тақырыптық сөздік қор

2. Кілттік сөздер.

3. Қарама –қарсы сұрақтар.

4. Тест сұрақтар.

Сабақтың мақсаты: Шымтезек мүгі туралы, қай жерлерде кездесетіні жайында түсінік беру.

Білімділігі: оқушылар шымтезек мүгінің пайдасы туралы білімдерін толықтырады.

Дамытушылығы: Биоинформатика және синергетика технологиясы негізінде оқушылар тақырыптағы шымтезек мүгі өте пайдалы өсімдік және одан керекті шикізаттар алынатынын біледі.

Тәрбиелілігі: Оқушыларға өсімдіктердің өзі де суды тазартатыны жайында айтып, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

І. Жаңа сабақты түсіндіру.(қысқаша мәліметтер айтып кету)

ІІ. Кілттік сөз. (1 минут уақыт беріледі)

1. Мүк. 8. Шымтезек

2. Спора. 9. Бактерия

3. Ризоид. 10. Минералды тұз

4. Сфагнум. 11. Қабықша

5. Топырақ. 12. Бір үйлі

6. Қосжынысты. 13.Қауашақ

7. Тезек 14. Шикізат



ІІІ. Мәтінмен жұмыс ( 6 мин)

Қарама-қарсы сұрақтар:

1. Шымтезек мүгі қай жерлерде кездеседі?

2. Шымтезек мүгін ақ мүг деп неге атайды?

3. Неге мүг деп аталады?

4. Бұл мүк сабағының түп жағынан қурап қалатындықтан қалай атайды?

5. Шымтезек мүгінің сабағы қалай орналасқан?

6. Шымтезек мүгінің басқа мүктерден қандай айырмашылығы бар?

7. Шымтезек мүгінің жапырақтары қандай болып келеді?

8. Шымтезек мүгінің жапырақ жасушалары нешеге бөлінеді?

9. Шымтезек мүгі тұтасып, тығыз болып өсетіндіктен, топырақ қандай өзгерістерге шалдығады?

10. Шымтезек мүгі қандай жолмен көбейеді?

11. Шымтезек мүгі қандай өсімдікке жатады?

12. Жынысты жолмен қалай көбейеді?

13. Шымтезек мүгі ұрықтанғанда жұмыртқа жасушадан не түзіледі?

14. Споралар қалай түзіледі?

15. Жерге түскен споралардан не пайда болады?

16.Шымтезек мүгі қай жерлерде тез өседі?

17. Мүктің фотосинтез үрдісінің нәтижесінде қандай өзгерістер байқалады?

18. Мүктер басқа өсімдіктер сияқты қурайды ма?

19. Шымтезек мүгінің қандай пайдасы бар?

20. Шымтезекті батпақтан не өндіріледі?

21.Шымтезекті не үшін пайдаланады?

22.Шымтезек мүгінен қандай шикізаттар алынады?

23. Судың жиналуына қандай пайдасы бар?

24.Шымтезек мүгінің неше түрі бар?

25. Шымтезек мүгі суды қалай сіңіреді?



IV. Тест сұрақтар (І нұсқа ұяшық бойынша сұрақ қояды)

V. Тақырыптық сөздер қоры (5 мин)

Үйге тапсырма:

1. 14 кілттік сөз жазу.

2. Шығармашылық тапсырма: Тұрғылықты жерде шымтезек мүгінің қандай түрі кездесетіні жайында анықтап, мәлімет жинақтау.

3.§ 18. Шымтезек мүгі тақырыбын оқып келу.

5 сынып

«Ауызша сабақ -2»

технологиялық картасы

Сабақтың тақырыбы: Жердің өз осінен айналғанда, өзгерістер болатыны жайында түсінік беру.

1. Тақырыптық сөздік қор

2. Кілттік сөздер.

3. Қарама –қарсы сұрақтар.

4. Сыни тұрғыдан сұрақтар

Сабақтың мақсаты: Жер өз осінен айналғанда, өзгерістер болатыны жайында түсінік беру.

Білімділігі: оқушыларға жер өз осінен айналғанда, жыл мезгілдері ауысатынын айту, жылу мен жарықтың болуы туралы білімдерін толықтыру.

Дамытушылығы: Биоинформатика және синергетика технологиясы негізінде оқушылар тақырыптағы жер өз осінен айналғанда өзгерістерді карта арқылы анықтайды, күн сәулесінің жер бетіне қалай түсетінін біледі.

Тәрбиелілігі: жер өз осінен айналғанда, жыл мезгілдері ауысатынын айта отырып, суық және ыстық күндері денсаулықты сақтауға үйрету.

І. Жаңа сабақты түсіндіру.(қысқаша мәліметтер айтып кету)

ІІ. Кілттік сөз. (1 минут уақыт беріледі)

1. Күн. 8.Ос 2. Поляр түні. 9. Уақыт

3. Теңелу. 10. Жылу.

4. Жер. 11. Жылу

5. Жыл. 12. Маусым

6. Тәулік. 13. Ғаламшар

7. Экватор. 14. Тоқырау

ІІІ. Мәтінмен жұмыс (2 бет 6 мин)

Қарама-қарсы сұрақтар:

1. Күн сәулесі жер бетіне қалай түседі?

2. Экватор деген не?

3. Жердің өз осінен айналу дегеніміз не?

4. Жердің өз осінен айналуына қанша уақыт кетеді?

5. 24 сағат неше тәулікке тең?

6. Жер күнді қалай айналады?

7. Маусым айында солтүстік жарты шардың ауа райы қандай болады?

8. Жер күнді айналып өткен уақытты қалай атаймыз?

9. Жер күнді қанша уақытта айналып өтеді?

10. Жер күнді айналған кезде жер бедері жылуды, жарықты қалай қабылдайды?

11. Қай уақытта жер жылуды көбірек қабылдайды?

12. Жердің осі жазықтыққа қарай қалай орналасқан?

13. Жердің осі жазықтыққа көлбеу орналасуы қандай роль атқарады?

14. Жер бетінің әр түрлі бөліктері қалай орналасқан?

15. Жердің күнді өз орбитасымен айнала қозғалуы және осінің көлбеу орналасу нәтижесінде қандай өзгерістер байқалады?

16. Жазғы тоқырау қай айда болады?

17. Солтүстік жарты шарда ең ұзақ жарық күн болса, оңтүстік жарты шарда қалай болады?

18. Поляр күні неше айға созылады?

19. Күн мен түннің теңелуі қай мезгілде байқалады?

20. Күн мен түн теңелгенде күнге қарай көлбеу орналасу қалай өзгереді?

21. Жердің барлық жерінде күн мен түннің ұзақтығы қалай болып келеді?

22.Қысқы тоқырау қай айларда болады?

23. Қысқы тоқырау кезінде солтүстік жарты шарда қандай өзгерістер болады?

24. Поляр түні дегенді қалай түсінесің?

25. Поляр түні неше айға созылады?



IV. Сыни тұрғыдан сұрақтар

1. Жердің ортасына, жақын аймақтарға күннің түсу бұрышы ұдайы тік болып келеді ме?

2. Күн сәулесі шашыранды түсетін аймақтарда жылу аз қабылданады ма?

3. Біздің ғаламшарымыз шар тәріздес дене ме?

4. Күнді айнала қозғалғанда, жер бірдей уақытта өзінің осінен де тоқтаусыз ұдайы айналымға түседі ме?

5. Жердің өз осінен айналуға кеткен уақыт 24 сағатқа тең бе?

6. 24 сағатта 2 тәулік деп есептейміз бе?

7. Жер өз осінен айналуының нәтижесінде күн мен түн ауысады ма?

8. Жер күнді айналу кезінде жер бедері жылуды және жарықты біркелкі қабылдайды ма?

9. Күн көк жиектен көтерілген сайын жылуды көбірек қабылдайды ма?

10. Жердің осі жазықтыққа қарай көлбеу орналасқан ба?

11. Жер бетінің әр түрлі бөліктері белгілі бір реттілікпен күнге жақындап отырады ма?

12. Жердің күнді өз орбитасымен айнала қозғалғанда маусымдар ауысып отырады ма?

13. Жазғы тоқырау 21-22 маусым айларында болады ма?

14. Қысқы тоқырау 21-22 желтоқсан айларында болады ма?

15. Қысқы тоқырауды солтүстік жарты шарда ең ұзақ түн, ең қысқа күн басталады ма?

16. Жазғы тоқырау кезінде оңтүстік жарты шарда ең қысқа түн болады ма?

17. Солтүстік полюсте және оның айналасында күн көкжиектен көтерілмеген түн қалай аталады?

18. Поляр күні неше айға созылады?

19. Қай айда күн мен түннің теңелуі басталады?

20. Жер күнді бір жылда айналып өтеді ма?

21. Экватор маңында күн әрдайым тік түсіп, жылдық маусымдар байқалмайды ма?

22. Жердің күнді айналуға кеткен уақыт 24 сағатқа тең ба?

23. Жердің өз осінен айналуға кеткен уақыт 24 сағатқа тең ба?

24. Жердің күнді өз орбитасымен айнала қозғалғанда мауысымдар ауысып отырады ма?

Үйге тапсырма:

1. 14 кілттік сөз жазу.



2. Шығармашылық тапсырма: Тал түс болғанда жер шарының қай жерінде түн ортасы болатынын анықтап, мәлімет жинақтау.
: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Әміре -ән көгінің айнасы Cабақтың мақсаты: Сабақтың мақсаттары
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қазақстан тарихы» Мамандығы: : 0301000
2014 -> АӘД пәнінде оқушы бойына патриоттық тәрбиеге баулудың қалыптастырудың жолдары Атадан жақсы ұл туса
2014 -> Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі
2014 -> Мектебімізде салауатты өмір салтына қол жеткізудегі, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің
2014 -> Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қазақстан тарихы» Мамандығы : 0302000 «Мейірбике ісі»
2014 -> Ғалымдар Ғалымдар Зертеуші журналисттер
2014 -> "Эволюция" деген сөз латынша "evolutio" — "тарихи даму, өзгеру, өрлеу" деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде эволюция терминін көптеген ғылым салаларында геология, география, астрономия, т б. кеңінен қолданады


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...