Сабақтың тақырыбы: Өрмекшітәрізділер класы



жүктеу 36.31 Kb.
Дата08.09.2017
өлшемі36.31 Kb.
Батыс Қазақстан облысы

Жаңақала ауданы

Е. Ш. Орақбаев атындағы ЖОББМ

Биология пәні мұғалімі Шураева Айгерим Сатыбаевна
Сабақтың тақырыбы: Өрмекшітәрізділер класы. 
Өрмекші тәрізділердің жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі. Крест өрмекшісі (немесе кез - келген басқа өрмекші.) Сыртқы құрылысы. Тіршілік ортасы, тіршілік ету дағдысы және мінез - құлығы.
Сабақтың мақсаты: Өрмекшітәрізділер класына жалпы сипаттама бере отырып, өрмекші тәрізділерге жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктеріне, олардың көптүрлілігіне, сыртқы құрылысы мен тіршілік ортасына, тіршілік ету дағдысы және мінез - құлығына тоқталып түсінік беру.
Сабақтың міндеттері: Оқушылар өз бетінше ойланады, проблемалардың шешімін табу құзіреттілігі дамиды, мәтінге талдау жасауды үйренеді, белсенді тыңдайды, сұрақ қоюға дағдыланады, ауызекі сөйлеу дағдылары қалыптасады.
Әдіс - тәсілдері: Ой шақыру стратегиясы, кластер, Топтық жұмыс.
Сілтеме: «Биология 7 сынып» оқулық, Әдістемелік нұсқаулық, Биология және салауаттылық негіздері журналы, Зоология түсіндірмелі сөздік, «Биология» оқушыларға арналған анықтама. «Қазақстанның жануарлар әлемі», Мұғалімге арналған нұсқаулық, интернет.
Ресурстар:, флипчарт, маркер, стикер, кестелер.

Мұғалімнің әрекеті
Психологиялық дайындық.
Оқушылардың ең алдымен көңіл күйлерін білу. Оқушылар өздерінің көңіл күйін смайликтер арқылы білдіреді. Сыныпта оқушылар арасында еркіндік атмосферасын орнату. Топқа бөлу.(сурет қиындыларынан мозайка құрау арқылы топқа бөлу)
Бағалау парағын тарату.

“Ой ашар”
1. Буынаяқтылар типі дегеніміз не?
2. Шаянтәрізділер класының қанша түрі бар?
3. Шаяндарды зерттейтін ғылым қалай аталады?
4. Шаянтәрізділер қандай жәндіктер?
5. Шаянтәрізділер қандай ортада мекендейді?
6. Өзен шаянының денесі қандай бөліктерге айқын бөлінеді?
7. Баскөкірек деген не?
8. Өзен шаянында қандай мүшелер жүйесі бар?
9. Шаянтәрізділер үшін хитинннің қандай маңызы бар?
10. Шаянтәрізділер немен қоректенеді?

1. Ой шақыру стратегиясы. Ұзын - ұзын ұзардай,
Ұзыннан аққан сулардай.
Ағаш атқа мінгізіп,
Ұзартып қойған мұнардай.
/Өрмекші/.

Арахна туралы аңызды айтып кету. Ежелгі грек аңыздарының бірі не дейтінін тыңдаңыздар.
Баяғы өткен заманда Лидияда Идмана бояушының Арахна атты қызы өмір сүріпті. Оның әдемі өрнек салып мата және кілем тоқу өнеріне ешкім де тең келмепті, сонысымен әлемге әйгілі болыпты. Шеберлігіне масаттанған Арахна өзін құдайға теңеп, күнге балапты.
Әй, Паллада, …Мен болжаймын және болжамым таяу арада орындалады,Мен әлемде болмаған кілем тоқимын,О, Афина сенің шеберлігің менің шеберлігімнің жанында түккетұрмас,
Менің өнеріме тең келетін жерде де, көкте де ешкім жоқ,Бұл өмірде тек бірақ шебер бар ол – Арахна!...


“Мағынаны тану” Жаңа сабақ
Сабақ жоспары:
1. Өрмекшітәрізділердің негізгі ерекшеліктері, көп түрлілігі.
2. Крест өрмекшісінің сыртқы құрылысы, тіршілік ортасы.
3. Өрмекшітәрізділердің тіршілік ету дағдылары, мінез - құлығы.
4. Қорытынды.

Тапсырма: Оқулықта берілген мәтін арқылы әр топ әңгімелеп береді.
1 топ: өрмекшілердің сыртқы құрылысына байланысты жұмыс жасайды.
2 топ: өрмекшінің өрмек тоқуымен танысады.
3 топ: өрмекшілердің ішкі құрылысымен танысады.
4 топ: өрмекшілердің көбеюімен танысады.
Оқушылардың топтағы жұмыс істеу алгоритмі.
1. Әр оқушы мәтінді оқып шығады.
2. Барлық оқушылар таблица түрінде тірек конспектілерін құрады, терминдерді жазады, тақырыптың маңызды түсініктерін дәптерге түсіреді, салыстырмалы таблицамен жұмыс жүргізеді. Тапсырманы орындауға 10 минут уақыт беріледі.
3. Әр топтан бір оқушы өздерінің таныстырылымын (презентациясын) тақта алдында қорғайды.
4. Тақта алдындағы әр топтың таныстырылымы
Есеп.
Өрмекшілер өте қомағай жәндіктер: бір өзінің салмағына тең қорек жейді. Олардың негізгі қорегі шыбын. Орманда әрбір гектарда 5000 - ға жуық өрмекші өмір сүреді. Егер әр өрмекші күніне екі шыбынан қорек етсе, онда күніне қанша шыбын жойылады? Қане, есептеп көрейік.
Шешуі: 5000 х 2 = 10 000 шыбын.
Ал егер өрмекшілер көп болса 25 000 - ға дейін шыбынды жоқ қылады. Сонда олар қанша пайда келтіретінін ойланып көрдіңдер ме? Себебі шыбын ол нағыз – апокалипсис! Өйткені ғалымдар оның денесінен 26 млн микробтар тапқан, ол микробтар адамдадар туберкулез, сібір жарасы, іш сүзек, дизентерия ауруларын тудырады. Сонымен қатар шыбындар басқа да паразит құрттардың жұмыртқаларын тасымалдаушы болып табылады.
Жаз ыстық болса бір шыбын 9 ретке дейін ұрпақ береді. Күзге дейін бүкіл жер шарына шыбындар қоныстанар еді. Мұндай апаттан шыбынның бірінші жауы өрмекшілер құтқарады. Бұдан шығар қорытынды өрмекшілерді қорғау керек
3. Синквейн құрастыру (бес жолды өлең)
Өрмекшілер
Қорқынышты, улы
Тоқиды, аулайды, шағады
Өрмекшілер – құрлық жыртқыштары.
Арахнидалар.
Балалар өрмекші тарулы пікірлерің өзгерді ме?
4. Рефлексия. (аяқталмаған сөйлемдер)
5. Бағалау. (екі жұлдыз бір тілек)
Үй тапсырмасы: қомысша ресурстарды оқу, өрмекшінің табиғаттағы және адам өміріндегі пайдасы туралы шығарма жазу.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет