Сабақтың тақырыбы Натурал сандардың бөлінгіштік белгілері тақырыбын қайталауаға есептер шығару Сілтеме



жүктеу 3.5 Mb.
бет5/21
Дата11.04.2017
өлшемі3.5 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21



Күні







Сабақтың тақырыбы

Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар. Сфера.

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Оқушыларға шеңбер, дөңгелек, шар, сфера, олардың ұзындықтары мен ауданы туралы түсінік беру арқылы білімдерін толықтыру, оны өмірде қолдануға үйрету. Алған білімдерін дамытуға мүмкіндік беру. Өз бетінше еңбектенуге баулу

Күтілетін оқу нәтижелері

Оқушылардың шеңбердің ұзындығы мен дөңгелектің ауданына есептер шығарулары - ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға көмектеседі. Ойша есептеуде білімдерін тереңдетуге өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

6 сынып математика оқулығы 2006ж

Әдістемелік материалдар 2002ж



Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер


Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ой толғау мәтінмен жұмыс

Шеңбер – бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелердің жиыны.

Дөңгелек – шеңбердің ішкі бөлігі.

Шеңбердің ауданын табу формуласы: С=2πR немесе С=πD

Дөңгелектің ауданын табу формуласы: S=πR2

Жердің дәл моделі болып табылатын глобус, ойын добы, жеңіл атлетикада лақтырылатын ядро және т.б шар деп аталатын фигура жайында түсінік береді. Шардың беті сфера деп аталады. «Сфера» грек сөзі , ол қазақша «доп» дегенді білдіреді. Сфера нүктелерінің барлығы шар центрі деп аталатын нүктеден бірдей қашықтықта жатады.

Сфераның кез келген нүктесін шардың центрімен қосатын кесінді шардың радиусы деп аталады.

Шардың центрі арқылы өтіп, сфераның екі нүктесін қосатын кесінді шардың диаметрі деп аталады.

Жер-шар тәрізді дене. Сондықтан оны Жер шары деп атайды.



Оқушылар өз беттерінше мәтінмен жұмыс істей отырып, білім алуға талпынады. Білімдерін толықтыруға, шыңдауға мүмкіндік алады.

Тапсырмалар

№1235 1) R=10см, C=2πR=2*3.14*10=62.8см

2) R=20см, C=2πR=2*3.14*20=125.6см

3) R=100см, C=2πR=2*3.14*100=628см

№1236 сағаттың минуттық тілінің ұшы 1сағатта ұзындығы 31,4см шеңбер сызады. Сағаттың минуттық тілінің ұзындығы неше сантиметр?

№1237 Киіз үй табанының диаметрі 6см. киіз үй табанының ауданын табыңдар.

D=6м,


R=3м Ш: S=πR2

S=? S=3.14*32=3,14*9=28.26cм2

№1238 Дөңгелек пластинканың радиусы 15см. Оның бетінің ауданын табыңдар.

№1239 Шарды оның центрінен өтетін жазықтықпен қиғандағы дөңгелектің радиусы 20см. шардың диаметрін табыңдар.

№1240 Гүл егілген глзардың дөңгелек жиегінің ұзындығы 15,7м. Гүлзардың ауданын табыңдар. Шыққан нәтижені ондық үлестерге дейін дөңгелектеңдер.


Берілген тапсырмаларды жеке ойланып, жұппен талқылап, сосын топпен талқыға сала отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

§5 №1241

Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді

Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалім өзі бағалайды

Рефлексия



Күні







Сабақтың тақырыбы

Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар. Сфера.

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Оқушыларға шеңбер, дөңгелек, шар, сфера, олардың ұзындықтары мен ауданы туралы түсінік беру арқылы білімдерін толықтыру, оны өмірде қолдануға үйрету. Алған білімдерін дамытуға мүмкіндік беру. Өз бетінше еңбектенуге баулу

Күтілетін оқу нәтижелері

Оқушылардың шеңбердің ұзындығы мен дөңгелектің ауданына есептер шығарулары - ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға көмектеседі. Ойша есептеуде білімдерін тереңдетуге өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

6 сынып математика оқулығы 2006ж

Әдістемелік материалдар 2002ж



Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер


Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сұрақ жауап

  1. Шеңбер дегеніміз не?

  2. Шеңбердің центрі дегеніміз не?

  3. Шеңбердің радиусы дегеніміз не?

  4. Шеңбердің диаметрі неше радиусқа тең?

  5. Шеңбердің ұзындығының формуласын тұжырымдаңдар?

  6. Дөңгелек дегеніміз не?

  7. Дөңгелектің ауданының формуласын тұжырымдаңдар?

  8. π саны неге тең және ол қандай шама?

  9. Шар қандай фигура?

  10. Сфера қандай фигура?

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, алған білімдерін толықтыруға, шыңдауға мүмкіндік алады.

Тапсырмалар

№1242 Велосипед доңғалағының диаметрі 60см. велосипед доңғалағы 5 айналым жасағанда қанша жерге барады?

№1243 1) Шеңбердің ұзындығы 84см доңғалақ 35 айналым жасағанда баратын қашықтықты өтіп шығу үшін шеңбердің ұзындығы 98см доңғалақ неше айналым жасайды? 2) Радиусы 60см доңғалақ 40 айналым жасағанда баратын қашықтықты радиусы 50см доңғалақ неше айналым жасап өтеді?

№1244 Радиусы 10см шар көлемі қандай кубтың ішіне сияды?

№1245 206-суреттегі квадраттың қабырғасы 10см оның боялған бөлігінің ауданын табыңдар?

№1246 Велосипед доңғалағының диаметрі 70см. велосипедші велосипедпен жүргенде оның доңғалағы 1сек 1,5 айналым жасайды. Велосипедтің жылдамдығын м\с есебімен табыңдар. Жауабын ондық үлестерге дейін дөңгелектеңдер.

№1247 Поездың жылдамдығы 20м\с. Оның вагонының доңғалағы шеңберінің ұзындығы 2,4м. Вагонның доңғалақтары 3 минутта неше айналым жасайды?



Берілген тапсырмаларды жеке ойланып, жұппен талқылап, сосын топпен талқыға сала отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

§5 №1248

Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді

Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалім өзі бағалайды

Рефлексия



Күні







Сабақтың тақырыбы

Жиын және оның элементтері. Ішкі жиын.

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Оқушыларға жиын, оның элементтері, ішкі жиын туралы түсінік беру арқылы білімдерін толықтыру, оны өмірде қолдануға үйрету. Алған білімдерін дамытуға мүмкіндік беру. Өз бетінше еңбектенуге баулу

Күтілетін оқу нәтижелері

Оқушылардың жиынды табуға есептер шығарулары - ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға көмектеседі. Ойша есептеуде білімдерін тереңдетуге өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

6 сынып математика оқулығы 2006ж

Әдістемелік материалдар 2002ж



Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер


Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ой толғау

Жиын ұғымы математикада ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Жиын теориясының негізін қалаушы неміс математигі Георг Кантор (1845-1918) болды. Жиын-белгілі бір ортақ қасиеттерге ие болып, белгілі бір заңдылықпен біріккен нәрселер. Мысалы: жұлдыздар жиыны, әріптер жиыны, сандар жиыны, т.б.

Жиындар элементтерден құралады. Жиын латынның бас әрпімен белгіленіп, элементтері фигуралық жақшаның ішінде жазады. Мысалы: математика сөзін жиынмен жазайық: М={м,а,т,е,и,к}. Қайталанатын әріптер тек бір рет қана жазылады.

Жиындар шектеулі, шектеусіз болып екіге бөлінеді. Шектеулі жиын: цифрлар жиыны, оған 10 элемент енеді: n(A)=10.

Шектеусіз жиын: натурал сандар жиыны: оған кез сан жатады.

Егер а элементі В жиынына тиісті болса: аϵВ; егер тиісті емес болса: а¢В.

Егер жиында бірде-бір элемент болмаса: Ø



Ішкі жиын. В жиынының әрбір элементі А жиынына тиісті болса, онда В жиыны А жиынының ішкі жиыны деп аталады. Белгіленуі: ВϹА. Ішкі жиынды Эйлер-Венн диаграммасы арқылы көрсетуге болады. Егер екі жиын элементтері бірдей болса, А=В.

Оқушылар мәтінмен жұмыс жасай отырып өз бетінше білім алуға талпынады, білімдерін толықтырады, дамытады

Тапсырмалар

№227 1) дәрігерлер; 2) мұғалімдер; 3) оқушы; 4) цифрлар;

№228 1) А={м,а,т,е,и,к}; 2) В={к,в,а,д,р,т};

3) С={к,у,б}.

№229 «тиісті емес» белгісін пайдаланып жазыңдар

а) 1) 2) 3) 4)

ә) 1) A=D; 2) B=C;

№230 Сыныптағы «жеңіл атлетика» үйірмесіне қатысатын оқушылар жиыны-В. Сынып оқушылар жиыны-А. А және В жиындарын Эйлер-Венн диаграммасы арқылы кескіндеңдер. Ш:


В

А
№231 Өрнектердің мәндерін салыстырыңдар:

1) 2)

3)


Берілген тапсырмаларды жеке ойланып, жұппен талқылап, сосын топпен талқыға сала отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

§6 №232,233,234.

Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді

Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалім өзі бағалайды

Рефлексия



Күні







Сабақтың тақырыбы

Жиын және оның элементтері. Ішкі жиын.

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Оқушыларға жиын, оның элементтері, ішкі жиын туралы түсініктерін кеңейту, білімдерін толықтыру, оны өмірде қолдануға үйрету. Алған білімдерін дамытуға мүмкіндік беру. Өз бетінше еңбектенуге баулу

Күтілетін оқу нәтижелері

Оқушылардың жиынды табуға есептер шығарулары - ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға көмектеседі. Ойша есептеуде білімдерін тереңдетуге өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

6 сынып математика оқулығы 2006ж

Әдістемелік материалдар 2002ж



Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер


Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сұрақ жауап

  1. Жиын дегеніміз не?

  2. Жиынның элементтері дегеніміз не?

  3. Бос жиын дегеніміз не?

  4. Жиынды қалай белгілейміз?

  5. Ішкі жиын қандай жиын?

  6. Жиындар нешеге бөлінеді? Мысал келтіріңдер

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, өз бетінше алған білімдерін тексереді, толықтырады, нақтылайды

Тапсырмалар

№235 А={1,3}; В={3,5,9}; С={7,11,15}; D={10,21}; жиындарының қайсысы F={2,3,5,9,10,21} жиынының ішкі жиыны? Белгіленуін пайдаланып жазыңдар.

№238 Жиындардың аттарын атаңдар

1) Жай сандар; 2) Жұп сандар; 3) Дұрыс бөлшектер; 4) Ондық бөлшектер;

№239 15-суреттегі АВ кесіндісінің нүктелер жиыны Е. АС кесіндісінің нүктелер жиыны F. Осы жиындарды Эйлер-Венн диаграммасы арқылы кескіндеңдер. Белгіленуін пайдаланып жазыңдар.

№240 Бос орындарға тиісінше «шектеулі жиын», «шектеусіз жиын» сөздерін қойып, сөйлемді толықтырып жазыңдар.

1) натурал сандар жиыны-«шектеулі»;

2) қандай да бір екі санның еселіктерінің жиыны-«шектеусіз»;

3) қандай да бір екі санның бөлгіштерінің жиыны-«шектеулі»;

4) түзудің бойындағы нүктелер жиыны-«шектеусіз»;

5) шеңберді қиятын түзу мен шеңбердің ортақ нүктелерінің жиыны-«шектеулі».

№241 А={9,24,36,47,52,60,71,81,90} жиынынан:

1) 3-ке қалдықсыз бөлінетін сандарының Е жиынын элементтерімен: Е={9,24,36,52,60,81,90}

2) 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандардың F жиынын элементтерімен: F={24,36,52,60,90}

3) 6-а қалдықсыз бөлінетін сандардың L жиынын элементтерімен: L={24,36,60,90}

4) 2-ге де, 3-ке де, 6-ға да қалдықсыз бөлінбейтін сандардың К жиынын элементтерімен жазыңдар: К={47,71}.

№242 Жиындарды және олардың өзара байланыстарын тиісті белгіленулерімен жазыңдар: 1) Т={Ø}; 2) 3) құрама сандар; 4)



Берілген тапсырмаларды жеке ойланып, жұппен талқылап, сосын топпен талқыға сала отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

§6 №236, 237

Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді

Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалім өзі бағалайды

Рефлексия


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет