Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»



жүктеу 52.5 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі52.5 Kb.
Пән: әдебиет

Сынып: 8 -сынып

Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»

Мақсаттары: Поэманың мазмұнын меңгере отырып, өзіндік тұжырым жасауға, жалпы болжам жасап, ой қорыта білуге үйрену,сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сауаттылыққа баулу.

Күтілетін нәтиже : Поэманы оқып, мазмұнын түсіну, кейіпкерлерімен танысып, құрылымдық талдау жасау, жырды оқып бағалап, мақсатқа тек батылдық пен еңбекқорлықтың арқасында жетуге болатынын түсіну.

Модульдері:СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін басқару және оқытуды бағалау),

Бағалау: Өзара бағалау

Деректер: тақта, стикерлер, бағалау парақтары,слайд

Әдіс - тәсілдер: Дөңгелек айналым , Қосжазба күнделігі , Т кестесі

Сабақ кезеңдері

Уақыт


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

1мин

Амандасу.Түгендеу.

Топпен жұмыс жасауды ұсынамын.



Сабаққа құралдарын дайындалады.


Кітап

Білу.Ой шақыру

«Дөңгелек айналым» әдісі



3мин

1.Сынып оқушыларына жалпы сұрақ қойылады.

2.«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы халықтың наным - сенімін, әдет - ғұрпын жаныңмен ұғып, санаңа сіңіруді көздеген туынды. Ақын бұл поэмасын бір түнде жазып, ертеңіне Ғабит Мүсіреповке келіп, оқып беріпті. Ғабит Мүсірепов поэманы мұқият тыңдап, Мұқағалидың арқасынан қағып: «Өте жақсы»,- деп бағасын беріпті, ақынға алтын қалам сыйлапты. Ендеше осы қасиет пен қасіреттің белгісіне айналған поэмамен танысайық.



1.Мұқағали кім?» 2. «Көлдің сәні – аққулар»

Слайд

Мағынаны ажырату:

ЖИГСО әдісі


20мин

сынып 4 топқа бөлініп отырады – бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп аталады. Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1 – бөлігін бірлер, 2 — бөлігін екілер, 3 — бөлігін үшіншілер, 4 - төртінші топқа бөлінетін оқушылар алады. Келесі кезекте бастапқы топтар қайта табысып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салады

1-топ поэманың 1-бөлігін (198-199 бет)

2-топ 2- бөлігін (199-201 бет)

3-топ 3-бөлігін (202-204бет)

4-топ 4-бөлігін 204-207 бет) Мәтінді оқып топ ішінде талқылап , үй топтарына барып , түсінгендерін айтып береді.



ТБ ,кітап

Қолдану Оқулықпен жұмыс

5мин

Берілген тапсырмаларды оқулықтан тауып мәнерлеп оқу

1-топ Поэманың өзіңе ұнаған тұсы.

2-топ Аққудың жарасымды қылықтарын бейнелейтін жолдар;

3-топ Ауырып жатқан бала , уайым қайғы жұтқан ата-ананы бейнелейтін жолдар;

4- топ Жараланған аққудың мүшкіл халін суреттейтін жолдар.

Кітап

Талдау.

5мин

Әр топқа тапсырмалар беріледі.

1-топ Әке мен ананың диалогін мәнерлеп оқу

2-топ Жылқышы мен ананың диалогін мәнерлеп оқу.

3- топ Аққуды атқан ана қандай қасіретке душар болды?

4- топ Қазіргі заманда жылқышы қарт сияқты табиғат жанашырлары бар ма?




Оқулық

Жинақтау. Инсерт кестесі

8мин

Инсерт кестесін толтыру.

Топ болып инсерт кестесін толтырады.

Кесте

Үйге тапсырма

1мин

«Көлдің сәні – аққулар»

Күнделіктеріне жазып алады.

Дәптер

Бағалау

2 мин

Жұптарын бағалайды.

Бағаларын күнделіктеріне қояды.




Инсерт кестесі

Y- Білемін

- Мен үшін түсініксіз

+ Мен үшін жаңа ақпарат

? Мені таң қалдырады



























































1-топ Поэманың өздеріңе ұнаған тұсы.

2-топ Аққудың жарасымды қылықтарын бейнелейтін жолдар;

3-топ Ауырып жатқан бала , уайым қайғы жұтқан ата-ананы бейнелейтін жолдар;

4- топ Жараланған аққудың мүшкіл халін суреттейтін жолдар.

1-топ Әке мен ананың диалогын мәнерлеп оқу

2-топ Жылқышы мен ананың диалогын мәнерлеп оқу.

3- топ Аққуды атқан ана қандай қасіретке душар болды?

4- топ Қазіргі заманда жылқышы қарт сияқты табиғат жанашырлары бар ма?



ДЖИК СО стратегиясы — ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау. Қолданылуы: Алдымен сынып 4 топқа бөлініп отырады – бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп аталады. Бірдей мәтін бөлігін алған оқушылар енді эксперт немесе жанұя топтарын құрады, яғни эксперт топтар басқа топ құрады, мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды. Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1 – бөлігін бірлер, 2 — бөлігін екілер, 3 — бөлігін үшіншілер, 4, 5- бөліктерін — бесінші және төртінші топқа бөлінетін оқушылар алады. Келесі кезекте бастапқы топтар қайта табысып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салады.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет