Сабақтың тақырыбы: көне түркі жазбалары – баға жетпес құнды байлық

Loading...


бет1/8
Дата13.02.2020
өлшемі1.13 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Сабақтың тақырыбы: §1. Көне түркі жазбалары – баға жетпес құнды байлық


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

8.1.1.1 – мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжайды;

8.4.1.1 – тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазады.



Сабақ мақсаты

Оқушылардың барлығы орындай алады: мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазады.

Оқушылардың кейбірі орындай алады: анықтаған тірек сөздерді шығармашылық жұ- мыстарында еркін қолдана алады.


Негізгі сөздер мен тіркестер: Түрік қағанаты, Күлтегін, Тоныкөк, Білге, Бумын кағандар.

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: меніңше, болуы мүмкін, өзгелердің пайымдауынша, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.

Алған ақпаратты топ ортасында еркін талқылайды.

Жазылым бойынша ұсыныстар: мәтінде берілген мәліметті қорытып, ойды жалғасты- рып жазады.


Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

(жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. Тыңдалымалды тапсырма.

Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топқа сұрақтар таратылады. Сұраққа жауап беріп, оған қатысты өз ойларымен бөлісу керек.

1-топ: Түркі халықтары деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

2-топ: Көне түркі жазуларының тасқа жазылуының мәні неде?

3-топ: Көне түркі жазуларының бүкіл түркі жұртына ортақ қазына болып есептеледі?

4-топ: Өз өлкелеріңнен осыған ұқсас ескерткіштер, таңбалар кездес- тірдіңдер ме?


Мұғалім кері байланыс жасайды.

ОӘК

материалдары



Ортасы

1-тапсырмада оқылым беріледі.

Мәтінді түсініп оқиды, жоғарыдағы суретпен байланысын анықтап, ой тұжырымын жасайды.



ОӘК

материалдары



Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

(жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар




Дескрипторлар:

  • мәтінді түсініпоқиды;

  • ой-тұжырым жасайды. Тыңдалымтапсырмасы:

Бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жаза білу үшін теориялық білімдер еске түсіріледі.



Бас әріппен жазылатын күрделі құрама атаулар
Кейбір мемлекет одақтарының, географиялық ай- мақтардың, халықаралық ұйымдардың атауларының әрбір сөзі бас әріппен жазылады: Орталық Азия, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы, Қауіп­ сіздік Кеңесі, т.б.

Жеке мемлекет ретіндегі республика аттарының әрбір сөзі бас әріппен жазылады: Қазақстан Республикасы, Әзірбайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, т.б.

Қысқарған күрделі атаулардың әр сөзі бас әріппен жазылады: АҚШ (Америка Құрама Штаттары), ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы), т.б. Күрделі атаудың бірінші сөзінің алғашқы буыны қыс- қарған жағдайда алғашқы әріптері ғана бас әріппен жазылады: ҚазҰУ, ҚарМУ, ҚазҰПУ, т.б.

Жер-су, тау, мемлекет, облыс, автономиялы облыс, өлке, аудан, ауылдық кеңес аттары өзіне қатысты атаумен тіркескенде, бірінші сөзі ғана бас әріппен жазылады: Қытай мемлекеті, Жапония елі, Алтай өлкесі, Ненец ұлттық округі, Қарағанды облысы, Ке­ ген ауданы, Жарқамыс ауылдық кеңесі, т.б.

Агенттіктердің, радио, телекомпаниялардың аттары өзіне қатысты атаумен тіркескенде, бірінші сөзі ғана бас әріппен жазылады: «Би­би-си» радиосы, «Азат­ тық» радиосы, «Америка дауысы» радиосы, «Қазақ» радиосы, т.б.

Аудиожазба (01. mp3) тыңдатылады.


  1. Мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып,кө- терілетін мәселеніболжайды;

  2. Ондағы жер-су атауларын географиялық картадан тауып, көне түркі ескерткіштері табылған аймақтар туралы өз ойларын баян- дайды.

  3. Тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрамаатау- ларды орфографиялық нормаға сайжазады.

Аудиожазба (01. mp3)





Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

(жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар




Дескрипторлар:

  • тыңдалым материалынтүсінеді;

  • жер-су атауларын теріп жазып, олардың бас әріппен жазылуерек- шелігінбіледі;

  • көтерілетін мәселені болжайды. Мұғалім кері байланысжасайды.

Тыңдалым соңындағы тапсырма Топтық тапсырма

1-топ. «Ақпаратты сүзіп алу» әдісімен оқылым, тыңдалым, сұхбат

мәтіндеріндегі бас әріппен жазылған атауларды теріп жазады.



2-топ. «Т кестесі» әдісімен бір сыңары не екі сыңары да бас әріппен жазылатын күрделі құрама атауларды топтастырып жазып, салысты- рады.

3-топ. «Дербес пікір жазу» әдісімен «Артық болмас білгенің» айда- рында берілген ойды эпиграф етіп алып, күрделі құрама атауларды қолдана отырып, ойды жалғастырады.

4-топ. Сабақта алған барлық ақпаратқа синтез жасап, мәтінді жалғас- тырады.
Дескрипторлар:

  • бас әріппен жазылған атауларды теріп жазады;

  • бас әріппен жазылатын күрделі құрама атаулардысалыстырады;

  • күрделі құрама атауларды қолдана отырып, ойдыжалғастырады;

  • мәтіндіжалғастырады.

Мұғалім жасалған жұмыстарға, оқушылардың бір-біріне берген баға- сына, айтылған ойларға байланысты кері байланыс береді.






Соңы

Кері байланыс.
Үйге тапсырма.

1.Сабақта алған барлық ақпаратқа синтез жасап, мәтінді жалғастырады.

2.Суретті сабақпен байланыстырады, берілген дәйексөзді қатысты- рып, шағын мақала жазады.
Қажетті дәйексөз:

Болмасын деп байлығы басқаға азық,

Кеткен бабам тарихын тасқа жазып. (Б.Бәйітұлы)


Ауызша кері байланыс




Қосымша ақпарат

Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы туралы қосымша ресурстар



Саралау

«Артық болмас білгенің» айдарымен берілген тапсырманы толықтырады.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих.

Бағалау

«Жетістік баспалдағы» әдісі

Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкескелетін сұрақтарға жауапберіңіз.







Сабақ/оқу мақсат- тары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?




Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

Қорытынды бағамдау

Тапсырмаларды уақыт мөлшеріне қарай таңдау, топтағы қарым- қатынасты бақылау. Жекелеген білім алушыларды топтық жұмыстарға тарту.

Сабақтың тақырыбы: §2. Құпия таңбалар кілті – ғылым жаңалығы



Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

8.1.1.1 – мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжайды;

8.2.2.1 – публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды.



Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады: мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: публицистикалық және ғылыми стиль ерек- шеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды.

Оқушылардың кейбірі орындай алады: мәтіндегі көтерілетін мәселені шығармашы- лық жұмыстарында еркін қолдана алады.


Тілдік мақсат

Оқушылар өз беттерімен жаңа тақырыпты талдай алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: жұмбақ жазу, Орхон ескерткіштері, Дания ғалымы В.Томсен.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: менің ойымша..., мен бұл пікірмен келісемін/келіспеймін, мен мынадай қорытындыға келдім...

Алған ақпаратты топ ортасында еркін талқылайды.

Жазылым бойынша ұсыныстар: мәтінде берілген мәліметті қорытып, диалогке түсе алады, жаза алады.



Алдыңғы оқу

Қазақ жазуы туралы ойларын ортаға салып, диалогке түсе алады.


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

(жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)


Ресурстар

Басталуы

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. Оқу- шылар 3 топқа бөлінеді. Тапсырмадан бұрын оқушыларға тілдік теориялар түсіндіріледі.

Ғылыми стильде сөздер тек өзінің негізгі мағынасында жұмсалады. Көпмағыналы, образды сөздер мұнда аз кездеседі.

ОӘК

материалдары






Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

(жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)


Ресурстар




Ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай әр саланың арнайы тер- мин сөздері болады.

Публицистикалық стильге радио-телехабарлар,газет-журналдар тілі жатады. Қоғамдық-саяси мәселелер қарастырылады, көпшілік халыққа түсініктіболады.

3 топқа 3 мәтін беріледі. Мәтіндерді салыстырып оқиды.Қай бөлігі публицистикалық, қайсысы ғылыми стильде жазылғанын қолданыл- ған тілдік құралдар арқылы ажыратады. Мәтіндерді ретімен орналас- тырып, жүйелеп оқиды.



Дескрипторлар:

  • мәтінді түсініпоқиды;

  • тілдік құралдар арқылы мәтін стилінанықтайды;

  • мәтіндегі көтерілетін мәселеніанықтайды.




Оқушылар жұмыстарын өзара бағалатады. Өзге топтар өз кезегінде жұмыстың орындалу барысын бағалайды. Стикерде пікір қалдырады. Әр топ өз ұстанымдарын дәлелдейді.

Ортасы

Тілдік мәлімет берілді

Бас әріппен жазылатын біріккен жалқы есімдер:

  • Әр алуан мифологиялық кейіпкерлердің, Құдайлардың,әулиелердің аттары;

  • Мал-құс, ит, жануарлараттары;

  • Географиялықатаулар.

Тыңдалым тапсырмасы:

«Көне түркі жазбалары» атты бейнежазбаны тыңдап, Күлтегін жыры мен Ақтамберді жыраудың айтқандарын салыстырады, олар көтерген мәселені «Еркін микрофон» әдісімен талқылайды.



Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

«Жасырын жауап» әдісі

Сынып оқушылары жұптаса отырып, тақырыпқа сәйкес бір-біріне 1 сұрақ дайындайды. Ол сұрақты кімге арнағанын жазады, бірақ сұрақ қоюшының аты аталмайды. Жауап алушы сұрақ кімге қойылғанын біліп отырады.

Сұрақтар:


  1. Құпия таңбалар кілтін іздеудің қаншалықты маңызыбар?

  2. Көне түркі таңбаларына ұқсас таңбаларды білесіңбе?

  3. Жұмбақ жазулардың табылу, зерттелу және оқылукезеңдерінен неніаңғардың?

Дескрипторлар:

  • тыңдалым материалынтүсінеді;

  • көтерген мәселені талқылайды. Мұғалім кері байланыс жасайды. Жалпысыныптықтапсырма:

«Сканерлеу» әдісімен оқылым мәтіндеріндегі бас әріппен жазылған сөздерді теріп жазып, бас әріптің қолданылу себебін түсіндіреді.

Дескрипторлар:

  • мәтінді түсініпоқиды;

  • бас әріппен жазылған сөздердің жазылу ерекшелігін біледі. Мұғалім жасалған жұмыстарға, оқушылардың бір-біріне берген баға- сына, айтылған ойларға байланысты кері байланысбереді.

ОӘК

материалдары (https://www.youtube.com/watch?v=e2eO_Xkkw6c).

«Еркін микро- фон» әдісі

«Жасырын жауап» әдісі

«Сканерлеу» әдісі






Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

(жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)


Ресурстар

Аяқталуы

Рефлексия. «Раундробин» әдісі арқылы оқушылар тақырып бойынша өз идеялары мен ойларын жазып, оң жағындағы көршіге парағын ысырады. Көршісі алдыңғы жолдасының жазғанымен танысып, сол ойларды әрі қарай жалғастырады.
Үйге тапсырма. «INSERT» әдісі бойынша мәтіндегі ақпаратты қоры- тындылап жазады.

«Раундробин» әдісі Стикерлер ОӘК

материалдары

«INSERT»

әдісі





Қосымша ақпарат

Орхон ескерткіштері туралы қосымша ақпараттар



Саралау


Бағалау

Жазылым материалы бойынша берілген суреттегі көне түркітаңба- ларының мәтінде баяндалған таңба атауларына сәйкес келетіндерін теріп жазады.
«Бас бармақ» әдісі




Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақ- тарға жауап беріңіз.

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сы­ ныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралаушаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердімбе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

Сабақ барысында мен келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін қандай факторларды білдім?

Тапсырмаларды уақыт мөлшеріне қарай таңдау, топтағы қарым-қаты- настыбақылау.Жекелегенбілімалушылардытоптықжұмыстарғатарту.


Сабақтың тақырыбы: §3. Түркі жазба ескерткіштері – ортақ мұра

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

8.1.3.1 – тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтайды.

8.2.2.1 – публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды.



Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады: тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсы- нылған ақпараттан астарлы ойды анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: публицистикалық және ғылыми стиль ерек- шеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды.

Оқушылардың кейбірі орындай алады: анықтаған астарлы ойды шығармашылық жұ- мыстарында еркін қолдана алады.


Бағалау критерийлері

Ақпараттарды іріктейді, ішінара ізденушілік жұмыстарын жүргізеді.




Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер: Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан және Қырғызстан Рес- публикалары, 200 миллионнан астам түркі тілдес, туыстас халықтар, «руна» жазуы. Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

менің ойымша, бұл игі бастама, болашақтың сұранысы.

Алдыңғы оқу

«Руна» жазуы туралы деректерді біледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...