Сабақтың тақырыбы: Жолда сақ бол, балақай!



жүктеу 29.42 Kb.
Дата07.09.2017
өлшемі29.42 Kb.
Сабақтың тақырыбы: Жолда сақ бол, балақай!

Сабақтың тақырыбы: Жолда сақ бол, балақай!
Мақсаты: білімділік: – ойынды тәрбие құралы ретінде пайдалана отырып жолда жүру ережесімен таныстыру, жаяу мен көліктің өзара байланысын ұқтыру, оқушылардың ой-өрісін дамыту, білім-білік жағдыларын қалыптастыру, жол бойында өзін дұрыстап жүруге, сабырлыққа тәрбиелеу, бағдаршам және көшедегі жол белгілерімен таныстыру;
Дамытушылық – сөздік қоры, сөйлеу мәнері, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік – жолда жүру мәдениетіне үйретіп, сақтыққа, зейінділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бағдаршам, еденге арнай салынған жол, үнтаспалар, тақырыптық суреттер мен плакаттар, жол белгілері.
Сабақтың барысы

Кіріспе.
- Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар! Қазіргі таңда балалардың өмірін кездейсоқжол-көлік оқиғаларынан қорғау мәні зор мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі біздің тәрбие сағатымызда – жол қауіпсіздігі ережелерін оқушылардан сұрай отырып, көлік түрлерін дұрыс атауды, жолдың ортасындағы ақжолақ, тротуар жөнінде, сондай-ақ балалар арасында жолда жүру ережелерін насихаттау.

Арманға алда күткен асығармыз,
Біз қалай толқын айтпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,


Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!

Жалғайтын достастырып бар елменен


Жолдардан тұрады ғой әлем деген

Бүгінгі бізге келген қонақтарға сабағымыз басталады сәлемменен


І-бөлім
Сұрақ-жауап кезеңі.


-Балалар, біз үнемі тротуардан шықпай жүре береміз бе?
-Жолдардан да өтеміз.
-Жолдардан қалай өтеміз?
-Бағдаршам арқылы өтеміз.

Қызыл жарық: Қызыл жарық жанғанда


Қалт тоқтай қал табанда

Сары жарық: Сары шамы жағылса,


Сақ, абай бол барынша!

Жасыл жарық: Жасыл жарық – жол ашық,


Зымырай бер бел асып.

Бағдаршам: Менің атым «Бағдаршам »мекен жайым тұрақты


Жақсы білем міндетімді, мүдірмеймін сұрақтан,
Жол сілтеймін белгі біткен бөлінеді топтарға
Адастырмай алып барады жақын етіп жырақты.

Бағдаршам: Бейғам кісі – бейбақ,


Болғын алғыр бала
Бас аяқты ойлап,
Бол ұқыпты жолда.

Ару: Ирек-ирек көшелер,


Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтсе де
Үйренесің біртіндеп
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.

Ән: Хормен ( Бағдаршам )

-Балалар, біз жол бойынан бетонға қалдырылған дөңгелек, щеңбкр, үшбұрыш және басқа белгілерді көреміз, олар қандай белгілер деп ойлайсыңдар?

Ескерту белгісі – қызыл жолақпен көмкерілген тең қабырғалы үшбұрыш.


Тыйым салу белгісі – қызыл жолақпен көмкерілген, сары түске боялған дөңгелек.
Анықтама белгісі – көк түсті дөңгелек.
Нұсқау белгісі – көк түсті төртбұрыш.

Сонымен белгілер неше топтан тұратын болды?


Жол елгілері төрт топтан тұрады екен. Осы топтарға байланысты өлеңдерді еске түсірейік.

Ал кәнекей үйренейік біз де жүру тәртібін,


Ережені жақсы білер бар кімің?
Кім айтады жол белгіс неше топтан тұрады?
Өздеріңе қойылатын бұл алғашқы сұрағым.

Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,


Қашпаймын мүдіріпешқандай сұрақтан.
Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

Ескерту белгісі – қып-қызыл үшбұрыш.


Ескерту белгісі мен болам
«Қауіптен сақ бол» деп сәт-сапар жолдаған
Аман-сау жүреді жаяу да көлік те,
Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған.

Тыйым салу белгісі: Қызылмен боялған шеңберім аумақты,


Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты,
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге
Қауіп бар, бағдарла көз салып жан-жақты

Анықтама белгісі: Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,


Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті,
Барлығын анықтаптұрамын жолыңда
Абай бол, шартымды, міндетті орында!

Нұсқау белгісі: Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын


Үн-түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын
Күндіз де, түнде де от болып жанады
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым

Ойын: « Қызыл,сары, жасыл »

ІІ-бөлім « Кім жылдам? »
Жұмбақтар шешу

Бұйырмапты бас та, ауыз да,құлақта,


Бақырайған үш көзі бар бірақта. (Бағдаршам )

Арқаным бар тым ұзын,


Ала алмайсың бір үзім. ( Жол )

Ала таяқ ұстаған,


Жол тәртібін нұсқаған. ( Автоинспекция қызметкері )
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам.

Сөйлегенді білмейді,


Бірақ « Тоқта, жүр »-дейді. ( Бағдаршам )

ІІІ-бөлім « Үйренейік, білейік »


Сурет бойынша жауап беру.
1. Жүргізуші деген кім? (Көлік жүргізуші адам)
2. Бағдаршам жоқ жерден қалай өтеміз? ( Әуелі сол жаққа, көшенің ортасына келгенде оң жаққа қараймыз.)
3. Жаяу адамдардың өтетін жолындағы сызықты қалай атаймыз?
( Ақжолақша)
4. Автобус тоқтайтын орын. (Аялдама )

Қорытынды:


Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзбаңдар, жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер жарақат алады.

Басталар әр қадамның аттауменен,


Жолда жүру ережесін сақтауменен.

Бүгінгі алған мағлұматтарыңызды ұмытпай өз керектеріңе жаратыңдар, естеріңде сақтаңдар.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет