Сабақтың тақырыбы: Жиын және оның элементтері. Ішкі жиын. Сабақтың мақсаты

Loading...


Дата08.09.2017
өлшемі386.21 Kb.
түріСабақ
 Оқу ісінің меңгерушісі

 «_______ »



Пән аты : Математика

Сынып : 6

Сабақтың тақырыбы:Жиын және оның элементтері. Ішкі жиын.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға жиын ұғымын беру, жиын түрлері және ішкі жиын туралы білім беру.

Алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.

Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбекке баулу.



Сабақтың типі:

Жаңа материалды оқыту.



Сабақтың түрі:

Теориялық білім беру.



Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушыларды түгендеу.

ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.

II. Жаңа материалдарды игеру кезеңіне дайындық

Жаңа материалдың тақырыбын, мақсатын хабарлау.



III . Жаңа материалдарды игеру кезеңі:

  1. Жиын ұғымының пайда болуы: XIX ғасырдың екінші жартысында математика трихында жиын ұғымы пайда болды.

  2. Жиын теорясының негізін қалаушы неміс математигі Георг Кантор ( 1845-1918)

Анықтама: Белгілі бір ортақ қасиеттерге ие болып, белгі бір заңдылықпен біріккен нәрселер,обьектілер жиын құрайды.

Мысалы: - аспандағы жұлдыздар жиыны.

- кітап бетіндегі әріптер жиыны.

- бөлімі 6 болатын дұрыс бөлшектер жиыны:

1/6;2/6; 3/6; 4/6;5/6. т.с.с.



Жиындар құрылымы: жиындыр элементтерден құралады. Жиындардың элементтері аталып беріледі немесе сол жиын элементтеріне ғана тән қасиет көрсетіледі.

Мысалы: «планета» сөзіндегі әріптержиынын Р әрпімен белгілесек Р={а,п,н,л,е,т} немесе Р={т,п,н,л,е,а}



Жиындар түрлері: Жиындар шектеулі жиын, шектеусіз жиын болып бөлінеді.

Мысалы: цифрлар жиыны А={0,1,2,3,4,5,6,7,8,9} жиынынң элементтер санын көрсететін болсақ n(A)=10.

Натурал сандар жиыны N-шектеусіз жиын.

Анықтама:Егер жиында бірде-бір элемент болмаса, оны бос жиын деп атайды. Бос жиынынң белгіленуі: Ø.

Мысалы: 74 пен 79 сандарының арасындағы жай сандар жиыны бос жиын.



Анықтама: Егер В жиынының әрбір элементі А жиынына тиісті болса, онда В жиыны А жиынының ішкі жиыны деп аталады.

Мысалы: А={1,2,3,4,5,6,7} жиынындағы жұп сандар жиыны В={2,4,6} В жиыны А жиынының ішкі жиыны. Белгіленуі: Вhello_html_m14316b87.gif А. Ø hello_html_m6783b29.gif А. Бос жиын кез-келген жиынның ішкі жиыны.

Жиындар мен олардың арасындағы байланыстарды Эйлер –Вен дөңгелектері арқылы кескінделеді.

Вhello_html_m14316b87.gif А.

Егер екі жиын бірдей элементтерден тұрса, онда олар тең жиындар деп аталады.

Мысалы: А={а,в,с}, В={с,а,в}, онда А=В.



IV Оқушылардың жаңа материалды игеру деңгейін анықтау:

  1. Жиын дегенді қалай түсінесің, оған мысал келтіріңдер.

  2. Жиындар қалай бөлінеді ?

  3. Ішкі жиын дегеніміз не ?

V Жаңа материалды №250, №251, №253. 256.есептерін шығару арқылы бекіту.

Тапсырмалар: 1.Нысандар жиынын бір сөзбен ата. (Мектептің оқу құралдары, гүлдер)

2.Жиындарды жаз.



  1. Әріптер............................................................ Жауабы: (А,Б,В,Г,Д)

  2. Сандар .............................................................Жауабы: (10, 25,100,90)

  3. Цифрлар ..........................................................Жауабы: (1,3,5,6,7)

  1. 3. Менің отбасым» жиынына кімдер кіреді? Жауабы: (Мен, анам, әкем, ағам, әпкем)

Ана, әпке, әке, көрші, аға, мен, дос

VI Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындауға нұсқау беру кезеңі.

1) Үйге № 252. №257.260



2) Сабақты қортындылау.

Бағалау
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Сабақ 6-шы сыныптар Сабақтың тақырыбы Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлігі және оларды өңдеудің тәсілдері Сілтеме
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері
attachment -> Жаңа сабақты түсіндіру 28. 11. 12 Сабақтың тақырыбы: Жанатын пайдалы қазбалар. Мағынасын аш
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді көбейту Сабақтың мақсаты
attachment -> 5 сыныпқа арналған тақырыптар бойынша тесттер
attachment -> Практикумы Тақырыбы: «Тұрақты сөз тіркестерінің түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...